Тақырыптың мақсаты
Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің этиологиясы:
Жіктелуі
ІІІ. Анатомиялық классификация (А)
Клиникалық көрінісі.
Веналық қақпақшалардың қызметін және веналардың зақымдануын анықтау үшін сынамалар жасалады.
Троянов-Тренделенбург сынамасы.
Гаккенбруха сынамасы
Пратта -2 сынамасы
Шейнистің үш жгутты сынамасы
Тальмана сынамасы
Дельбе-Пертеса жүру сынамасы.
Пратта -1 сынамасы
Емдеу.
Медикаментозды ем
Веналарды склероздау тәсілімен емдеу мына төмендегідей көрсеткіштері бар пациенттерде қолданылады:
Бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген хирургиялық тәсілдердің қатарына мына операцияларды жатқызуға болады:
Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің профилактикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
4.17M
Категория: МедицинаМедицина

Аяқ көктамырларының варикоздық кеңеюі

1.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ
- ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
HOCA AHMET YESEVI
ULUSLARARASI
TURK-KAZAK
UNIVERSITESI
Медицина факультеті

2.

СӨЖ
Аяқ көктамырларының
варикоздық кеңеюі.
Қабылдаған: Ербосынов Ғ.
Орындаған: Ертаева М.Б.
ЖТД-613

3.

Жоспары:
І. Кіріспе
- Варикоздық ауру туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
- Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің этиология мен
патогенезі
- Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің жіктелуі
- Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің клиникалық көріністері.
- Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің зерттеу әдістері және
сынамалары
ІІІ. Қорытынды
І V . Пайдаланылған әдебиеттер

4. Тақырыптың мақсаты

ТАҚЫРЫПТЫҢ МАҚСАТЫ
Аяқ көктамырларының варикозды кеңеюдің пайда
болуы мен себебін анықтау. Соған байланысты
клиникасына мән беріп, көктамырлардың варикозды
кеңеюінің функционалды сынамаларын үйрену. Емдеу
тактикасын және тиімділігін үйрену.

5.

Варикоз ауруы
Лат.varis – түйін деген мағына береді.
Варикозды кеңею немесе вариз ауруы - вена
қабырғасында қалта тәрізді және жылан тәрізді
түзілімнің пайда болуымен, веналардың ұзаруымен,
клапандардың жетіспеушілігімен сипатталады.
Қалыптыда көктамырдағы қысым 75-120 мм.с.б.б
болады, ал қақпақша жетіспеушілігінде 500-800 мм.с.б,б
болады. Науқастар көп тұру немесе жүргенде қысым
1000-2000 мм.с.б.б болады.

6. Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің этиологиясы:

КӨКТАМЫРЛАРДЫҢ ВАРИКОЗДЫ
КЕҢЕЮЛЕРІНІҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ:
Веналардың варикозды кеңеюі
полиэтиологиялық ауру:
Механикалық
теорияда

7.

2.Веналық қан тамырлар қақпағының
жетіспеушілігі:
туа біткен вена қақпағының болмауы,
Қақпақтардың қалыпты жетілмеуіне
байланысты өз қызметін толық атқара алмау.
3.Нейроэндокриндік теория:
Организмдегі гормональды өзгерістерге
байланысты веналық қан тамыры тонусының
төмендеуі нәтижесінде кеңеюі( бұл
жүктілік,жыныстық жетілу және менопауза
кезінде).
4-теория. Веналардың кеңеюіне тұқым қуалау да
себеп болады.
5-теория. Артерия-веналық анастомоздардың
ашылуы.

8.

Патогенезі:
Аурудың бұл тарауы әлі толық зерттеліп, шешілмеген проблема.
Бүгінгі күнге дейін көктамырдың варикозды кеңеюінің пайда болу
себептері және даму туралы әртүрлі пікірлер айтылған және айтылып
та келеді (Лидский А.Т., 1958, Мамамтавришвили Д.Г., 1964, Савельев
В.С. және басқ., 1972 т.б.). Солардың ішінде механикалық,
инфекциялық, гормоналдық теорияларды атап өтуге болады. Бұл
көзқарастар аурудың бір емес бірнеше себептері болуы мүмкін
екендігін аңғартады.
Соңғы кезде, дәстүрлі тұжырымдарда ерекше
орынды «эндотелийдің дисфункциясына» береді,
яғни, басында эндотелий мен көктамырдың тегіс салалы
бұлшықет жасушаларының зақымдалуы болады да, бертін келе,
көктамырдың керіліп, созылуына және қақпалық
аппараттың жетіспеушілігіне әкеледі. Аталған аурудың
дамуында көктамыр қабырғасының микроциркуляция бұзылысы мен
трофикасының өзгерісі ерекше мағынаға ие болады

9. Жіктелуі

ЖІКТЕЛУІ
Түрлері (көктамыр өзгерістерінің орналасуы):
беткей орналасқан (тері асты
көктамырларыда);
терең орналасқан (терең жатқан
көктамырларда);

10.

Көктамырдың орналасуы
бойынша
санда
балтырда
аяқ басында ұшында

11.

Кезеңдік клиникалық
класификация
Компесациялық
кезең
Субкомпенсациял
ық кезең
Декомпенсациялы
қ кезең
Варикозды аурудың
формалары
Созылмалы венозды
жетіспеушіліктің
дережелері
І. Беткей және терең
тамырлардың рефлюкссіз
сегментарлы зақымдануы
0 – кеңею жоқ
ІІ. Рефлюкспен байқалатын
беткей және коммуникативті
веналардың сегментарлы
варикозы.
І – ісінуге өтетін «ауыр аяқ»
синдромы
ІІІ. Рефлюкспен байқалатын
беткей және коммуникативті
веналардың жайылған
варикозы
ІІ – тұрақты ісіну, гипернемесе гипопигментация,
липодерматосклероз, экзема
ІV. Рефлюкспен
байқалатын терең
веналардың варикозды
кеңеюі
ІІІ – венозды трофикалық
жара (ашық немесе
жазылған)
кеңеюі

12.

Халықаралық СЕАР классификациясы
І. Клиникалық классификация. (С)
С0. Варикоз белгілері білінбейді. Науқастар аяқтағы ауырлық сезіміне
шағымданады.
С1. Визуальді қарағанда торлы веналар және тамыр жұлдызшалары
анықталады (телеангиоэктазиялар). Кейбір науқастарда түнгі уақытта
аяқ бұлшықеттерінің құрысуы байқалады.
С2. Визульді қарағанда кеңейген веналар көрінеді.
С3. Табанда, тобықта, балтырда аз уақыт демалған соң да жоғалмайтын
ісіну пайда болады.
С4. Визуальді қарағанда липодерматосклероз белгілері (дерматит,
тобықтың гиперпигментациясы) байқалады.
С5. Жоғарыда айтылған тері өзгерістері және жазылған жара.
С6. Жоғарыда айтылған тері өзгерістері және тұрақты трофикалық жара.
ІІ. Этиологиялық классификация (Е)
Ес: Тума аурулар
Ер: Біріншілік, себебі белгісіз
Es: Екіншілік, себебі белгілі: тромбоздан кейін, травмадан кейін және
т.б.
Еn: Ауру себебін анықтай алмады

13. ІІІ. Анатомиялық классификация (А)

ІІІ. АНАТОМИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ (А)
-AS. Беткей веналар
1. Телеангиоэктазиялар
мен ретикулярлы
веналар
2. Үлкен теріастылық
вена тізеден жоғары
3.Үлкен теріастылық
вена тізеден төмен
4. Кіші теріастылық вена
5. ҮТВ мен КТВ
бассейнінен басқа
веналардың өзгерісі
-AD. Терең веналар
6. Төменгі қуысты вена.
7. Жалпы мықын венасы.
8. Ішкі мықын венасы
9. Сыртқы мықын венасы
10. Жамбас-гонадалық,
жатырдың жалпақ және т.б.
11. Жалпы сан венасы
12. Терең сан венасы
13. Беткей сан венасы
14. Тізеастылық вена
15. Балтыр веналары –
алдыңғы және артқы
16. Бұлшықеттік –
камбалатәрізді, икры
-АР: Перфорантты
веналар
17. Сан
18. Балтыр
Ап: венозды жүйеде
өзгеріс жоқ
IV. Патофизиологиялық классификация (Р)
Pr: Рефлюкс
Po: Обструкция
Pr,o: Рефлюкс+обструкция
Pn: Венозды іркіліс байқалмады.

14. Клиникалық көрінісі.

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ.
Симптомы
- Сыздап ауырсыну
- Аяқтарында ауырлық
- Тез шаршау
- Терінің қышуы
- -Аяқтардың ісінуі
- Балтыр бұлшық еттерінің
тырысуы
Объективті көрінісі
- Телеангиоэктазия
- Варикозды веналар
- Тромбофлебит
- Гиперпигментация
- Жарақаттан тамырдан қан ағу
- Жара пайда болу

15.

Варикоз ауруының клиникалық көрінісі ағымына
қарай 3 сатыға бөлінеді:
1.
2.
3.
Компенсация сатысы.қарағанда аяқтарда иреленіп
варикозды кеңейген веналар көрінеді.вена үстін басып
көргенде серпінді болады.
Субкомпенсация сатысы. венаның варикозды кеңеюінен
басқа, науқастар балтырдың төменгі жағында ,толарсақ
тұсында,аяқ басында домбыққандықты немесе өтпелі
ісіктерді айтады,тез шаршағыштық, балтыр еттерінің керілу
сезімі,түнгі уақытта балтыр бұлшықеттерінің тырыспасы
байқалады.
Декомпенсация сатысы. Жоғарыдағы белгілерге тері
қышымасы және де балтырдың төменгі бөлігінің медиалды
беткейінің экзема тәріздес дерматиті қосылады.

16.

Варикозды кеңею қаншалықты жиі
кездеседі
Әйелдер
Ерлер
30 жасқа
дейін
40 жасқа
дейін
50 жасқа
дейін
30 жасқа
дейін
40 жасқа
дейін
50 жасқа
дейін

17. Веналық қақпақшалардың қызметін және веналардың зақымдануын анықтау үшін сынамалар жасалады.

ВЕНАЛЫҚ ҚАҚПАҚШАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ
ВЕНАЛАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫН АНЫҚТАУ ҮШІН
СЫНАМАЛАР ЖАСАЛАДЫ.
Көктамыр қақпақшаларының
(клапандарының)
қызметтерін анықтауға
бағытталған сынамаларға
Троянов-Тренделенбург
сынамасы.
Гаккенбруха сынамасы.
Пратта-2 сынамасы.
Шейнистің үш жгутты
сынамасы.
Тальмана сынамасы.
Терең жатқан веналардың
жағдайын анықтау үшін
o Пратта-1 сынамасы.
o Дельбе-Пертеса жүру сынамасы.

18. Троянов-Тренделенбург сынамасы.

ТРОЯНОВ-ТРЕНДЕЛЕНБУРГ СЫНАМАСЫ.
Науқасты горизонтальды жатқызып,2 аяғын көтеріп қолмен
сипап,варикозды кеңейген беткей веналарды қаннан босатамыз.үлкен
теріасты вена бағанасын санның жоғарғы бөлігінде сопақша
ойықта,оның сан венасына түсер жерін саусақпен басып немесе
резиналық жгут салып науқасты орнынан тұрғызамыз.Сонда венаның
төменгі жағына қан аз жиналады.
Егер саусақты жібергенде немесе жгутты шешкенде төменгі веналарға
қан тез толса,онда бұл сынама оң(+) мәнді болғаны,яғни үлкен тері
асты венасының бағаналық қақпақшаларының жетімсіздігін
көрсететді.
Егер жаймен 20-30секундта толса,онда теріс(-) мәнді екенін
көрсетеді.Бұл үлкен тері асты және коммуниканттық веналар
қақпақшаларының қызметі қалыпты деген сөз.

19.

Троянов-Тренделенбург сынамасы.

20. Гаккенбруха сынамасы

ГАККЕНБРУХА СЫНАМАСЫ
Бұл сынама кезінде науқас аяғының шап
байламы астында,үлкен тері асты
венасының сан венасына түсер жерін
басып,науқасты қатты жөтелдіреді.Сол кезде
кейін қарай соққан қан толқыны вена
тамырына серпінділігі күшті түрткі белгісін
берсе,оң (+)мәнді,яғни бұл жердегі
остиальды қақпақшаның жетіспеушілігі бар
деген сөз.

21. Пратта -2 сынамасы

ПРАТТА -2 СЫНАМАСЫ
Науқасты жатқызып веналарды босатқан соң,аяқ басынан бастап жоғары қарай
беткей веналарды қысатын резинкалық байлам жүргізеді.Одан кейін санның
жоғарғы жағына шап байламының астына жгут саламыз. Науқасты аяғына
тұрғызып жгут астынан екінші резинкалық байлам саламыз.5-6см
арақашықтықта төменгі байламды босатып,жоғарғы байламды
ораймыз.Байламнан бос бөлікте варикозды түйіннің тез қанға толуы бұл
аймақта коммуникантты веналар қақпақшасының жетімсіздігі бар екенін
көрсетеді.

22. Шейнистің үш жгутты сынамасы

ШЕЙНИСТІҢ ҮШ ЖГУТТЫ СЫНАМАСЫ
Бұл сынамада науқасты жатқызып,екі аяғын
көтереді. Қанның ағып таралуына байланысты
вена көрінбей кетеді.Сол кезде науқастың үлкен
тері асты венасының басталған жеріне бір
жгут,2-жгут тізе астына немесе балтырына, 3жгутты байлаймызда, науқасты орнынан
тұрғызамыз.Бұл сынаманы веналық кеңеюдің
орналасқан жерін анықтау үшін
қолданылады.Науқас тұрғанда жгутпен
байланған аяқтың қай бөлігінде болсын қан толу
байқалса,онда сол аймақта терең және беткей
орналасқан веналар арасындағы
коммуниканттық веналар қақпақшасы
жетіспеушілігінің бар екендігін білуге болады.
Қалыпты жағдайда қан толу байқалмау керек.

23. Тальмана сынамасы

ТАЛЬМАНА СЫНАМАСЫ
Шейнис сынамасының
өзгерген түрі. Бұл кезде 3
жгуттың орнына ұзын (2-3м)
резинкалық түтікше
қолданылады, оны әр
айналымның арасы 5-6см
болатындай етіп төменнен
жоғары қарай орайды.
Айналымның қай бөлігінде
венаның толуы байқалса,сол
аймақта коммуникантты веналар
қақпақшасының жетімсіздігі бар
екенін көрсетеді.

24. Дельбе-Пертеса жүру сынамасы.

ДЕЛЬБЕ-ПЕРТЕСА ЖҮРУ СЫНАМАСЫ.
Мұнда науқастың тұрған күйінде санның орта тұсынан жгут
байлаймыз.Бұл жағдайда жгут беткей веналарын қысады.Науқасты бір
орнында 3-5минут жүргіземіз.Егер беткей веналар және варикозды түйіндер
қысымы азайып тартылса,онда терең веналардың өткізгіштігінің жақсы
екендігін білеміз.Ал егер қан тартылып,ағып кетпесе онда терең вена
өткізгіштігінің бұзылысы бар белгісі болып табылады.

25. Пратта -1 сынамасы

ПРАТТА -1 СЫНАМАСЫ
Балтыр көлемін өлшеген соң,науқасты жатқызып аяғын сипап венаны
босатады.Тері асты веналары сығылатындай етіп төменнен жоғары
қарай аяққа серпінді байлам салады. Кейін науқасты 10 минут
жүргізеді. Балтыр бұлшыкеттерінде ауырсынудың пайда болуы терең
веналардың өткізгіштігінің бұзылысын көрсетеді.Қайта өлшегенде
балтыр көлемінің ұлғаюы осыны дәлелдейді.

26.

27.

Ультрадыбысты допплерография
Флебоманометрия
Рентгенологиялық зерттеу-контрасты
флебография 1251-фибриноген

28. Емдеу.

ЕМДЕУ.
Аяқ көктамырларының варикозды кеңею ауруын
емдеу тәсілдерін үш топқа бөлуге болады:
а) консервативті ем;
б) венаны склероздау тәсілі;
в) хирургиялық ем.

29. Медикаментозды ем

МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ЕМ
ЭЛАСТИКАЛЫҚ БИНТ

30. Веналарды склероздау тәсілімен емдеу мына төмендегідей көрсеткіштері бар пациенттерде қолданылады:

ВЕНАЛАРДЫ СКЛЕРОЗДАУ ТӘСІЛІМЕН ЕМДЕУ
МЫНА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ КӨРСЕТКІШТЕРІ БАР
ПАЦИЕНТТЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
а) онша мазасыздандырмайтын (компенсация кезеңі), бірақ түйін
тәрізді болып кеңейген веналар;
б) бұдан бұрын орындалған операциядан соң қалып қойған
көктамыр (вена) түйіндері;
в) ауру адам операциядан бас тартқан жағдайда немесе оны
орнындауға қарсы көрсеткіштер анықталғанда.
Кейбір ғалымдардың пікірінше кеңейген көктамырларды склероздау
тәсілімен емдеу мына төменде көрсетілген жағдайларда қолдануға
болмайды:
а) жүректің және артериялық қан тамырларының ауруларында;
б) сырқаттың декомпенсациялық кезеңінде;
в) жүктіліктің екінші жартысында;
г) инфекциялық және іріңді ауруларда;
д) кәрі және III дәрежелік семіздік анықталған ауру адамдарда

31.

32. Бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген хирургиялық тәсілдердің қатарына мына операцияларды жатқызуға болады:

БҮГІНГІ ТАҢДА КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН
ХИРУРГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА МЫНА
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ:
1. Троянов-Тренделенбург операциясы. Үлкен тері асты венасын сан
венасына құйылатын жерде байлап, оларды бір-бірінен бөлу ажырату. Қазір
бұл операция өзалды жеке операция ретінде қолданылмайды. Оны Бэбкокк
операциясының бірінші кезеңі (этапы) ретінде пайдаланады.
2. Бэбкокк операциясы. Үлкен тері асты венасын сан венасынан бөлген соң
тері асты көктамырының орталық шетін жібек жіппен байлап тастайды да, ал
шеткі (перифириялық) жағына ұшында оливасы бар Бэбкокк сүңгісін (зондын)
төмен қарай бағыттап, өткен деңгейіне дейін енгізеді (әдетте тізе буынына
дейін). Одан соң сол жердің терісін кесіп, тамыр оливаға байланады да,
сүңгіні (зондты) тарту қимылы арқылы вена сылынып алынады.
3. Маделунг операциясы. Санның ішкі (медиальді) беткейінде үлкен тері
асты венасының бойымен тері, тері асты май қабатын тіліп, кеңейген
веналарды алу. Маделунг операциясын іске асыру терең жарақатпен
байланысты және ол операциядан соң аса дөрекі тыртық пайда болады. Осы
себептерме аталмыш операция көп қолданылмайды.
4. Нарат операциясы. Бұл операцияны көп иреңделген және санның,
балтырдың әр жерінде түйін тәрізді болып орналасқан веналарды алуға
қолданады.
5. Линтон, Кокетт операциялары. Перфорантты веналарды апоневроз
астынан (Линтон) немесе үстінен (Кокетт) байлау.
6. Шеде, Кохер, Клапп операциялары кеңіген көк тамырларды тері
қабатының бүтіндігін бұзбай жібек жіппен тігіп, оған қан толуын жоюға
негізделген.

33. Көктамырлардың варикозды кеңеюлерінің профилактикасы

КӨКТАМЫРЛАРДЫҢ ВАРИКОЗДЫ
КЕҢЕЮЛЕРІНІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

34. Қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

35. Пайдаланылған әдебиеттер

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
Касенов Т.С. Жалпы хирургия және анестезиология. Алматы. 1992.
Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия (на каз. яз.) Алматы, 1992.
Дурманов К.Д. Жалпы хирургия (на каз. яз.) Алматы, 2007.
Нұрмақов Ә.Ж. Хирургиялық аурулар: клиникалық дәрістер. Алматы, 2006.
Сексенбаев Д.С. Хирургиялық ауруар: оқу құралы. Шымкент 2005.
Петров С.В. Общая хирургия: учебник и CD. – 3-е изд. – М., 2007. – 768 с.;
Гостищев В.К. Общая хирургия: учебник и CD.– 4-е изд. – М., 2006. – 832 с.;
Основные вопросы общей и неотложной хирургии: руководство/ пер. с англ. Под ред. В.С. Савельева,
А.И.Кириенко. – М., 2008, - 500 с.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтаужүйесі туралы»ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі.
Қосымша:
Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов
Б.Р., Гусман З.К. Хирургиялық аурулар. Алматы, «Санат». 1997, 336 бет.
Мухина С.А., Тарновская И.И. «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела»,
Москва, 1998
Иванова В.И., Матвейчик Т.В. «Организация сестринского дела», Минск, 2006
Журнал «Медицинская помощь».
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие. – М., 2008. – 412 с.
Евсеев М.А. Уход за больными в хирургической практике: учебное пособие. – М., 2008. – 192 с.
Левитэ Е.М. Введение в анестезиологию-реаниматологию: учебное пособие/под ред. И.Г.Бобринской. –
М., 2007. – 256 с
English     Русский Правила