Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелерің араларына үтір қойылады:
Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:
Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелер жігіне нүктелі үтір қойылады:
Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып айтылса да, үтір қоямыз:
Бірыңғай мүшелер арасында мен, және жалғаулықтары тұрса, үтір қойылмайды:
Да шылауы
690.00K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері

1.

Бірыңғай мүшелер мен
жалпылауыш сөздердің
тыныс белгілері

2.

БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР:
АРАЛАРЫНДА ЖАЛҒАУЛЫҚ ЖОҚ
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР
АРАЛАРЫНДА ЖАЛҒАУЛЫҚ БАР
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР
ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗБЕН ҚАТАР КЕЛГЕН
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР

3. Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелерің араларына үтір қойылады:

Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең,
Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асуaсуларға қарай беттеді (М.Әуезов).

4. Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:

Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті,
қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқанқысқа
қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты,
домалақтау мұрынды, қоңыр өңді кісі еді (С.Мұқанов).

5. Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелер жігіне нүктелі үтір қойылады:

Қала деген аты ғана болмаса, Н...қаласы екі қабат үлкен
үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің
көбі бір қабат қарағай үйлер болатын; шет жағында ағаш
үйден шым үй көп кездесетін; аз ғана жаңбыр себелеп өтсе,
көшелерінен адам батпақтап жүре алмайтын; бірақ етек-жеңі
мол; таусымақтау жерге салынған; Сібірде көп кездесетін
үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов).

6. Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып айтылса да, үтір қоямыз:

Бөкенші, Борсақ Қызықшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға
жаппа тігіп қонды да, көшпей отырып алды
(М.Әуезов).
ЕСКЕРТУ!!!
Алдыңғысының жалғауы түсіріліп айтылатын екі
бірыңғай мүшені сол типтес қос сөздермен
шатастырмау керек. Мысалы:
Мектебіміздің ән-күй үйірмесі бар.

7. Бірыңғай мүшелер арасында мен, және жалғаулықтары тұрса, үтір қойылмайды:

Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек
келді (М.Әуезов).

8. Да шылауы

Да шылауы қайталамай, екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған мүшенің
арасында келсе, үтір қойылмайды:
Дененің бар қозғалысы белгілі бір еңбек ырғағын тауып, тез де өнімді
қимылдайды (Ғ.Мүсірепов)
Да шылауы етістіктен болған екі бірыңғай баяндауыштың арасында қайталамай
келсе, да-дан кейін үтір қойылады:
Таныды да, таң болды. Жабыларсың, таларсың, жеңерсің
(М.Әуезов).
Бірыңғай мағынаны білдіретін бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі
етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды:
Сол кезде сен егеуді ал да жөнел.
English     Русский Правила