1.66M
Категория: СоциологияСоциология

Уақытты дұрыс пайдалану

1.

Оқылым. тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты табу. Уақытты
қалай үнемдеуге болады?
1. Айтылым: негізгі лексиканы пайдаланып,баяндау
2. Тыңдалым: Отбасы тәрбиесі мен дәстүрлері туарлы
бағдарламалар тыңдайды.
3.Жазылым: баяндау жазылым жұмысы
Грамматика: сұраулы сөйлем, тұйық етістік+ -дан бұрын/соң

2.

Менің ойымша
Демалудан бұрын, келуден бұрын, танысудан бұрын
Уақыт алтыннан да қымбат.
Болашағым уақытымды басқарудан басталады.
Бір істі бастаудан бұрын, уақытты дұрыс
ұйымдастыру керек.
Уақытты дұрыс пайдалану үшін сабақтан соң, оқу
залында сабақты сол күні орындап кету керек.
Профессордың дәрісін тыңдаудан бұрын, еңбектерімен
танысып алу керек.
Достарыңмен кездесуден бұрын, жоспарыңды қарап
шық.

3.

.
ОҚИМЫЗ, ОЙЛАНАМЫЗ, ТАЛДАЙМЫЗ
Мәтінді оқыңыз. Белгіленген сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз. Оларға
сұрақтар қойыңыз.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір
уақытта дүниеге келеді, өмір сүреді. Уақыт бізге емес, біз
уақытқа бағынамыз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып,
қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыт бізбен
санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әр сәтін бір
күндік қызықтармен ғана өткізбей, пайдалы іспен айналысу
керек.

4.

Уақыттың мақсатсыз өтпеуі
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі
керек. Әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін,
ақыл-ойын жастық шақта білім алуға, тіл үйренуге,
кәсібін терең меңгеруге, қоғамға пайдасы бар іске
жұмсауы керек. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол
өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да
өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп
оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал
ертең маман болып шығасыздар.

5.

Уақытты бос өткізу
Уақытты бос өткізу - ең ауыр өкініш. Уақытын
қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып
қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана
білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Ендеше
жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге
болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге
қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана.

6.

Уақыт туралы өсиет әңгіме
Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап,
оларға: - Құмыра толы ма? - деп сұрақ қояды. Шәкірттері: - Иә, - деп жауап
береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ
тас арасындағы бос жерді толтырды. Сонда дана: - Енді толы ма? - деп
сұрайды. Шәкірттері бас изеді. Бұл жолы дана құм толып тұрған қорапты
алып, құмыраға құйды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді
толтырды. Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алды. Сонда
дана суға толы кесені алып, құмыраға құйды. Шәкірттері мұны көріп, күлді.
Дана сонда былай дейді: - Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің
өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар,
денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды
нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам
өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға
толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақтүйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді... Сурет: vk.com

7.

Өз уақытымызды ұтымды пайдалана білеміз
бе?
Біз осы уақытты, оның қадірін қалай
түсінеміз? Оны бағалай білеміз бе? Уақыт
өткен сайын күндер ұзарғанымен, жылдар
қысқарып жатқанын ескерсек, оны тиімді әрі
өз игілігімізге пайдалана алып жүрміз бе?
Адамның өмірі оның жүзеге асырған ісәрекеттерінің нәтижелерінің көрінісі болып
табылады. Нақ осы уақыт бізге өз өмірімізді
қандай да бір тұрғыдан бағалауға мүмкіндік
береді. Адамның өз уақытына деген қарымқатынасы арқылы оның өз өміріне, өзіне деген
көзқарасын түсінуге болады.

8.

Біздің уақытымыз - біздің өміріміз"
Сонымен,
уақыт
сарапшыларының
пікіріне құлақ түрсек, өз уақытымызды
бағалай білу үшін ең алдымен "біздің
уақытымыз - біздің өміріміз" деген
қарапайым нәрсені ұғынуға тиіспіз. Өз
өміріңізді жақсартатын, сізді тұлға ретінде
дамытатын, оң нәтижелер әкелетін
істермен айналысыңыз, дейді олар.
Уақытының баға жетпес байлық екенін
түсінген жан Жер бетінде өткізген әр
сәтіне зер салып отыруды үйренсе, өмірін
түбегейлі өзгертуге қол жеткізері хақ.

9.

Уақыт-мүмкіндік
Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы уақытыңызды босқа алатын теледидар көру,
әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ
сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту. Сонымен қатар
әр күні ойға алған істеріңіздің тізімін жасап
отырсаңыз, мұндай жоспарланған әрекеттер көбіне
оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бірақ бұл жерде ескеретін жайт - уақыттық
жоспарыңыз сіздің күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге
сай болуы керек. Әрі, атқарылатын істерді
күрделілігі мен қарапайымдылығына орай саралай
білген жөн. Тағы бір ұсыныс - бір уақытта тек бір
нәрсені жүзеге асыруға тырысыңыз, себебі адамның
сана-сезімі бір нәрсеге ғана шоғырландырылған
жағдайда оның миы өнімдірек жұмыс жасайды. Ірі
істерді ұсақ істерге бөліп орындаңыз әрі оларды
кейінге қалдыру әдетінен арылыңыз.

10.

Абраам Линкольн бала кезінде бір
шаруаның көмекшісі болып жұмыс
істейді. Жайып жүрген малдарын
тынықтыратын
уақытты
ұтымды
пайдаланып, кітап оқып жүріп, біраз оқу
орындарын сырттай бітірген, сөйтіп
жүріп лицейді, содан кейін құқықтану
факультетін тәмамдап, сынақтан өтіп,
адвокаттық қызметке кірді.
Міне,
осындай
уақыт
үнемшілдігінің
арқасында
ол
АҚШ-тың
16-шы
президенті болып сайланды.

11.

Атақты адамдардың уақытқа
көзқарастары мен пікірлерін
өздеріңіздің
ойларыңызды
салыңыздар.
деген
оқып,
ортаға
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін
оятыңызшы» деп көз ілмек болған
Эйнштейнді
қызметшісі
біраз
тынығып алсыншы деп бір сағаттан
кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан
сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан
кейін оятпаған қызметкеріне қатты
ренжіп, «Жарты сағат уақытымды
қайтарып беріңіз онда!» деген екен.

12.

«Ұрланған заттың орнын басқа
нәрсемен толтыруға болады, ал
ұрланған
уақыттың
орнын
ешқашан толтыра алмайсың»
деген екен немістің ұлы ақыны
Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай
халқында «Сағат сатып алсаң да,
уақыт сатып ала алмайсың» деген
нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге
уақыт – мүмкіндік. Ал сол
мүмкіндікті
кім
қалай
пайдаланып жүр?

13.

Уақыт – біздің өміріміз
Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны
қалай пайдаланып жүрміз. Адамның
өмірінде оның уақытын ұрлайтын
пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс
пайдалана білмегендіктен де ісіміз
қордаланып
жатыр.
Қазіргі
таңда
уақытты тиімді пайдалануды «таймменеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні
– уақытты тиімді пайдалану.
Тайм менеджмент – бұл уақытты
басқару
тәсілдері
мен
әдістерін
зерттейтін менеджмент саласы.

14.

Уақыт – біздің өміріміз.
Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше
оны қалай пайдаланып жүрміз.
Адамның өмірінде оның уақытын
ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп.
Уақытты
дұрыс
пайдалана
білмегендіктен
де
ісіміз
қордаланып жатыр. Қазіргі таңда
уақытты
тиімді
пайдалануды
«тайм-менеджмент» деп атап
жүрміз. Оның мәні – уақытты
тиімді пайдалану.
Тайм менеджмент – бұл уақытты
басқару тәсілдері мен әдістерін
зерттейтін менеджмент саласы.

15.

Уақытты дұрыс жоспарлау үшін бірнеше
қағидаларға сүйенеміз.
Мақсат пен бағдарды айқындау кезіңде ұстанатын басты талап жоспардан
ауытқымау. Ол үшін:
Біріншіден – 15-20 жылға кең көлемді жоспар құрамыз.
Екіншіден – кең көлемді жоспарды бөліп-бөліп 3-5 жылға
созылатын жоспар құрамыз.
Үшіншіден – созылмалы жоспарды іріктеп 3 айдан 1 жыл мерзімін құрайтын
қысқа жоспар құрамыз.
Төртіншіден – қысқа жоспарымызды орындауға ыңғайлы етіп жеке-жеке
тапсырмаларға бөлеміз.
Бесіншіден – жеке-жеке тапсырмаларды жіліктеп жазып шығамыз.
English     Русский Правила