Қылмыстық процеске қатысатын өзгеде адамдар
1.16M
Категория: ПравоПраво

Қылмыстық процеске қатысатын өзгеде адамдар

1. Қылмыстық процеске қатысатын өзгеде адамдар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы
Қылмыстық процеске қатысатын өзгеде
адамдар
Орындаған:Уалиханов Ә.
Тобы: ЮМ-14-1К1
Қабылдаган:Альшуразова Р.
Шымкент 2016 ж.

2.

3.

Куә
Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы
мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде
шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн

4.

Куә ретінде жауап алынуға жатпайды:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты,
сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi
кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған
iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;
2) төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған
мән-жайлар туралы — төрешi;
3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған
мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының,
сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері,
жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң
өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;
4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы –
дiни қызметшi;

5.

5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене
кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды
дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;
6) медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мәнжайлар туралы – медиатор;
7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда,
өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәнжайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә
ретінде жауап алынуға жатпайды.

6.

Куәнің
құқығы
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар
беруден бас тартуға;
өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;
аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық
білдіруді мәлімдеуге;
жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;
анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың
әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің
құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде
қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар
мәлімдеуге;

7.

анықтаушының,
тергеушінің,
прокурордың және
соттың шақыруы
бойынша келуге
тергеу әрекеттерін
жүргізген кезде
және сот отырысы
уақытында
белгіленген
тәртіпті сақтауға.
Куәнің міндеті
егер өзіне бұл туралы
анықтаушы, тергеуші
немесе прокурор
ескерткен болса, іс
бойынша өзіне
белгілі мән-жайлар
туралы мәліметтерді
жария етпеуге
іс бойынша
болғанның бәрін
шынайы түрде
хабарлауға және
қойылған
сұрақтарға жауап
беруге

8.

Сарапшы
Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам
шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын
өзге де талаптар ҚР Қылмыстық кодекстің 273- бабының бірінші бөлігінде
белгіленеді.
Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу ҚР Қылмыстық
кодекстің 35-тарауында , сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодекстің 373бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

9.

қылмыстық процесті
жүргізетін органның
және іс бойынша іс
жүргізуге қатысатын
өзге де тұлғалардың
сараптама жүргізу
кезінде өзінің
құқықтарына қысым
көрсететін шешімдері
мен әрекеттеріне
шағым жасауға;
сараптаманың
нысанасына жататын
материалдармен
танысуға
Сарапшының
құқығы:
сараптаманы тағайындаған
органның келісімі бойынша, сотсараптамалық зерттеу барысында
анықталған, іс үшін маңызы бар,
сот сараптамасын тағайындау
туралы қаулыда қамтылған
мәселелердің шегінен шығатын
мән-жайлар бойынша өз құзыреті
шегінде қорытынды беруге
қорытынды беру үшін өзіне
қажетті қосымша
материалдарды беру туралы,
сондай-ақ қауіпсіздік
шараларын қолдану туралы
өтінішхаттар мәлімдеуге
қылмыстық процесті жүргізетін
органның рұқсатымен процестік
әрекеттерді жүргізуге және сот
отырысына қатысуға және
оларға қатысатын тұлғаларға
сараптама нысанасына қатысты
сұрақтар қоюға

10.

Сарапшының құқысы
емес
қылмыстық процесті жүргізетін органды хабардар
етпестен, процеске қатысушылармен сараптама
жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер
жүргізуге
зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға
егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы
рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара
жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі
қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер
жүргізуге

11.

Сарапшының міндеті
қылмыстық процесті жүргізетін органның
шақыруы бойынша келуге
өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық
және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған
мәселелер бойынша негізделген және объективті
жазбаша қорытынды беруге
жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға
байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге
зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын
қамтамасыз етуге

12.

Маман
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін
қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін
мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды
қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда
жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам
тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын
тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог
та, сол сияқты оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда,
тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрiгер де мамандар
болып табылады

13.

Маманның құқысы
аударма
қауіпсіздік
шыға
шараларын
қарсыл
қолдану
ық
туралы
білдіру
қорытынд
өтінішхат
ді
ы
беру
мәлімдеуге
мәлімд
үшін
еуге
өзіне
қажетті
өзiнiң
қосымша
шақырылу
материалд
мақсатын
ар беру
туралы
зерттеу
бiлуге
қылмыстық
өтінішхат
нысанас
процестi
тар
ына
жүргiзетін
мәлімдеуг
жататын
органның
е
материа
әрекеттерiне
егер
тиiстi
лдармен
шағым
арнаулы
танысуғ
келтіруге
бiлiмi мен
а;
дағдысы
болмаса, iс
бойынша iс
жүргiзуге
қатысудан

14.

Маманның міндеті:
- қылмыстық процесті жүргізетін
органның шақыруы бойынша
келуге;
- дәлелдемелердi жинауға,
зерттеу мен бағалауға жәрдем
көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн,
дағдысын және ғылымитехникалық құралдарды
пайдалана отырып, тергеу
әрекеттерiн жүргiзу мен сот
талқылауына қатысуға;
-өзi орындаған әрекеттерге
қатысты түсiнiк беруге, ҚР
Қылмыстық процестік кодексінің
80-бабының екінші бөлігінде
көзделген жағдайда зерттеу
жүргізуге және қорытынды
беруге;
- iстiң мән-жайлары туралы
мәлiметтердi және iске
қатысуына байланысты өзiне
белгiлi болған өзге де
мәлiметтердi жария етпеуге;
- тергеу әрекеттерi жүргiзілген
кезде және сот отырысы
уақытында тәртiп сақтауға;
- зерттеуге ұсынылған
объектілердің сақталуын
қамтамасыз етуге

15.

Аудармашы
Аударма жасау үшiн білу қажет тiлдi меңгерген және күдікті,
айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi,
азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi,
сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс
жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша
құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот әрекеттерiне қатысуға
тартылған, iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.

16.

Құқығы
аударманы жүзеге асыру кезiнде
қатысатын адамдарға аударманы
нақтылау үшiн сұрақтар қоюға;
жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу
әрекеттерінің немесе өзге де
процестік әрекеттердiң хаттамасымен,
сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот
отырысының хаттамасымен танысуға
және аударманың толықтығы мен
дұрыстығына қатысты, хаттамаға
енгiзілуге жататын ескертулер
жасауға
егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi
болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге
қатысудан бас тартуға
қылмыстық процестi жүргізетін
органның әрекеттерiне шағым
келтіруге;
Міндеті
қылмыстық процестi жүргізетін
органның шақыруы бойынша келуге
өзiне тапсырылған аударманы дәл
және толық орындауға;
аудармашы ретiнде тартылуына
байланысты өзiне белгiлi болған iстiң
мән-жайлары туралы мәлiметтердi
немесе өзге де деректердi жария
етпеуге
тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде
және сот отырысы уақытында тәртiп
сақтауға

17.

Куәгер
Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу
әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн
тартқан адам куәгер болып табылады.
Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс
қабылдауға қабiлеттi және ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 90-бабына сәйкес
өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, iске мүдделi емес және қылмыстық
қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер
бола алады.
Тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.

18.

Сот отырысының хатшысы .
Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот
отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін,
қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот
отырысының хатшысы болып табылады
Сот отырысының хатшысы:
- өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот
отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық
етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге;
-хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың
отырысына қатысушы барлық тұлғалардың өтiнiшхаттарын,
қарсылықтарын, айғақтарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот
отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мәнжайларды толық және дұрыс жазуға;
-сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген
мерзiмде дайындауға;
- төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
-жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi
болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
- Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының
толықтығы мен дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта болады.
-Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сай
келмейтiн мәлiметтердi енгiзген жағдайда, хатшы заңда көзделген
жауаптылықта болады.

19.

Сот приставы
Өзiне соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету
жөнiндегi заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды
адам сот приставы болып табылады
Сот приставы сот талқылауы кезiнде залдағы тәртiптi сақтап тұрады,
төрағалық етушiнiң өкiмдерiн орындайды және соттарда судьяларды,
куәларды және процеске басқа да қатысушыларды қорғауды жүзеге
асырады, оларды бөгде адамдардың ықпалынан қорғайды, соттың
процестік әрекеттер жүргiзуiне жәрдемдеседi, сотқа келуден жалтарған
адамдарды күштеп әкелуді жүзеге асырады, өзiне заңмен жүктелген басқа
да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

20.

Қолданылған әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014
жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ
English     Русский Правила