146.08K
Категория: ИсторияИстория

Қазақ халқының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресі (лекция № 4)

1.

Лекция тақырыбы:
«Қазақ халқының патша үкіметінің
отарлау саясатына қарсы
ұлт-азаттық күресі»

2.

Жоспар:
1.
КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ СЫРЫМ ДАТҰЛЫ
БАСШЫЛЫҒЫМЕН БОЛҒАН КӨТЕРІЛІСІ.
2.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС.
3.
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ
КӨТЕРІЛІС.
4.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ
ҚОЗҒАЛЫС.
5.
1916 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ
КӨТЕРІЛІС.

3.

КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ СЫРЫМ ДАТҰЛЫ
БАСШЫЛЫҒЫМЕН БОЛҒАН КӨТЕРІЛІСІ.
(1783-1797 жж.)
Көтерілістің себептері:
1. Патша өкіметінің қазақтардың "ішкі жаққа",
Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы.
2. Көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша
бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық
салған Нұралы ханның салық саясатының
зардаптары.
3. Орал казактарының қазақ ауылдарын тонауы.
4. Қазақ билеушілерінің бір бөлігінің
құқықтарымен патша өкіметінің санаспауы.

4.

Көтерілістің барысы
1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне
шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен
жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді.
Көтерілісшілер Орынбор мен Елек қорғанысының екі арасын байланыстыратын
даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала)
қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша
үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы
бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар
жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.
1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен
арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға
мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны
орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз
алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден
біржолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз
уақыт Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер
аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.

5.

Патша үкіметінің көтерілісті басу үшін
қолданған әскери күштері :
1. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін арнайы аттандырылған
генерал-майор Смирновтың тобында үш жүзге жуық орынбор казагы, 2
мыңнан астам башқұрт болды, бірнеше зеңбіректер бөлінді. Ақпанның
бораны жазалаушылардың Кіші жүздің далалық аймағына тереңдей енуіне
мүмкіндік бермегендіктен, Смирновтың тобы көтеріліске қатысы жоқ
ауылдарды шауып, 70 қазақты тұтқындап, байлап әкетті.
2. 1787 жылы наурызда көтерілісшілерді талқандау үшін 1 мыңнан астам
қаруланған күш Орал казак әскерінің старшиналары Колпаков пен
Пономаревтің басшылығымен жорыққа шықты. Әскери коллегияның
президенті Г. А. Потемкиннің нұсқауына сай жазалау тобына «қырғызқайсақ» қарақшыларын Жем өзені бойындағы ұясына дейін тықсырып
тастау қатаң жүктелді. Бұл кезде Кіші жүзді қамтыған көтерілісшілердің тек
Жем өзені бойында шоғырланған тобының қатары жеті мыңға жетті.
3. 1785 жылдың көктемінде қазақтардың жайлауға көшуге әзірленіп
жатқандығын пайдаланып, көтеріліске соққы беруді тездетуге бұйрық берді.
Майор Назаровтың басқаруымен 405 Орал казактарынан тұратын топ
наурыз айында табын руына шабуыл жасады.

6.

Көтерілістің аяқталуы
1.
2.
3.
4.
5.
1797 жылдың күзінен патша үкіметі Кіші жүзде хандық
билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды.
Барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі
кәрі Айшуақты хан етіп бекітті.
Сұлтандардың ішіндегі ақылдысы Айшуақтың хан
болуын сұлтан, билердің көбі қуана қарсы алды.
Әсіресе оны қолдаған Нұралының жаулары еді.
Осы мәселеден Сырым Датұлының жақтастары
арасында тағы да алауыздық байқалып қалды.
1797 жылы Қаратай сұлтанның өршеленген қуғынынан
құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп
кетті. Ал 1802 жылы белгісіз себептерден батыр сонда
дүние салды.

7.

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БӨКЕЙ
ОРДАСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІС
(1836-1838 жж.)
1.
2.
3.
4.
Бөкей ордасыдағы ауылдық-қауымдық жерді ірі орыс
помещиктері Юсупов пен Безбородконың, хан
туыстары мен басқа да ақсүйек топтардың иемденіп
алуы.
Билеуші топтардың озбырлығы, патшаның және
Астрахань губернаторының қолдауына сүйенген
Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі –
жалпы хандық басқару жүйесін шайқалтты.
Жыл сайын хан сарайына жергілікті рулар 10-50 мың
сом аралығында ақшалай салық төлеуге тиісті болды.
Сонымен қатар күзде әрбір шаңырақ хан сарайы
мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем
түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттелді.

8.

Көтерілістің басшылары:
Көтеріліске старшындар батыр Исатай Тайманұлы
мен атақты ақын Махамбет Өтемісұлы басшылық
етті.
Исатай Тайманұлы жасынан өзінің тапқырлығымен,
қабілетімен көзге түсті. 1812 жылы оны Бөкей хан
беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп
тағайындаған. 1814 жылы Орынбор шекаралық
комиссиясы старшындыққа бекіткен. 1817 жылдан
бастап Исатай батырдың патша шенеуініктерімен
байланысы салқындай бастады. 1817-1823 жылдары
Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі
бойынша жала жабылып, сотқа тартылған Исатай
ақталғанымен, хан сарайымен байланысы суи берді.

9.

Көтерілістің барысы
1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру
арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның
төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз
алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау
жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы
шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан
халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық
қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс
етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап
шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің
ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады.
Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла
бастады

10.

Көтерілістің барысы
1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың
ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп
отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды.
Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы
күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете
тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі
би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл
жасады. Олар бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.
1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының
беделді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп
қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті.
Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс
ауқымынан қауіптенге Орынбор шекара комиссиясы Исатай
Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді.

11.

Көтерілістің барысы
Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің
өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің малмүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп
біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде
ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».
1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына
шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ
Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам,
соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші
бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір
ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып
алумен болды.
Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті.
Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына
шабуыл жасап, талқандап кетті.
Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында
сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүниемүлкі мен малын олжалады.

12.

Көтерілісті басу үшін Жәңгір ханның
әскери күші:
1.
2.
3.
4.
Жайықтың сол жағындағы қазақ шаруаларының
көтерілуінен қорыққан Орал казак әскерінің атаманы,
генерал-майор Покатилов Орынбор әскери-губернаторының
талабына сай Жайық бойындағы қаптаған бекіністердің
зеңбіректерін, казак отрядтарын көтерілісті жаныштау үшін
әзірлей бастады.
Орынбор губернаторы В. П. Перовскийдің талабымен
атаман Покатилов 200 адамнан тұратын казактар тобымен
Исатайды қамауға алу үшін қолға түсірмек болған әрекеті
іске аспады.
Подполковник Геке жанталасып, 600 адамнан құралған топ
ұйымдастырып, подполковник Меркуловтың сүйемелдеуімен
қоршауды бұзуға талпынды
1838 жылы көктемде полковник Данилевский көтерілісшілер
күштерінің шоғырланған аудандарын бағдарлады

13.

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТАЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
(1837-1847 жж.)
Көтерілістің мақсаты:
1. 1822 жылғы жаңа округтерді ұйымдастыру мал
шаруашылығымен айналысқан қазақтардың
шаруашылық жағдайын мүлде құлдыратты.
Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау,
2. Қазақ жерін бекіністер мен жана округтік билеу
арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату . Патша үкіметінің
округтік приказдарды құруына қарсылығы болатын.
3. Қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

14.

Көтерілістің барысы
1837 жылғы қараша айында Кенесары Қасымұлы
Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын
Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет
шабуыл жасап, патша үкіметіне қарулы қарсылық
білдірді. 1838 жылдың көктемінен
көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен
қақтығыстары жиіледі. 1838 жылы мамыр айында
Кенесары тобы Ақмола бекінісін тұтқиылдан
шабуылдады. Патша үкіметінің сойылын соққан
сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы және
Карбышев басқарған бекініс гарнизоны Ақмоланы
қорғап қала алмады. Көтерілісшілер бекіністі
өртеп жіберді.

15.

Кенесарының патша өкіметіне қойған
талаптары:
1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік
приказы төңірегінде Кенесары Қасымұлынан
Батыс-Сібір генерал-губернаторы князь
Горчаковка және І Николай патшаға арналған
хаттарды тапсыруға жіберілген бес өкіл –
Тобылды Тоқтыұлы, Жүніс Жанкүшікұлы,
Малберді Қонысбайұлы, Қосымбай Қазағапұлы,
Майтөк Дөненұлы тұтқынға алынып, жазаға
тартылды. Кенесарының сенімді өкілдері арқылы
қойған талабы – қазақ жеріндегі округтік
приказды жою, Абылай хан заманындағы қазақ
жерінің дербестігін қалпына келтіру, жергілікті
тұрғындардан алым-салық жинауды тоқтату еді.

16.

Көтерілістің барысы
1841 жылы тамыз айында Кенесарының қолы
Ташкентке аттанды. Алайда сарбаздар
арасында жұқпалы аурудың тарауынан жорық
жүзеге аспады. Көтерілісшілердің бір тобы
қоқан әскерлері орналасқан Созақ,
Жаңақорған, Жүлек және Ақмешіт
бекіністерін қоршады. Созақты қоршау және
бірнеше қоқан бекіністерін алу
көтерілісшілерді рухтандырды. Кенесары
Қасымұлының есімі қазақ даласына кеңінен
тарады. Қоқан ханы тіпті сұлтанға одақ
жасауды ұсынды.

17.

Қазақ хандығының қалпына келтірілуі
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында
Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына
келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіпбілді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала
бастады.
Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан
басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды.
Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген
батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы
Кеңес құрылды.
Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды.
Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық
жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты.
Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың
мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді
пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады.
Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол
астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.

18.

Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты
Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке
келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды.
Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық
және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да
қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін
жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке
ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан
босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан
артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті
болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп
кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар
жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары
қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда
керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген
Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің
толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та
отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды.
Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқдәрі сатып алынды.

19.

Қарулы күштердің құрылуы
Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті
тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға
бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар
мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын
мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс
армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін
енгізді.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін
меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың,
татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет
еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната
білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған
сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды,
қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.
Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды.
Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және
қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл
қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен
қамтамасыз етт

20.

Көтерілістің барысы
Қоқан хандығының арасындағы қайшылықты
пайдаланып, оны тұншықтыру үшін тікелей
шараларды іске асыра бастады. 1842 жылы В. А.
Перовскийдің орнына Орынбор өлкесіне
губернатор болып тағайындалған генерал В. А.
Обручев қарулы қолмен көтерілісті қанға бояуды
ойластырды. 1842 жылы қазақ даласына Сібір
әскери шебінен
жіберілген Сотников тобы Кенесары
жақтастарына қарсы шабуылды бастады. Кейіннен
құрамы күшейтілген Батыс Сібір жазалау отряды
Ақсақал төбе маңында 1 мың түйе, 3 мың жылқы,
10 мың қойды айдап әкетіп, 100 адамды өлтірді.

21.

Көтерілістің барысы
1843 жылы маусым айында І Николай патша
старшина Лебедев бастаған 300 казак отрядын
көтерілісті жаншуға жіберуге келісім берді. Ал
1843 жылы тамыз айында Кенесарыға қарсы
билеуші сұлтан Ахмет Жантөреұлы, сұлтан
Баймағамбет Айшуақұлы, полковник Геке
және Бизановтар басқарған 5 мыңдық екінші
топ ұйымдастырылды. 1843 жылы 17 тамызда
Орынбор жағынан қимылға кіріскен
полковник Бизановтың қарулы тобы
көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс
бере алмай, Ор бекінісіне қайтып оралды.

22.

Көтерілістің барысы
Кенесары әскерінің 1844 жылы 21 шілдеде
болған шайқасы жеңіспен аяқталды: түнгі
көтерілісшілер сұлтан-билеуші Ахмет
Жантөреұлының отрядын қоршап, оған соққы
берді, жазалаушы әскери топпен бірігіп
Кенесарыға қарсы тұрған қазақ
феодалдарынан 44 сұлтан ұрыс даласында
мерт болды. Ахмет Жантөреұлы Тобыл өзеніне
қарай жедел шегінуге мәжбүр болды.
Кенасарыға қарсы күресте дәрменсіздік
көрсеткені үшін войсковой старшина Лебедев
Орынборға шақыртылып, орнынан
тайдырылып, сотқа тартылды.

23.

Патша үкіметінің қойған келісім шарты:
1845 жылдың сәуір айында Кенесарының
ауылына Долговтың, кейінен штаб поручигі
Герннің елшілігі келді. Алайда патша
елшілерінің талабы Қазақстанды бұрынғыдай
отарлау жағдайында қалдыру еді. Кенесарыға
басқа елдермен дипломатиялық байланыс
жасауына тыйым салынды. Көтеріліске
қатысқан қазақ руларына үкімет межелеп
берген жерлерде ғана көшіп-қонып жүруіне
рұқсат берілді. Екі ай бойы Кенесарымен бірге
көшіп жүруге мәжбүр болған Ресей елшілері
көздеген мақсаттарының орындалмайтынына
көздері жетіп, Орынборға қайтты.

24.

Көтерілістің аяқталуы
Күші басым патшаның жазалау отрядтарына тікелей
қарсылық көрсете алмай, Кенесары өз ауылдарымен Іле
өзенінің сол жағынан шығып, Шу өзені мен Алатау төңірегіне
жақындады. Ұлы жүздің батырлары Тайшыбек, Саурық,
Сұраншы, Байзақ датқа, Медеу би Кенесарыны, оның Қоқан
бектеріне қарсы күресін барынша қолдады. Кенесары қолы
қырғыз манаптары иеліктеріне жақындады. 1847 жылдың
басында Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің
отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипаты өзгерді. Кенесары
әскерінің жергілікті халыққа қысымы, жазықсыз қырғыз
ауылдарына шабуылдары оған қарсы өшпенділік туғызды.
1847 жылы қазіргі Тоқмаққа жақын Майтөбе деген жерде
қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары қолы
жеңіліс тапты. Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс
қарсаңында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ
жасағының жеңілісіне әсер етті.

25.

Халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы
бастаған көтеріліс
(1856-1857 жж.)
Көтеріліс себептері:
ХІХ ғ. ортасы Ресейдің Сырдарияның
оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды
отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар
Хиуа мен Қоқан хандарының өктемдігіне
қарсы бағытталған антифеодалдық ірі
көтерілістермен белгілі болды. Хиуа мен
Қоқан феодалдарының өздерінің саяси
ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар
қарсылық көрсетті.

26.

Көтеріліс себептері:
1.
2.
3.
Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп,
отарлық езгіні күшейте түсті. Қазақтардың саяси тәуелсіздігін
жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін тартып алып, оған
Орынбор әскерінің казактарын орналастыру жоспарлы әрі
тиянақты түрде жүргізілді. 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан
бағынышты ел ретінде қазақтардан әр шаңырақтан 1 сом 50
тиындық жаңа салық енгізілді.Алайда кейініректе салық мөлшері
екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта «түтін салығы», «шаңырақ
салығы» деген атаулармен белгілі.
Салыққа ақша бере алмағандардың малы тартып алынды.
Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның
және №1 форттың (Қазалы) әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу
тәртібімен жұмылдырды. Бұл форпостарды салу үшін мыңдаған
кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстарының салдарынан
малшылар, егіншілер, балықшылар өздерінің жеке
шаруашылықтарымен айналыса алмады.

27.

Көтеріліс себептері:
4. Суландыру жүйелері дер кезінде тазартылмады, сөйтіп
егіншілер су тапшылығына ұшырады, адам қолы
жетіспегендіктен аз егіннің өзін уақытылы жинай
алмады.
5. 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казак –
орыстарының алғашқы жиырма алты отбасы
қоныстандырылды. Олар бірте – бірте қазақтарды
отырған жерлерінен ығыстырып шығарып, Сырдария
жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын
жерлерге орналастырылды. Соның салдарынан
Сырдарияның егінші қазақтары пайдаланылмай жатқан
құнарсыз жерлерді игеруге мәжбүр болды, ал
кейбіреулеріне қоныс аударушылар мен шенеуніктердің
қожалықтарында жалданып жұмыс істеуге тура келді.

28.

Көтерілістің барысы
1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа
батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы
оның жақсы қаруланған екі мыңдай
хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың
даңқы үш жүзге тарады. 1847 жылы
Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге
тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. 1856
жылдың жазында Жанқожаның қасына екі
мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала
көтерілісшілердің ошағы болды.

29.

Көтерілістің аяқталуы
1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл
кимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды.
Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында
қарулы қақтығыс басталды. Патша үкіметі көтерілісті
басу үшін генерал-майор Фитингоф басқарған ірі топты
қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы
отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп жаны және қаружарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып
түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезед 1 мың ғана
сарбазы бар еді.
1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам,
1857 жылы 5000 адамға дейін барды. Жанқожа көтерілісі
тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне
түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте-бірте
шегінуге мәжбүр етті.

30.

Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы
сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді:
«Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп,
қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді.
Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен
жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне
аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі
үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар...
көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып
ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ
оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың
өмірін қиып кетті».

31.

Әдебиет:
Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері
мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім
беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына
арналған оқулық/
М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,
т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
English     Русский Правила