СӨЖ «Дене биомеханикасы. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары: Симс қалпы, Фаулер қалпы»
Жоспар:
Дене биомеханикасы туралы түсінік
ҚОРЫТЫНДЫ:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
453.71K
Категория: МедицинаМедицина

Дене биомеханикасы. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс

1. СӨЖ «Дене биомеханикасы. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары: Симс қалпы, Фаулер қалпы»

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Клиникаға кіріспе кафедрасы
Дайындаған: Есказиев Ертуған
Бейсенбай Қуаныш
1-007 топ ОМ
Тексерген: Даулетова Сағыныш Төлеуғалиевна
Қарағанды 2016

2. Жоспар:

1. Кіріспе бөлім.
2. Негізгі бөлім:
2.1 Науқасты тасымалдауды кәсіптік қорғаныс;
2.2 Науқастың төсектегі әртүрлі функционалды жағдайы;
2.3 Науқастың Симс жағдайында орналастыруы;
2.4 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру.
3. Қорытынды бөлім.
4. Қолданылған әдебиеттер.

3. Дене биомеханикасы туралы түсінік

Биомеханика тірі ағзадағы механикалық қорғаныс
туралы ғылым. Адамның қорғаныштық қасиеті ең
қиын құбылыстың бірі. Адам көздеген мақсатына
қимыл қозғалыс арқылы жетеді. Адам өз еркімен
тоқтайды және қимыл қозғалысты бастайды.Қимыл
қозғалыс белсенділігі бұлшық ет жұмысымен
басқарылады

4.

Каталкамен
Қолмен
Науқасты
тасымалдау
тәсілдері
Носилкамен
Креслокаталкамен

5.

6.

Носилкамен науқасты тасымалдау:
•Носилканы горизонтальді түрде ұстау керек, себебі
науқасты зақымдап алуымыз мүмкін
•Жүргенде аяқты алшақ баспай, қысқа қадамен жүру
керек және науқасты басымен алдыға, носилканы
шайқамай жүру керек.
•Арта келе жатқан мед.сестра науқастың жағдайын
бақылап жүруі тиіс.
•Баспалдақтан түсіргенде басы соңында,аяғы
алдында болуы тиіс.
•Баспалдақтан көтерілгенде носилканы
горизонтальді ұстап, аяғы соңында, басы алдында
болуы керек
Каталкамен тасымалдау тәсілдері:
Аурудың сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай
науқасты каталкаға ыңғайлы орналастыру керек.
Осындай қалып науқастың бұлшық еттерің
босансуына ықпалын тигізеді.

7.

Кресло-каталкамен тасымалдау тәсілдері:
•Кресло-каталканы алға қарай енкейтіп, аяқ
қоюға арналған тепкішке жақындату керек.
•Науқастың тұруын сұрау керек, оны ұстап
тұрып керслоға отырғызу керек.
•Кресло-каталакны бастапқы қалпына келтіру
керек
•Тасымалдау барысында науқастың қолдары
жинақы болуын қадағала
•Тасымалдап болғаннан кейін креслокаталканы залалсыздандыру керек.

8.

НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕКТЕГІ ҚАЛПЫ:
АКТИВТІ НЕ БЕЛСЕНДІ
Науқас бұл жағдайда өзіндік қозғалады,төсегіне
отырып, өзіне қызмет көрсетеді.
ПАССИВТІ НЕ ҚОЗҒАЛЫССЫЗ
Енжарлық,әрекетсіздік жағдай – науқастар өте аз
қозғалады, өзіндік басын көтеруі, қолын қозғау
қимылдары қиын, мұндай аурулар әрине паралич,
жүйке ауруларының әсерінен (ессіз түрде болуы
мүмкін).
МӘЖБҮРЛІК ҚАЛПЫ
Шамасы аз болса да, өзін күтуге бар. Аз да болса
науқас өзін тәуірмін деп есептейді, аяғын жерге түсіріп
немесе бір жаққа оңға немесе сол жаққа бұрылып
жатуды ұнатады. Науқастың жағдайы әлі де төсекте, ол
өзіне мінездеме бере алады.

9.

Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің
төрт тәртібі болады:
1. Қатаң төсек тәртібі – бастапқыда қатты
ауырып түскен емделушілерге тағайындалады.
Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралар
жүргізілуі керек.
2. Төсек тәртібі – біршама қозғалыс
белсенділігімен сипатталады, бұзылуға белгілі
бір уақытта оята түсіріп, төсектің шетіне
отыруға рұқсат беріледі.
3. Палаталық тәртібі – төсек жанындағы
орындыққа отыруға, тұруға және белгілі бір
уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат
етіледі.
4. Жалпы тәртіп – дәліздің ішінде еркін жүруге,
баспалдақпен көтерілуге, аурухананың
ауласында демалуға рұқсат етіледі.

10.

Жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ
қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында
жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан
айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады,
(ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне
келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе
бәсеңсиді.
Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит)
жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп,
шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық
жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін
алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп,
немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен
сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас
тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ
қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде
басын кейін қайырып ұстайды.

11.

Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын
тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап
отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері
көмектесіп, тыныс алуы аздап та болса, жеңілдейді.
Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен,
пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын
қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе
ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы)
ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе
жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел
қатты қысады.

12.

НАУҚАСТЫ СИМС ҚАЛПЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ:
Арнайы функциональды немесе жай кереуеттерде орындалуы
мүмкін. Бұл қалып алдымен ішпен және бүйірмен жатуының
арасында болады. Науқас тек біраз бөлігінде жәрдемдесе алады,
екі медбикемен орындалады. КӨРСЕТКІШТЕРІ: мәжбүрлі
орналасу, пассивті орналасу, ойықтарды пайда болдырмау.
Процедураға дайындық:
Науқасқа орналастырудың мақсаты мен орындалу тәртібін
түсіндіру және келісім алу.
Керек заттарды дайындау: жастық, валиктер, аяқ тірегіштер (құм
толтырылған мөшек).
Науқастың жағдайын тексеру, төсектің тірегіштерін бекіту.

13.

Процедураның орындалуы:
1. Медбике тұрған жақтан бүйір поручиндерді түсіру,
науқастың арқасында, кереует ортасында
жатқанына көз жеткізіп, жастықтарды алып тастау.
2. Кереуеттің бас жағын горизонталь қылу.
3. Науқасты кереует жиегіне орналастыру.
4. Науқасты ептеп бүйірінен, одан біраз ішіне
жатқызу.
5. Науқастың бас жағына жастық салу.
6. Жоғарыда орналасқан, бүгілген қол астына жастық
қойып, екінші қолын жайлыққа қояды.
7. Жоғарғы бүгілген аяқтың астына құм толтырылған
қапшықты қою.

14.

Процедураның аяқталуы:
Мейірбике жақтағы жүктемені шешу.
Науқастың төсектің дәл ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізу
және жастықты алып тастау.
3. Төсектің бас жағын горизонтальді қалыпқа қою.
4. Науқасты төсектің шетіне орналастыру.
5. Науқасты бір жағынан ішімен жататындай қалыпқа келтіру.
6. Науқастың басына жастық төсеу.
7. Қолын иық қалпымен бірдей қылып жастық төсеу. Ал бір жақ қолын бос
төсекке орналастыру.
8. Науқастың бір жақ аяғын жамбасымен бірдей қалыпта қылып жастық
қою керек.
9. Аяқ төсегішке құм салынған мөшек қою керек
10. Науқастың жайлы жатқанына көз жеткізу, төсек жапқышты жөндеу
керек.
11. Бүйір поручиндерді көтеру, жақтауды көтеру керек.
12. Қолды жуып, кептіру.
1.
2.

15.

НАУҚАСТЫҢ ФАУЛЕР КҮЙІНДЕ ОРНАЛАСУЫ:
• Бір медбикенің көмегімен, функционалды немесе
қарапайым төсекте орындалады. Мақсаты: төсекте
науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету
Процедураға дайындық:
• Науқасқа орналастырудың мақсаты мен орындалу
тәртібін түсіндіру және келісім алу.
• Керек заттарды дайындау: жастық, валиктер, аяқ
тірегіштер.
• Науқастың жағдайын тексеру, төсектің тірегіштерін
бекіту.

16.

Процедураның орындалуы:
• Науқастың арқасында және кереует ортасында жатқанына
көз жеткізіп, жастықтарды алып тастау.
• Кереуеттің бас жағын 45-60 градусқа көтеру(90градус-жоғарғы
Фаулер қалпы,30 градус- төменгі Фаулер қалпы).Кереуетте тік
отырған адам, Фаулер қалпында болады.
• Медбике тұрған жақтан бүйір поручиндерді түсіру (егер болса).
• Жастықты немесе бүктеліп оралған көрпені науқастың тізесінің
астына қою.
• Иық астына және шынтақ астына қою (егер науқас өз қолын
қозғалтуға шамасы болмаса) .Ескерту:иық асты шынтағы
көтеріліп,алақандары төмен жағына орналасуы керек.
• Беліне жастық салу.
• Тізесінің астына жастық қою.
• Өкше астына жастық қою. Табандарын 90 градус бұрышта ұстауына
жағдай жасау.
Процедураның соңында:
• Науқастың жайлы жатқанына көз жеткізу.
• Бүйір поручиндерді көтеру, екі жақтағы жақтауды көтеру.
• Қолды жуып, кептіру.

17. ҚОРЫТЫНДЫ:

Кейбір аурулар жағдайында науқастың
мәжбүрлік қалпының өзіне тәндігі соншалық,
дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.
Ұзақ уақыт жатқаннан түрлі дене
бөліктерінің ауырсынған, әлсіреген науқасты
Симс (1813-1883) және Фаулер (1848—1906,
америкалық хирург) қалпында орналастыру
науқастың келісімімен жүргізіледі. Науқастың
төсектегі мұндай функционалдық жағдайлары
науқасқа профилактика мен ауыруды сезінуді
біраз болсын басу мақсатында қолданылатын
бүгінгі күні тиімді қалыптардың бірі болып
табылады.

18. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Гребенёв «Уход за больными».
Қайдаров С.Б. «Клиникаға кіріспе –1»Семей 2008ж.
С.Қ.Мұратбекова “Мейірбике ісінің негіздері”,
2007ж.
П.П.Обуховец “Основы сестринского дела” 2003г.
English     Русский Правила