Не үшін «Қызыл кітап» деп аталады?
Өсімдіктердің Қызыл Кітабы
Мемлекетіміз өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғайды
«Қорық» дегеніміз не?
«Қаумал» және «Ботаникалық бақ» дегеніміз не?
Маңғыстау облысында сирек кездесетін өсімдіктер
Үй тапсырмасы:
1.98M
Категория: ЭкологияЭкология

Менің қызыл кітабым

1.

Орта мектептің төменгі сыныптарына арналған
“Қоршаған орта экологиясы”
оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал
«Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы» Қоғамдық Қоры
«Маңғыстау облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы» ММ
by Bodauova A
18. МЕНІҢ ҚЫЗЫЛ
КІТАБЫМ

2.

by Bodauova A
Тірі ағзалардың әрбір түрі
бірегей, сондықтан олардың жер
бетінен
біреуінің
жоғалуы
табиғатқа келетін үлкен шығын
болып табылады. Біз білетін
жануарлардың бірнеше түрлері
азайып барады. Егер қазірден
бастап қорғауға алмасақ, онда
біздің балаларымыз: горилла,
қарақұйрық,
итбалықтардың
суреттеріне қарап «Бұлар нелер
өзі! Олар шынымен болған ба,
қазір қайда кетті?» деген
сұрақтарды қоюы мүмкін.
Сурет: webo.kz

3.

Қызыл Кітап – жойылу қаупі
төніп тұрған жануарлар мен
өсімдіктер тізімі. Қызыл
Кітапта олардың саны мен
мекен ету ортасына, сонымен
қатар, осы түрді сақтау
тәсілдеріне сипаттама беріледі.
Халықаралық Қызыл Кітап
үлгісіне сәйкес әрбір елде
соның ішінде Қазақстан
Республикасында да Қызыл
Кітап жасалды.
by Bodauova A
Біздің табиғаттың сұлулығын
қорғау үшін, жануарлар мен
өсімдіктердің тағдырын ойлаған
ғалымдар Қызыл Кітапты
жасады. Оны 1966 жылы
табиғатты және табиғи
ресурстарды қорғаудың
Халықаралық Одағы шығарды.
Осы уақытқа дейін Қызыл
Кітаптың 5 томы жарық көрген.
Оның төртеуі жануарлар
туралы, ал бесіншісі
өсімдіктерге арналған.

4. Не үшін «Қызыл кітап» деп аталады?

• Қызыл түс – қауіпқатер жайында белгі
беретін түс
• «Қызыл Кітапқа
енгізілген» деген сөз
«ақырын, абайла
тиіспе, қорға» деген
мағынаны білдіреді
by Bodauova A
Сурет: allprezentation.ru/

5.

by Bodauova A

6. Өсімдіктердің Қызыл Кітабы

• Жақын арада ғана адамзат баласы өсімдіктер әлемін
ысрапшылдықпен бұза отырып, табиғатқа ғана емес, өзіне
қауіп төндіргенін сезінді. Сондықтан көптеген елдер, соның
ішінде Қазақстанда табиғатты қорғау туралы заңдар
қабылданған. Олар ормандарды, шалғындарды, жасыл
өсімдіктерді ұқыпты пайдалануға, жаңа қорықтарды,
қаумалдарды, ботаникалық бақтардын құруды талап етеді.
by Bodauova A
• Бірақ адамзат баласының барлығы табиғатты қорғап, туған
табиғатына қамқорлық көрсетпесе, ешқандай заң
көмектеспейді. Бұл сендерге де қатысты балалар!

7. Мемлекетіміз өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғайды

Қорықтар, қаумалдар, ұлттық бақтарды
құрады, осылай өсімдіктер мен
жануарлардың тіршілік ортасын
сақтайды.
Аң аулауға тыйым салады және рұқсат
берілетін аң аулау мерзімін қысқартады.
Ботаникалық бақтарда өсімдіктердің
сирек түрлерін өсіріп, көбейтіп, қайта
жерлестіреді.
by Bodauova A
Дәрілік өсімдіктерді дұрыс жинау,
мәдени өсімдіктерді өсіруге арналған
жерлерді белгілеп, шектейді.

8. «Қорық» дегеніміз не?

Қорық – ағаш кесу,
мал жаю,
саңырауқұлақтар мен
жемістерді жинау, аң
және балық аулау
секілді кез-келген
жұмыстарды жасауға
тыйым салынған
аумақ. Қорық –
табиғаттың
қайталанбас Қызыл
Кітабы, мұнда
өсімдіктер мен
жануарлардың
тіршілік ортасы
табиғи түрде
сақталады.
by Bodauova A
«Қорық» дегеніміз не?

9. «Қаумал» және «Ботаникалық бақ» дегеніміз не?

Ботаникалық бақ – тірі
өсімдіктердің коллекциялары
жинақталған аумақ (ашық
аспанда немесе жылыжайда
өсіріледі). Ботаникалық
бақтардың міндеті – сирек
және жойылу қаупі төнген
өсімдіктерді жинау және
сақтау.
by Bodauova A
Қаумал – жеке өсімдіктер
мен жануарлар түрі белгілі
бір шенкті уақыт
аралығында қорғауға
алынатын аумақ. Қорықтан
айырмашылығы, онда
жеміс-жидектерді жинауға,
балық және аң аулауға
болады.

10.

1985 жылы Маңғыстау аумағында Үстірт қорығы, АқтауБұзашы және Қарақия-Қаракөл қаумалдары құрылған.
Олардың басты міндеттері осы аймақтағы өсімдіктер
қауымдастығын сақтау және осы аумақтың жануарлар әлемін
қорғау болып табылады
by Bodauova A
Сурет: kentuki.kz

11. Маңғыстау облысында сирек кездесетін өсімдіктер

Қара сексеуіл
Шөл далада өсетін аз ғана
ағаштардың бірі. Сексеуілдер төзімді.
Сексеуілдің сыртқы келбеті: ағаш діңі
қабықты, 5-10 метр биік, бұралаң,
аласалы, көлеңке бермейді. Сексеуілде
жапырақтар болмайды. Тамыры 7-40 м
тереңдікке кетеді, ылғалды сол жақтан
алады.
Қара сексеуіл деп аталуының себебі,
оның бұталары қара жасыл түстес
болып келеді. Құмды және саз
балшықты шөлді аймақтарда өседі.
Жойылу қаупі бар.
Азаю
себептері:
мұнай
кен
орындарын игеру, мал жаю, отынға
пайдалану.
by Bodauova A
Маңғыстау облысында сирек кездесетін
өсімдіктер

12.

Рихтер сораңы (солянка Рихтера)
• Биіктеу бұталы немесе төмен өсетін ағаш, ашық-күлгін
түсті бұталары бар.Жойылу қаупі бар.
• Азаю себептері: мұнай кен орындарын игеру, мал жаю.
Дәрілік өсімдік ретінде қолданылады.
• Тасты және құмды шөлді аумақтарда кездеседі.
5 м биіктікке дейін өседі, қара сексеуілге ұқсас.
Оның бұтақтарының бояуы ашық түсті. Бұл
жылуды көп беретін бағалы отын (тас көмір
беретін жылумен бірдей). Ақ сексеуіл
жапырақтары өте нашар дамыған. Бұл
сексеуілдің екі түрі де құм қозғалысын тоқтату
үшін және жасылдандыру үшін қолданылады.
• Азаю себептері: мұнай кен орындарын игеру,
мал жаю, отынға пайдалану.
Сурет: симптомы-лечение.рф
Сурет: plantarium.ru
by Bodauova A
Ақ сексеуіл

13. Үй тапсырмасы:

by Bodauova A
1) Жойылу қаупі төнген өсімдіктер жайында
әңгіме жазып келіңдер.
2) Қызыл Кітапқа енгізілген, Маңғыстауда
өсетін, өзіңе ұнаған екі өсімдіктің суретін
салыңдар.
English     Русский Правила