976.00K
Категория: ПравоПраво

Зайырлы мемлекеттің жастарымыз

1.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының
білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім
беретін мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зайырлы мемлекеттің жастарымыз

2.

Тақырыбы: «Құқықтық мәдениет – қауіпсіздік
кепілі»

3.

Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің
басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында —
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратыны аталған.

4.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында:
«Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян
етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының
басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін
жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру,
әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті болып
табылады.

5.

Құқықтық мәдениет дегеніміз қоғамның әлеуметтік-экономикалық
және рухани дамуымен бірге жасайтын жалпы мәдениеттің бір түрі
немесе адам баласының бойында қалыптасатын құқықтық
сауаттылықтың көрініс табуымен айқындалатын, ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін игілікті құндылықтарымыздың бірі. Құқықтық мәдениет
негізінен құқықтық заң нормаларын түсініп білуден, оларды қоғамда
қолдану, іс-тәжірибеде орынды пайдалана білу қағидалары арқылы
қалыптасады

6.

Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған
мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң
деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына
бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Заң
дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп
отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз - еліміздің
рәміздерінің бірі.

7.

Мемлекеттің басты мақсаты - адам және азаматтың құқықтарын қорғау,
мәдениетін қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді.
Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез —
құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады.
Құқықтық
нормаларды
қолдану
нәтижесінде
құқықтық
тәртіп
орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар
мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті, түсіністікті,
заңдарды
білуді және соған сәйкес мінез-құлық
пен
ісәрекеттерді үйлестіруді талап етеді. Яғни ұлттық құдылықтар негізіндегі
құқықтық мәдениетті, діни сауаттылық ты білу маңызды орын алады.

8.

Дін – тәрбиенің рухани тірегі, иманның түпкі негізі
«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза,
мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір
жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды.
Дін –қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ рухани
тәрбиеге негіздейтін болады.

9.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің дамушы және дамыған елдерден
ерекшелігі – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың
тұрақты болуы. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, демократиялық мемлекет
болғандықтан, дін мәселесі жөнінде барлық азаматтарға дін туралы
білуіне, оны дұрыс бағытта пайдалануына рұқсат берілген

10.

Ұлт болып ұйысудың, елін сүйген, жерін сүйген
патриотизмнің бар екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Сондықтан да ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай, “Ел боламын
десең – бесігіңді түзе” деген қағида әр қазақ отбасының
өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.
Еліміздің тұрақты дамуында жастардың үлесі зор екенін
ескерсек, сол жастарымыздың бойында патриотизмге, рухани
келісімге, татулық пен бірлікке деген қасиеттері еліміздің
кемел келешегіне қызмет етуден туындағанын қалар едік.

11.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила