407.32K
Категория: ОбразованиеОбразование

Ана тілі газетінің құндылықтары

1.

Ана тілі газетінің
құндылықтары

2.

Жоспар:
• Ана тілі газеті бойынша
құндылыққа тоқталыу
• «Адам» құндылығы
• «Отбасы» құндылығы
• «Отан» құндылығы
• « Тіл» құндылығы
• «Руханият» құндылығы
• “Білім” құндылығы
• “Еңбек” құндылығы
• “Табиғат” құндылығы
8-

3.

«Адам» құндылығы:
Адамзат құндылықтар әлемінде өмір сүреді. Бірақ сонымен бірге,
«құндылық» ұғымын анықтағанда, қиындықтар туындайды, өйткені
бұл түсінік басқа күрделі түсініктермен төмендетілмейтін түпкілікті
немесе «қарапайым» ұғым. Ғылымның қазіргі
даму кезеңінде шетелдік ғалымдар да, ресейлік ғалымдар да
«құндылық» ұғымының анықтамаларының жеткілікті мөлшерін
құрайды. Сонымен қатар, келтірілген авторлар құндылық қоршаған
әлемнің материалдық және ішкі объектілерінің жеке және
әлеуметтік анықтамасы арқылы пайда болатынына келіседі,
олардың жеке адамға, әлеуметтік топқа немесе тұтастай қоғамға оң
немесе теріс қажеттілігін ашады. Кең мағынада құндылықтар
әлеуметтік және жеке болып табылады. Сондай-ақ, құндылықтар –
бұл белгілі бір қоғамның құндылықтарына сәйкес әлеуметтік мінезқұлықты бақылауды қамтамасыз ететін, ұжымдық іс –әрекетке
енгізудің байланыстырушы буыны деп айта аламыз. Қоршаған
ортаны тәрбиелеу мен әлеуметтік топтардың қызмет ету
мақсаттары.

4.

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі
болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы
ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара
байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар
жиынтығы деуге болады.
Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы
мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден
көрінеді.
Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бірбіріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты.
Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл
дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі,
қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін
қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар
жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі
бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.

5.

Екінші маңызды отбасылық құндылық – құрмет көрсету. Сыйластық – әр отбасы мүшесін жеке тұлға ретінде
мойындау, олардың пікірлерін, тілектері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды қамтиды. Сыйластық
бағаланатын отбасында ашық диалог болады. Ондай отбасы өзара түсінісіп, адамның ерекшелігін,
айырмашылығын қабылдай біледі. Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін
құрметтеу – сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Сенім – бұл отбасылық үйлесімділікті сақтауда маңызды рөл атқаратын үшінші отбасылық құндылық болып
саналады. Бұл – отбасының әрбір мүшесі басқа мүшелердің қолдауы мен оны ешқашан жолда тасмайтынына
сене алатынын білдіреді. Сенім бар жерде адамдар өз ойлары мен сезімдерін ашық білдіре алады деген сөз,
яғни қауіпсіздік атмосферасын құрылады. Сенім, сонымен қатар, эмоционалды байланыстың дамуына ықпал
етеді әрі кикілжіңдерді бейбіт түрде ақылға салып шешуге көмектеседі.
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық
мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен
тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.

6.

«Отан» құндылығы
«Отан» құндылығы «Ел мен Жер, Отан», «Тәуелсіздік және
тарихи
таным»,
«Демократия
және
мемлекет»
жүйеқұраушыларынан тұрады.
«Ел мен Жер, Отан» құндылығы Жер-ана, кіндік қаны тамған
жер, атамекен, жерұйық, өскен өлке, ауылым – алтын бесігім,
елжандылық, отаншылдық, азаматтық борыш, парыз,
жауапкершілік, қайраткерлік т.с.с. Ұғымдарды қамтиды.
Жастардың білім алуына мемлекет тарапынан жағдайлар
жасалып жатыр. Кемшін жағдай – оқу бітірген соң жұмысқа
орналасу. Кезінде әрбір бітірушіге жолдама берілетін,
әлеуметтік қолдау көрсетілетін. Қазір «еңбек өтілің жоқ» деп
жұмысқа
қабылдамау,
тамыр-таныстық,
пара
алу
жастарымыздың тауын шағып, шетелге кетуіне тікелей себепкер
болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Бұл жағдайды
ескермесек, ертең елімізге кім ие болады?
«Тәуелсіздік және тарихи таным» құндылығы егемен ел, саяси,
идеологиялық, рухани, зияткерлік, экономикалық тәуелсіздік
ұстанымдарын, тәуелсіз жасампаз сана, Алаш идеясы,
ұлтжандылық, ұлттық рух, батыр бабалар өнегесі, тарихи таным
мен әділеттілік, шынайы тарих тағылымдары – болашақтың
іргетасы ұғымдарын орнықтырады.

7.

“Тіл” құндылығы:
Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халыктың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнегі. Ана тілінің
қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Біздің осындай халыктық
қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті
арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарлама мен іс — шаралар ұйымдастырылуда. Әркімнің тілге деген
құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз отанына деген құрметінен білуге болады.
Өз ана тілін ұмыткан адам — өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе
болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың шежіресі, тарихы, медениеті, мінезі айнадай көрініп тұрады. Мәселен,
қазақтың тілінен қазақтың кең байтақ сайын даласын, аспанмен таласқан асқар тауларын, жасыл-желек
ормандары мен буырқанып сарқыраған асау өзендері мен көз тартар айдын көлдерін, қайыспас қайсар мінезі мен
көшпенділік тұрмыс-салтын айқын аңғаруға болады. Сондықтан білікті де белгілі тіл танушылардың «Қазақтын
сары даласы — кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ, — деп
тұжырымдауы тегін емес. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстанның әрбір азаматының борышы. Тіл – халықтың
жаны, мәдениетіміздің айнасы, Қазақстан Республикасының негізгі тілі – қазақ тілін құрметтеу, оны білу –
әрқайсысымыздың асыл парызымыз. Елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.

8.

«Руханият» құндылығы
Қазақ халқының ұлттық және рухани құдылықтар турасындағы танымы мен сенімі ерекше. Ұлттық
құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізсе, діннің адам мен қоғам арасын
жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын
сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға үлгі-өнеге беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани
күш ретінде бағалаған.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы
басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының
жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. Б. Белгілі бір жолмен үйлеседі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен
сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие
болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың
пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның
рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас
жүйесінде көрініс табады.

9.

«Білім» құндылығы
«Білім» құндылығы «Құнды білім» және «Ғылым мен пен зияткерлік» жүйеқұраушыларынан тұрады.
Білімнің құндылық ретінде маңызы туралы айтып жатудың өзі артық. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай
баптанба» деген дана Абай сөзінің өзектілігі күн санап арта түсті. Дамыған елдер жоғары прогреске адами
капиталды дамытуға, яғни білім, ғылым және инновацияны дамытуға басымдық беру арқылы жетті. Адамзаттың
ғаламдық ғажайып жетістіктерінің барлығы білім мен ғылымның нәтижесі.
Білім мен ғылымның пайдасын ертеден ескерген елдерде, қаржы ішкі жалпы өнімнен білімге бөлінетін қаржы 6-7
пайыз, ғылымға бөлінетін қаржы 4 пайыздан асса, бұл көрсеткіш бізде 30 жыл бойы білімге 3- 4 пайыз, ғылымға 0,13
пайыз болған екен. Ғылымға бөлінетін қаржы биыл 0,26 пайызға көтерілді дегенге қуануға да болар еді, бірақ
дамыған елдерден мұнымыз 16 есе аз.
Бірақ қазіргі шексіз ақпараттар нөпірі кезінде бізге құнды білім қажет деп санаймыз. Құнды білім – халқымызға
пайдалы, прогреске жетелейтін және қауіпсіз білім.
Қазақстанның білім беру саласының бір осал тұсы – білім мазмұнын ғылыми негізде іріктеуге лайықты көзқарастың
болмауы. Отандық дидакт ғалымдарымызды, олардың ғылыми еңбектерін қадірлемей шетелдік тәжірибені
көшірмелеу зиянды үрдісі үстемдік құрып тұр. Біздің ұстаным- заманауи оқыту технологияларын, шетелдік
тәжірибені қолдану керек, бірақ білім мазмұны, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары адастырмайтын
арқау болатын ұлттық құндылықтар тұғырында, ұлттық мүддеге сай құрылуы керек.

10.

«ЕҢБЕК» ҚҰНДЫЛЫҒЫ:
«Еңбек» құндылығы «Құтты білік және заманауи құзыреттілік», «Адал еңбек және жасампаздық»
жүйеқұраушыларынан тұрады.
Ұлттық құрылтайдың ашылуында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы
қажет. Табанды еңбек – еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын басты формуланың бірі және бірегейі», – деді.
«Құтты білік және заманауи құзыреттілік» – Жүсіп Баласағұнның ізімен адамзатқа құт әкелетін қарекеттер. «Ұлтқа
қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейхан айтқандай, өз мамандарымыздың бойында
еңбекқорлық, әділеттілік, жемқорлықтан адалық, заңға бағыну, уақытты ұтымды пайдалану, қоғамдық этика,
басқару және қарым-қатынас мәдениеті, іскерлік, жаңашылдық, шығармашылық сияқты қасиеттер керек. Осы
тұста жоғары дамыған халықтардың өнегесін аянбай үйренсек құба-құп.
Заманауи құзыреттілік – қазіргі және болшақтағы өндірістік-технологиялық ортада табысты қызмет етуге қажетті
ақпараттық, технологиялық қабілеттерді, заманда болашақтағы мамандықтарды игеру, креативті, іскер және
икемді болу.

11.

«ТАБИҒАТ» ҚҰНДЫЛЫҒЫ
«Табиғат» құндылығын «Табиғи қазыналар» және «Экологиялық мәдениет» жүйеқұраушыларынан тұрады.
Еліміздің бір облысының аумағындай ғана жер үшін қан төгіп, жан берісіп жатқан халықтардың жайына қарап,
осыншама кең байтақ, асты да қазына, үсті де қазына дархан даланы мұра етіп қалдырған ата-бабаларымызға
тағзым етеміз. Бүгінгі азаматтардың да парызы, талан-таражға салып, аздырып, тоздырмай ұрпағымыздың
игілігіне өткізу. Ол үшін «Туған жердің тоғайы тынысың, торғайы – туысың» деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз
айтқандай, табиғатқа қамқорлық пен экологиялық сауаттылық мәдениет құндылықтары өмір салтына айналуға
тиіс.
Жоғарыда баяндалған «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған ұлттық құндылықтар
жүйесі мемлекеттік деңгейде, атап айтқанда ҚР Парламент Сенатында ұсынылған, 2023 ж. 20 наурыздағы
Президенттің № 145 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасында
көрсетілген құндылықтар тізбесімен үйлеседі және оларды толықтырады, ғылыми біртұтас жүйеге біріктіреді.
«Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған осындай құндылықтар жүйесі «ӘділеттіҚазақстан – Адал азамат» идеясын жүзеге асырудың барлық салаларын кешенді және өзара сабақтастықта
қамтиды. Бұл құндылықтар жүйесі қоғамдық дамудың, мемлекеттік идеологияның тұғырнамасы, білім беру мен
тәрбие бағдарламаларының өзегі, мәдени-әлеуметтік және кәсіби-экономикалық прогрестің кілті болып қызмет
атқарады деп сенеміз.
English     Русский Правила