2.12M
Категория: МедицинаМедицина

Тауар қозғалысының логистикасы

1.

әл-ФAРАБИ aтындaғы ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕСТИТЕТІ
С.К.Ахметкалиева
А.Ш.Оразымбетова
ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЛОГИСТИКАСЫ
Оқу құрaлы
Алматы
«Қазақ университеті»
2019
1

2.

ӘОЖ 656
КБЖ 39.18
Бaспaғa әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті
экономикa және бизнес жоғaры мектебінің
Ғылыми кеңесі және Редaкциялық-бaспa кеңесі
(№
хaттaмa 2019 жыл);
С.К.Ахметкалиева
А.Ш.Оразымбетова
Тауар қозғалысының логистикасы: оқу құрaлы / С.К.Ахметкалиева
А.Ш.Оразымбетова. – 1-бас. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2019. – б.
ISBN --Пікір жaзғaндaр:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
техника ғылымдaрының кaндидaты, доцент Г. С . Муханова
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
экономика ғылымдaрының кaндидaты, доцент А.К.Кажимуратова
Берілген оқу құралында логистиканың негізгі функционалдық
салаларының әрқайсысының міндеттері мен өзара байланыстары
қарастырылған. Тауар қозғалысы логистикасының сатып алу, өндірістік,
тарату және көлік жүйелерінде құрастырылған модельдерінің
сипаттамалары мен зерттеулері берілген.
Бұл оқу құралы жоғaры оқу орындaрының оқытушылaрынa,
студенттеріне, мaгистрaнттaрғa aрнaлғaн, сонымен қaтaр бизнес өкілдері
мен мемлекеттік ұйымдaрдың қызметшілері үшін де қызығушылық туғызуы мүмкін.
ӘОЖ 656
КБЖ 39.18
ISBN-----------
© Ахметкалиева С.К., ОразымбетоваА.Ш., 2019
© Әл-Фaрaби aтындaғы ҚaзҰУ, 2019
2

3.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫНДА ЛОГИСТИКАНЫ ӘМБЕБАП ҚҰРАЛ
РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
1.1 Тауар қозғалысын басқаруда логистика тәсілдемесін қолдану
1.2 Логистикалық жүйесінде тауар қозғалысын моделдеу
1.3 Логистика қағидалары және олардың компания көрсеткіштеріне әсері
1.4 Бақылау сұрақтары
2 САТЫП АЛУ ЛОГИСТИКАСЫ
2.1 Сатып алу логистикасының функциялары мен міндеттері
2.2 Сатып алу логистикасында математкалық модельдері мен әдістерің
қолдану
2.3 Тұтынушылық қажеттіліктерді болжау әдістері
2.4 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
3 ӨНДІРІСТІК ЛОГИСТИКАСЫ
3.1 Өндірістік логистикадағы мақсаттары мен міндеттері
3.2 Өндірістік логистикасында математикалық модельдері мен әдістерің
қолдану
3.3MRP ақпараттық технологиясын өндірістік логистикада қолдану
3.4 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
4 ТАРАТУ ЛОГИСТИКАСЫ
4.1 Тарату логистикасында міндеттері мен мақсаттары
4.2 Тарату логистикасында математикалық модельдері мен әдістерің
қолдану
4.3 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
5. КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ
5.1 Көлік логистиканың міндеттері мен функциялары
5.2 Көлік логистикасында математикалық модельдері мен әдістерің
қолдану
5.3 MS Excel-де көлік мәселелерін шешу
5.4 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
4
6
6.ҚОЙМА ЛОГИСТИКАСЫ
6.1Қойма логистикасының жалпы мәселелері
6.2Қоймадағы тауар қозғалысындағы ақпараттық технологиялардың
маңызы
6.3 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
ТАУАР
ҚОЗҒАЛЫСЫ
ЛОГИСТИКАСЫ
ПӘНІ БОЙЫНША
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТЕР
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
89
89
95
6
11
17
21
23
23
27
32
38
42
42
46
50
55
58
58
63
68
72
72
76
83
86
100
107
122
3

4.

КІРІСПЕ
Қоғамның қазіргі даму кезеңі нарықтық бәсекелестіктің жоғары
деңгеймен сипатталады. Тұтынушылық пен өндірістік мақсатында тауарлар
мен қызметтерді өндіру және сату жағдайларындағы бәсекелестік ерекше
орынға ие болады. Компаниялар әлем бойынша шикізат, материалдар,
аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, қызметтер, ақпарат ағындарын біріктіре
отырып, тауар қозғалысының деңгейін жоғарлатады. Жаңадан ашылған
нарықтарда компанияның қызметін кеңейту маңызды болып табылады.
Нарық дамыған сайын маржиналдық пайда азаяды және бәсекелестік
артады. Компания нарыққа шыққан кезде қол жеткізілген позицияны
жоғалтпау үшін шығындарын азайтуға мәжбүр болады. Дәл осы сәтте
логистиканың орны өте маңызды, яғни компанияларға үнемдеуге мүмкіндік
беретін әдістер мен тәсілдер бәсекелестіктің ең маңызды қаруы болады.
Логистика кәсіпорынның әртүрлі салалардағы, яғни сатып алу, өндіріс,
материалдарды жеткізу, дайын өнімді тарату, қойма, көлік, сервистік қызметті
ұйымдастыру және т.б. жұмысын жақсартуға арналған құралдармен
қамтамасыз етеді. Логистика құралдарының мұндай әмбебаптығының осы
заманғы экономикада қолдану маңыздылығы жоғары деңгейінде болу.
Логистиканың өзектілігі осыған байланысты күшейтіледі, бұл шығындарды
едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл оқу құралында логистика құралдарын тауар қозғалысында
пайдалануы ерекше орын алады.
Кәсіпорынның сатып алу, өндірістік, өнімдерін таратуды, көлік және
қойма тауар қозғалыстарында логистика өз инструменттерін, әдістемелерін
кеңінен қолданады. Оқу құралында әрбір тақырып бойынша өзіндік жұмыс
үшін сұрақтар, тапсырмалар және тест тапсырмалары берілген. Бұл оқу
құралының басқа да көптеген оқу құралдарынан айырмашылығы ол
құрастырылған сұрақтардың берілген теория мен тәжірибене меңгерілуін
бақылауын көздемейді, керісінше, жазылған материалды толықтыруға және
кеңейтуге, өз бетімен оқуға арналған қосымша білім беруге негізделген.
Логистиканың даму мәселелері шетел, ресей және қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінде жүйенің ішінде және сыртында материалдық және
ақпараттық ағындардың қозғалуын оңтайландыру ретінде қарастырылған.
Логистикадағы ғылыми зерттеулер нарықтың қазіргі тұжырымдамасында
әлемдік экономиканы ғаламдандыруына, оның ішінде интегралданған көліктік
түйіндерді құруға бағытталған. Бұл зерттеулердің ішінде келесі ресей және
қазақстандық ғалымдардың еңбектерін айта кету керек: О.В. Толмачев, Б. А.
Аникин, А. А.Смехов, Л. Б. Миротин, А. Н. Родников, А. И.Семененко, Д.
Т. Новиков, М. Е. Залманову, В. И. Сергеев, Ы.Э. Ташбаев, А. М. Гаджинский,
О. Сабден, Ж. С. Раимбеков, А. Н.Тулембаева, осы ғалымдар экономикадағы
логистика теориясының негізін қалады.
4

5.

Бірінші бөлімде логистиканың мәні, мағынасы, негізгі функциялары
және міндеттері қарастырылады. Мұнда жұмыста пайдаланылған
логистикалық жүйелердің негізгі түсініктерінің анықтамалары беріледі. Тауар
қозғалысын басқаруға дәстүрлі тәсілдемелерге қарағанда логистикалық
тәсілдемелерді қолданудың артықшылығы негізделеді. Логистиканың негізгі
функционалдық салалары және олардың өзара байланыстары қарастырылады,
сондай-ақ олардың әрқайсысы үшін функциялары мен міндеттері беріледі.
Мұнда логистиканың әрбір функционалдық саласы бойынша таралған типтік
модельдердің көрінісі келтіріледі.
Екінші бөлімде сатып алу ішкі жүйсінің функциялары мен міндеттері,
қызмет ету механизмдері құрастырылған, модельдері мен әдістері сипатталған
және зерттелген.
Үшінші бөлімде өндірістік логистикадағы тауар қозғалысының
мақсаттары мен міндеттері және олардың математикалық модельдері мен
әдістерің қолдануға мысалдар мен өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен
сұрақтар берілген.
Төртінші бөлімде тарату логистикасында тауар қозғалысының
міндеттері мен мақсаттары сипатталған, сондай-ақ бесінші бөлімінде көлік
және алтыншы бөлімде қойма логистикасындағы тауар қозғалысы
қарастырылған.
Берілген оқу құралы логистика салаларындағы (сатып алу, өндіріс,
тарату, көлік пен қойма) тауар қозғалысына арналған тест сұрақтарымен
қамтылған.
Бұл оқу құралында математикалық модельдеу мен әдістерінің синтезін
логистиканың әмбебап құралы ретіңде қолдануға мүмкіндік беретін жаңа
енгізулерді студенттерді мен магистранттарды оқыту барысында қолдануға
мүмкіндік беретін әдіс ретінде қарастырады.
Бұл оқу құралы О.В.Толмачевтын «Логистика товародвижения»
электронды мәтіндік басылымына негіздеген.
5

6.

1. ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫНДА
ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
1.1.
ЛОГИСТИКАНЫ
ӘМБЕБАП
Тауар қозғалысын басқаруда логистика тәсілдемесін қолдану
Тауар қозғалысы-бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудаға, түпкілікті
тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортаушы импортаушы, сауда
агенті, брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының үдерісі.Тауар қозғалысы
үдерісінің негізін логистикалық келесі операциялар құрайды: тауарларды
тасымалдау; тиеу-түсіру операциялары; сақтау; сауда ассортиментін
қалыптастыру; сатуға дайындау және т.б.
Көптеген тарихи дереккөздерде логистика ұзақ уақыт бойы әскери
өнерінің бөлімі болды. Шамамен ХХ ғасырдың ортасында бәрі өзгерді.
Логистиканың бейбіт өміріне көшуіне және тауар қозғалысына пайдалануы
келесі төрт себепке байланысты:
1. Тұтынушы нарығының қалыптасуы.
2. Тауарлар номенклатурасынын кеңейтілуі.
3. Барлық нарықтарда бәсекелестіктің шиеленісуі.
4. Математикалық талдау, оңтайландыру теориясы және компьютерлік
техниканың пайда болуы.
Бүгінгі таңда сатып алушы тек қана тауардың жоғары сапасы мен төмен
бағасына қанағаттанбайды.
Тауарлардың кең ассортиментіне байланысты тұтынушы көптеген
қосымша параметрлерді қарастырады, мысалы: кепілдік және сервистік
қызмет көрсетуі қандай деңгейде ұйымдастырылған, жеткізу мерзімі қандай,
тауарларды орнастыруға және қолдану мерзімі аяқталған соң қайта оңдеп
кәдеге жарату және т. б.
Магнум супермаркеттер желісін тұтынушы ретінде қарастыратын
болсақ, оларда тек тауар сапасына ғана емес, сонымен қатар тауарларды
шағын партиялармен жабдықтаушыдан жиі жеткізу қамтамасыз ету,
дистрибьюторлар қоймасына тауардың бір бөлігін сақтау, тауарды таңбалау
және буып-түю қызметтері және басқа да қосымша қызметтердің орын алуы
мүмкін. Аталып кеткен қосымша параметрлерлердің клиент үшін
қарастырылуы логистика саласына қатысты. Әлбетте, кәсіпорын логистика
функцияларының нақты орындауын ұйымдастырса, бәсекелестік күресте
ұтысқа ие болуымен қатар, оның нарықта нәтижелі тиімділігі мен танымал
болуына әсер етеді.
Егер тауар қозғалысы уақытын операцияларға жұмсалуы бойынша
қарастырсақ, оңың 5% өндірістік технологиялық операцияларға жұмсалады,
60% сақтауға, ал 35% тасымалдауға бөлінетіні анықталады. Тауар
қозғалысында уақыттың 95%-ын логистикалық операциялар құрайтын
болғандықтан,
логистикалық
үдерістеріне
математикалық
талдау,
6

7.

оңтайландыру теориясы және компьютерлік техниканы қолдану өзектілігі өте
маңызды болып табылады.
Заманауи ақпараттық технологиялардың ішінен MRP, ERP, 1C және SAP
жүйелері логистика саласында қолдану тиімділігі сөзсіз.
MRP жүйелері белгілі бір кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес
конфигурацияны және бейімделуді қажет ететін аппараттық және
бағдарламалық жүйелер болып табылады. ERP абревиатурасы (кәсіпорын
талаптарын жоспарлау)-кәсіпорынның ресурс қажеттіліктерін жоспарлауын
білдіреді. ERP-жүйелер-бұл нақты уақыт тәртібінде кешенді жоспарлауды,
негізгі қызметті жүзеге асыруды және клиенттерге қызмет көрсетуді
ұйымдастыру мақсатында ұйымның іскери қызметін өңдейтін компьютерлік
жүйелер. Әлемдегі ERP жүйелерінің жетекші өндірушілері-Oracle (Oracle EBusiness Suite және т.б.), SAP (SAP R/3 және басқалары), Microsoft (Microsoft
Business Solution-Navision және Microsoft Business), ірі ресейлік әзірлеуші-1С
(1С: Кәсіпорын жүйесі).
Тауар қозғалысын басқарудың сауалдары әрқашан шаруашылық
қызметтің өзекті мәселесі болған. Бірақ олар бізде Қазақстанда тек XX
ғасырдың аяғында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының бірі
болды. Негізгі себеп-басымдылықтары анықталатын тұтынушылардың тез
өзгеретін сұраныстарына өндірістік және сауда жүйелерінің құбылмалы
әсерінің қажеттігін туғызған дайын өнімнің сатушылары арасындағы
бәсекенің дамуы.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында материалдық-техникалық
базаны жетілдіру ережелерінің біртұтас жүйелері өзінің бұрынғы мәнін
жоғалты. Әрбір шаруашылық субъект өз бетінше нақты жағдайды бағалайды
және шешім қабылдайды. Әлемдік тәжірибе бәсекелік күресте логистика
саласында біліктілігі бар және оның барлық тәсілдерін игерген ғана
көшбасшы бола алатынын көрсетті [11].
Логистиканы қолдану саласын кеңейту, бұл жақын уақыттан бері
байқалған, ең алдымен,
материалдық ағындарды басқару әдістерінің
дамуымен және оларды пайдаланумен түсіндіріледі. Бірақ логистиканың
негізгі потенциалы материалдық ағындарды басқаруды жақсарту немесе
оңтайландыру болып табылады.
Материалдық ағымдарды басқару бойынша негізделген шешімдерді
қабылдау үшін белгілі білім қажет. Бұл білімді қалыптастыру бойынша
қызметті
логистикаға жатқызады, сондықтан логистикаға келесі түсінік
беруге болады: логистика-материалдық ағындардың тиімділігін жоғарлатудың
жаңа мүмкіндіктерін іздеуге байланысты ғылыми бағыт[5]. Логистиканың
толығырақ анықтамасы[19]: Логистика-шикізат пен материалдарды өндірістік
кәсіпорынға жеткізу, шикізатты зауыт ішіндегі өңдеу, дайын өнімді
тұтынушының қызығушылығына және талаптарына сәйкес жеткізу, сондай-ақ
тиісті ақпаратты өткізу, сақтау және өңдеу және т.б. үрдістерінде жасалатын
жоспарлау, бақылау, тасымалдауды басқару, қоймалау, материалдық және
материалдық емес операциялар туралы ғылым.
7

8.

Ғылым саласы ретінде логистика келесі мәселелерді шешеді:
-сұранысты болжау және оның негізінде қорларды жоспарлау;
-өндірістің және көліктің қажетті қуаттылығын анықтау;
-материалдық ағынды оңтайлы басқару негізінде дайын тауарды
таратудың ғылыми қағидаларын құрастыру;
-өндіріс пункттерінде және тұтынушыларда тасымалдау үрдісін және
көліктік-қоймалық операцияларды басқарудың ғылыми негізін құрастыру;
-логистикалық
жүйелердің
қызмет
етуінің
математикалық
модельдерінің әртүрлі нұсқаларын құрастыру;
-бірлесіп жоспарлау, жабдықтау, қоймалау, өткізу және дайын өнімді
алып кету.
Логистиканы қолдану қажеттігін және оның мәселелерін зерттеуге деген
қызығушылықтың артуы бірнеше себептермен түсіндіріледі: бірінші себеп –
сатушы нарығынан сатып алушы нарығына өтумен түсіндірілетін бәсекенің
дамуы. Мұнда өндіріс тиімділігін көтеру арқылы ғана табысқа жетуге болатын
кезең өтті.
Екіншіден, жабдықтау, өндіру, таратудың арнайы үрдістерінің
тиімділігін көтеруге жұмсалған күштің шоғырлануы-логистиканың бүкіл
баланстық жүйесінің тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық дағдарыстың жетістіктері логистика
жүйесінің бір бүтінге консолидациясын жеделдетті.
Төртіншіден, логистика шығындарды азайтып қана қоймай, негізгі
стратегияны анықтай бастады.
Логистиканың тұжырымдамаларын талдау әлемдік экономикадағы
объективті үрдістер әсерінен тарихи жаңартылған дамуының кезеңдерін
көрсетеді. Логистизация жасаудың соңғы кезеңі және оның ең жоғарғы
формасы-әлеуметтік-экономикалық немесе басқа объектілерді басқару жүйесі
ретінде берілетін жұмыс істеуге қабілетті логистикалық жүйелерді құру [9].
Логистикалық жүйелерді құру-логистиканы қолданудың ең дұрыс және
тиімді формасы, ол келесі себептерге байланысты:
-арнайы логистикалық есептердің кездейсоқ шешімі немесе арнайы
әдістерді қолдану жүйенің қызметінің түбегейлі өзгеруіне алып келмейді. Тек
барлық ЛЖ-ге уақыттың қажетті тәртібінде потенциалды қолдану негізінде
басқарудың өзара байланысты есептерінің бүкіл кешенінің шешімі ғана
қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді;
-логистиканың арнайы элементтерін және үзінділерін енгізу, жүйелерде
көзге көрінетін жаңартуларды талап етеді.
Логистиканың зерттеу объекттісі материалды және онымен бірге
жүретін ағындар жүйесі болып табылады. Логистикалық тәсілдеменің оның
алдындағы тәсілдемеден айырмашылығы енді басқару объектісі ағын ретінде
қарастырылуы, яғни ағын-уақыттың белгілі кезеңінде абсолютті бірліктермен
өлшенетін және әйтеуір бір уақыт интервалында үрдіс ретінде жұмыс істейтін
бір бүтін ретінде қабылданатын объекттер жиыны. Материалдық ағындар
8

9.

тасымалдау, қоймалау және шикізатпен, жартылай фабрикаттармен, дайын
өніммен жасалатын материалдық операциялар нәтижесінде құрылады.
Тауар қозғалысының негізгі параметрлері-оның бастапқы және ақырғы
пункттері, жолдар геометриясы (траектория); қозғалудың жылдамдығы және
уақыты (траектория өлшемі), аралық пункттер және белсенділік.
Негізінен, материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілдемесі
материал өткізгіш тізбектің арнайы буындарын материалды ағындарды тиімді
басқаруды қамтамасыз ететін бір жүйе ретінде қарастыру болып табылады.
Тауар қозғалысын басқарудың дәстүрлі әдісінде әрбір өнеркәсіп
шешімдерді өзі қабылдайды. Нәтижесінде, бұл ағынның өзіндік құны, түсу
сенімділігі, сапасы және т.б. параметрлері тізбектен шығу кезінде (1.1суреттегі А нүктесі) кездейсоқ таңдалады және олар тауар қозғалысына
маңызды әсер етпейді.
Логистикалық тәсілдеме кезінде басқару объектісі ретінде тауар
қозғалысы ағының қарастырылады. Мұнда логистика жүйесін құрайтын
өнеркәсіптер функционалдық үдерістерін үйлестіріп, ортақ мақсатқа жету
үшін бағытталады. Осының нәтижесі тізбектен шығу кезінде (1.2-сурет Б
нүктесі) материалды ағынның жобаланған, бақыланылатын көрсеткіштері
болады.
1.1-сурет. Материалды ағындарды басқарудың дәстүрлі әдісі
Логистиканың негізгі экономикалық әсері материалды ресурстардың
көлемін және тауарды жеткізу уақытын қысқарту нәтижесінде алынады.
Сараптаушылар бағалары бойынша логистиканың әдістерін қолдану қор
деңгейін 30-50%-ға және өнім қозғалыс уақытын 25-45% -ға қысқартуға
мүмкіндік береді [5].
9

10.

1.2-сурет. Материалды ағындарды басқарудың логистикалық әдісі
Логистика бойынша барлық әдебиеттерді [5,8−19] зерттей келе,
жұмыста қолданылған негізгі анықтамаларды береміз.
Тауар қозғалысын жылжымалы күйіндегі материалдық ағындар ретінде
анықтауға болады, оларға бұл ресурстардың кеңістікте физикалық орын
ауыстырумен байланысты логистикалық операциялар қолданылады (өткізу,
қалыптастыру, тиеу, түсіру және т.б). Егер өнім жылжымалы күйінде болмаса,
онда ол қорға айналады. Осылайша, белгілі уақыт мезетінде қарастырылған
материалдық ағын материалдық ресурстардың қоры болып табылады.
Жалпы қойылымда логистика тұрғысынан қарағанда ішкі жүйелер
ретінде қызмет ететін логистикалық жүйенің түйіндерінде материалдық
ағындардың пайда болуы, жаңартылуы, жұтылуы қарастырылады.
Ақпараттық және қаржылық ағындармен байланысты логистикалық
операцияларға материалды ағын туралы ақпаратты жинау, құрастыру, сақтау
және беру; жүк, жүкті жіберушілер және жүкті алушылар туралы ақпаратты
қабылдау және жіберу; тауарларды жеткізушілер және сатып алушылармен
жасалатын есептеулер және т.б. жатады.
Логистикалық жүйе (ЛЖ) – материалды және басқа ағындарды
басқаруды бір үрдісте байланыстыратын буынның элементтерінен тұратын
күрделі, ұйымдастырылуы аяқталған экономикалық жүйе. Бұл жүйе белгілі
функционалдық байланыстар орнатылған модульдер жиынынан тұрады.
«Логистикалық жүйенің буыны» (ЛЖБ) терминімен өзінің жергілікті
қызметін атқаратын логистикалық жүйенің талдаудың қойылған есептері
шеңберінде кейінгі декомпозицияға жатпайтын жүйенің функционалды
негізделген объектісі түсіндіріледі. ЛЖ модулі ретінде фирма-өндірушілер,
ресурстарды жеткізушілер, сауда делдалдары, дайын өнімді сатып алушылар
және т.б. қарастыруға болады.
Логистикалық жүйемен логистикалық тізбек (ЛТ) ұғымын
байланыстырады – логистикалық операциялардың белгілі терілімін талдау не
жобалау мақсатымен материалдық ағын бойынша сызықтық реттелген ЛЖ
буындар жиыны. ЛТ-де алушыға тауарды жеткізу үрдісін жүзеге асыру үшін
белгілі логистикалық операциялардың жүзеге асырылуы қажет: тапсырыс
туралы ақпаратты алу және өңдеу, өнімнің қажетті мөлшерін тасымалдауға
дайындау, алушының өнімді қабылдауы, тауарлық-көліктік құжаттарды
толтыру және т.б. Егер бір логистикалық операциялар ЛЖ әртүрлі модульдары
мен буындарымен орындала алса, бірнеше нұсқалардың ішінен таңдау және
оларға логистикалық операцияларды бекіту есебі пайда болады. Бұған қоса
есеп минималды жалпы шығындар критерийі бойынша шешіледі. Әрбір
логистикалық операциямен ЛЖ нақты буындарының жасайтын шығындары
бірге жүреді. Сондықтан жалпы шығындар тұжырымдамасын логистикалық
канал түсінігімен байланыстырады.
10

11.

Логистикалық жүйеге жүйелік тәсілдемеге талдау және жобалауына
қолдануға мүмкіндік беретін белсенді күрделі жүйелердің негізгі қасиеттері
тән:
- күрделілік;
-иерархиялық;
-бүтінділік;
-құрылылымдылық.
Логистикалық жүйе құрамына кіретін элементтер-буындардың
ерекшеліктері келесідей болады:
-меншіктің әртүрлі формалары және ұйымдастырушы-құқықтық
формалар;
-қызмет ету сипаты мен мақсаттарындағы айырмашылық;
-өндірістік
қуаттылықтағы,
өндіріс
шоғырлану
деңгейіндегі,
тұтынылатын ресурстардағы айырмашылық;
-үлкен аймақта техникалық құралдардың және еңбек ресурстарының
таралуы;
-көлік құралдарының экстерриториалдығы және жоғары мобильділігі;
-қызмет резервтерінің сыртқы факторлар және көршілес буындардың
мөлшерінің көптігіне тәуелділігі.
Мұнда модульдердің көбісі өзінің ұйымдастырушы-функционалдық
құрылымы және қызмет етуді оңтайландырудың локальді критерийлері бар
логистикалық басқарудың субъекттері мен объекттерінің синтезі болып
табылады, олар жалпы жағдайда ЛЖ мақсатына сәйкес болмауы мүмкін. Бұл
логистикалық жүйеде басқаруды қалыптастыруды қиындатады және
логистикалық жүйенің объекттерінің координациясы және интеграциясы үшін
жоғары логистикалық басқару мүшесін құру қажеттігіне алып келеді.
1.2. Логистикалық жүйесінде тауар қозғалысындағы модельдері
Логистикалық жүйе-бұл кері байланысы бар ашық жүйе түрінде бір
немесе басқа логистикалық функцияны орындаушы болып ұсынылады. Мысал
ретінде кәсіпорын өнімдерін тарату жүйесі, мемлекеттің пошта жүйесі,
компаниялардың немесе холдингтың өндірістік жүйесін келтіруге болады.
Логистикалық жүйелердің бірнеше деңгейлері бар:
1. Микрологистикалық жүйелер. Бұл жүйелер кәсіпорынның жұмыс
ұдерістерінде материалдық және ақпараттық ағындарды басқаруға арналған.
Келесіге назар аударыңыз: тіпті өте ірі кәсіпорынның логистикалық жүйесі
шын мәнінде, микрологистилық жүйе болып қалады. Микрологиялық жүйелер
салыстырмалы түрде теңшеу және олардың жұмыс істеуін қолдау қиын емес.
2. Мезологистікалық жүйелер. Мұндай жүйелер холдингтердің, қаржыөнеркәсіп топтарының, компаниялардың, корпорациялардың қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді). Мысалы қаржылық құрылым ретінде банк бола алады,
инвестициялық қор және қаржылық құрылымнан басқа бірнеше өнеркәсіптік
немесе сервистік, сауда кәсіпорындары құрамына кіре алады. Егер бұл
11

12.

кәсіпорындар бірыңғай технологиялық тізбекті құраса (мысалы, шахта, болат
прокаттау зауыты және құбыр зауыты), корпорацияның логистикалық жүйесі
материалдар мен дайын өнімнің бір цехтан екінші цехке ауысуын қамтамасыз
етіледі.
Бұл міндет, әрине, маңызды, бірақ мезологистік жүйенің негізгі міндеті –
ақпарат алмасуды ұйымдастыру. Корпорацияның логистикасы (компаниялар
тобы, қаржы-өнеркәсіп тобы) негізінде ақпараттық сипатты қамтиды.
Мезологистік жүйенің ауқымы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ақпараттық
ағындардың көбеюіне, ал материалдық ағындарының азаюына алып келеді.
3. Макрологистикалық жүйелер. Бұл жүйелер әр түрлі міндеттерді шешу
үшін мемлекет пен аймақ деңгейінде құрылады. Мысалы: қазақстандағы
пошта жүйесі, темір жол көлігі жүйесі, қалалық жолаушылар көлігі. Мұндай
жүйелер әдетте мемлекет қарамағында болады және оның қаржыландыруынд
болады.
Функционалдық ішкі жүйелер жиыны бар логистикалық жүйені
қарастырайық:бірінен кейін бірі жүретін материал өткізгіштік тізбек түріндегі
логистикалық жүйенің қызмет етуі тиімсіз болғандықтан, функционалдық
буын бірнеше ішкі жиыннан, мысалы, бірнеше жеткізушіден және бірнеше
тасымалдаушылардан және т.б. тұратын күрделі жүйені қарастырайық.
Мұндай жүйе 1.3-суретте көрсетілген.
Күрделі логистикалық жүйе материалды ағынның қозғалысы бағыты
бойынша реттелген n ішкі жиыннан тұрады, яғни бірінші ішкі жүйе –кіріс
шикізаттың жеткізушілері, ал n -інші ішкі жиын – ақырғы өнім
тұтынушылары. Әрбір ішкі жиын бірнеше бір функционалдық элементбуындардан тұрады. xijt арқылы i -інші (мұндағы i 1 n , n – жүйешелер саны,
j 1 k i k i – i -інші жүйешенің элемент-буындар саны) жүйешенің j -інші
буыны арқылы өтетін материалды ағынның көлемін белгілейміз.
Әрбір буын кіріс ресурс ретінде алдыңғы жүйешенің өнімін пайдаланады.
Айталық, rij i -інші ішкі жүйенің j -інші буыны өнімінің бірлігінің ресурстың
шығындар коэффициентін көрсетеді. Әрбір буынның материалды ағынның
бірлігіне жасалатын белгілі операциялардың cij шығындары болады (өңдеу,
тасымалдау, сақтау және т.б.).
12

13.

1.3-сурет. Функционалдық ішкі жүйелер жиыны бар логистикалық жүйенің
сызба-нұсқасы
Айталық, t қызмет ету кезеңдеріне бөлінген тұтынушылардың у дайын
өніміне Q сұраныс көлемі берілсін делік, яғни
T
Q Qt
(1.1)
t 1
Дайын өнімге деген сұранысты қанағаттандыру үшін ресурс мөлшері
шектелмеген деп ұйғарамыз, бірақ ЛЖ әрбір буынындағы өңделмеген
материалды ағын көлемі олардың өткізу қабілеттілігімен шектелген делік.
Негізінен, жүйенің мақсаты-барлық буындар бойынша сомалық
шығындардың минимизациялау. Берілген есепке келесі есеп сәйкес келеді:
ki
n
T
F cij xijt min
(1.2)
i 1 j 1 t 1
мұндағы шектеулер:
ki
ki 1
x r
j 1
ijt
j 1
i 1, j
xi 1, jt 0 , i 1 (n 1) , t 1 T
(1.3)
kn
x Q , t 1 T
t
(1.4)
0 xijt vij
(1.5)
j 1
njt
Есептің берілген қойылымында ЛЖ әрбір ішкі жүйесі өз мақсаттарын
жүзеге асыруға тырысады, яғни олардың мақсаттары келесі болады:
ki
T
f i (uit cij ) xijt max , i 1 n
(1.6)
j 1 t 1
13

14.

мұндағы u it – t қызмет ету кезеңінде ( t 1 T ) i -інші (мұндағы i 1 n ) ішкі
жүйенің өнімінің, жартылай өнімінің, шикізат бірлігінің бағасы, мұнда u nt t
екенін ескеру керек.
Мәліметтерді қалыптастыру кезеңінде әрбір буын үйлестіруші орталыққа
өзінің материалды ағынның cij бірлігін өңдеу өзіндік құнының sij бағасын
хабарлайды.
Үйлестіруші
орталық
sij мөлшерін біле отырып, келесі
мақсатты функциясы бар xijt (sij ) жүктерді өңдеу көлемін анықтау есебі
шешеді.
Логистиканың қағидалары оның функциялары арқылы жүзеге
асырылады. Логистикалық функция - логистикалық жүйелердің мақсаттарын
жүзеге асыруға бағытталған логистикалық операциялардың үлкейтілген тобы.
Логистикалық функциялардың келтірілген кешенінің екі ерекшелігін
айтып көрсетейік:
а)
барлық функциялар өзара байланысты және бір мақсатқа –
материалды ағынды басқаруға бағытталған;
б)
логистикалық үрдіске қатысатын субъектілер функциялар болып
табылады, олардың негізгілері келесілер:
- өнеркәсіп-дайындаушылар, олардың дайын өнім қоймалары әртүрлі
коммерциялық операцияларды орындайды;
- көтерме сауданың өнеркәсіптері;
- көліктік өнеркәсіптер, экспедициялық фирм.
Логистика объектісі материалдық ағын болғанымен, кейбір учаскелерде
оны басқарудың арналары болады. Осы арнаға сәйкес логистиканың келесі
функционалды салаларын қарастырады: сатып алу, өндірістік, тарату, көліктік
және ақпараттық (1.4-сурет).
1.4 - сурет. Логистиканың функционалдық салалары
Өндірісті қажетті шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету
үрдісінде сатып алу логистикасының есептері шешіледі. Бұл кезеңде
жеткізушілер зерттеледі және таңдалады, келісім-шарттар жасалады және
олардың орындалуы қадағаланады, жеткізу шарттары бұзылған жағдайда
тиісті шаралар қолданылады. Логистикалық тәсілдеме күнделікті ағымды,
материалды ағынның параметрлерін қалыптастырумен байланысты сатып алу
14

15.

логистикасының
қызметі
жеке
болғанын
емес,
оның
бұл
ағынды басқарудың стратегиясына бағынғанын талап етеді.
Өнеркәсіп ішіндегі материалды игіліктерді құрастыратын немесе
материалды қызмет көрсететін материалды ағынды басқару үрдісі кезінде
көбінесе өндірістік логистиканың есептері шешіледі. Берілген сала
материалдарды сатып алу саласымен және дайын өнімді тарату саласымен
жанасады.
Дайын өнімді іске асыру үрдісінде материалды ағынды басқару кезінде
тарату логистикасының есептері шешіледі. Мұнда материалды ағын тарату
логистикасына өндірістік цехтарда өтетінін көруге болады. Бұл тара және орау
мәселелері, шығарылатын партия мөлшері және шығару уақытының
сұрақтары материалды ағынды басқарудың бастапқы кезеңдерінде
қарастырылатынын білдіреді.
Материалды
ағынды бір функционалдық саладан келесі
функционалдық салаға өту үшін оны тасымалдау қажет, ал онымен көліктік
логистика айналысады.
Көліктік
логистиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, ол
материалдық ағынның бір буыннан екінші буынға жылжуы туралы мәселе
пайда болған кезде болады.
Логистикалық үрдістерде ақпараттық құраманың жоғары мәнділігі
логистиканың арнайы бөлімінің – ақпараттық логистиканың бөлініп
шығуының себебі болды. Ол логистиканың қалған функционалдық саласымен
тығыз байланысты. Материалды ағындарды басқаруды қамтамасыз ететін
ақпараттық жүйелер ақпараттық логистиканың зерттеу объектісі болып
табылады.
Логистиканың даму мәселелері және болашағы
Қазіргі нарық жағдайында фирмалар көбінесе тұтынушының қажетіне
қарап әрекет етеді, бұл олардың мүмкін сұраныстарын қанағаттандыруға
ұмтылуымен түсіндіріледі. Нақты тұтынушы үшін белгілі тауардың немесе
қызметтің
сапасының
жоғары
деңгейі,
барлық
қажеттіліктерді
қанағаттандыратын тұтынушылық қасиеттердің үйлесімінің болуын білдіреді.
Осындай маңызды қасиеттердің бірі әртүрлі операциялар және жұмыстарға
байланысты шығындарға тәуелді болатын тауар немесе қызметтің құны болып
табылады.
Жалпы шығындарды төмендетуге компаниялар қызметінің
тәжірибесінде логистиканың қағидалары мен тұжырымдамаларын қолдану
арқылы жетуге болады [8,9,15,33].
Логистика мәселелері қазақстандық кәсіпкерлердің, менеджерлердің,
инженерлік-техникалық қызметкерлердің көбісі үшін жаңа болып табылады.
Осыған байланысты логистиканың негізгі ережелеріне тоқталғанымыз дұрыс
болады.
Логистикалық қызметтің сипаты интегралданған. Логистика әртүрлі
кәсіпорындардың
бизнестің мақсатына жетуге байланысты барлық
үрдістердің интеграциясы бойынша бірлесіп істейтін қызметі.
15

16.

Барлық функциялар мен операциялар жоспарлануы, басқарылуы және
түрлендірілуі қажет. Арнайы функциялар шеңберіндегі барлық үрдістер бірбірімен келісіп жұмыс жасайды. Логистиканың интегралданған жүйесінің
негізін шикізат пен материалдарды сатып алу, өндіріс, өткізу көлік, ақпарат,
қаржы, сондай-ақ қорларды, сапаны басқару, материалдардың қажеттілігін
жоспарлау және сол сияқты бизнестің маңызды саласын құрайды.
Бизнестегі жетістік арнайы компанияның нәтижелеріне ғана емес, оның
серіктестеріне-жеткізушілер, делдалдар, тасымалдаушылар және т.б.
байланысты.
Әртүрлі есептердің, функциялардың және үрдістердің өзара байланысын
қамтамасыз ету қажеттігі логистиканың қағидалары негізіндегі кешенді,
интегралданған тәсілдемені қажет етеді.
Кәсіпкерлік құрылымның, сондай-ақ мемлекеттік органдардың (салалық
министрліктер, департаменттер және т.б.), ғылым мен білімнің қызметінің
масштабтық келісімін қанағаттандыру мемлекет масштабындағы шығын
деңгейін
төмендетуді
қамтамасыз
етеді.
Бұл
тұтынушылардың
қызығушылықтарын туғызады және қазақстандық тауар мен қызметтердің
бәсеке қабілеттілігін көтеру бағытында жасалған жақсы қадам болып
табылады. Республика экономикасындағы логистиканың рөлі төрт негізгі
факторлардың
өзара
әрекеттесуімен
анықталады:
экономикалық,
ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық [9].
Экономикалық фактор фирманың пайдасы мен қызметін өсіру үшін
өндірістік және айналым шығындарын қысқарту мүмкіндіктерін іздеумен
түсіндіріледі. Осылайша, егер нарықтық қатынастардың даму кезінде
«есептеу-табыс-тұтынушы» қағидасы орын алса, онда логистика потенциалы
осы қағиданы ұстанады.
Ұйымдастырушылық-экономикалық
фактор
басқарудың,
тенденцияның
және
үйлестірудің
интегралданған
формаларымен
түсіндіріледі, олар әсіресе өнеркәсіп дайындаушылар, тұтынушылар,
делдалдар, қойма шаруашылығының және көліктің өзара әрекеттесуінің
логистикалық үрдістеріне тән.
Ақпараттық факторға нарықтық қатынастардың дамуының себебі және
нәтижесі болып табылатын ақпараттық байланыстардың дамуын жатқызамыз.
Ақпарат нарық пен логистиканы тығыз байланыстырады.
Техникалық фактор, коммерциялық бастама және нарықтық
қатынастардың дамуы материалды ағындарды басқару үрдісіне жаңа
техниканың енгізуін ынталандыратынын көрсетеді, олар техникалық
жаңғырту жағдайында логистикалық негізде тиімді менеджментін қажет етеді.
Жоғарыда айтылған барлық факторларды ескере отырып, қазіргі кезде
Қазақстанда логистиканың және логистикалық жүйелердің дамуына барлық
мүмкіндіктер бар екенін айту керек. Бірақ бұл факторлармен қатар
логистикалық тәсілдеменің кең таралуына бөгет жасайтын қиындықтар да бар.
Біздің ойымызша, Қазақстанда логистиканың даму жолында кездесетін
қиындықтарды атап көрсетейік:
16

17.

-тауарлар мен қызметтерді тарату жүйелерінің даму тұрақсыздығы;
-қазіргі электронды коммуникациялар, электронды желілер, байланыс
және телекоммуникация жүйелерінің дамуының төмен деңгейі;
-көліктік инфрақұрылымының дамуының артта қалуы, әсіресе,
автомобиль жолдар облысында, жүк терминалдарының жеткіліксіз мөлшері,
сондай-ақ олардың төмен техникалық-технологиялық деңгейі;
-көліктің барлық түрлерінде дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін
көліктік құралдардың жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық
және моральді тозуының жоғары деңгейі;
-қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық базасының дамуының
төмен деңгейі; өнім өндіру бойынша қазіргі технологиялық жабдықтың
жетіспеушілігі;
қойма
жұмыстарының
механизациясының
және
автоматизациясының төменгі деңгейі;
- қазіргі талаптарға сай тараларды және орауыштарды өндіру бойынша
өндірістің жеткіліксіз дамуы және т.б.
Тарату жүйесі тауарлардың өндірушілерден тұтынушыларға баяу
жылжуымен, қанағаттандырылмаған сұраныстың жоғары деңгейімен, төмен
сенімділікпен және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының деңгейінің
жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Логистика тұжырымдамасын тарату үрдісінде көлікке ерекше орын
бөлінген. Жүктерді халықаралық тасымалдауларға қатысатын отандық
көліктік және экспедиторлық өнеркәсіптер тасымалдау және жүктерді
өңдеудің логистикалық технологияларын, интермодальді, мультимодальді
және терминалды жүйелерді, «есіктен есікке» қағидасы бойынша тасымалдау
технологияларын енгізу қажеттігін алғашқылардың бірі болып байқады. Ірі
мемлекеттік және жеке көліктік және экспедиторлық өнеркәсіптер өзінің
терминалдық жүйелерін, тарату және логистикалық орталықтарын,
логистикалық қызметтің ақпараттық-компьютерлік қамтамасыз ету
орталықтарын белсенді құра бастады.
Логистика саласында кадрларды дайындау жеткілікті күрделі мәселе
болып табылады. «Логистика» мамандығы бойынша кадрларды белсенді
даярлау, бұл салада орташа және жоғары менеджмент қызметкерлерінің
кәсіптілігін жоғарылату қажет.
1.3
Логистика
көрсеткіштеріне әсері
қағидалары
және
олардың
компания
Жалпы алғанда, біз қағидалар деп кейбір барлық базалық шешімдер
қабылданатын қондырғылар айтамыз. Ұйымдағы логистика ұйымдастырылуы
әртүрлі болады: ол өндіріске немесе өткізуге бағытталуы мүмкін, ол
автоматтандырылған немесе қарапайым ұйымдастырылған болуы мүмкін.
Қорлардың деңгейі, қоймалардағы тауарлардың айналымы, жүк тасымалын
ұйымдастыру сұлбасы әртүрлі болуы мүмкін.
17

18.

Бірақ, осы айырмашылықтарға қарамастан, олардың барлығына
қолданылатын базалық қағидалар жиынтығы бар. Егер оларға мән бермесек логистика пайдасыз немесе тіпті зиянды болып кетеді.
1. Жүйелілік қағидасы. Логистика ұйымның қызметінің барлығына әсер
етуі тиіс және олардан жауап әсерін алуы мүмкін. Кейбір компанияларда
логистика бөлімі өзін–өзі ақтайды. Ұйымның қаржылық құрылымымен
технологиялық бөлім айналысады, қойма жұмысын қойма бастығы
ұйымдастырады, өнімді бөлуді сату бөлімі немесе маркетинг бөлімі жүргізеді.
Бұл жағдайда логистика туралы ақпаратты жинау, ұйымның барлық
функцияларын жүзеге асыру және диаграммаларды салу және оларды
жиналыстарда таныстырып отыру ғана қалады. Бұл жағдайда логистика бөлімі
компания үшін пайдасыз. Ол өз мақсаттарына жете алмайды, ұйымға
шығындарды азайтуға немесе жұмыстың ырғақтылығын арттыруға
көмектеспейді. Ұйым бөлімшелері мен қызметтерінің көп болуына
байланысты логистика бөлімі, көп ақпарат алған сайын, ол фирманың
тиімділігіне күшті әсер етеді.
2. Икемділік қағидасы. Логистикалық жүйе ұйымның сыртқы немесе
ішкі ортасындағы өзгерістерге әсер етуі мүмкін. Бүгін, екінші ғылымитехникалық дағдарыс дәуірінде, нарық талаптары өте тез өзгереді. Өндіріс
технологиясы, сипаттамалары, шикізат қойылатын талаптар, соңғы өнім
өзгереді. Үнемі өндіріс технологиясына шектеулер қойылады (мысалы,
экологиялық талаптар). Кәсіпорынның логистикалық жүйесі өте тиімді және
сенімді болуы мүмкін, бірақ сыртқы талаптарға бейімделу кезінде жаңа
логистикалық жүйені құру өзгерген жағдайда көптеген шығындарға ұшырауы
немесе тіпті жойылуы мүмкін.
Икемді емес логистикалық жүйелерді біздің еліміздің әртүрлі
кәсіпкерлікте көруге болады. Мысалы, стандартты өндіріс технологиясы
материалдары келесідей болалы: негізгі шикізат – 2-3 мм өлшемді әр түрлі
сұрыпты корунд кристалдарды. Өңдеуді бастау үшін, шикізат цехтың жоғарғы
қабатына көтеріледі. Бұл кристалдар мүлдем бақыланбайды және оның
салмағымен операциялардан операцияларға цех қабырғаларында салынған
брезент жеңдері бойынша берілуі мүмкін. Жартылай фабрикаттар жертөлеге
түспейінше, қабаттан қабатқа түседі, онда массаны араластыру, пеште
қалыптау және күйдіру 2-3 тәулік бойы жүреді. Бұдан әрі, дайын өнім
салқындап,
кәсіпорын қоймасына беріледі. Көріп отырғаныңыздай,
құралының логистикалық өндіріс жүйесі өте арзан және қарапайым болып
келеді. Іс жүзінде бірде-бір күш пен энергия қажет емес-шикізат ауырлық
күшінің әсерімен өңдеуден өңдеуге, учаскелер бойынша қозғалады.
Енді елестетип көрейік, сыртқы ортаның қысымымен зауыт өндіріс
технологиясын сәл өзгертуге мәжбүр болады (мысалы, бір-екі операцияны
қосу) немесе жалпы цехты қажетті өнімді бейіндеуге шешім қабылдады.
Қолданыстағы логистикалық жүйе шеңберінде мұны жасау мүмкін емес.
Қабырғадан жеңдерді шығару және оларды басқа жерде салу мүмкін емес,
себебі бұл ғимараттың құрылымын айтарлықтай әлсірейді. Жаңа
18

19.

операцияларды қосу мүмкін емес, себебі цех ғимараты тек қажетті жабдықтар
үшін ғана қолданылатын технология. Пешті қайта жабдықтау мүмкін емес,
себебі ол цех ғимаратының іргетасы болып табылады. Қазіргі таңдағы икемді
емес логистикалық жүйеге өзгеріс енгізуге қарағанда, мүмкін, онын жанына
тағы бір ғимарат салып, онда жаңа өнім өндірісін бастау оңай және арзанырақ
болады.
Мұндай жағдай жобалау кезінде кәсіпорынның жұмысына өзгерістер
енгізу мүмкіндігі ескерілмегенде пайда болады. Құрал
шығаратын
зауыттардың
тиімділігіне
қарай,
технология
және
қазақстандық
тұтынушылардың өнімге қойылатын талаптары 50 жылдан астам уақыт
өзгемеді. Егер іс-әрекеттердің тиіс қызметкерлердің санын бағаласақ, бұл
тапсырманы орындау оңай болады. Тасымалдауды басқару орталығын
үйлестіру (шамамен 80000 адам), және теміржол төсемінің ұзындығы (7000 км
астам). Негізгі орталықтың логистикалық операциясы-ұйымдастыру
құрылымы теміржолдар тұрақты өзгеруі, оның бөлімшелерің функциялары
өзгеруі. Бұл өзгерістерді ескеру үшін үнемі техникалық құралдар кешенін
қайта құру, қосымша бар құралдар арасындағы байланысты өзгерту қажет.
Кабельдерді ғимаратты салу кезінде төсеу мен қайта төсеуді жеңілдету үшін
әрбір қабаттың еденінің астында материалға толы бос орын қалдырылды.
Қажет болған жағдайда еден плиталарын тез ашуға болады, мысалы, қосымша
кабель, қажетті жабдық салу немесе орнатуға болады.
3. Оңтайлылық қағидасы. Кәсіпорын логистикалық жүйе жұмысының
тиімділігі және оның құны арасындағы тепе-теңдікті табу. Егер кәсіпорын
дамуға ұмтылса, теориялық тұрғыдан, оны әзірлеу және 100% тиімділігі бар
логистикалық жүйені құру, барлық операциялар дәл мерзімде орындалуы және
артық шығындардың пайда болуына жол берілмеуі тиіс. Логистикалық
жүйенің құнын бағалау кезінде жүйені бастапқы күйге келтіру және іске қосу
шығындары, сондай-ақ ағымдағы шығындар ескерілуі керек. Жүйенің
оңтайлылығын бағалау үшін капиталдардың өзін-өзі өтеу мерзімін есептеудің
уақыт факторын есепке ала отырып немесе есепке алмағанда классикалық
үлгілерін пайдалану қажет.
4. Компьютерлендіру қағидасы. Кәсіпорын
барлық ағымды
функцияларды компьютерлендірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Компьютерде
орындалатын барлық операциялар компьютерлендірілуі тиіс.
Логистикалық операциялар
Логистикалық операция - бұл материалдық және ақпараттық ағынын өзгертуге
бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы. Оған негізгі логистикалық
операциялар жатады:
1. Жеткізуді ұйымдастыру.
2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру.
3. Алынған тауарларды қабылдау және сапасын бақылау.
4. Тауарларды қоймада және қор бақылауында орналастыру.
5. Тапсырысты таңдау (материалдарды таңдау, сақтау және оларды
тапсырысқа, буып-түюге біріктіру).
19

20.

6. Жүктерді өңдеу (операциялар кезінде ресурстардың қозғалысы).
7. Физикалық таратуды басқару (бұл операция маркетинг бөлімімен
бірге орындалады).
8. Орындарды таңдау (өндіріс орны, қойма, тарату орталықтары).
9. Ақпараттың қозғалысын ұйымдастыру (жүйені құру).
10. Өнімдерді қайтару және қалдықтарды жою. Бүкіл логистикалық
үдерісті жеке операцияларға бөлу көбінесе шартты және ол кәсіпорын
мақсаттарына байланысты. Мысалы, логистика жабдықтау операциясын
көптеген кіші операцияларға бөлуге болады (жеткізушілерді таңдау,
жеткізілім шарттарын жасау, түсіру, қабылдау алынған тауарлар және т.б.).
Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне логистиканың әсері
Компания қызметінде логистиканың қаржылық нәтижелерге әсері болмаса,
логистикалық әдістерді қолданудың мағынасы жоқ. Бұл әсер шығындардың
азаюынан көрінеді. Тиімді логистика компанияға мынандай артықшылықтар
береді:
- айналым қаражаттарының айналымын азайту өндіріс және сату
циклдарының уақытын арттырады;
- қорлардың деңгейін төмендету арқылы айналым капиталын азайтады;
- сақтау орнын пайдалану тауарларды сақтау құнын төмендетеді,
дәрежесін жоғарылатады;
- жабдықты пайдалану дәрежесін жоғарылатады;
- өндіріс ырғағын арттырады;
- тапсырыстарды орындау кезінде жіберілген қателер мен қателер санын
азайтады;
- өнімнің қабылданатын мәндерін арттырады (қолайлылық, қабылдау,
жедел жеткізу).
Сіз тарихи индикаторлар немесе интегралды қолдану арқылы жоғарыда
аталған көрсеткіштерді сәйкесінше салыстыру арқылы ұйымдағы
логистикалық
жұмыстың
тиімділігін
бағалай
аласыз. Ең
айқын
көрсеткіштердің бірі - бұл кірістілік активтері (активтердің қайтарымы,
ROA). Бұл ұйымның тапқан пайдасы пайдаланылған активтердің құнына
жатқызылады. Активтердің
қайтарымдылығы
компания
қолда
бар
ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланатынын көрсетеді. Активтердің
қайтарымдылығы мына формула бойынша есептеледі:
English     Русский Правила