4.14M
Категория: ОбразованиеОбразование

Оқушылардың мамандық таңдауда ата-аналардың алатын орны

1.

Оқушылардың мамандық
таңдауда ата-аналардың
алатын орны
Педагог-психолог: Хизина А.Т.

2.

Мақсаты:
Мамандық таңдаудағы ата-ананың атқаратын рөлін
көрсету, балаға көрсетілетін көмек жолдарымен
таныстыру.
Міндеттері:
•жасөспірімдердің мамандық таңдаудығы психологиялық
ерекшеліктерін зерттеу;
•мамандық таңдау мәселесі бойынша ата-аналардың
қызығушылығын ояту.

3.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ,
мұның кез - келгеніне икемділік қажет,
бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе».
(Ж.Аймауытов)

4.

«Мамандық - адамнан арнаулы
білім, еңбек дағдылары мен
іскерлікті талап ететін еңбек іс
әрекетінің
түрі»
деп
көрсетілген екен.
Мамандық - қарапайым өмір
сүру көзі болып табылатын
және
қандай
да
бір
дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.

5.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл
сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады
екен.
Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға
болады?
Біз олардың қаншасы туралы білеміз?
Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?»
деген сұраққа сіздер нақты жауап бере алмайсыздар.
Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе
біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған
жағдайда өте күрделі мәселе.

6.

Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне
ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1)Ата-ананың қалауы бойынша;
2)Досымен бірге мамандық таңдау;
3)«Қайда алса сонда барам» принціпі;
4)Табысы жоғары жұмыс;
5)Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.
Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:
1 фактор – «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын
анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің
бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.
2 фактор – «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың
талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің
қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта
оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.
3 фактор - «Керек» - таңдаған мамандық бойынша кәсіби білімді қай
жерден алуға болады, бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қандай
екенін анықтау керек.

7.

1-тұлға таңдаған бағытының қоғам талаптарына сай
келу аймағы;
2- тұлға мүмкіндігінің қоғам талаптарына сай келу
аймағы;
3-рухани комфорт аймағы;
4- қолайлы мамандық таңдау аймағы.
Мамандық таңдауда балаңыздың қабілеттерін,
бейімділігін ескеріңіз.
Яғни таңдаған мамандық өзіңнің мінез - құлқыңа сай
келуін қадағалау, қолыңнан келетін іске ұмтылу, заман
талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған
дұрыс, жеке өзі пікірің маңызды, жүрек қалауына
сүйене отырып шешім қабылдау қажет. Бос арман
қуудың қажеті жоқ!

8.

Сол себепті жан - жақты ойланайық. Оқу жылы
аяқталғанға дейін сіздермен алда талай бірге
жұмыс атқарамыз, сондықтан психологиялық
тесттердің нәтижесі арқылы балалардың қандай
бағытқа икемдері бар екендігін анықтадық.
Сіздер балаларыңыз қоғамға қажетті азамат
болғандарын қалайсыздар, сондықтан мамандық
таңдау мәселесіне терең үңіліп, жауапкершілікпен
қарайық. Балаларыңызға өз ойларыңызды айтып,
бір - бірлеріңізге дұрыс шешім қабылдауға қолдау
көрсеткендеріңізді қалаймыз.

9.

Мамандықты анықтауда қолданылған әдістемелер:
1.
Е.А. Климовтың «Дифференциалды диагностикалық сауалнама әдістемесі» - мамандық
таңдау бағыты;
2.
Дж.Голланд әдістемесі бойынша «Тұлға типін
анықтау»- оқушылардың мінез-құлық типологияларына
сәйкес мамандық таңдау бағыты;
3.
«Қызығушылық картасы» оқушылардың мамандық
таңдау барысында пәндерге қызығушылығын анықтауға
мүмкіндік беріледі;
4.
Қабылдау әдістемесі (мақсаты: оқушының есте
сақтауына әсер ететін қабылдау түрін анықтау).

10.

Е.А. Климовтың «Дифференциалды диагностикалық сауалнама әдістемесі»
58%
60%
50%
40%
30%
16%
20%
10%
0%
2%
9%
16%

11.

Табиғат
Еңбек объектісі тірі организмдер, жануарлар,
өсімдектер, биологиялық процестер болып
табылады.Мамандықтар: агроном, орманшы, бақташы,
зоотехник,географ,геолог,математик, физик, химик т.с.с
Техника Аппараттар мен құрылымдар, материалдарды
пайдалану оларды құрастыру сыяқты техникалық бұйымдармен
жұмыс істейтін мамандықтар жатады. Мысалы: радиомеханик,
оператор, инженер, машинист
Адам
Адамдармен қатынасу арқылы жүргізілетін жұмыс
түрлері, мандықтар: медицина, педагогика, психология, құқық
органдарында, саясатта, діни бағытта.
Белгілер жүйесі Таңбалар, шифрлар, кодтар, кестелер сыяқты
белгілер жүйесін құрастыратын, оқыйтын, пайдаланатын
мамандықтар: лингвистика, програмист, машинист, экономист,
статистика мамандары.
Әдеби бейнелер әдеби - шығармашылық еңбекке жататын
топтағы. Мамандықтар: ювелир, фотограф, музыкант, суретші,
жазушы, артист.

12.

Дж.Голланд әдістемесі бойынша
«Тұлға типін анықтау»
30%
25%
26%
23%
20%
15%
10%
5%
0%
11%
23%
14%
4%

13.

* Әлеуметтік тип адамдары қарым-қатынасқа түсуді жақсы көреді, басшылыққа ұмтылады,
әлеуметтік ептілігі бар. Айналасындағыларға тәуелсіз, жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ауызша
сөзге тіл байлығы жақсы, қабілетті. Жанындағы адамдарға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық
білдіріп тұрады. Ұнататын қызмет салалары: психология, медецина, педагогика, журналистика, заң
қызметтері.
* Реалистік тип эмоциялық тұрақтылықтары жоғары, заманға сай бейімделе біледі. Нақты объектіні
ұнатады және сонымен ғана шұғылдану дұрыс деп есептейді. Ептілікті талап ететін, үнемі
қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды қажет етеді. Мамандықтары: механик, жүргізуші,
инженер, агроном т.б. Ауызша сөзді көп талап етпейтін, моторлық қабілеті мол, сызбалар жасау
сияқты жұмыстар жағады. Физика, экономика, кибернетика, химия, спорт сияқты салаларда
табысқа жетуіне мүмкіндігі мол.
* Интеллектуалдық тип талдамалық ақыл-ойы бар, паймдауы тәуелсіз, өзіндік ерекшелігімен
сипатталады. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттері шешуге бейім. Ғылыми тұрғыдан
мамандықтарды таңдайды. Интеллектуалдық құрылымы үйлесімді: вербалды және вербалсыз
қабілеттері бірдей дамыған. Жалпы белсенді, бірақ қызметте, қарым-қатынасқа көп жоқ.
Мамандықтары: математика, география, геология, шығармашылық кәсіптер.
* Конвенциалдық тип құрылымдық қызметке бейім, нұсқау бойынша жұмыс істейді, қатаң
белгіленген нұсқаумен жұмыс атқарғанды ұнатады, нақты сандық ақпаратты өңдеп, ұқсатуға әуес.
Мінез ерекшелігі – бағыныштылық, тәуелділік. Ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті аз. Ауыз
сөзге көп жоқ. Мамандықтар: бухгалтер, финансист, заңтанушы, экономист, іс жүргізуші, кеңсе
қызметкері.
* Артистік тип адамдармен қарым-қатынаста өз қиал сезіміне сенеді. Өмірге сезімталдықпен
қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауда тәуелсіз, икемді, ақылды. Шығармашылық кәсіпті
ұнатады, музыка, сурет алу, гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Қабылдау, түсіну, ұғыну
қабілеті мол. Бұлар тарих, филология, өнер жағына жақын.
* Тапқыр тип бұл тип белсенділікті, қызбалықты, құлшынысты, ынталы істерді талап ететін
міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылықты етуді, тапқырлықты
танытады, қадірлегенді, күш көрсеткенді жақсы көреді. Ауызбен орақ орады, еңбек қиындығын,
мотрлық дағдыны ұнатпайды. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат, репортер, менеджер,
директор, делдал адамдарға лайық.

14.

«Қызығушылық картасы»
30%
26%
25%
20%
15%
10%
5%
0%
18%
14%
12%
9%
9%
9%

15.

Қабылдау әдістемесі
58%
60%
50%
35%
40%
30%
20%
10%
7%
0%
Аудиал
Визуал
Кинестетик

16.

Аудиалдар
Аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайды. Бұл - өте сирек кездесетін жандар. Олардың есте
сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Және әңгімелесушісімен міндетті түрде бетпе-бет
жүздесуді қажетсінбейді. Сөйлеген сайын жадырай түседі. Сіздің айтып бергеніңізді сөзбе сөз қайталап беру
мүмкіндігі де бар. Еш уақытта олардың сөзін бөлуге болмайды. Бөлген жағдайда сізбен екінші рет сөйлеспей
қояды. Сырт көзге аудиалдар қырсық, еш өзгермейтін адам болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жалған ақпарат,
себебі аудиалдар өте мейірімді келеді. Кез келген уақытта тыңдап, кеңесін айтады.
Визуалдар
Визуалдар ақпаратты көздері арқылы қабылдайды.Олар көз алдына картинаны елестетіп, оны сипаттап бере
алады. Әңгімені де жақсы айтады. Визуалды жүйенің арқасында шексіз армандап, жаңа дүниелерді ойлап
табуға болады. Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған абзал. Осылайша
ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді. Олар ара-қашықтық пен заттың қай жерде тұрғанын қолы арқылы
көрсетеді. Визуалдар үшін барлығының әдемі болуы маңызды. Үстіне ыңғайыссыз болса да, көпшіліктің
көңілінен шығатын киім киюді ұнатады. Визуалдар үшін көз бен құлақ бір мүше. Дауыстары жарқын,
көзқарастары айқын болады. Әңгіме барысында визуалдар көзге қарайды және қарсы алдында отырған
адамнан соны талап етеді. Визуалдар денесіне өзге біреудің қолы тигенін, құшақтағанын ұнатпайды. Кейде
сабақ айтып тұрып төбеге қарауы мүмкін.
Кинестетиктер
Кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс, құшақтау арқылы қабылдайды.
Олар еш уақытта сезімін жасыра алмайды. Қойылған сұраққа қысқа да, нұсқа жауап береді. Шешімді
сезімдеріне сүйене отырып қабылдайды Кинестетиктер ыңғайыссыз киімді мүлдем кимейді, барынша
жайлылықты жақсы көреді. Әңгіме барысында қолыңыздан ұстап, жағдайыңызды сұрайды. Жанында
тұратын адамға өте жақын тұрады. Жан дүниесіне тек «таңдаулы» адамдарды ғана кіргізеді. Кез келген
нәрсені қолмен ұстап, иісін иіскеп, қозғалтып барып таниды. Жоғарыда айтылғандар кинестетиктер
қозғалғыш адам екенін емес, ақпаратты қабылдау объектісі – дене екенін білдіреді. Бір нәрсені өздері жасап
көрмейінше, түсінбейді. Жоспар, арман, мақсат сынды сөздерді мүлдем ойға алмайды. Олар үшін тек сезім
маңызды рөл ойнайды.

17.

18.

«Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол
өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Біріге отырып таңдау жасалған кәсіптің
«пайдалы» және «пайдасыз» жақтарын
қарастырыңыз.
Болашақ мамандық таңдауда баланың да пікірін
ескеріңіз.
Мамандықты таңдағанда қаржылық жағын
ескере бермей, моралдік жағына да көңіл бөліңіз.
Мамандық таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз,
әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі мүмкін.

19.

Егер де мамандық таңдауда келіспеушілік орын алса,
білікті мамандардан кеңес алаңыз.
1.
Бала арманының орындалуына барын салып
ынталанса, оған сүйеніш болыңыз.
2.
Егер балаңыз таңдауда қателессе, оны
жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.
3.
Егер балаңыздың қандай да бір кәсіпке
қызығушылығы ерте ояна бастаса, оны үйірмелерге
беріп, әдебиеттермен білімділігін қолдап отырыңыз.
4.
Есіңізде ұстаңыз, кәмелетке толған, өзінің
таңдауына жауап бере алатын адам, ақырғы шешеімді
баланың өзі жасауы керек!

20.

Төрт стратегия
*БІРІНШІ СТРАТЕГИЯ: балаңызға көбірек
күлімдеп жүріңіз!
*ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ: балаңызға көбірек
көңіл бөліп сөйлесіңіз! Оның сұрақтарына
жауап беріңіз!
*ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯ: құшағыңызды
аямаңыз!
*ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯ: балаңызға атааналық бағыт бағдар беріп, өзін сенімді сезіне
алатындай қолдау, мақтау және көңілі
көтерілетін сөздерді жиі айтыңыздар!

21.

Естеріңізде болсын:
Жақсы демалатын адам
ғана, жақсы жұмыс істейді!
English     Русский Правила