9.29M
Категория: МедицинаМедицина

Сыртқы қан кетуді тоқтату ережелері

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Сыртқы қан кетуді
тоқтату ережелері
2024 ж
Алсеитова Айдана

2.

Жоспары
I Кіріспе
Сыртқы қан кету
II Негізгі бөлім
Қан кетудің анықтамасы.
Даму себептері, белгілері.
Уақытша,біржола қан тоқтату әдістері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиет

3.

Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны
анықтау қиынға түспейді. Бұл сыртқы ағзалардың бүтіндігінің
бұзылуынан, зақымдануынан болтын құбылыс.

4.

Ауырлық дәрежесіне байланысты:
Жеңіл Қан айналым көлемінің 10-15 % дейін
жоғалту 500 мл-ге дейін
Орташа Қан айналым көлемінің 16-20 %
500 ден 1000 мл-ге дейін
Ауыр Қан айналым көлемінің 21-30 % 1000
- 1500 мл
Массивті Қан айналым көлемінің >31 %
1500 мл-ден артық

5.

Қан кетудін жіктелуі
• Қанның сыртқа шығуының, себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді
3 топка бөледі:
• 1. Қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан
болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі.
• 2. Қан тамыры қабырасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік,
ферменттердің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену)
салдарынан қан кету.
• 3. Қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялык деңгейде
бұзылуынан болатын қан кету (авитаминоз,Шенлейн-Генох ауруы, уремия,
сепсис, скарлатина және т.6.). Гемостаз жуйесінің патологиясы. Гемофилия,
Виллебранд ауруы.

6.

Қан кету салдарынан организмде айналыстағы қан көлемі азайып гиповолемия дамиды.
• Көктамыр жиырылуы (спазмы)
• Тіндік сұйықтардың қан тамырына құйылуы
• Тахикардия
• Несеп түзілісінің азаюы (олигурия)
• Гипервентиляция
• Шеткі (перифериялық) артериолоспазм көрініс береді.
• Травмалық, геморрагиялық шок.
• Клиникалық өлім

7.

Қан кетуді анықтау
Тамыр жарақаттануының негізгі белгілері:
• Жарақаттан кейінгі қан кету туралы мәлімет және қанға малынған
киім,жаралының таңғышы. АҚҚ үдемелі төмендеуі
• Зақымданған жақта пульстің әлсіреуі немесе болмауы (көлденең жарақатта)
• Аяқ –қол тамырларының аускультациясында шу белгілері (бүйір жарақатта)
• Жараның терең бөліктерін тығындаған қан ұйындылары, тамыр шоғырын кесіп
өтетін жара өзегінің жолы
• Зақымданған аймақтағы гематома (соққылайтын немесе соққыламайтын)
• Зақымдалған аяқ-қолдың шетінде терінің сууы,цианозы немесе бозаруы
• Зақымдалған жақтағы ауру сезімі,ишемиялық контрактура

8.

Қан кетіп жаткан тамырдың сипатына байланысты
Артерия қан тамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың ең
қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырларының зақымдануында
бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін. Белгілері –
ашық қызыл түрдегі қан атқылап, шапшан ағады. Тамырдың
орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.
• .
• Веналық қансырау. Вена қанының түрі шие түстес
қызыл қошқыл болады. Егер мойындағы немесе
кеудедегі веналар зақымданса, тамырлардың бойына
ауа кіріп / эмболия/ ауыр асқынуларға әкеліп
соқтыруы мүмкін.

9.

Капилярлық қан ағу. Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі
бойынша артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы
орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда,
сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте
капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады.
Аралас қан ағу венозды және капилярлы немесе артериовенозды қан кету түрі
болып есептеледі. Ұзақтығына қарай – жедел және созылмалы: қайталауына
байланысты – бір рет қайталанған, көп рет қайталанған болып бөлінеді.
Паренхиматоздық қан ағу. Бауыр, көкбауыр, ұйқы безі сияқты
паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады.
Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің жаракаттануына
байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мумкін. Егер ірі
артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда
паренхиматоздық ағзаның жарақаттанған жерін тығындап
тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.

10.

Қан кету локализациясы
Иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады;
Балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы
жағын ұстап,ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);
3. Сан жараланғанда — сан артериясының шап астындағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;
4. Бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия
құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);
5. Беттен кан кеткенде — жақ артериясьн басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді
және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);
6. Мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жә-не одан төмен ұйкы артериясын басады
(трахея жағында);
7. Иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтық айналасындағы
жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға
(бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.
1.
2.

11.

Мұрыннан қану кету дегеніміз – мұрын қуысындағы қан тамырының жарылуы, содан
аққан қан. Оның түрлі себебі бар.
Уақытша немесе мұрын қуысының жаралануынан болатын себептерге :
- Мұрын сыну
- Мұрынның жаралануы
- Мұрында жара шығу
- Мұрындағы қан тамырларға қан толу (ринит, аденоид, синусит)
Ал жалпы сипаттағы себептерге мыналар әсер етеді:
- Жүрек-қан тамыры аурулары (Артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі,,
атеросклероз)
- Қанның ұюы, қан жүйесі аурулары, гиповитаминоз не авитаминоз, геморрагиялық
диатез
- Жұқпалы ауру кезінде көтерілген дене қызуы, күн өту, ыстық өту;
- Гормон бөлінісінің бұзылуы

12.

Мұрыннан қан кетуде шұғыл көмек көрсету
1 Науқасты вертикальді қалыпқа келтірді.
2 Науқастан мұрындағы сұйықтықты шығаруды өтінді және әр мұрынға 5-6 тамшы
нафтизин, санорин немесе галазолин тамшылатты,3-4 минуттан соң 3% сутегі асқын тотығын
(10-15 тамшы тамшылатты).
3 Мұрын аймағына салқын басты.
4 Науқасты тыныштандырды, мына жүйе бойынша тыныс алуды ескертті: мұрынмен тыныс
алады, ауызбен шығарады.
5 Мұрын қуысының алдыңғы бөлімдерінен қан кету жалғасып жатса, мұрынға мақталы тампон
ендіріп, мұрын қанаттарын мұрын аралық пердеге 1 немесе 2 жағынан 4-5 минутқа қысты
6 Қан кетудің тоқтауын немесе жалғасуын анықтау үшін науқасқа ауыз қуысындағы сұйықтықты
жөтелу арқылы шығаруды өтінді.
7 Қан кету жалғасқан жағдайда, мұрындағы сұйықтықты қайталап шығарғаннан кейін, сол
мұрынды 10% лидокаин ертіндісімен жергілікті анестезияны жасады.
8 Пращ тәрізді таңғышты салды: мұрын тампондарын 3% сутегі асқын тотығына малып немесе
5% аминокапрон қышқылының ерітіндісіне малып ,5-8 минут бақылады.
9 Егер қан кету тампон немесе жұтқыншақ арқылы жалғасып жатса,науқасты кезекші ЛОРкабинетке(стационар) тасымалдау, мүмкіндігінше отырған күйде немесе зембілдің бас жағын
көтеріңкі күйде.

13.

• Қан кетуді тоқтату.
• Қан кетуді уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді.
• Әдетте қан кетуді уақытша тоқтату науқасты ауруханаға жібередің алдында,
жарақат алған жерде медицина қызметкері іске асырады.
• Қан кетуді біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және бірқатар
жағдайларда операция жасау жолымен іске асады.
Қан кетуді уақытша тоқтату
Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды
мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап
тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.

14.

Қыл бұрау (жгут ) салудың ережелері:
• Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
• Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған
жақын жерге салу керек.
• Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
• Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3
айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне
жатпауы тиіс.
• Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл
көрсетіп жазу керек.
• Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
• Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте
тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек
көрсетіледі.
• Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң
ғана босату керек.

15.

Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының
белгілері.
• Қан кетудің тоқтауы;
• Шеткі пульсацияның жойылуы;
• Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал
қолда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Булай
болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан
өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы
адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда
қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып
отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан
тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек
М (саусақпен басу).

16.


Білек аймағындағы артериядан қан кету кезінде қан ағуды
тоқтататын жгутты салу ережесі.
1 Қан ағуды жедел түрде тоқтату үшін алдымен иық сүйегінің ішкі бетінен артерияны
қысты. Науқастың қолын жоғары көтерді
2 Жарақаттанған аймақтан жоғары, астына бинт немесе мақта қойып жгутты байлады
3 Қан ағу толықтай тоқтағанша бірнеше рет орам жасады;
4 Жгуттың соңын мықтап байлап, бекітті;
5 Жгут салынған аймақтың төменгі жағынан пульстің бар-жоқтығын анықтады;
6 Салынған жгуттың дәл уақытын, минутын қағазға жазып жгутқа бекітті;
7 Жарақаттың айналасын 5% йод ертіндісімен тазалап, өңдеді;
8 Жарақаттың бетіне асептикалық таңғыш немесе дәке қойып, мықтылап бинтпен таңу
жасады;
9 Жиырма минуттан соң жгутты 5 минутқа босатты
10 Жгутты босатқан уақытта артерияны басу арқылы қан тоқтату әдісін жүргізді;
11 Бес минуттан соң алдыңғы салынғын жерден сәл жоғары етіп, жгутты қайта салды;
12 Науқасты жедел түрде ауруханаға тасымалдады;

17.

Артерияны саусақпен басу.
Бұл әдіс қарапайым және қосымша құралсайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің
артықшылығы - тез арада қолдануға
болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут
ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға
болатындығы. Артерияны басу техникасы:
саусақпен немесе жұдырықпен сүйекке дейін
қатты басу. Оған көрсеткіш сол тиісті
артериядан массивті қан кету. Бұл әдіс шұғыл
жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне
дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл
бұрау салуға дайындық кезінде кеңінен
қолданыулатын әдіс.

18.

Жараның қуысын тығындау (тампонада).
Бұл үшін тампон алынады
және корнцангпен бүкіл жара
қуысын
тығыз
етіп
тығындайды. Әдетте бұл
тереңдегі
жараларда
қолданылады.

19.

Аяқ-қолды буынында бүгу.
Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі
буындардан төмен орналасқан
жерлерінен қан кеткенде нәтиже
береді. Мысалы, ұршық буынын сан
артериясынан қан кеткенде, тізе
буынын аяқ басы мен балтырдан, иық
буынын - қол басы мен білектен қан
кеткенде мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін
капиллярдан немесе көктамырдан қан
кеткенде қолданады. Әдіс өте
қарапайым.

20.

• Қан
ағып
тұрған
тамырға қысқыш салу.
• Бұл аяқ-қолдардың, жамбастан,
іш қуысындағы тамырлардан қан
ағуын тоқтату мүмкін болмаған
жағдайларда қолданылады.
Негізінен операция кезінде
қолданылатын әдіс. Бұл әдіс сенімді,
қарапайым, нәтижелі, сондықтан кең
таралған. Бірақ қысқышты ұқыпты
және көзбен бақылап отырып салу
керек. Өйткені, қысқыш езулерінің
арасына магистралды қан тамырлар
немесе нерв қысылып қалуы мүмкін.

21.

Қысып таңу.
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат
салынған таңғышты (асептикалық) немесе
бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
Егер де таңғыш қанды өзіне сіңіп алса,
жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат
таңғыш салып, алақанмен басу қажет.

22.

• Қан ағуды біржолата тоқтату.
• Қан кетуді тоқтату операциясы жасалынуы үшін қойылатын барлық талаптар есепке
алынып, хирургиялық бөлімшеде біржолата қан кету ошағын тоқтатады.
• Механикалық әдістер. Жара ішіндегі тамырды байлау.
• Тамырды байлау жараның ішінде жіптерімен тігіледі.
• Бұл ең көп таралған әдіс.
• Тамыр тігістері. Ол жанынан және айналдырып тігу түрі
болады. Жарақаттамайтын инемен тігілетін арнаулы тігіс
материалы немесе тамырларды тантал скрепкалары көмегімен
механикалық тігу үшін арналған аппараттар пайдаланылады.
Физикалық әдістер. Суықты біржерлік қолдану. Бұл үшін ішіне
мұз салған резаңке немесе полиэтилен қалташалар жиі
қолданылады. Негізінен алғанда бұл әдіс капилярлық қан ағуларда
пайдаланылады.

23.

Электрокоагуляция.
Бұнда арнаулы аппарат қолданылады. Коагуляция кезінде жіңішке қан тамырлардын
қан кеткенде істеледі. Натрий хлоридтің ыстық изотоникалық ерітіндісін
қолданады. Изотоник ерітіндісі 60-80ᵒС дейін қыздырылады. Ерітіндіге малынған
дәке қан ағып тұрған жерге бірнеше минутқа дейін қойылады. Бұл әдіс көбінесе
қуысты мүшелер (кеуде және іш қуыстарында) жасалынатын операцияларда және
нейрохирургияда қолданылады. Сонымен қатар тамырды тарылтушы дәрілер
( адреналин, супрастин) дәрілері жатады.
Қанның ұюын күшейтетін дәрілер.
• Бұл үшін сутегі тотығы, кальций
хлориді, аминокапрон қышқылы,
викасол пайдаланылады. Сутегі
тотығы, бір жерлік жағдайда
қолданылады. Басқа дәрілер қан
аққанда
(тамырдан,
асқазан
ойығынан қан аққанда т.б.) көк
тамырға жіберіледі.
Биологиялық әдістер.
• Қан тоқтататын дәрілірді бір жерлік
қолдану. Бұл үшін гемостатикалық
губка, фибринді бинт, биологиялық
антисептикалық тампон, тромбин,
сутегі
тотығы
және
т.б.
пайдаланылады

24.

• Қан тоқтататын дәрілерді көк тамырға жіберу.
• Қанды аз мөлшерде бөліп құю, плазма, гемофобин, жаңа дайындалған
қанды құю, тромбоцитарлық массаларды, фибриногенді антигемофильді
глобулинді (АГГ) және антигемофильдік плазманы (АГП), аминокапрон
қышқылы, викасол, децинон және т.б. препараттар жақсы көмек береді.

25.

видео
• https://youtu.be/QDayK2ACcKc?si=Ba4QTohDIqBk3vsI
• https://youtu.be/CuIYZWwCY9M?si=0fdtlHkoMcmwRQi4

26.

Кері байланыс
Қан кету түрлеріне анықтама беріңіз
Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты бөлінеді
Қыл бұрау (жгут) салу ережелері
Артериялық қан кету сипаты
Венозды қан кету сипаты
Қан кетуде қысып тану әдісі

27.

Пайдаланылған әдебиеттер
• 1 Қ.Д.Дұрманова «Жалпы хирургия» Алматы 2006ж
2.А.Рақышев «Адам анатомиясы І» Алматы 2004ж
3.А.Рақышев «Адам анатомиясы ІІ» Алматы 2004ж
4.Р.І.Есімбекова, Т.Ә.Ізмұхамбетов, С.Ш.Сахишева, М.Қ.Мұсажанова «Атлас.
Анатомия және физиология» Қарағанды 2013ж.
5.Денсаулық журналы. Алматы 2007ж.12-15 бет.
6.Интернет желілері: google.kz, google.ru
English     Русский Правила