1.31M
Категория: ИнформатикаИнформатика

Заманауи логистикада қолданылатын ақпараттық технологияларды талдау

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
СӨЖ-3
Тақырыбы:
Заманауи логистикада қолданылатын ақпараттық технологияларды
талдау

2.

Алматы, 2021ж
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Әдеби шолу.
2.2. Логистикада ақпараттық технологиялардың даму бағыттары.
2.3. Логистикада ақпараттық технологиялардың түрлері.
2.4. Логистикада ақпараттық технологиялардың өзге де жіктелу
критерийлері.
2.5. Логистикадағы ақпараттық технологиялардың қарқынды
дамуының басты факторлары.
2.6. Талқылау.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

1. Кіріспе.
Жаһандану процесінің қарқынды дамуына байланысты логистикалық
қызметтердің заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі
бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жұмыс барысын жеңілдету үшін
стратегиялық маңызды боп саналады.
Ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету кәсіпорындағы көптеген
кедергілерді жойып, жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, оның көз ілестірмей
дамуы және жылдам өзгеріп отыруы логистикалық компаниялардың алдына
ақпараттық технологиялық бағыт таңдауда икемді болу міндетінқоюда.
Осы мақалда логистиканы ақпараттық технологиялармен сәтті қамтамасыз
ету арқылы толағай жетістіктерге жеткен компаниялардың тәжірибесі
қаралып, ақпараттық технологияның логистикалық қызмет
секторына
ықпалы талданатын және интеграциялық дамуының заманауи бағыттары
анықталатын болады.
Мақаланың мақсаты – логистикадағы ақпараттық тенденцияларды
саралай отырып, сала аспектісіндегіАТтүрлерін анықтау.
Мақала объектісі – логистика сферасындағы ақпараттық технологиялық
инновациялар бағыттары.
Мақала пәні – әлемдік экономиканың үздік логистикалық
компаниялардың инновациялық тәжірибелері мен жаңалықтары, сонымен
қатар зерттеу институттарының мәлімдемелері.
Құрылатын гипотеза: халықаралық логистика саласындағы көшбасшы
ақпараттық инновациялық бағыттарды анықтау – заманауи кәсіпорын
табыстылығының бірден-бір кепілі.
Гипотезаға негіздеме: қазіргі төртінші индустриалды революция
жағдайында ақпараттық технологиялар барлық, соның ішінде логистикалық
кәсіпорындар мен бөлімдердің негізі болып табылады. Сондықтан
ақпараттық қамтамасыздандырудың маңыздылығын жіті бағаламаған
кәсіпорын нарықта инновациялық кәсіпорындармен терезесі тең жұмыс
жасауы мүмкін емес.
Мақалада қолданылған әдістер: гипотезаға аргумент боп табылатын
тарихи дәйектерді талдау; зерттеу институты ғалымдарының пікіріне сүйену;
логистика саласындағы аналитик-эксперттердің тұжырымдамаларын саралау.

4.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Әдеби шолу.
Қазіргі заманда, ақпараттық технологиялар (АТ) экономиканың барлық
салаларында, соның ішінде логистикада нарықтық табыстың шешуші
факторы болып табылады.Ақпараттық технология логистикада приоритетке
ие боп қана қоймай, жаңа логистикалық модельдердің қалыптасуына әкеп
соқты.Сондықтан компаниялар үшін ақпараттық технологиямен қамтамасыз
етудегі заманауи бағыттарды дұрыс таңдау – нарықта өмір сүрудің кепілі боп
отыр.
Зерттеушілер А.Гюнасекаран және Э.Нгай[10] «Шағын логистикалық
компанияны
сәтті
басқару»
кітабында
заманауи
ақпараттық
технологиялардың дәстүрлі логистикадағы кедергілерді жойып, қандай жаңа
бағыттарды қалыптастырғанын, әрі қандай қиыншылықтар алып келгенін
үрдісті түрде сипаттайды.
Логистикадағы дұрыс таңдалған ақпараттық технологиялардың
стратегиялық
маңыздылығын
Ренко,
С.,
Фикко,
Д.[5]
өз
еңбектерінде«...логистикадағы
дифференциацияның
қайнар
көзіне
айналдыратын шешуші факторлардың бірі – ақпараттық технология және
бұл рөл технологияның қазіргі дамуымен маңыздылығы мен әртүрлілігін
арттыруда...» деп көрсетеді.
Ал Чепмен, Р.Л., Соосай, С., Кандагампули, Дж.[1] өз
еңбектерінделогистика
сферасындағы
ақпараттық
инновациялық
технологияға қатысты әдебиеттер мен соңғы жаңалықтарға шолу жасай
отырып, «логистикалық фирмалар бизнес модельдерін жетілдіру және
бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу үшін инновациялық

5.

ақпараттық технологияны қабылдау
байланыстыруы шарт» деп атап өтеді.
мен
оны
шығармашылықпен
Логистика сферасында ақпараттық технологияға бағытталған
жаңалықтар мен зерттеулер салыстырмалы түрде кем, оның себебі, логистика
технологияны жасап шығарушы не дамытушы емес, көбіне өзге салалардың
технологиялық жетістіктерін бейімдеуші сала боп есептелінеді [2].
Әйткенмен соңғы онжылдықта логистика ғылымының қыры
ашылмаған саласын зерделеу жақсы белең алып келеді: патенттік деректерді
саралай келе өндірістік салаларда, мысалы логистика саласындағы
электронды сауда мен қаржылық қызметтерде ақпараттық технологиялардың
дамуын зерттеулердің едәуір өсуіне куә болуымызға болады [3].
Логистикадағы ақпараттық технологияның даму бағыттарын және
перспективасын
зерттеу
еңбектеріне
эксперттік
әдебиеттерді[12,13,14,15,16],эмпирикалық зерттеулерді[17,18] және өзге
сипаттағы ғылыми еңбектерді жатқызуға болады.
Көптеген зерттеушілер логистикадағы жаңа қалыптасып келе жатқан
ақпараттық инновациялық технологияларды түрлі критерийлерге бөлу
арқылы зерттеуге тырысады. Мысалы, Ж.Хаммант [4] логистиканы қолдау
технологиясын пайдалануға әсер ететін ақпараттық технологиялар
тенденцияларын зерттеді және тенденцияларды төрт тақырыпқа топтады.
Тақырыптарға интеграция мен икемділік, электронды мәліметтер алмасу,
аппараттық құралдар және байланыс технологиялары кіреді.
Л.Эллрам, Л.Лонд және М.Вебер [6] бөлшек сауда саласындағы
логистикаға АТ-ның қазіргі және болашақтағы әсерін зерттей отырып, озық
технологиялар болып табылатын электронды мәліметтер алмасу, сату
нүктелері және штрих-кодтау мәселелеріне баса назар аударды. Олардың
нәтижелері бөлшек сауда басшыларының сауалнамасына негізделген.

6.

Ж.Аурамо, А.Аминофф және М.Пунакиви [7] электронды бизнес
логистикасындағы эксперттермен сұхбаттар мен семинар негізінде
электронды бизнес логистикасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының
негізгі тақырыптарын және ондағы басымдықтарды анықтады және жіктеді.
Нәтижесінде ғылыми-зерттеу тақырыптарының үш санаты, соның ішінде
ақпараттық ағын, жабдықтау желісі және физикалық материал ағыны
ұсынылды және әр түрлі ғылыми-зерттеу тақырыптарын біріктіру арқылы
түрлі зерттеу тақырыптары ұсынылды.
Й.Харрис, Й.Ванг және Х.Ванг [8] логистикадағы инновациялық
мүмкіндіктерді зерттеді және ЕуроОдақ шеңберіндегі бағдарламалық
жобаларды талдау негізінде жүк мультимодальды тасымалдаудың болашақ
технологиялық дамуына қатысты жаңа бизнес модельдерді болжады.
Delphi зерттеу техникасын қолдана отырып, Ф.Кэч and С.Сюринг [9]
жеткізілім желілеріндегі үлкен деректерді талдауға қатысты келешек 43
мүмкіндіктер мен қиындықтарды анықтады. Әдебиеттегі бұл мәліметтердің
барлығы бүгінгі логистикадағы және технологиялық үрдістерді іздеудегі
технологиялардың әсерін түсіну үшін пайдалы ақпарат береді.
Зерттеушілердің
тұжырымдауынша,«...сарапшыларға
негізделген
зерттеу жеке тұлғалардың білімі мен тәжірибесіне бейім нәтижелер
береді. Технологиялар тез дамып келе жатқан және әр түрлі салалардағы
озық технологиялар бәсекелестік жолдарын өзгертетін қазіргі жағдайда
бұл бір жақты ақпарат алу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ ақпараттық
технологиялық үрдістердің заманауи тенденцияларын зерттеудің
сараптамалық процесі қымбатқа түсуде, өйткені технологиялардың саны
мен бағыттары да тоқтаусыз көбеюде...».
Жіктелген
зерттеулерге
қарамастан,көптеген
әдебиеттерде, тіпті логистикалық сфера практикасында,
инновациялардың орны жиі назардан тыс қалады.
логистикалық
технологиялық

7.

Мысалы, Ж.Р.Сток [2] логистика саласындағы 317 диссертациялардың
тезистерін талдау жұмысындақорғаушылардың заманауи ақпараттық
технологияжұмыстарымен аз айналысқанын көрсетеді.
Мұның себебін ол өз талдауында: «... технологиялық жаңашылдыққа
онша назар аудармау тәжірибелік логистикалық қызмет провайдерлерімен
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың
(ҒЗТКЖ) аз жүргізілгендігімен байланысты болуы мүмкін; ақпараттық
технология сала ішілік дамығаннан гөрі өзге салалардан қабылданды.
Тиісінше,
логистикалық
әдебиеттердің
көпшілігі
логистикаға
технологияларды өзге салалардан қабылдау мен қолдануды зерттеуге едәуір
күш жұмсады...» деп келтіреді.
Қайткенмен, логистика сферасының субъектілері, әдетте, технологияны
жасаушылардан
гөрі
технологияны
қабылдаушы
болғанымен,
«...логистикадағы
технологиялық
ландшафтты
түсіну
олардың
стратегиялары мен бизнес-саясатында маңызды болып табылады...» деп
көрсетеді К.Бюсь – «... мысалы, технологиялық қабілеті төмен немесе
бизнесті дамыту сатысында логистикалық қызметтерді жеткізушілер
компаниялар арасында білім мен технология трансфертін жеңілдету үшін
жоғары технологиялы клиенттік фирмалармен ынтымақтастықты
қолдана алады. Мұндай серіктестік тіпті логистикалық қызметтерді
жеткізушілерге жаңа, технологияға негізделген бизнес-модель жасауға
мүмкіндік бере алады...».
Осындай үрдістерді сәтті пайдаланудың міндетті шарты– жаһандық
логистика саласында ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың заманауи
бағыттарынан хабардар болу және жаңа бағыттарды қалыптастыру боп
табылады.
2.2. Логистикада ақпараттық технологиялардың даму
бағыттары.
Ақпараттық технологиялар (АТ) қарқынды түрде үдеп келе жатқан
проблемалардың шешімі болып табылады. Ақпараттық технологиялар
арқылы интеграцияланған жеткізілім тізбегінің жүйесі жеткізілім тізбегі
субъектілері
арасындағы
тиімділікті,
ашықтықты,
жүйелілікті,
икемділікті және тауар сапасына деген жауапкершілікті арттырады,

8.

сұраныстың дәл болжамын қамтамасыз етеді, тапсырысты жеткізу уақытын
қысқартады және шығындарды үнемдейді, өнім мен қызмет сапасын
жақсартады, және тұтынушылардың қанағаттануын арттырады.
Логистиканың
дамып
келе
жатқан
негізгі
ақпараттық
технологияларына PI, ақылды қойма, үлкен деректерді басқару, IoT және
жасанды интеллект, т.б. кіреді. Бұл технологиялар қазіргі кезде
жабдықтау тізбегінің кез-келген компоненттеріне әсер етеді, атап айтқанда
тұтынушылардың талаптарын орындау, жеткізушілерді сатып алу, сатып алу,
тарату, тасымалдау және сақтау, т.б. [27]
Логистикада ақпараттық технологиялардың перспективалық даму
бағыттарының4 логистикалық сценарийін келтіруге болады; олар ең
алдымен сектор ішіндегіжүйелілік пен бәсекелестіктің дамуына негізделген:
1-сценарий - PI(Physical Internet): сценарийдегі басым мәселе - қазіргі
нарық субъектілерінің өз позицияларын сақтауға мүмкіндік беретін бірлескен
жұмыстарың өсуі. Мысалы, стандартты жеткізілім өлшемдеріне, таңбалауға
және жүйелерге негізделген «Физикалық Интернет» (немесе «PI»)
шешімдерін көбірек қолдану.
2-сценарий - Start-up, shake up: бұл сценарийдің орын алуына жаңа
стартаптер қатысушылар үлкен әсер етеді. Мысалы: «есіктен-есікке»
жеткізудегі инновациялар, бұлтты платформалар мен «мобильді бөлісу»
сияқты жаңа технологиялар.
3-сценарий - Кешенді бәсекелестік:нарықтағы жаппай бәсекелестікке
тек логистикалық компаниялар емес, өзге салалар субъектілерінің
логистикалық бөлімшелері де қатысады. Сәйкесінше, бұл логистикадағы
ақпараттық технологияның жаппай дамуына алып келеді.
4-сценарий - Масштаб: қазіргі нарық көшбасшылары кішігірім
ойыншыларын сатып алу, консолидация арқылы масштабқа қол жеткізу және

9.

кішігірім кәсіпкерліктерді инновацияларды енгізу арқылы басып озып,
нарықтың басым позициясы үшін бәсекелеседі.
Ақпараттық
технология
1-сценарий PI(Physical
Internet):
2-сценарий Start-up, shake
up
3-сценарий Кешенді
бәсекелестік
4-сценарий Масштаб
Артықшылықтары
Кемшіліктері
• Жеткізілім тізбегінің ашықтығы,
қауіпсіздігі және тиімділігі
жақсарды.
• Экологиялық тұрақтылықты
жақсарту (ресурстарды тиімді
жоспарлау).
• Жеткізілім тізбегінің қауіпсіздігі
(алаяқтықты азайту)
• Деректердің құпиялығы мен
қауіпсіздігіне қатысты әлеуметтік
күтулер өзгеруі мүмкін
• Деректер қауіпсіздігі мен
құпиялылыққа қатысты ережелер
күшейтілуі немесе күшейтілуі
мүмкін
• Сектордың ынтымақтастыққа
инвестиция салуға деген ықыласы
мен мүмкіндігі
• Халықаралық органдар
стандарттауды басқара ма
• Деректердің қауіпсіздігіне
байланысты компаниялардың
қабылдауға дайын екендігі белгісіз
• Көлденең ынтымақтастықты
қалыптастыру
• Тиімділігі мен ашықтығы
• Тығындарды азайту (үшінші
тараптардың сертификаттауы)
• Қателерді азайту (қағаз жүзінде
құжаттама болмайды)
• Клиенттердің тәжірибесін және • Деректерді өңдеу қабілетінің даму
операциялардағы жедел
қарқыны белгісіз
тиімділікті жақсарту
• Деректердің қауіпсіздігіне
• Түгендеудің үлкен көрінісі және
қатысты сұрақтар
оны басқару
• Деректердің құпиялығы мен
• Жақсартылған ‘болжалды қызмет қауіпсіздігіне қатысты әлеуметтік
көрсету’
күтулер өзгеруі мүмкін
• Деректер қауіпсіздігі мен
құпиялылықты реттеу күшейтілуі
немесе күшейтілуі мүмкін
• Бейімделу деңгейі белгісіз
• Бір немесе екі басым шешімдердің
пайда болатын-болмайтындығы
немесе бірнеше бәсекелес
шешімдердің болуы белгісіз
• Платформаларға негізделген
• Шығындардың дамуы түсініксіз
жаңа бизнес модельдерін қосу
(белгілі бір масштабқа жеткеннен
және тиімділікті арттыру
кейін физикалық деректер
• Тиімділіктің жоғарылауы
орталықтары бұрынғыдай арзанға
түседі)
• Деректердің қауіпсіздігіне
қатысты белгісіздіктер

10.

2.3.
Логистикада ақпараттық технологиялардың түрлері.
Gartner
зерттеу
институтының
мәлімдемесі
бойынша
бүгінделогистикалық компаниялар мен олардың қызметіне әсер ететін он
негізгі ақпараттық технологиялық тенденция бағыттарын бөліп
көрсетуге болады[19]:
1
Device Mesh
2
Ambient User
Experience
3
3D баспа
материалдарын
басқару
Ақпарат
4
5
Advanced
Machine
Learning
6
Автономды
агенттер мен
заттар
7
Қауіпсіздікке
бейімделетін
архитектура
8
Жетілдірілген
жүйелік
архитектура
9
Mesh
Тенденция мобильді құрылғылар, тұтынушылық және
тұрмыстық электронды құрылғылар, автомобиль құрылғылары
мен заттардың Интернеттегі сенсорлары сияқты қоршаған
ортаны қорғау құралдарын қолданатын экокомпания санының
өсуіне қатысты.
Тренд; виртуалды әлемді нақты әлеммен байланыстырады. Кадр
дайындау, түрлі көлік құрылғыларын сынақтан өткізу кезінде
қолданылады.
3D принтерлерге арналған практикалық қосымшалар көптеген
салаларға, соның ішінде логистикада қолданысын кеңейтеді.
Мәліметтер саны өте үлкен қарқынмен өсуде, сәйкесінше
логистикада аналитикалық жүйелерге сұраныс артады.
Озық машиналық оқыту кезінде терең жүйке торлары (DNN)
классикалық есептеу және ақпарат басқарудан тыс, әлемді
өздігінен қабылдауға үйренетін жүйелер құруға көшеді. DNNдер бұл тапсырмаларды автоматтандырады және ақпараттың
барлық трендімен байланысты негізгі міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді[26].
Машиналық оқыту роботтарды, автономды машиналарды,
виртуалды жеке көмекшілерді (VPA) және ақылды кеңесшілерді
қоса алғанда, автономды (немесе, кем дегенде, жартылай
автономды) тәртіпте жұмыс жасайтын ақылды машиналарды
іске асырудың спектрі. Роботтар сияқты физикалық ақылды
машиналардағы жетістіктер үлкен назар аударғанымен,
бағдарламалық қамтамасыздандыруға негізделген ақылды
машиналар тиімдірек және кеңірек жұмыс жасайды.
Цифрлық бизнестің күрделілігі ұйымға қауіп төндіреді. АТ
көшбасшылары қауіп-қатерлерді анықтауға және оларға жауап
беруге, сондай-ақ дәстүрлі блоктау мен шабуылдарды
болдырмайтын басқа шараларға назар аударады. Қолданбаның
өзін-өзі қорғауы, сонымен қатар пайдаланушының және
субъектінің мінез-құлық талдауы қауіпсіздіктің адаптивті
архитектурасын орындауға көмектеседі.
Цифрлы тор және ақылды машиналар ұйымдар үшін өміршең
болу үшін есептеуіш архитектурасының талаптарын қажет етеді.
Қажетті күшейтуді қамтамасыз ететін жоғары қуатты және өте
тиімді нейроморфтық архитектуралар болып табылады.
Нейроморфтық архитектураның асты сызылған технологиясы
ретінде өрісте бағдарламаланатын қақпа массивтерімен (FPGAs)
жанармай алынады, бұл сәулет өнертабысында терафлопқа
қарағанда жоғары жылдамдықта жұмыс істей алатын маңызды
жетістіктер бар.
Монолитті,
сызықтық
қосымшалар
дизайнымен

11.

қолданбалары
мен
сервистерінің
архитектурасы
10
байланыстырылған интегративті тәсілге кеңінен жол береді:
қолданбалар мен қызметтер архитектурасы. Бағдарламалық
қамтамасыздандырумен анықталған қолданбалы қызметтердің
көмегімен қосылатын бұл жаңа тәсіл веб-масштабтағы
өнімділікке, икемділікке және ептілікке мүмкіндік береді.
Микросервис архитектурасы - бұл жергілікті жерде де, бұлтта да
жылдам жеткізуді және ауқымды орналастыруды қолдайтын
таратылған қосымшаларды құрудың жаңа үлгісі.
Интернет
IoT платформалары торлы қосымша мен қызмет архитектурасын
заттар
толықтырады. IoT платформасының менеджменті, қауіпсіздігі,
платформалары интеграциясы және басқа технологиялары мен стандарттары IoT
элементтерін құру, басқару және бекіту мүмкіндіктерінің
базалық жиынтығы болып табылады. IoT - бұл цифрлық тордың
және қоршаған ортадағы пайдаланушы тәжірибесінің ажырамас
бөлігі және IoT платформаларының дамып келе жатқан және
динамикалық әлемі оларды мүмкіндік береді.
2.4.
Логистикада ақпараттық технологиялардың өзге де жіктелу
критерийлері.
Логистика сферасында ақпараттық технологиялар саласындағы мегатенденцияларды ішкі логистикалық операциялар критерийі бойынша
жіктеуге де болады [29]:
1. Зерттеу: физикалық логистикалық әлемдегі оқиғаларды
мультимодальды түрде бақылау және осы оқиғаларды сандық форматқа жазу
технологияларын дамыту; RFID технологиялары, оптикалық сканерлеу
технологиялары, аудио және видео талдау кіреді; IoT.
2. Сақтау: таратылған логистикалық көздерден алынған сандық
деректерді икемді, қауіпсіз және сенімді түрде сақтау технологияларын
жасау; бұл санаттың Cloud Computing (CC) және Big Data дамуына қатты
қатысы бар.

12.

3. Өңдеу: сандық логистикалық деректерді икемді, қауіпсіз және
сенімді түрде өңдеу технологияларын жасау; бұл санат бұлтты есептеуді,
барлық жерде қолданылатын есептеу техникасын және Peer-to-Peer (P2P)
есептеуді дамытуға байланысты.
4. Түсіну: логистикада шешім қабылдау үшін негіз бола алатын сандық
деректерді білімге айналдыру технологияларын дамыту (жоспарлау сияқты);
бұл санат Business Intelligence (BI) және Analytics-тің дамуына байланысты.
5. Синхрондау: серіктес тараптардың логистикалық қызметін
синхрондауды қолдайтын технологияларды дамыту; бұл санат Бизнеспроцестерді басқару (BPM) және сервистік оркестрлеу және хореография
саласындағы дамуға қатысты; біз Үлкен процестердің дамуын күтеміз (Үлкен
Деректер процесінің аналогы).
6. Қауіпсіздік: логистикалық серіктестіктер мен олардың қоршаған
ортасы арасындағы қауіпсіздікті, сенімділікті және консолидацияны
қолдайтын технологияларды дамыту; бұл санат BlockChainсияқты
үлестірілген шоғырландыру технологияларын дамытумен байланысты.

13.

7. Орналастыру: жоғары жылдамдықтағы қондырғыларды қолдайтын
технологияларды әзірлеу және жоғарыда аталған санаттардың тәжірибелік
логистикалық ортада қолданылуы; біз мұнда Plug-and-Play бағдарламалық
жасақтамасы сияқты техникалық әзірлемелерді және DevOps сияқты
әдістемелік әзірлемелерді таба аламыз.
Ақпараттық технологияларарқасында логистикалық индустрияда соңғы
он жыл ішінде трансформациялық өзгерістер көп болды. Қазіргі заманның ең
алпауыт компаниялары (Amazon, Alibaba, FedEx,
Kuehne & Nagel, DHL
Logistics, DB Schenker Logistics, Wernerт.б.) логистика сферасының өкілдері
боп табылады және олардыңжетістікке жетуі логистиканың ақпараттық
технологиялар арқылы жүйеліұйымдастырылуы себепті деуге болады.
Walmart
электронды
коммерциясының
сатылымы
ақпараттық
технологиялармен қамтамасыз етілгеннен кейін 43% -ға өсті [32], ал атақты
Amazon қазірдің өзінде тәулік ішіндеАҚШ тұрғындарының 72% -на тауарды
жеткізе алады. [33]
Соңғы жылдары АТ қолданысының логистикалық қызметтерге
енгізілуінқалыптасқан жаңа бағыттардыңауқымынан көре аламыз. Төмендегі
суретте автомобиль бөлшектері, үй жануарлары үшін керек-жарақтар, жиһаз,
нәрестеге күтім жасау және көгалдандыру сияқты санаттар әлемде онлайн
және көп арналы үлесте жылдам қарқынмен қарқын алып жатқанын
көрсетеді. Бұған қоса, азық-түлік пен денсаулық сақтау өнімдері сияқты
санаттар көбіне дүкеннен сатып алынады, бірақ онлайн кіру күрт өсті. [31]
Тұтастай алғанда, АТ-лық инновациялар«шайқас алаңында» көптеген
тауарлар санаттарының еніп, табысқа жетуін көре аламыз, бұл жылдам
жеткізілімдердің ұлғаюына әкелді және Uber Freight, Instacart, Liefery сияқты
жаңа бизнес модельдердің пайда болуына [30] ықпал етеді.

14.

Ескертпе: 2017 және 2019 жылдардағы сауалнамалар тиісті жылдары әдіснамаға және сауалнамаға
қатысушылар санына аздаған өзгерістер енгізіліп жүргізілді.
Дереккөз: Forrester Consumer Technographics [34]
2.5.
Логистикадағы ақпараттық технологиялардың қарқынды
дамуының басты факторлары.
Логистикадағы
ақпараттық
технологиялардың
қарқынды
дамуының басты факторы халық санының қарқынды өсуі, қалалардың
тығыздығының өсімі және сәйкесінше тиімді логистикалық қызметтерге
деген сұраныстың жаппай өсуі боп табылады. Жеткізілім тізбегінің
күрделенуі заманауи ақпараттық технологиялар енгізілмеген жағдайда
көптеген құрылымдық проблемалар мен экономикалық апаттарға алып
келеді.
Урбанизация мен логистикалық ақпараттық технологиялардың дамуы
пропорционалды түрде байланысты: қалалар бұрын-соңды болмаған
жылдамдықпен урбанизацияның өсуіне тап болуда. 2030 жылы ғаламдық
халықтың саны 8,5 миллиардқа жетеді деп күтілуде.Қалалардағы халық
санының өсуі логистикадағы ақпараттық технологияны дамыту маңызын
одан әрі арттыра түседі.

15.

Сәйкесінше ақпараттық технологиялар (АТ) қарқынды түрде үдеп келе
жатқан
проблемалардың
шешімі
болып
табылады.
Ақпараттық
технологиялар арқылы интеграцияланған жеткізілім тізбегінің жүйесі
жеткізілім тізбегі субъектілері арасындағы тиімділікті, ашықтықты,
жүйелілікті, икемділікті және тауар сапасына деген жауапкершілікті
арттырады, сұраныстың дәл болжамын қамтамасыз етеді, тапсырысты
жеткізу уақытын қысқартады және шығындарды үнемдейді, өнім мен қызмет
сапасын жақсартады, және тұтынушылардың қанағаттануын арттырады.
2.6.
Талқылау.
БұлмақалалогистикадағыАТ
даму
бағыттарын
классификациялаудаинновациялық
логистика
саласының
аналитикэксперттердің тұжырымдамаларын саралауға негізделген және зерттеуде
фирмалық-кейстерге негізделген тәсілдерге қарағанда жалпылама зерттеу
әдістері жиі қолданылған.
Мақаланың логистикалық сипаттамаларға тікелей байланысты
ақпараттық технологиялық деректермен шектелмейтінін жәнежанама
байланысты технологиялардың тақырыпты одан әрі күрделірек ететіндігін
атап өткен жөн. Нақты логистика салаларында технологиялық
тенденцияларды анықтау үшін талданған әдебиеттер мен зерттемелер
теориялық әрі тар ауқымды мақсатты деректерменшектелгенін айта
кету қажет. Мысалы, А.Гюнасекаран және Э.Нгай[10] шағын логистикалық
компаниялардағы,Ренко, С., Фикко, Д.[5]делдалдық компаниялардағы,

16.

Чепмен, Р.Л., Соосай, С., Кандагампули, Дж.[1]логистиканың функционалды
салаларындағы, ал Л.Эллрам, Л.Лонд және М.Вебер [6]тек бөлшек
саудадағы, т.б. логистикалық ақпараттық технологиялық тенденцияларды
талдады.
Логистикамен байланысты АТ тенденциялар бағдарламалық
қамтамасыздандыруды да, бағдарламалық емес технологияларды да қамтиды,
өйткені логистика қолданыс сипаты мен ауқымына сәйкес функционалды
және сфералық элементтерді қамтиды. Зерттеу кезінде логистикада әлі
қолданылмаған жаңа гипотезалық технологиялар талданбады.
Бұл тақырыпты толықтыру үшін кеңірек контексте қарау және басқа
салалардың ең жақсы тәжірибелерін қарастыру пайдалы.
Мақаладағы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, логистикаға
байланысты ақпараттық технологиялық бағыттар өзге өнеркәсіптік
салалардың ықпалынан қалыптасқан, алайда логистика сферасы заманауи
ақпараттық тенденцияларды икемді, әрі жылдам енгізуші екендігін
зерттеуден көре аламыз. [28]
Технологиялар қарқынды дамып, салдарынан іскерлік орта тез өзгеріп,
логистика әрі технологияны қалыптастырушы сала болып қалыптасуы
ықтимал. Логистикадағы өсіп келе жатқан стартап-компаниялар өзге салалық
технологиялардың логистикаға бейімделген гибридті технологияларына
инвестиция құюда, олардың көпшілігі әлемдік инвесторлар мен hi-tech
алпауыттарының қызығушылығын тудыра бастады.
Логистикалық қызмет көрсетуші тұлғалардың стратегиялары мен
нарықтық позициялары үшін логистикадағы технологиялық ландшафтты
түсіну маңызды болып табылады. Түсіну және ақпараттық технологиялар
алып келген нарық принциптеріне бейімделудің өзі жаңа тенденциялардың
тууына себеп болуы ықтимал.

17.

Мысалы, технологиялық қабілеті төмен немесе бизнесті дамыту
сатысындағы логистикалық компаниялар функцияларды оптимальді жүзеге
асыру, сервистің орындалуын жеңілдету және кедергілерді азайту үшін
жоғары технологияларды бейімдеуші фирмалармен ынтымақтастықты
қолдана алады. Мұндай серіктестік ірі логистикалық қызметтерді
жеткізушілердің технологияларына негізделген жаңа бизнес-модель жасауға
мүмкіндік бере алады.
Бұл стратегияны сәтті етудің міндетті шарты- ұйымнан тыс
үрдіс алып жатқан технологиялық бағыттар туралы білу болып табылады.
3. Қорытынды.
Қорытындылай келе, осы мақаладан логистикадағы ақпараттық
технологиялар
тенденцияларының
бағыттары
түрлікритерийлербойыншажіктелетіндігін және әр салада әр түрлі көрініс
алатындығын түсінеміз. Сонымен қатар, дәстүрлі логистикалық бағыттар
технологиялармен
интеграциялану
негізінде
жаңа
бағыттардың
қалыптасуына алып келетіндігін жоғарыдағы мысалдар мен талдаулардан
көре аламыз. Бұл логистика сферасыныңтауар жылжуындағы жедел
технологиялық дамуда әсер ететіндігін білдіреді. Сонымен қатар, бұл
болашақта белгілі бір жаңашыл технологиялық бағыттың маңыздылығын
күтуге мүмкіндік береді. Әрі бұл өзгеріп отырған заңдылықтарға байланысты
әр түрлі патенттеу стратегияларының қажеттілігін ескертеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар логистикалық операторлар мен
олардың іскери клиенттері мен соңғы тұтынушылары үшін үлкен нәтиже
беретіндігін байқаймыз. Бұл артықшылықтар барлық логистикалық
құндылықтар тізбегіне, соның ішінде қойма операцияларына, жүк
тасымалына және соңғы миль жеткізіліміне дейін таралады. Олар
операциялық тиімділік, қауіпсіздік және жылдамдық, тұтынушылар
тәжірибесі және жаңа бизнес модельдер сияқты көрсеткіштердің өсуіне әсер
ететіндігін көре аламыз.
Егер компаниялар осы технологиялық бағыттардыстратегиялық
тұрғыдан пайдаланған жағдайда ғана, (мысалы, процестерін оңтайландыру
үшін) олар нарықта ұзақ мерзімді жетістіктерге қол жеткізе алады.
Халықаралық деңгейде логистикалық инновациялар қазірдің өзінде

18.

қабылданған және жиі қолданылады. Бұл тенденцияны жоғалтпаған
компаниялар ерте ме, кеш пе бәсекелестерінен озып кетеді.
Осылайша логистиканың технологиялық тенденцияларын анықтау
үшін классификациялық деректерге бағытталған зерттеупрактикалық
маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті.
Осы мақалада ұсынылған АТ тенденцияларының классификациялық
деректері логистикалық ұйымдарға н/е кез-келген қызығушылық білдірген
тұлғаға хаостық АТ тенденциялар «әлемін» жүйелі түрде көруге көмектеседі.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
[1] «Логистикалық қызметтердегі инновация және жаңа бизнес моделі:
тұжырымдамалық негіз» (Chapman, R.L.; Soosay, C.; Kandampully, J. Innovation in logistic
services and the new business model: A conceptual framework)
[2] Сток Ж.Р., «Логистика және логистикалық салалардағы докторлық зерттеулер»:
1992–1998 жж
[3] Bowersox, D.J. «Improving The Logistics Marketing/Sales Interface», Oak Brook, IL,
USA, 1991.
[4] Hammant, J. «Information technology trends in logistics», 1995.
[5] Renko, S., Ficko, D. «New logistics technologies in improving customer value in
retailing service», 2010.
[6] Ellram, L.M., La Londe, B.J., Weber, M.M. «Retail logistics», 1999.
[7] Auramo, J., Aminoff, A., Punakivi, M. «Research agenda for e-business logistics
based on professionalopinions», 2002.
[8] Harris, I., Wang, Y., Wang, H. «ICT in multimodal transport and technological
trends: Unleashing potentialfor the future», 2015.
[9] Kache, F.,Seuring, S. «Challenges and opportunities of digital information at the
intersection of big data analytics and supply chain management», 2017.
[10] Gunasekaran, A., Ngai, E.W.T. «The successful management of a small logistics
company», 2003.
[11] Busse, C. «A procedure for secondary data analysis: Innovation by logistics service
providers», 2010.

19.

[12] Sandberg, E. «Understanding logistics-based competition in retail–a business model
approach», 2013.
[13] Drabik, P. «Key Aspects of Logistics for Online Store and Multichannel
Distribution», 2016.
[14] Srinivasan, R. «Technological opportunism and radical technology adoption», 2002.
[15] Lin, T.H. «Factors for information technology acceptance willingness and adoption
in logistics industry from supply chain perspectives», 2014.
[16] Olavarrieta, S. «Resource-based theory and strategic logistics research», 2016.
[17] Ramanathan, R., Ramanathan, U., «Adoption of RFID technologies in UK logistics:
Moderating roles of size, barcode experience and government support», 2014.
[18] Evangelista, P., Mogre, R., Perego, A., Raspagliesi, A., Sweeney, E. «A survey
based analysis of IT adoption and 3PLs’ performance», 2012.
[19] Top 10 Technology trends signal the digital mesh, October 2015, Gartner Group.
[20] Information on Fraunhoffer, Logistics 4.0 and the
things,http://ec.europa.eu/information_society/newsroom/image/document/201544/8_huelsmann_11945.pdf.
Internet
of
[21] Smart and sustainable logistics for a competitive Europe, Transport Research
andInnovation Portal (TRIP), 2015.
[22] Information on McKinsey Global Institute, The Internet of Things: Mapping the
Valuebeyond
the
Hype,
June
2015,
http://www.mckinsey.com/insights/business_technology/the_internet_of_things_the_value_of_di
gitizing_the_physical_world.
[23]H. CH. Pfohl, B. Yahsi, T. Kurnaz, The impact of Industry 4.0. on the supply chain in
W.Kersten, T. Blecker, Ch. M. Ringle, Innovations ad strategies for logistics and supply
chains.Technologies, business models and risk management, (2015), p.31-59.
[24] Internet of things in logistics. A collaborative report by DHL and Cisco on
implications anduse cases for logistics industry, 2015, J. Macaulay, L.Buchalew, G. Chung.
[25] Evangelista, P.; Mogre, R.; Perego, A.; Raspagliesi, A.; «A survey based analysis of
IT adoption and 3PLs’ performance».
[26] Koh, S.L.; Gunasekaran, A.A. knowledge management approach for managing
uncertainty in manufacturing.
[27] Kache F. Seuring S. «Challenges and opportunities of digital information at the
intersection of big data analytics and supply chain management»
[28] Busse, C. «A procedure for secondary data analysis: Innovation by logistics service
providers»

20.

[29] CB Insights. Amazon’s ‘Beehive’,Drone-Carrying Trains Reinforce Focus on
Logistics Tech. https://www.cbinsights.com/research/amazon-warehouse-patent/
[30] Srinivasan, R.; Lilien, G.L.; Rangaswamy, A. Technological opportunism and
radical technology adoption: An application to e-business.
[31] Auramo, J.; Aminoff, A.; Punakivi, M. Research agenda for e-business logistics
based on professional opinions.
[32] “Retail e-commerce sales worldwide from 2014 to 2023”, Statista, 2019:
https://www.statista.com/statistics/379046/worldwide-retail-e-commerce-sales/
[33] “Amazon can already ship to 72% of US population within a day, this map shows”,
CNBC, 2019:https://www.cnbc.com/2019/05/05/amazon-can-already-ship-to-72percent-of-uspopulation-ina-day-map-shows.html
[34] Forrester Consumer Technographics«Е-commerce sales worldwide from 2017 to
2019».
English     Русский Правила