639.71K
Категория: ФизикаФизика

Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу. №5 зертханалық жұмыс

1.

Сабақтың тақырыбы:
№ 5 зертханалық жұмыс.
«Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды
зерделеу»

2.

Оқу мақсаттары:
8.4.2.9 – өткізгіштерді тізбектей
жалғаудың заңдылықтарын эксперимент
арқылы алу;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік
ережелерін білу және сақтау

3.

Бағалау критерийлері
- Резисторларды тізбектеп жалғау сұлбасын
жинайды;
- Эксперимент арқылы өткізгіштерді
тізбектей жалғаудың заңдылықтарын
біледі;

4.

«Ой қозғау» әдісі
«Ой қозғау» әдісі . Егер кедергісі бар бірнеше
өткізгіштер болса, тізбекте қандай құбылыс байқалуы
мүмкін?
Оқушылар тапсырманы топта орындайды.
Әр оқушыға үш түтікшеден таратылады. Алдымен олар
бір түтікшеге үрлейді. Содан соң оқушылар оларды бірбіріне жалғап, үрлейді. Кейін бөліп, үш түтікті қатарынан
аузына салып үрлейді.
Содан соң жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды
жасайды.

5.

Зертханалық жұмыс

6.

Зертханалық жұмыс
Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында жұпта зертханалық жұмыс "
Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу " орындайды.
1-тапсырма.
(а) Келесі тізбекті жинаңдар.
(і) Бұл тізбек келесі элементтерден тұрады:
____________________________
(ii) Бұл тізбектегі шамдар өзара ________________ жалғанған.
Дескриптор:
- Шамдарды тізбектеп жалғау сызбасы бойынша жинайды;
- Амперметрді тізбекке дұрыс жалғайды;
- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады.

7.

Зертханалық жұмыс
2-тапсырма. Берілген тізбекке вольтметрді үш түрлі тәсілмен жалғаудың сызбаларын
сызыңдар және кернеулерді өлшеңдер.
Оқушылар вольтметрді жалғау тәсілінің ережесін пайдаланып, тізбек құрады, сызбасын
дәптерге сызады және жауабын алғаннан кейін тақтадағы сызбамен тексереді.
1- сурет
3-
2 -сурет
сурет

8.

Зертханалық жұмыс
3-тапсырма. Берілген тізбекке амперметрді жалғау тәсілін пайдаланып, амперметрді үш
түрлі тәсілмен жалғап, тізбек бөлігіндегі ток күшін өлшейді. Содан кейін тақтаға
төмендегі сызба ұсынылады және оқушылармен басқада жалғану тәсілін бар екендігіне
талдау жасалады.
(і)
Бірінші шамдағы ток күші: I1 =
(іі) Екінші шамдағы ток күші: I2 =
(ііі) Қос шамдағы жалпы ток күші: I =
Ток күштерінің қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:
_____________ жалғану кезінде тізбектің жалпы ток күші тізбектің кез келген бөлігіндегі
ток күшіне__________
I
I1
I2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

9.

Зертханалық жұмыс
4-тапсырма. Осы тізбек үшін әр шамдағы ток күші мен кернеуді біле отыра, шамдардағы
кедергіні есептеңдер.
(і) Ом заңын пайдаланып, кедергі формуласын жазыңдар
R=
(іі) Әр шам және қос шам үшін кедергі формуласын жазып, мәндерін есептеңдер.
1-шам кедергісі: R1=
2-шам кедергісі: R2=
Қос шамның жалпы кедергісі: Rж=
Кедергілер қатынасы бойынша бос орындарды толтырып, қорытынды жасаңдар
_____________ жалғану кезінде тізбектегі жалпы кедергі тізбектегі әр
кедергілердің____________тең:
R
R1
R2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қой)

10.

РЕФЛЕКЦИЯ
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін
талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.
Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға
сұрақтар қойылады:
-Не білдім, нені үйрендім
-Не түсініксіз қалды
- Немен жұмыс жасау қажет

11.

Үй тапсырмасы
Параллель жалғау ережелерін, сызбасын салу,
зертханалық жұмысқа дайындалу
English     Русский Правила