Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты
ІV МОДУЛЬ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН Тақырып 2. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. (1925-1940 жж.)
Дәріс сұрақтары
Индустрияландырудың жетістіктері
2.18M
Категория: МузыкаМузыка

Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. (1925-1940 жж.)

1.

2. Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты

3. ІV МОДУЛЬ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН Тақырып 2. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. (1925-1940 жж.)

4. Дәріс сұрақтары

1.Голощекиннің Кіші «Қазан төңкерісі».Саяси
репрессиялар
2.Қазақстандағы ауылшаруашылығын
ұжымдастыру және оның салдары.
3.Индустрияландырудың сипаты, қарқыны
және ауқымы.

5.

• ХХ ғасырдың 20 жылдарының екінші
жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси
өмірі күрт өзгерді.
• Бұл жағдай БК (б) П Қазақ Өлкелік Комитетінің
бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте
Ф.И.Голощекиннің келуімен тікелей
байланысты.
• 1925 жылы желтоқсанда өткен өлкелік партия
комитетінің V конференциясында «Ауылды
кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Бұл
саясат «Кіші Қазан революциясы» деген атпен
белгілі.

6.

• 1920 жылдардың аяғы 1930 жылдардың
басынан бастап коммунистік партияның
ішінде тазалау шаралары жүрді, қазақ
зиялыларына «буржуазияшыл ұлтшылдар»
деген айыптар тағылды.
• 1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері
Т.Рысқұлов,Н.Нұрмақов,С.Қожанов,
М.Мырзағалиев елден кетуге мәжбүр болды.
• Ж.Мыңбаев ОАК-нің төрағасы, С.Сәдуақасов
Ағарту Халық Комиссары, Ж.Сұлтанбеков
Жер ісінің Халық Комиссары қызметінен
алынды.

7.

• 1929-1932 жылдардан бастап кезіндегі
Алашордашыларды, ұлт зиялыларын саяси
қудалау басталды.
• 1937-1938 жылдары А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев,
С.Меңдешев, Ж.Досмұхамедов,
Х.Досмұхамедов,М.Жұмабаев,
Қ.Кемеңгеров секілді көптеген ұлт зиялылары
жазықсыз жазаланды.
• 1930-1940 жылдары Сталиндік әкімшіләміршіл жүйе,тоталитаризм берік орнады.

8.

• ХХ ғасырдың 20 жылдары елдегі жаңа
экономикалық саясат (ЖЭС) ұзақ уақытқа
бағытталған саяси стратегия есебінде
қабылданды:
• Елді индустрияландыру;
• шаруаларды кооперацияландыру;
• халықтың ал-ауқатын және мәдени дәрежесін
көтеру көзделді.

9.

10.

11.

12.

13.

• Бірінші бесжылдықтың (1928-1932 жж.)
барысында Қазақстанда 40-тан астам
өнеркәсіп орындары іске қосылды, өнеркәсіп
өнімділігі 3,2 есеге артты.
• Риддер полиметалл комбинаты,
• Қарсақбай мыс комбинаты,
• Ертіс мыс қорыту зауыты,
• Шымкент қорғасын зауыты,
• Балқаш мыс қорыту комбинаты,
• Ащысай полиметалл комбинаты,
• Жезқазған мыс қорыту комбинаты,
• Өскемен қорғасын-мырыш зауыты салынды.

14. Индустрияландырудың жетістіктері

• Көмір өнеркәсібі қауырт дамыды. Қазақстан
көмір өндірісі бойынша Донбас пен Кузбастан
кейінгі ІІІ орынға шықты.
• Қазақстан мұнай өндіруден Ресей мен
Әзірбайжаннан кейінгі ІІІ орында болды.
• Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химфарм
зауыты, Ақтөбе химкомбинаты, Аральсулфат,
Қаратау фосфорит кеніштері.
• Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс
балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын
зауытының, Ақтөбе химкомбинатының және
т.б. жылу электр станциялары салынды.

15.

16.

17.

18.

• 1928 жылы Қазақстанда барлық
шаруашылықтың 2 пайызы, 1930 жылдың
сәуіріне дейін 56,4 пайызы, ал 1931 жылдың
қазанында 65 пайызға жуығы
ұжымдастырылды.
• 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс
болды, оларға 80 мыңдай адам қатысты.
Көтерілісшілердің 5551-і жауапқа тартылып,
883-і атылды.
• 1932-1933 жылдардағы аштықтан 1 млн. 750
мыңдай адам өлді деп көрсетіледі. Соңғы
деректер бойынша бұл жылдары 2 млн. 200
мыңдай адам зардап шеккен.
English     Русский Правила