1.32M
Категория: ОбразованиеОбразование

Кәмелетке толмаған-дың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу

1.

Кәмелетке толмаған-дың
қылмыстық құқық
бұзушылықтары туралы
iстер бойынша iс жүргiзу
Орындаған:
Жанкина Малика
Тобы: Ю-21-3

2.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
құқық бұзушылықтары туралы iстер
бойынша iс жүргiзу тәртiбi:
1) осы адамның бiрнеше қылмыстық құқық
бұзушылықтары туралы iстер бiр iс
жүргiзуге бiрiктiрiліп, олардың бiр бөлiгi он
сегiз жасқа толғаннан кейiн жасалған болса;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы,
сотталған адам сот iсiн жүргiзу кезiнде
кәмелетке толған жағдайларда
қолданылмайды.

3.

Кәмелетке толмағандардың iстерi
бойынша жариялылықты шектеу
Кәмелетке толмаған күдiктiнің, айыпталушының,
сотталушының құпиялыққа құқығы қылмыстық сот
iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуға тиiс.

4.

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және
сот талқылауын жүргiзу кезiнде, дәлелденуге жататын мән-жайлардан басқа:
01
кәмелетке толмаған адамның
жасы (туған күнi, айы, жылы);
02
03
кәмелетке толмаған адамның өмір
сүру және тәрбиелену жағдайлары;
зияткерлік, ерiк-жiгерінің және психикалық
даму дәрежесi, мiнезi мен темпераментінің
ерекшелiктерi, қажеттіліктері мен мүдделерi;
04
кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар
мен басқа да кәмелетке толмағандардың
ықпалы анықталуға жатады.

5.

Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттар
қарайды.

6.

Кәмелетке толмаған күдiктi, айыпталушы, сотталушы
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға
немесе сотқа – өзінің ата-анасы немесе басқа заңды да
өкiлдерi арқылы, олар болмаған кезде қорғаншы және
қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан,
сотталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында
жүргiзiледi және ол үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы
алғанда күнiне төрт сағаттан артыққа созылуға тиiс емес.
Кәмелетке толмаған адам анық шаршаған жағдайда,
жауап алу осы уақыт аяқталмастан тоқтатылуға тиiс.

7.

Сот кәмелетке толмаған адамға жаза
тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бас
бостандығынан айырумен байланысты емес
жаза қолдану не кәмелетке толмаған адамға
мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын
қолдануға байланысты оны қылмыстық жазадан
босату мүмкіндігін талқылауға және оны үкімде
уәждеуге тиіс. Бұл ретте сот кәмелетке толмаған
адамға жекелеген жаза түрлерін қолдану
сотталушының құқық бұзушылық жасау кезіндегі
кәмелетке толмауымен айқындалатынын
назарда ұстай отырып, оларды тағайындаудың
қылмыстық заңда белгіленген шектерін ескеруге
тиіс.
English     Русский Правила