26.42M
Категории: ИсторияИстория ГеографияГеография

Жезқазған: кеше, бүгін, ертең

1.

2.

Жезқазғанның тарихын
зерттеу, оның ішінде
Жезқазғанның кешегісін,
бүгінгісін зерделеу,
болашаққа ой-толғау

3.

Жезқазған жерінің шығу тарихы,
кен байлықтарының көздері.
Жезқазған жеріне еңбек сіңірген
атақты тұлғалар.
Жезқазғанның болашағына
ой-толғау.

4.

Күтілетін нәтиже
• “Жезқазған кеше,бүгін,ертең”
оқулығы арқылы Сарыарқа жерінің
тарихын білуге болады.
• Туған жерге, елге деген отансүйгіш
сезім оянады.
• Келешекке нық сеніммен қарап,
туған жердің даму болашағына
үлес қосу міндеті пайда болады.

5.

Мыс астанасы
Маңызды оқиғалар
хроникасы
Құрметті азаматтар
Фотошежіре
Тест
Медиа-сабақтың
паспорты
Шығу

6.

Тарих беттерінен
Бүгінгі Жезқазған
Тапсырмалар
Тапсырмалар
Болашақ Жезқазған
Сөздік
Негізгі

7.

Қазіргі Жезқазған – еліміздің үлкен орталығы.
Сонымен бірге жүз мың тұрғыны бар әдемі қала.
Жасанды Кеңгір көлінің жағасына салынған қала
ғажап жоспарланған, тамаша көгалдандырылған.
Академик Қаныш Сәтбаев.

8.

Сомтума мыс
Жезқазған деген сөздің түп
тамыры көне заман бастауына
жетелейді. Оның тарихы жер
бетіндегі өркениеттің даму
кезінде мыс кен орнының
болғанын, өндірілгенін
көрсетеді. Мыс кен түрінде
көрініс берген орындар , оның
қазындылары қола дәуірі
тарихымен тығыз байланысы
туралы Геродоттың
еңбектерінде тұңғыш рет
аталады. Капитан Рычков
өзінің 1771 жылғы “Күнделік
жазбаларында” Жезқазған мыс
кені туралы неғұрлым жанжақты жазды.
Алға

9.

Осыдан кейін әртүрлі
ресейлік экспедициялар
пайда болып, өнеркәсіпші
Н. А. Ушаков 1847 жылы
мыс кен орнын ресми түрде
тіркеді.
Орыс тау-кен кәсіпкерлері
1907 жылы ағылшын
капиталистеріне 260 мың
сомға сатып жіберді.
1917ж. Ағылшын
шахтасы..
Кейін Алға

10.

Ағылшындар 1907-1917 жылдары 3 млн. 550 мың сомның жұмысын
тындырды және Қарсақбай мыс қорыту зауытының құрылысын
бастады.
Қазан төңкерісінен кейін билікті алған совет өкіметі Қарсақбай мыс
зауытының құрылысын 1928 жылы аяқтады.
1928 жылдың 19 қазанында Жезқазған кенінен тұңғыш мыс алынды.
Кейін Алға

11.

Қазақтың ұлы ғалымы
Қ.И.Сәтбаевтың қажымас еңбегі
мен мақсатты табандылығының
арқасында кен-барлау жұмыстары
кеңінен жүргізіліп, соның
нәтижесінде жас геолог
ағылшындар мен Мәскеу
шенеуніктерінің немқұрайды
болжамына қарамастан Жезқазған
кен орындарында кеннің мол
қоры бар екенін дәлелдеді.
Кейін Алға

12.

1931 жылы Үлкен Жезқазған
комбинатын салу туралы Кеңес
үкіметінің шешімі қабылданды.
1943 жылы құрамында 17 шахта
және ашық әдіспен игеруге
арналған 3 карьері, Қарсақбай
зауыты мен Байқоңыр көмір кен
орыны бар КСРО Түсті
металлургия Министрлігінің
Жезқазған мыс комбинаты
құрылды.
1967ж. №55 шахтасы.
Кейін Алға

13.

1954 жылдың 20 желтоқсанында Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
Жарлығымен Үлкен Жезқазғанның
шағын қалашығы Жезқазған қаласы
болып атанды.
1958 жылы КСРО түсті металлургия
Министрінің бұйрығымен өнеркәсіп
торабының барлық кәсіпорындары енетін
Жезқазған кен-металлургия комбинаты
(ЖКМК) құрылды.
Кейін Алға

14.

1973 жылы Жезқазған қаласы жаңадан құрылған Жезқазған облысының
орталығы болды (1997 жылы таратылды).
Қала өнеркәсібі тау-кен өндірісінің салалары-жерасты және ашық кеніштерге,
байыту фабрикасына, мыс қорыту зауыты мен құю-механикалық зауытына,
жылу-электр орталығына, кешенді кен-барлау экспедициясына негізделді.
Құрылыс кешені үй құрылысы комбинатын, ағаш өңдеу, кенсіз материалдар,
темірбетон бұйымдары, қабырғалық материалдар зауыттары мен шахта
проходкалау трестерін қамтыды.
Кейін Алға

15.

Жеңіл, сондай-ақ тамақ
өнеркәсібінің кәсіпорындары
тоқыма фабрикасы, ет комбинаты,
құс фабрикасы, ұн тартатын және
сүт зауыттары, нан комбинаты,
астықты сақтау және өңдеу
кешендері, аң аулау кәсіпшілігі
мен балық өсіру
шаруашылықтары өмірге келіп,
жоғары сапалы өнім бере
бастады.
Жезқазған республикадағы
алғашқы қалалардың бірі болып
телевизияны игерді.
Кейін Алға

16.

Металлургтер,
Құрылысшылар мен
Кеншілер сарайы және
бірнеше кинотеатрлар
жұмыс істеді.
Металлургтер сарайы
Кеншілер сарайы
Кейін Алға

17.

Кең
экранды
“Казахстан”
кинотеатры
Қ.И. Сәтбаев
атындағы
кен
металлургиясының
басқарма ғимараты
Кейін Алға

18.

Құрылыс техникумы
Білім беру мен мәдениет салалары
дамыды. Институттар, өнер, білім,
мәдениет, денсаулық сақтау
орындары ашылды.
Әдемі алаңдар мен көшелер
салынды. Жартылай шөлейт
өңірдегі қаланы қолдан жасалған
жасыл белдеу қоршап тұр.
Кейін Негізгі

19.

СӨЗДІК
тамыр
мыс сарайы
қажымас еңбек
табандылығының
арқасында
барлау жұмыстары
немқұрайды болжам
жайласқан
шикізат ресурстары
жезді аймақ
корень
дворец меди
неутомимый труд
благодаря
целеустремленности
разведочные работы
мизерные прогнозы
расположен
сырьевые ресурсы
меднорудный край
Негізгі

20.

Аудармасын табыңыз
Жезқазған деген сөздің түп тамыры
көне заман бастауына жетелейді.
20 декабря 1954 года рабочий
поселок Большой Жезказган был
преобразован в город Жезказган.
1931 жылы Үлкен Жезқазған
комбинатын салу туралы Кеңес
үкіметінің шешімі қабылданды.
19 октября 1928 года была получена
первая карсакпайская медь из
жезказганских руд.
1954 жылдың 20 желтоқсанында
Үлкен Жезқазғанның шағын
қалашығы Жезқазған қаласы болып
атанды.
В 1931 году принимается решение
Советской власти о строительстве
Большого Жезказганского комбината.
1928 жылдың 19 қазанында
Жезқазған кенінен тұңғыш мыс
алынды.
В 1973 году город Жезказган стал
центром вновь организованной
Жезказганской области.
1973 жылы Жезқазған қаласы
жаңадан құрылған Жезқазған
облысының орталығы болды
История возникновения слова
«Жезказган» уходит в историческое
прошлое.
Алға

21.

Рет-ретімен келесі оқиғаларды 1-ден 8-ге дейін нөмірлеңіз
Жезқазған мыс комбинаты құрылды.
Шағын қалашық Жезқазған қаласы атанды
Облыс орталығы болды
Капитан Рычков жазбаларында Жезқазған мыс кені туралы жазды.
Өнеркәсіпші Н. А. Ушаков мыс кен орнын ресми түрде тіркеді.
Қарсақбай мыс зауытының құрылысын аяқтады.
Жезқазған кенінен тұңғыш мыс алынды
Жезқазған кен-металлургия комбинаты құрылды.
Тексеру
Кейін Алға

22.

Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
Қала негізі ... ... құрылды. 1928 жылдың 19
қазанында Жезқазған кенінен тұңғыш ...
алынды. ... Жезқазған кен орындарында
кеннің мол қоры бар екенін дәлелдеді. ...
мәдени
орталықтар,
өнер
ошақтар,
республикаға танымал театр, жоғары оқу
орындары мен білім ордалары орын алды.
Керек сөздер: мыс, 1954 жылы
желтоқсанда, қалада, Қ.И.Сәтбаев
20
Кейін Алға

23.

3. Мына сөздерді сәйкестіріңіздер
Республикаға
мәдени
тұңғыш
шикізат
жезді
аймақ
танымал
орталық
мыс
ресурстары
Кейін Негізгі

24.

Рет-ретімен келесі оқиғаларды 1-ден 8-ге дейін нөмірлеңіз
Жезқазған мыс комбинаты құрылды.
5
Шағын қалашық Жезқазған қаласы атанды
6
Облыс орталығы болды
8
Капитан Рычков жазбаларында Жезқазған мыс кені туралы жазды.
1
Өнеркәсіпші Н. А. Ушаков мыс кен орнын ресми түрде тіркеді.
2
Қарсақбай мыс зауытының құрылысын аяқтады.
3
Жезқазған кенінен тұңғыш мыс алынды
4
Жезқазған кен-металлургия комбинаты құрылды.
7
Кейін

25.

Аудармасын табыңыз
Екі мыңжылдықтың тоғысында
Жезқазғанның бағы қайта жанды.
Жезказганцы как и все казахстанцы с
оптимизмом смотрят в будущее.
Қазір «Қазақмыс» корпорациясы
мыс өндіретін әлемдік
алпауыттардың қатарына кіреді.
Немало памятных и исторических
мест.
Бүгінгі Жезқазған әлемге әйгілі ірі
өнеркәсіп.
Ныне корпорация «Казахмыс»
входит в число мировых сильнейших
производителей меди.
Жезқазғандықтар барлық
қазақстандықтар сияқты болашаққа
үлкен сеніммен қарайды.
На стыке двух тысячелетий снова
зажегся звездный час Жезказгана
Ескерткіштер мен тарихи орындар
да жеткілікті.
Сегодня Жезказган известен стране
крупным промышленным
потенциалом.
Алға

26.

2. Мына сөздерді сәйкестіріңіздер
мыс
ірі
әлемдік
драма
тарихи
мұражай
театр
өнеркәсіп
өндіретін
қатар
Кейін Негізгі

27.

Жезді бойы жез қалам,
Жер түбінен жезді алам.
Алтын қалам, кең далам,
Сенен ұшқан айға адам.
Жезқазғаннан айналам.

28.

Екі мыңжылдықтың тоғысында
Жезқазғанның бағы қайта
жанды. Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың мыс қаласына
ықыласына және қызметіне
тығыз байланысты болды.
Алға

29.

Борышқа белшесінен батқан «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік
қоғамы Президенттің көргендік саясаты арқасында шетел инвесторы
«Самсунг» компаниясына басқаруға берілді. Қазір «Қазақмыс»
корпорациясы мыс өндіретін әлемдік алпауыттардың қатарына кіреді.
Кейін Алға

30.

Бүгінгі Жезқазған ірі өнеркәсіп қана емес, ол
елімізге ғылым, өнер, білім, мәдениет, денсаулық
сақтау орталығы ретінде белгілі.
Кейін Алға

31.

Классикалық үлгідегі университет,бірегей саздрама театры, филармония, тағы басқалар жұмыс
істейді.
Кейін Алға

32.

Бірнеше ұрпақтар
өкілдерінің белсенді
еңбегі нәтижесінде қала
жасыл желекке бөленді,
әдемі көшелер мен
гүлзарлар көздің жауын
алады, ескерткіштер мен
тарихи орындар да аз
емес.
Кейін Алға

33.

Жезқазғандықтар барлық қазақстандықтар сияқты болашаққа үлкен
сеніммен қарайды. «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыруға
нақты істермен үлес қосуда.
Кейін Негізгі

34.

Алға

35.

Кейін Алға

36.

Кейін Алға

37.

Кейін Алға

38.

Кейін Алға

39.

Кейін Алға

40.

Кейін Алға

41.

Кейін Алға

42.

Кейін Алға

43.

Кейін Алға

44.

Тапсырма
“Жезқазған болашақта...”
тақырыбына ой-толғау жазып, мына
мекен-жайға электрондық поштамен
жіберіңіз.
Мекен-жай: [email protected]
Кейін Негізгі

45.

Жезқазған
мыс зауытының
№31 шахтасы.
1938 бірінші
ж.
Темір
жол құрылысы.
1914
ж.
Ағылшындар
сатып алған
катод
мысы.
23.02.1971
жыл.
Британ
компаниясы
паровоз Қарсақбайға
1917
пайдаланған
құрал-саймандар
жылы қазанның
17-күні жетті.
Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы
Ең алғашқы мыс 1916 жылы қорытылып
шықты,салмағы 1124 пұт.
1912 -1917 жылдары темір жол салына бастады
1928 жылдың қыркүйек айында құрылыс
жұмысы аяқталып, 19 қазанда тұңғыш мыс
шығарылды.
Кең көлемді геологиялық зерттеуден соң
Қ.И.Сәтбаевтың жетекшілігімен 1931 жылы
Жезқазған мысы Одақта бірінші орынға шықты.
1941-1945 жылдары Қарсақбайдан шыққан мыс
Ұлы Отан соғысы жылдары майданға үлкен
пайда келтірді.
Жезқазған комбинатының дәуірлеп көтерілуі
1956 жылдан басталды
1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жезқазған
қаласы құрылды.
1960 жылы 8 желтоқсанда телевизия студиясы
жұмыс істей бастады.
1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кенметаллургия комбинатына академик Қ.И.Сәтбаев
есімі берілді.
1973 жылдың 20 наурызында Жезқазған қаласы
жаңадан құрылған аттас облыстың әкімшілік
орталығы мәртебесіне ие болды. Облыс 1997
жылдың 3 мамырында қайта таратылды.
2001 жылдың 21 маусымында №8 орта мектеп
мектеп-гимназия болып, 2001 жылдың
Негізгі 6

46.

Жезқазған қаласының құрметті азаматтары

47.

Қаланың құрметті азаматтары
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
(1899-1964)
ҚазКСР Ға-ның
академигі,Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты,
Ленин орденінің иегері
Толық... Алға
Негізгі

48.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қ.И.Сәтбаев (1899-1964) аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым
академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының
академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар
облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен
факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.И. Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық
ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған.
Қ. И. Сәтбаев – ең алғашқы геологиялық жұмысын ол Қарсақбай ауданының темір кен орындарын,
Жезқазған мен Атбасардың мыс кендерін және ағылшын иелігінде болған Спасск өндірісін зерттеп,
олардың болашақ мүмкіндіктерін анықтаудан бастады. Солардың ішінде оны, әсіресе, Жезқазған
кені өте-мөте қатты ойлантқан еді. Сөйтіп осы жылдарда ол Үлкен Жезқазғанның мыс, минералды
шикізат қорларын жан-жақты зерттеп, алғашқы үміт-болжамның шындық екенін айна-қатесіз
дәлелдеп шықты. Осы зерттеулерден соң Үлкен Жезқазған айналасындағы көршілес аймақтармен
қоса орасан алып мыс қазаны деп танылып, дүние жүзінің аса ірі кен орындарының алғашқы
тобына қосылады, зерттеушілердің табысы мұнымен ғана шектелмейді: қорғасынның аса ірі қоры
ашылды, кобальт, никель, алтын, молибден, ваннадий сияқты металдарды қоса өндіру мүмкіндігі
анықталды.
Қаныш – атақты ғалымдығымен бірге ол халықтың сүйген ұлы, бар өмірін, білімін ел игілігі үшін
сарп еткен кісі.
1942 ж. Жоғары аттестациялық комиссия Қ.И. Сәтбаевқа диссертацияны қорғаусыз-ақ геологияминералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді. «Қазақ ССР-інің Жезқазған
ауданындағы рудалық кен орындары» ғылыми еңбегі үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының Указымен оған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым
қайраткері атағы берілді.
Кейін Негізгі

49.

Қаланың құрметті азаматтары
Ғазиз Омаров. Социалистік
Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік
сыйлығының иегері, Каз ССріне еңбек сіңірген кенші,
жезқазғандық шахта салушылар
мектебінің негізін қалаушы,
шахтапроходкалау тресінің
бірінші басқарушысы.
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

50.

Омаров Ғазиз
1925 жылы 15 мамырда Ұлытау ауданы Қаракеңгір совхозында дүниеге келген.
1931-1942ж.ж. Рудник кентіндегі мектепте оқиды.
1942-1944ж.ж. №31-32 шахта басқармасының участкілік нормировщик
1944ж. Алматыдағы Қазақ кен металлургия институтының тау инженері мамандығына
оқуға түседі.
1949ж. №31 шахтаның ауысым бастығы болып тағайындалған.
1950ж. №31 шахтаның басшысы болып тағайындалған.
1952ж. №42-47 шахтаның басшысы
1954ж. өнділістегі елеулі үлестері үшін Құрмет Тақтаға енгізілді.
1956ж. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.
1961ж. Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды.
1962ж. ЖКМК Жезқазған руднигінің директоры.
1965ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖКМК директорының орынбасары.
1966ж. ЖШПТ алғашқы меңгеруші. Омаров Ғ.О. басқаруымен №55,57,65, АқшиСпаск, Анненск рудниктері салынды.
1966ж. Ленин орденімен марапатталды.
1977ж. Никольск Қаласының құрметті азаматы.
1981ж. Еңбек Ері атағы беріліп, «Орақ пен балға» алтын медалімен марапатталды.
1992ж. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы
1995-2002ж.ж. «Қазақмыс» корпорациясы президентінің тау-кен жұмыстары бойынша
кеңесшісі.
2002ж 11 мамырда Омаров Ғ.О. 77 жасында өзінен кейін көптеген шәкірттер
қалдырып дүниеден өтті.
Кейін Негізгі

51.

Қаланың құрметті азаматтары
Виктор Васильевич
Гурба.
Кен-металлургия
комбинатының директоры,
техника ғылымдарының
кандидаты, Социалистік
Еңбек Ері, КСРО
Мемлекеттік сыйлығының
иегері, КСРО және Қазақ
ССР Жоғарғы кеңесінің
депутаты болып сайланған.
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

52.

Гурба Виктор Васильевич.
24.09.1914ж. Чернигов губерниясында , мұғалі отбасында дүниеге келген.
«Березовалтын» комбинатына жұмысқа тұрды. Сырттай Орал түсті металл
институтына түсіп, шахтер болып еңбек етеді. Оқуын Свердловск
институтында жалғастырады.
1936-1967ж.ж. Березов руднигіндегі шахта басшысы.
1937-1946ж.ж. Қарабаш руднигінің бас инженері.
1949-1952ж.ж. Нижний Тагил кен басқармасының директоры.
1952ж. Жезқазған мыс комбинатының бас инженері
1953ж. Жезқазған кен басқармасының директоры.
1958ж. Жезқазған кен металлургия комбинатының директоры.
1961ж. Ленин орденімен марапатталды.
1966ж. Социалистік Еңбек Ері атанды.
1972ж. Техника ғылымының кандидаты.
1981ж. қайтыс болды
Жезқазғанда және Сәтбаевта Гурба көшелері бар.
Кейін Негізгі

53.

Қаланың құрметті азаматтары
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
(1904-1985)
Ұлытау ауданындағы материалдық
мәдени ескерткіштерді зерттеп,
қазба жұмыстарын жүргізген. Осы
өңірдегі ежелгі қалалар мен
қоңыстар, кесенелер мен мазарлар,
көне керуен жолдары,
археологиялық және сәулет
ескерткіштері жайлы терең
тұжырымдар жасаған.
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

54.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан
1904-1985ж.ж.
Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақ География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымының докторы,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор.
Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі
болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осындағы Шығыс
институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университеттінің қоғамдық ғылымдар факультетінің
шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды.Осында оқып жүргенде ол
КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеу
экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын
бітіргеннен кейін Ә.Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде
ғылыми қызметкер болады.
Туған халқының тарихында ден қойып,зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған
Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін жауапты істі одан әрі
жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу,Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ
қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жиналған материал негізінде «Ежелгі
Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар
жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.Бұл көне қыпшақ
тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және әтнография
институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.
Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық
Қазақстанды зерттеуге бет бұрды. Ұлытау ауданындағы материалдық мәдени ескерткіштерді зерттеп, қазба
жұмыстарын жүргізген. Осы өңірдегі ежелгі қалалар мен қоныстар, кесенелер мен мазарлар, көне керуен
жолдары, археологиялық және сәулет ескерткіштері жайлы терең тұжырымдар жасаған.Ұзақ жылғы зерттеу
жұмысының нәтижесінде К.А.Ақышев,М.К.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның
ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды.Бұл кітаптың құндылығы жоғары
бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.
Кейін Негізгі

55.

Қаланың құрметті азаматтары
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

56.

Байқоңыров Өмірхан Аймағанбетұлы
Байқоңыров Ө.А. 14.09.1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданында
дүниеге келген. 15.03.1980, Алматыда қайтыс болды. Ғалым, техника
ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның
еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. Қазақ кен-металлургия институтын
бітірген.1941-1952ж.ж. Жезқазған кен басқармасында әкімшілік қызметтер
атқарды. 1952-1962ж.ж. Қазақ кен-металлургия институтының ректоры, 19621964ж.ж. Қазақстан ҒА-ның академик-хатшысы және Кен ісі институтында
кафедра меңгерушісі, 1965-1980ж.ж. Қазақ политехникалық
институтындалаборатория меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер
астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба
орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физикамеханикалық қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған.Ол жер атынан кен алу
жүйелерінің матрицалық жіктелімен және оларды үйлесімдендірудің
геометриялық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономикалық
тиімділігі жоғары кеңүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін
тауып, өндіріске енгізген. Ленин орденімен және медальдармен
марапатталған.
Кейін Негізгі

57.

Қаланың құрметті азаматтары
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

58.

Бүкіров Сүтемген
ЖКМК тарихи-өндіріс мұражайының директоры. «Құрмет
белгісі» ордені менмедальдармен марапатталған. «Естелік
кітабы» жинағының авторы. Еңбек жолын Қарсақбайда,
«Қызыл кеніші» газетінің қызметкері, Жезқазғанда қабырға
материалы зауытында слесарь, мастер болып еңбек еткен.
1947-1969ж.ж. «Қазмысқұрылыс» мастер, цех басқарушы.
1969 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖКМК мұражайының
директоры және оның ұйымдастырушы. Мұражайда 1000
жәдігер бар. Білімі ортатехникалық. С.Королев, Ю.Гагарин
атындағы ордені, ВЛКСМ ОК белгісімен марапатталған
Кейін Негізгі

59.

Қаланың құрметті азаматтары
Шарманов Төрекелді
Шарманұлы (1930ж.т)
медицина ғылымдарының
жоғары дәрежелі докторы,
«Парасат» ордендерінің иегері
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

60.

Төрегелді Шарманов
Ұлытауда 1930 жылы туған. Медицина ғылымдарының
докторы. Ресей Медицина ғылымдары академиясының және ҚР
ҰҒА-ның академигі. 1995 жылдан Профилактикалық медицина
академиясының президенті. Ұлытау ауданының ауруханасында
1958-1962 жылдары бас дәрігер болған. 1971-1982 жылдары
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.
Мәскеу мен Алматыда ғылыми зерттеу орталықтарында
басшылық қызметтерде болды. Қазақстан Парламентіне
бірнеше рет депутаттыққа сайланды. Көптеген ордендермен
марапатталған.
Кейін Негізгі

61.

Қаланың құрметті азаматтары
Раковский Василий
Михайлович
Социалистік Еңбек Ері,
құрылысшылар бригадирі,
қаланың ең маңызды
құрылыс нысандарында
жұмыс істеді.
Толық...
Кейін Негізгі

62.

Раковский Василий Михайлович.
1925 жылы туған Тамбов облысында дүниеге келген.
Украина майданында танкі механикаландырылған
бригада құрамында болды. Киев, Житомир, қалаларын
босатты.
Жезқазғанға 1950 жылы көшіп келді.
«Қазақмысқұрылыс» тресінде 28 жыл еңбек етті. Ұлы
Отан соғысы, Ленин орденімен марапатталды.
Кенгір су қоймасы, байыту фабрикасы, мыс қорыту
зауытты, тұрғын үй құрылысында өз үлесін қосты.
Кейін Негізгі

63.

Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
Толық... Алға
Негізгі

64.

Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
ҚР Үкіметінің 1996 жылы 7 мамырдағы қаулысымен
Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
құрылды.
1999 жылы сәуірде Ө.Ә.Байқоңыров атындағы
Жезқазған университеті ҚР Білім және ғылым
министрлігімен, Қарағанды облыстық әкімиятымен,
Жезқазған қалалық әкімиятымен, « Қазақмыс »
корпорациясымен бірлесіп « Академик Қ.С.Сәтбаевтың
Қазақстанда иеженерлік істің қалыптасуына және
дамуына үлесі » деген тақырыпта ғылыми-техникалық
конференция өткізді.
2002 жылы Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған
университеті өндіріске сапалы мамандар
Кейін Негізгі

65.

Жезқазған
мұражайы
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

66.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы
Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1978
жылғы 10 мамырдағы қаулысынна сәйкес өмірге келді. Сол кездегі облыс орталығына
орналасқан мұражай үшін қажетті жәдігерлерді жинастыру жұмыстары ұзаққа созылып,
ақыры ол көрермендер үшін есігін 1988 жылы ғана ашты. Бастапқыда оған тарихиөлкетану мұражайы деген ат берілді де бертінде облыс жабылғаннан кейін, 1997 жылдан
бастап тарихи-археологиялық мұражай деп аталады. Қорында 22 мыңға тарта жәдігер бар.
Мұражайға қор жинауға, оның ашылуына Ұлытау өңірінің білгір өлкетанушысы
Сүтемген бүкіров көп еңбек сіңірлі. Бұл мұражайда Ұлытау-Жезқазған аймағы тарихына
қатысты мол мұра сақталып отыр. Оның жұмысын жолға қоюға Қайырбек Сәдуақасов,
Бақтияр Қожахметов, Шолпан Төлегенова сияқты өлкетану ісіне шын берілген мамандар
үлкен үлес қосты. Бұл кешенде қор сақтау, экспозиция, археология, танымдық-бұқаралық
бөлімдер жұмыс істейді. Жалпы ауданы 1000 шарша метрге таяу.
Мұражай Ресей саяхатшылар қауымдастығымен, Мажарстан қыпшақтар Одағымен
Челябі облыстық «Аркаим» мұражай –қорығымен, Орынбордағы «Дала институтымен»
тығыз байланыс орнатқан. Оның ұжымы Астана, Қарағанды, Теміртау, Түркістан,
Лисаковск қалаларында Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихи, мәдени және археологиялық
жәдігерлері негізінде көшпе фотокөрмелер ұйымдастыды. Жезқазған тарихиархеологиялық мұражайының қатысуымен 1991 жылы «Отырар-Ұлытау» Кіші Жібек
жолы, 1999-2002 жылдары «Алтай-Дунай» халықаралық археологиялық-этнологиялық
сапарлары ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері Ұлытау өнірінің тарихын, ежелгі
мәдени мұраларын насихаттауғ,а елеулі үлес қосып келеді. Мұражайды 2006 жылдан бері
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Зулпа Чумакова басқарады.
Кейін Негізгі

67.

С. Қожамқұлов атындағы сазды-драма театр ғимараты.
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

68.

С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы - драма театр
Театр шымылдығы 1972 жылдың 24 желтоқсанында Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан»
комедиясымен ашылды, Торғай облыстық қазақ музыкалы-драма театры болып шаңырақ көтерген
бұл ұжымның негізін Мәскеудің М.С. Шепкин атындағы Жоғары театр училищесінің бір топ
түлектері қалады. Олардың ішінде кейін ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан»
сыйлығының иегері Ж.Хаджиев, театрдың қазіргі көркем жетекшісі, Қазақстанның Халық артисі
Д.Жанботаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Т.Рақышева, М.Манапов,
Ш.Байғабылов, Ш.Есенғұлова, Р.Хаджиева, жетекші артистер Р.Ибраева, Қ.Есенғұлов,
Т.Айтқожанов, М.Нүркеев, Ү.Нүсіпжанов, Т.Құралиев, Б.Оразымбетов, Д.Жарқынбеков және т.б.
бар еді.
Театрдың алғашқы бас режиссері болып Жамбылбек Есенбеков, ал тұңғыш директоры болып
С.Дарбасов бекітілді.
1974 жылы театрға Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Қ.Жетпісбаев бас
режиссер болып келді. Білікті режиссер Ерсайын Төпенов пен Жанат Хаджиевтің алғашқы
жетістіктері де театр тарихының нұрлы парақтарына айналды. Осы жылы театр ұжымы Алматы
қаласында өзінің алғашқы шығармашылық есебін берді. Гастрольдік сапар нәтижесінде театр
артистері Р.Хаджиева ,Т.Рақышева, Т.Айтқожанов, Ш.Бйғабылова, М.Манапов, Д.Жарқынбеков
қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен мараматталды.
1976 жылы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясындағы Жарас бейнесін сомдаған жас
актер Д.Жанботаев «Құрмет белгісі» орденіне ие боды.
1978 жылы өнер ұжымы Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» романы бойынша
(реж.Е.Тәпенов) қойылған спектакльде жастарға идеялық-адамгершілік тәрбие берудегі белсенді
еңбегі еңбегі үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
1981 жылы театрға ұлттық ұлттық театр өнерінің аса көрнекті қайраткері, социалистік Еңбек Ері
Серәлі (Серке) Қожамқұловтың есімі берілді.
1982 жылы актерлік ерекше ойын-өрнегі, қарым-қабілетімен дараланып көрінген Д.Жанботаев пен
Ш.Есенғұлова «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген артисі» атағы берілді.
Кейін Алға
Негізгі

69.

1985 жылы Тбилисиде Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай өткен бүкілодақтық театрлар
фестиваліне өнер ұжымы Ә.Таразидің «Қыз махаббаты» спектаклімен қатысып, табысты өнер
көрсетті.
1986 жылы талантты актриса Т.Рақышева театр өнерін дамытудағы еселі еңбегі үшін «Құрмет
белгісі» орденімен марапатталады.
1987 жылы құрылғанына 15 жыл толуына орай театр ұжымы екінші рет Алматыда гастрольдік
сапарда болып, шығармашылық есебін берді.
1988 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты театр Жезқазған қаласына қоныс аударды.
Сол кездегі облыс басшылары Х.Жұмабеков, С.Сапарғалиева, С.Қожамсеитов т.б. да өнерге
жанашыр ұлтжанды азаматтар театрға қолдан келген көмектері мен қамқорлықтарын аяған жоқ.
Жезқазған театрының алғашқы директоры болып М.Мұратбаев, бас режиссері болып Ж.Хаджиев
тағайындалды, театр шымылдығы Ж.Хаджиев қойған Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясымен
ашылды.
1989 жылы театр Бішкек қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан Республикаларының
«Наурыз»фестиваліне Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясымен қатысып, Қырғызстан
Жазушылар одағының арнайы сыйлығымен марапатталды. Спектакльдің басты ролінде ойнаған
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі А.Ысмағұлов «Ерлер ролін үздік сомдағаны
үшін» сыйлығына ие болды.
1992 жылы театр ұжымы Алматыда Ғ. Мүсіреповтің туғанына 90 жыл толу құрметіне арналған
республикалық театрлар фестивалінде мерейтой иесінің «Қозы Көрпеш-баян сұлу» спекталін сәтті
қойғандары үшін Бас жүлде Гран-приді жеңіп алды. Осы жеңісі үшін өнер ұжымы 1993 жылы
Мысыр қаласында өткен дүниежүзілік театрлар фестиваліне қатысу құрметіне ие болды.
1994 жылы С.Сейфуллиннің 100 жылдығына арналып Жезқазғанда өткен республикалық театрлар
фестивалінде Ә.Әбішевтің «Сәкеннің аманаты»(реж. С.Асылханов)спектаклі жүлделі екінші
орынға ие болды.
Кейін Алға
Негізгі

70.

1995жылы А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арналып Жезқазғанда өткен республикалық театрлар
фестивалінде театр Бас жүлде Гран-приді екінші мәрте жеңіп алды. «Ерте ояндым, жете алмадым» атты
тарихи қойылымның сахналық нұсқасы жергілікті драматург Кенжебай Ахметов пен қоюшы режиссер
Жанат Хаджиев жасаған еді.
1996 жылы Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналып Жезқазғанда өткен республикалық театрлар
фестивалінде С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (реж. С.Қарабалин) спектаклі жүлделі екінші орынға
ие болды.
1998 жылы Алматы қаласында М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық
театрлар фестиваліне өнер ошағы Ж.Хаджиев қойған «Қаракөз» трагедиясын алып барды. ҚР халық
артисі Д.Жанботаев осы спектакльде шебер ойнағаны үшін «Ең үздік эпизодтық ер ролі» номинациясына
ие болды.
1999 жылы Бішкек қаласында Ш.Айтматовтың 70 жылдығана орай өткізген фестиваліне жезқазғандық
сахнагерлері «Арманым-Әселім» (реж. Ж.Хаджиев) спектаклімен қатысты. Осы спектаклбдегі ең үздік
ойыны үшін Қ.Бегайдаров «Ең үздік ер ролі» , композитор М.Түсіпбеков «Ең үздік әуен»номинациясына
ие болды.
2000 жылы Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл толуына арналып Павлодар қаласында өткен VIII
республикалық театрлар фестивалінде Ә.Тәжібаевтың «Көтерген күмбез» спектаклі (реж. М.Ахманов) Бас
жүлде Гран-приге ие болды. Осы спектакльде айрықша ойын-өрнегімен көзге түскен ҚР еңбек сіңірген
артисі С.Бұлғақбаев «Ең үздік ер ролі» номинациясын қанжы-ғасына байлады.
2001 жылы Петропавл қаласында өткен IX республикалық театрлар фестивалінде К.Әбдрахманның
«Кетбұға» (реж. М.Ахманов) спектаклі фестивальдің «Тарихи тақырыпты шешудегі шеберлігі үшін»
номинациясын иеленді.
2002 жылы Қарағанды қаласында өткен «Театр әлемі – бабалар көзімен» аймақтық фестивалінде
Р.Ибраева «Сиқырлы кітап» ертегісі бойынша «Үздік драмалық шығармасы үшін», С.Бұлғақбаев «Ең
үздік ер ролі» номинацияларын иеленді.
2005 жылы талантты режиссер Ж.Хаджиев осы тарихи драмаға қайта оралып, оны өзіндік ойтұжырым тұрғысынан қайта сахналады. Қызылорда қаласында өткен XIII республикалық театрлар
фестивалінде аталмыш спектакль фестивальдің «Тарихи тақырыпты игергені үшін» номинациясын жеңіп
алды.
Кейін Негізгі

71.

Медициналық орталық
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

72.

Медициналық
орталық
1997 жылы Жезқазған қаласында медициналық
орталық ашылды.Қазақстанда теңдесі жоқ,медицина
орталығы жаңа жабдықтармен
қамтамасыздырылған.
Орталықта емхана, 300 орындық аурухана
(кардиология,неврология, хирургия, урология,
гинекология, терапия бөлімдері) бар. Медицина
орталығында жоғары дәрежелі білікті мамандар
еңбек етеді.Олар алғашқы жоғары техникалық
операция жасайды.
Кейін Негізгі

73.

Жезқазған мыс қорыту
зауыты
Толық...
Кейін Алға
Негізгі

74.

Жезқазған мыс қорыту зауыты-республикада ғана емес, таяу және шалғайдағы
шетелдердегі түсті металлургия саласындағы іргелі кәсіпорын. Сонау
жетмісінші жылдардың алғашқы жартысында қатарға қосылды. Содан одақ
ыдырағанға дейін қандай да бір елеулі технологиялық немесе техникалық
елеулі өзгерістер жасалған емес, ішінара жүргізілген жетілдіру жұмыстарымен
шектелді. Жиырма жылдан астам уақыт үздіксіз пайдаланылған негізгі
жабдықтар қай жағынан алып қарағанда да әбден көнерген еді.Оның үстіне
Одақ ыдырап экономикалық байланыстар әлсіреді, нарықтық қатынастарға
келіп килікті. Қысқасы, үлкен өндірістің өзегі талып, тоқыраудың топаны
басудың аз-ақ алдында қалды. Тіпті, тоқсаныншы жылдардың ортасына қарай
қантарылу қаупі төнді. Әрине, жаңғыру жолымен жоғары жетістікке жетуге
жұмылған жезқазғандық металлургтер өнім сапасын жақсартуды да басты
назарда ұстады. Үш жылға жуық уақыттан бері германиялық «МКМ»
зауытымен бірлесіп катод мысының сапасын жақсарту бағытында жүйелі
жұмыс жүргізіп келеді. Электролиттің құрамындағы қоспалардың мөлшерін
анықтайтын жабдық сынақтан өткізілді. Бұдан былай электролит
температурасының өзгеруіне қарай ондағы элементтердің белсенділігін
бақылап отыруға мүмкіндік туды. Бұл катод мысының құрамындағы
қоспалардың мөлшерін еуропалық стандарттар деңгейінде ұстауға мүмкіндік
берді.
Кейін Негізгі

75.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Кейін Алға
Негізгі

76.

Анненск кеніші
Кейін Алға
Негізгі

77.

Кейін Алға
Негізгі

78.

Кейін Алға
Негізгі

79.

Кейін Алға
Негізгі

80.

Кейін Алға
Негізгі

81.

Кейін Алға
Негізгі

82.

Кейін Негізгі

83.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
1. Жезқазған кен орындарында кеннің мол
қоры бар екенін дәлелдеген кім?
1. Ә.Марғұлан
2. Қ.Сәтбаев
3. Ө.Байқоңыров
Аяқтау

84.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

85.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

86.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
2. Қала қашан құрылды?
1. 1954 жылы 20 желтоқсанда
2. 1973 жылы 20 наурызда
3. 1960 жылы 8 желтоқсанда
Аяқтау

87.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

88.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

89.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
3. 1928 жылы 19 қазанда Жезқазған
кенінен не алынды?
1. ашпирит
2. жез
3. мыс
Аяқтау

90.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

91.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

92.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
4. Қарсақбай мыс қорыту зауытының
құрылысын кімдер бастады?
1. Орыс тау-кен кәсіпкерлері
2. Ағылшындар
3. Кеңес өкіметі
Аяқтау

93.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

94.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

95.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
5. Қала тұрғындарының өмірі мен тұрмысына
қажетті әлеуметтік инфрақұрылым кешені
не істеді?
1. өзгерді
2. құрылды
3. дамыды
Аяқтау

96.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

97.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

98.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
6. Рычков күнделікті жазбаларында не
туралы жазады?
1. мыс кен орыны
2. жез орыны
3. мұнай орыны
Аяқтау

99.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

100.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

101.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
7. Ең алғашқы мыс қай жылы қорытылып
шықты,салмағы қанша пұт ?
1. 1918, 1120
2. 1916, 1124
3. 1928, 1117
Аяқтау

102.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

103.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

104.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
8. Жезқазған кен-металлургия комбинатына
қай жылы Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді?
1. 1956
2. 1978
3. 1964
Аяқтау

105.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

106.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

107.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
9. Қай жылы «Ана тілің – арың бұл » ақындар
айтысы өтті?
1. 2007
2. 2002
3. 2005
Аяқтау

108.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

109.

Дұрыс!
Келесі сұраққа көшіңіз.

110.

БАҚЫЛАУ ТЕСТ
10. 1999 жылы қаламызда кімге арнап
ескерткіш орнатылды?
1. С.Сейфуллинге
2. Абылайханға
3. Қ.И.Сәтбаевқа
Аяқтау

111.

Дұрыс емес.
Ойланыңыз.
Сұраққа қайта оралу

112.

Дұрыс!
Жауаптарыңызға рахмет!
Аяқтау

113.

Медиа-сабақтың ПАСПОРТЫ:
Сабақтың тақырыбы: ЖЕЗҚАЗҒАН: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ
Мақсаты: Қазақ тілі үйрету барысында медиа-сабақ арқылы Жезқазғанның
тарихын білуге, тіл үйренуге қызығушылық ояту
Автор: Мақыш Қарлығаш Сәлімжанқызы
Бағдарламашысы: Абдрахманова Сәуле Мұхтарқызы
Сабақтың ұзақтығы: 25 минут
Қатысушылары: мектеп оқушылары Мищенко А., Кардашева С., Джумаева С.
Медиа-сабақтың бастапқы және соңғы кадрларының сипаты: Медиа-сабақ
титул бетінен басталып, мақсаты, міндеті, күтілетін нәтиже
айқындалады.
Басты бетте сабақтың мазмұнына назар аударамыз: Мыс астанасы,
Маңызды оқиғалар хроникасы, Құрметті азаматтар,Фотошежіре, Тест
тараулары бар.
Мыс астанасы тарауында тарих беттерінен мәлімет жиналған. Осы тарау
бойынша тапсырма берілген.
Бүгінгі Жезқазған туралы мәліметтен кейін тапсырма беріледі.
Болашақ Жезқазған туралы суреттер бойынша көрініс. Сөздік берілген.
Маңызды оқиғалар хроникасы тарауын ашқанда Жезқазғанның ежелгі
тарихынан бастап шолу беріледі.
Құрметті азаматтар тарауында қаланың құрметті азаматтары туралы
жеке және толық мәлімет беріледі.
Фотошежіре тарауында мәдениет саласы мекемелері және өндіріс туралы
Негізгі
жеке және толық мәліметтер беріледі.
English     Русский Правила