53.26K
Категория: МузыкаМузыка

Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1822-1825)

1.

Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1822-1825)
1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялады. Елек өзені
бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр өзінің қол астына 3000
жуық көтерілісшіні топтастырды. Ресей империясының жазалаушы әскері 1825 жылы көтерілісшілерге шабуыл
жасап, қарапайым халықты аяусыз қырып жойды.
1835 жылы Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін шегаралық шеп қазақ даласының ішкі жағына қарай
жылжытылды. Жаңашеп аймағы құрылды.
Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы (1825-1836) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары
1825 жылы көтерілісті Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. 1826
жылы Саржан Қасымұлы жасағы патша үкіметінің әскеріне қарсы ашықтан ашық шайқасқа шықты. Алайда олар
жеңіліске ұшырады. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер жеңіліс тапқанымен, қазақ халқының
ұлт-азаттық күресі тарихында ерекше орын алады.

2.

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Патша үкіметі қазақ халқының ежелден қоныстанып келе жатқан жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай
тартып ала бастады. Патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының
бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күнкөрісін қиындатып жіберді.
Кенесары Қасымұлы (1802-1847) Қасым сұлтанның баласы, Абылай ханның немересі.
Көтерілістің басты мақсаты
Қазақтардың патша үкіметі тартып алған атамекен
қонысып қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар
енгізген алым-салықтарды жою еді.
Кенесары көтерілісі кезінде Ресей патшасы
Николай І
Көтеріліс қамтыған аймақ
Бүкіл Қазақстан
Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған
батырлар
Ағыбай батыр, Наурызбай батыр, Сыздық сұлтан, Иман
Дулатұлы, Бұқарбай батыр

3.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның баласы, Абылай ханның туған немересі еді.
Кенесары Қасымұлы – қаһармен батыр, қолбасшысы, дипломат, аса көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері. XIX ғ
орта кезіндегі орыс зерттеушілірінің бірі Л.Мейер: «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді», - деп жазды.
Көтерілістің басталуы
1837 жылы
1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Кенесары өзінің
адамдарын 1837 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау
бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды, қазақ жерінің
тұтастығын қалпына келтіруді талап етті.
1838 жылы
Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуылдады. Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы және Карбышев басқарған бекініс гарнизоны Ақмоланы қорғап қала алмады. Бекініске
Ағыбай, Иман, Бұқарбай, Басықара батырлардың сарбаздары басып кірді.
1841 жылы
Көтерілісшілердің бір тобы қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек және Ақмешіт бекіністерін қоршады. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган – өзіне
барынша адам берілген батырлар, билер мен сұлтандардан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты
өзінің сенімді адамдары – жасауылдар арқылы басқарды.

4.

1843 жылы
1843 жылғы маусым айында І Николай патша войсковой старшина Лебедев бастаған 300 казак отрядын көтерілісті
басуға жіберуге келісімін берді. Ал 1843 жылдың тамыз айында Кенесарыға қарсы билеуші сұлтан Ахмет Жантөреұлы,
сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы, полковник Геке және Бизановтар басқарған 5000 адамдық тағы топ ұйымдастырылды.
1844 жылы шілде айының 20-сынан 21-іне қараған түнінде
1844 жылы Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында А.Жантөрин сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді.
Кескілескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдің әскери тобы таяу маңда болған еді.
Бірақ оның ұрысқа араласуға батылы жетпеді.
Кенесарының негізгі әскери күші 1844 жылдың тамызында Екатерина станциясына шабуыл жасады.
• 1845 жылдың жазында патша өкіметі Ұлытау, Ырғыз және Торғай өзендері бойыында бекіністер түрғыза бастады.
Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі.
Кенесары Сарыарқаны тастап, көтеріліс орталығын Жетісу жеріне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Кенесары Қытайға
барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларының дербестік алуына көмек көрсетіп,
өзіне тірек жасау еді.

5.

• 1845 жылдың қазан және қараша айларында көтерілісшілер Қоқандықтардың Созақ, Жүлек, Жаңақорған
бекіністерін алды.
• Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп көтеріліске қарсы күресу жөніндегі келісімдері Кенесарының
жағдайын қиындатты.
• Балқаш көлі мен Іле бойына бет алған Кенесары әскерін Жетісу бойындағы қазақтардың бәрі бірдей қабылдай
алмады. Абылайдың баласы Сүйік сұлтанның жақтастары Ресей билігін мойындаса, үйсін, дулат рулары көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының белгілі старшындар Құнанбай Өскенбайұлы, Аякөз округінің аға сұлтаны Барақ
Сұлтанбайұлы, тағы басқа соңынан ермеген белді тұлғалардың ауылдарын ойрандауы – Жетісудағы белді рулардың
Ресейден көмек сұрауына себепші болды.
• Кенесарыны қолдаған ұлы жүздің батырлары: Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек батырлар
Көтерілісшілердің Қырғыз аумағындағы қимылдары
1847 жылы
1847 жылғы сәуірде Кенесары он мыңдай қолмен Қырғызстанның жеріне басып кірді. Қырғыздармен шайқас
Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік Сеңгір тауының қойнауында өтті. Кенесары мен оның
інісі Наурызбай Қасымұлы қаза тапты.
Халықтың сүйікті ханының ерлігін ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Кенесары-Наурызбай» дастанында зор шабытпен
жырға қосты. Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды.

6.

Көптеген зерттеушілер Кенесарының Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған
әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметпен қарады, ресейлік ғалымдар
Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз(қазақ) даласанының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттерінің оң баға
берді.
Кенесары хан
• Билер сотын жойып, орнына Хандық сотты енгізді
• Арнайы топ қаржы мәселесімен айналысты
• Егіншілікке көшуді, жер шаруашылығын дамытуды Кенесары әрқашан қолдап отырды
• Барымтаға қатаң шек қойды
• Көтерілісшілер саны жиырма мыңға жетіп отырды
• Жасақ жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді
• Опасыздық үшін-өлім жазасына кесілді
• Мал өсірушілер – зекет, ал егіншілер – ұшыр төлейтін болды.
• Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды
• Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
English     Русский Правила