С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жоспар:
Мұрынның және оның қуысының қан айналым ерекшеліктері
Қан кетудің белгілері
Мұрына қан кетулер жоғалтқан қан көлемі бойынша ажыратылады
Мұрыннан қан кетуді тоқтату әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
6.11M
Категория: МедицинаМедицина

Мұрынның және оның қуысының қан айналым ерекшеліктері. Мұрыннан қан кету

1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Оториноларингология
Тақырып: Мұрынның және оның қуысының қан айналым ерекшеліктері.
Мұрыннан қан кету. Мұрыннан қан кетуді тоқтатудың қазіргі жаңа
әдістері.Мұрынның алдынғы тампонадасы
Тексерген:
Орынаған: Ж/М факультетінің 09-007(1)
тобының студенті Раманова Н.Ж.

2. Жоспар:

І. Кіріспе
Мұрынның және оның қуысының қан айналым ерекшеліктері.
ІІ. Негізгі бөлім:
1.
Мұрыннан қан кетулер .
2.
Этиологиясы. Потогенезі. Жіктелуі.
3.
Тоқтату әдістері.
4.
Қолданылатын шаралар.
5.
Емдеу.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет

3. Мұрынның және оның қуысының қан айналым ерекшеліктері

Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және
мұрын қуысына бөлінеді. Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен,
жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Сыртқы
мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді.
Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен,
төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз
ұяларымен жалғасады және оны мұрынның қосалқы қуыстары
қоршап тұрады.

4.

Мұрын қуысының қанмен қамтамасыз етілуі ішкі ұйқы артериясының орбитада
өзінің тармақтарын торлы сүйекке беретін соңғы тармағы (а.ophtalmica) арқылы
жүзеге асады. Бұл артерия тармақтары ( а.ethmoidales anterior et posterior) торлы
сүйек пен мұрын қуысының артқы жоғарғы бөлімдерін қандандырады. Мұрын
қуысындағы ең ірі тармақтардың бірі - a.sphenopalatina (ішкі ұйқы артерия
жүйесінің жоғары жақ артериясының тармағы). Бұл артерия мұрынішілік
тармақтарын мұрын қуысының бүйір беттеріне, мұрын қалқаншасына және
барлық қосалқы қуыстарға береді.
Мұрын қалқаншасының қандану ерекшелігі болып оның алдыңғы бөлімінің
үштен біріндегі шырышты қабатында тамырлар шоғыры ( locus Kisselbachii)
орналасады. Мұнда шырышты қабат жиі жұқарған болады, сондықтан бұл
аймақта басқа аймақтарға қарағанда қан ағу жиірек болады. Веналық тармақтар
артерияларды бойлай жүреді. Веналық кері ағудың ерекшелігі болып олардың
веналық өрімдермен байланысын айтуға болады, осылар арқылы мұрын
веналары бассүйек веналарымен, көзұя веналарымен және көмей веналарымен
байланысады, ал бұл өз кезегінде риногенді бассүйекішілік, орбиталық және
т.б. асқынуларға алып келуі мүмкін.

5.

Мұрыннан қанкету
Мұрыннан қанкетумұрыннан және
жұтқыншақтың артқы
қабырғасы арқылы көпіршікті
емес қанның бөлінуімен
көрінетін жалпы және
жергілікті патологиялық
процестермен көрінетін
клиникалық симптом.
85% мұрыннан қан кетулер
қандайда бір симптомикалық
ауырудың симптомы болып
табылады, 15% мұрын
құысының немесе мұрының
қосалқы құыстарының
ауруларымен шақырылады.

6.

Этиология
Жалпы және жергілікті белгіліерін ажыратады:
Жалпы:
-
Жүйелі аурулар(атеросклероз, АГ, бауыр аурулары)
Инфекциялық аурулар(грипп,дифтерия,скарлатина,қызылша.)
Гиповитаминоз.
Интоксикация (ауыр металлдар, хром, қорғасын, фосфор)
Дәрілік заттар (антикоагулянттар, цитостатиктер)
Қан аурулары (лейкоз, анемия, агранулоцитоз)
Эндокринды бұзылыстар (жүктілік, дисменорея)
Сепсис
Атмосфералық қысымның бірден төмендеуі
Жалпы гипертермия
Физическикалық күш түсу
Сәулелі аурулар

7.

Жергілікті себептер.
Ұрғаннан.
Құлағаннан кейінгі қан кету.
Алдыңғы бас сүйегі ойығының сынуы.
Мұрын пердесінің алдыңғы шетін саусақпен
зақымдау.

8.

Патогенез.
Тамырлар қабырғасының бүтіндігінің бұзылысы
байқалады: артериалық ( жүрек-тамыр жүйесі ауруларында)
немесе венозды (мұрын және мұрын қосалқыларының
қабыну ауруларында) тамырлар зақымдалуы.

9.

Жіктелуі
Мұрынның алдыңғы және артқы қуыс бөлімдерінен қан
кетуіне байланысты:алдыңғы және артқы мұрыннан
қанкету болып бөлінеді.
Мұрыннан қанкету зақымдалған тамырларға байланысты
капиллярлы , артериалды и венозды болып бөлінеді.
Негізгі себептерге байланысты біріншілік(жергілікті
себептерге байланысты) и екіншілік (жалпы себептерге
байланысты) болып бөлінеді.

10. Қан кетудің белгілері

Мұрыннан қан кету кезінде диагноз қою онша қиын емес,
егер қан кету Кисельбахов аймағында болса онда қандың
түсі ашық қызыл түсте болады. Егер қан кету мұрын
қуысының терең аймағынан болса онда қан тұйық қызыл
түсте болады. Үлкен қан жоғалту кезінде бас айналу,
тахикардия, және ентігу болу мүмкін.

11. Мұрына қан кетулер жоғалтқан қан көлемі бойынша ажыратылады

Аз мөлшерде қан кету, бұл қысқа уақыт ішінде қан көлемі бірнеше мл
тамшымен бөлінеді.
Әлсіз қан кету, үлкендерде ондаған бірнеше мл-ден 200 мл-ге дейін.
Гемодинамикалық өзгерісі әдетте физиологиялық қалыпта болады.
Ауыр қан кету, жоғалған қан көлемі 200 мл-ден жоғарлайды, кейде 1
л-ге жетеді. Гемодинамика бірден бұзылады, артериялық қысым
төмендейді, пульс жіп тәрізді болады.

12. Мұрыннан қан кетуді тоқтату әдістері

Мұрыннан қанатын қалқанға жанастыру, мұрын құысындағы қан
кетіп жатқан жердің алдыңғы бөліміне 3%- дың сутегінің асқын
тотығы мен араласқан мақта шаригін енгізеді.
Қан кеткен бөлімді 40-50% күміс нитратының ертіндісімен күйдіру
Қан кеткен аймақтың шырышты қабығының қабытын алып тастау
Мұрынның алдыңғы тампонадасы
Артқы тампонадасы
Торлы лабиринтте трансмаксиларлы операция.
Сыртқы ұйқы артериясын (алдыңғы және артқы торлы) өңдеу

13.

Мұрынның тампонадасы.
Көрсетілімі.Қарапайым гемостатикалық шара нәтижесінде мұрыннан
қан кету тоқтамағанда қолданылады.Алдыңғы тампонада өте жиі
жасалады, себебі мұрыннан қан кетудің 90-95% -і мұрын қалқанының
алдыңғы бөлімінде байқалады.
Мұрын тампонадасын жасауға қолданылатын қажетті құралдар:пинцет
немесе Гартманның мұрындық қысқышы, ені -1,5, ұзындығы-60 және 70
см-лік дәкелік турунда.
Мұрын тампонадасын жасау ауыру сезімін тудыратын монипуляция,
сондықтан оны жасамас бұрын мұрынға 2%-тік дикаин немесе 5%кокаин ерітіндісін тамызады. Жансыздандыру эффектісін бұлшықетке
1%- промедол және 2%- тік димедролдың 1 мл-і, 50%- анальгиннің 2 мллік ерітіндісінен дайындалған жұптастырылған препаратты енгізуге
болады. Тампонды және баллондық жүйені 24-36 сағаттан кейін алып
тастау керек. Өте ауыр жағдайларда тампонды 6-7 күнге қалдырады,
оны күнде ине кигізілген шприц арқылы пеницилин немесе аминокапрон
қышқылының ерітінділерімен сулайды.

14.

Жасалу әдісі: Алдыңғы риноскопия жасағанда мұрын
қуысына вазелин майы, қан тоқтататын паста, тромбин
гемофобин жағылған дәкелік тампонды мұрын түбімен
хоаналарға дейін енгізеді. Алдыңғы бөлімнің қалқанынан қан
кеткенде мұрын қуысына 7-8 см етіп тампонды иректеп
бірінен соң бірін енгізеді. Ол үшін мұрын қалқанында
тампонды қысып ұстайды бір мұрынға тампонада жасап
болғаннан кейін екінші мұрыннан қан ағу жалғасатын
жағдайлар көптеп кездескен, сондықтан тампонаданы екі
мұрынға бірдей жасайды. Сонымен қатар дәкелік турундамен
бірге мұрын қуысына құрғақ тромбин, фибриндік пленка,
қантоқтататын губканы енгізуге болады. Тампонды енгізу
кезінде шырышты қабатты жарақаттап алмау үшін
ұқыптылық сақтау керек.
Егер алдыңғы тампонада қойғаннан кейін де қан ағу
тоқтамаса, онда жедел артқы тампонада жасау керек.

15. Қорытынды

Мұрын қуысының шырышты қабатының қан айналымы сыртқы және
ішкі ұйқы артериялар бассейнінен, таңдайдың магистральды
тамырларымен (a. sphenopalatinum), сыртқы ұйқы артериясы
жүйесінен,және де aa. еthmoidales anterior et posterior мен қамтамасыз
етіледі. Веналық кері ағудың ерекшелігі болып олардың веналық
өрімдермен байланысын айтуға болады, осылар арқылы мұрын
веналары бассүйек веналарымен,көзұя веналарымен және көмей
веналарымен байланысады, ал бұл өз кезегінде риногенді
бассүйекішілік, орбиталық және т.б. асқынуларға алып келуі мүмкін.
Мұрын қуысының шырышты қабатының артерияларының
зақымдалуы мұрыннан қан кетудің негізгі себебі болады мұндай
мұрыннан қан кету жергілікті және жалпы болуы мүмкін.

16. Пайдаланылған әдебиеттер

1.
2.
3.
4.
Пальчук В.Т, “Болезни уха, горла”М., 1978г.
Ананьева С.В. “Болезни уха, горла, носа” РнД., 2005г.
Тойбағаров Е.
http://www.google.kz/search?q
English     Русский Правила