Қадырғали Қосымұлы Жалайыри
Қ.Жалайыри
96.50K
Категория: ИсторияИстория

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри

1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыри

2. Қ.Жалайыри

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі
Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен
ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары),
қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің
атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602
жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ
тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік
құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым
Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих",
"Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне
Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар,
зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері —
Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың атабабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан
сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол
бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай
ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
English     Русский Правила