9.43M
Категория: БиологияБиология

Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды – Hemiptera

1.

Жартылай қатты қанаттылар немесе
қандалалар отряды –Hemiptera.
ОРЫНДАҒАН: Жолекеева М.
ҚАБЫЛДАҒАН: Жексенбай Б.Ж.

2.

Жартылай қатты қанаттылар немесе
қандалалар отряды

3.

Hemiptera
• Денесінің үлкен-кішілігі жағынан әрқилы
насекомдар. Мұртшалары жіп тәрізді, 4-5
бунақтан тұрады. Ауыз мүшелері шаншыпсорғыш, 3-4 бунақты тұмсығы бастың
алдыңғы жағына орналасқан. Қанаттары
әртекті- алдыңғы қанаттарының ұшы мөлдір
жарғақты болады да, қалған негізгі бөлігі
тері- жарғақты және мейілінше қатайып
мүйізденіп кеткен. Артқы қанаттары
түгелдей мөлдір жарғақты болады.

4.

Hemiptera
• Жартылай қатты қанаттылар, қандалалар
(Hemiptera) – жәндіктер класының бір отряды. Жер
шарында кең тараған. 50 тұқымдасқа бірігетін 25 – 30
мыңдай (кейбір деректерде 40 мыңдай) түрі
белгілі. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1500-дей
түрі бар. Құрлықтағылары өсімдікке жабысып,
топырақ бетінде, ағаш қуысының астында, құм
арасында, су қандалалары суда тіршілік етеді. Бұлардың
қазба қалдығы юра кезеңінен белгілі. Дене тұрқы 0,7 –
120 мм.

5.

6.

Негізгі тұқымдастары:
• Cy қандалалары — Notonectidae, ұзындығы 7,5—18
мм. Денесінің үсті томпайған, асты тегіс, артқы аяғы
жүзгіш, ескек тәрізді. 200 түрі бар. Тұщы, ал кейбір
жағдайларда тұзды суларда тіршілік етеді.
Жыртқыштар, насекомдарға, балық шабақтарына, ит
балықтарға шабуылдайды. Кейбір түрлері балық
шаруашылығына зиянды.

7.

8.

Ескекшілер — Corixidae
• Ескекшілер — Corixidae, ұзындығы 1,5—1,6
мм. Алдыңғы аяғы күрек тәрізді, артқы аяғы
жүзгіш. 600 түрі бар. Өзен, көлдер мен
уақытша су қоймаларда кездеседі. Жақсы
жүзіп, ұшады. Балдырлармен, ұсақ
жәндіктермен қоректенеді.

9.

10.

• Су сарышаяны — Nepidae, 200-ге дейін түрі бар,
ұзындығы 15—50 мм, денесінің соңында тыныс алу
түтігі бар. Алдыңғы аяғы ұстағыш. Өсімдікке бай су
қоймаларда, кейде баяу ағатын өзендерде тіршілік
етеді. Нашар жүзеді. Ұсақ су жануарларын аулайды,
жыртқыштар, сондай-ақ шабақтарды жеп, тоған
балық шаруашылығына зиян келтіреді.

11.

12.

Қалқаншалылар — Pentatomidae
• Қалқаншалылар — Pentatomidae, ұзындығы 2—40
мм, сопақша денелі, қалқаншасы кұрсағының 2/3
бөлігін жауып тұрады. Өсімдік жегіштер және
жыртқыштар. Ауылшаруашылық дақылдарының
зиянкестері — Eurydema, Aelia туыстары.

13.

14.

• Айқышгүлділер қандаласы — қалқангер туысы,
Pentatomidae тұқымдасына жатады. Ұзындығы 5—10
мм. Еуразия және солтүстік Африкада 30—дай түрі
белгілі. ТМД кеңістігінде, Қиыр солтүстікте, басқа
барлық жерде кездеседі.
• Айқышгүлді өсімдіктер зиянкестері. Кең таралған
түрлері: рапс қандаласы, Еуропаның орманды
жерлерімен Батыс Сібірде, қыша және қырыққабат
қандалалары Еуропаның оңтүстік бөлігінде.

15.

16.

Қалқаншалы бақашықтар —
Scutelleridae
• Қалқаншалы бақашықтар —
Scutelleridae, ұзындығы 10—13 мм, сопақша
денелі, қалқаншасы құрсақтың үстін түгелдей
жапқан. Барлық түрлері де дәнді дақылдарға
аса зиянды.
• Қазақстанда, Орта Азияда кең
таралған бақашық қандала — Eurygaster
integriceps.

17.

18.

Паразит қандалалар — Cimicidae
• Паразит қандалалар — Cimicidae, ұзындығы 4,8—
8,4 мм, денесі жалпақ жұмыртқа тәрізді, адамның
және жылы қанды жануарлардың сыртқы
паразиттері. Құстардың
үяларында, кемірушілердің індерінде, табиғатта
үңгірлерде де тіршілік етеді.

19.

20.

Адамның қанын сорып, мазасыздандыратын паразит
— үй қандаласы (Cimex lectularius) және
C.hemipterus қызыл-қоңыр түсті, қанаттары
жойылған, күндіз жасырынып, түнде адамға шабуыл
жасайды. Бір тәулікте 12—15 жұмыртқа салып, 4—7
күнде личинкаға айналады.

21.

22.

Пайдаланған әдебиеттер.
1. Сағитов А.О.,Ашықбаев Н.Ж., Дүйсембеков Б.Ә.,
Төлеубаев Қ.М., Мұхамадиев Н.С.
Жалпы энтомология. Алматы, ҚазҰАҰ,2012.-220
бет
2.https://kk.wikipedia.org/wikipedia/
07.10.2017

23.

07.10.2017
English     Русский Правила