5.52M
Категория: ОбразованиеОбразование

Тәуке хан және "Жеті жарғы"

1.

А
Тәуке хан және
"Жеті жарғы"
Әжіғалиева Ақнұр
АП-101

2.

А
Тәуке хан
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы,
Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт
тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен
Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел
ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол
тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа
отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге
асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді.
Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген
басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік
жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай
бейімделеді. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін
қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан
бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған
мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі
әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті
басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс
ханныңұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді.

3.

А
А
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады.
Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп
дұшпанға бел аудырмағаны.
Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы.
Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш
берекелі заман болып қалды.

4.

Тәуке
А
Өмір сүрген жылдары
(1626 -1715 ж.ж)
Билік құрған жылдары
1.Ішкі талас-тартыс пен алауыздық
өршіді.
2.Хандықтағы саяси жағдайды реттеуге
күш салды.
3.Халықты біріктіру үшін шаралар
жасады.
4. “Жеті жарғы” деп аталатын заңдар
жинағын жасады.
1. Көрші мемлекеттермен
одақтасудың және бейбіт қатынас
орнатудың жолдарын іздестірді.
2.Жоңғарларда қарсы күреске
қырғыздар мен қарақалпақтарды
тартты.
3.1710 жылы Қарақұм маңы
(1680-1715ж.ж)

5.

А
ХАННЫҢ ОРДАСЫ ОРНАЛАСҚАН ҚАЛА – ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЛДЫ.
ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСЫП ҚҰРЫЛТАЙ ӨТКІЗГЕН ЖЕР – КҮЛТӨБЕ. (ОҢТ.Қ.АУМ)
ҚЫРҒЫЗДАРМЕН, ҚАРАҚАЛПАҚТАРМЕН ӘСКЕРИ ОДАҚ ҚҰРДЫ.
1694Ж. І ПЕТРМЕН ЕЛШІ АТАЛЫҚОВ АРҚЫЛЫ САУДА БАЙЛАНЫСЫН
ДАМЫТУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАҒАН.
1715 Ж. ТӘУКЕ ӨЛГЕННЕН КЕЙІНГІ МИРАСҚОРЫ – ҚАЙЫП.
БИЛЕР КЕҢЕСІ ӨТЕТІН
ЖЕР: БИТӨБЕ,
МАРТӨБЕ, КҮЛТӨБЕ
1716 Ж. ҚАЙЫП ХАННЫҢ
ТОБОЛЬСКІГЕ ЕЛШІЛІКТІ
БЕКБОЛАТ ЕКЕШОВ ПЕН
БАЙДАУЛЕТ БОРИЕВ БАСҚАРДЫ.
ТӘУКЕ ХАН ЖАСАҒЫ 80
МЫҢҒА ЖУЫҚ
ЖАУЫНГЕРДЕН ТҰРДЫ.
КӨРСЕТКЕН ЖЕКЕ
ЕРЛІГІ ҮШІН БАТЫР
АТАҒЫ БЕРІЛДІ.
ХАННЫҢ ІШКІ
ӨМІРІМЕН СЫРТҚЫ
САЯСИ ӨМІРІНІҢ
МАҢЫЗДЫ ІСТЕРІН
АТҚАРҒАН – БИЛЕР.
А

6.

А
А
Жеті жарғы
«Жеті жарғы» орыс
деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен
белгілі.
Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер,
азаматтық
құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни
көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни
онда
қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел
қамтылған
Олар: жер дауы, жесір
дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке,
қылмыстық жауапкершілік, рулар
арасындағы дау,
ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы»
заңдарымен де
тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен
ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын,
билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен
айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен
бұрынғы
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі
жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай
өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті
жарғы»
атты заңдар жинағын құрастырды.
Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының
патриархаттық-феодалдық құқығының
негізгі
принциптері мен нормалары баянды етілген.
Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды
білдіреді.
Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық
жүйеден
тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін
салалардың жиынтығы

7.

Жарғы-қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі
құқық нормалары.
1. ЖЕР ДАУЫ
3. ҚҰН ДАУЫ
2. ЖЕСІР ДАУЫ
4. БАЛА ТӘРБИЕСІ
5. ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІ
А
6. РУЛАР АРАСЫНДАҒЫ ДАУ
7. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
“ ЖЕТІ ЖАРҒЫ” РУЛАР МЕН ТАЙПАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ БӘСЕҢДЕТІП,ЕЛ
БІРЛІГІН САҚТАУҒА,ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ КҮШЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

8.

Жеті жарғы
1-ЖАРҒЫ. КӨТЕРІЛІС ЖАСАП,БҮЛІК ШЫҒАРҒАН КІСІЛЕРГЕ ӨЛІМ
ЖАЗАСЫ БҰЙЫРЫЛСЫН.
А
2-ЖАРҒЫ. ТҮРКІ ХАЛҚЫНЫҢ МҮДДЕСІН САТЫП,ЕЛГЕ ОПАСЫЗДЫҚ
ЕТКЕНДЕР ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА БҰЙЫРЫЛСЫН
3-ЖАРҒЫ . МЕМЛЕКЕТ ІШІНДЕ ЖАЗЫҚСЫЗ КІСІ ӨЛТІРГЕНДЕР ӨЛІМ
ЖАЗАСЫНА БҰЙЫРЫЛСЫН.
4-ЖАРҒЫ. ӨЗГЕ БІРЕУДІҢ ӘЙЕЛІМЕН ЗИНАҚОРЛЫҚ ЖАСАП,АҚ НЕКЕНІ
БҰЗУШЫЛАРҒА ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА БҰЙЫРЫЛСЫН.(БҰЛ ЖАРҒЫ ДА
ШАҢЫРАҚТЫҢ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН,НЕКЕ ПАРЫЗЫНА
АДАЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТКЕН МАҢЫЗЫ ЗОР ЖАҢАЛЫҚ).
5-ЖАРҒЫ. ӨРЕДЕ ТҰРҒАН,ТҰСАУЛЫ ЖҮРГЕН СӘЙГҮЛІК АТТЫ ҰРЛАҒАН
КІСІГЕ ӨЛІМ ЖАЗАСЫ БҰЙЫРЫЛСЫН.(ОЛ КЕЗДЕ «ЕР ҚАНАТЫ – АТ»
ЕЛДІҢ,МЕМЛЕКЕТТІК СОҒЫС КҮШІ РЕТІНЕ БАҒАЛАНАДЫ).
6-ЖАРҒЫ. ТӨБЕЛЕСТЕ МЕРТІГУІҢ ТҮРІНЕ ҚАРАЙ ТӨМЕНДЕГІШЕ
МҮЛІКТЕЙ ҚҰН ТӨЛЕНСІН: А)БІРЕУДІҢ КӨЗІН ШЫҒАРҒАН КІСІ
АЙЫПҚА ҚЫЗЫН БЕРЕДІ,АЛ ҚЫЗЫ ЖОҚ БОЛСА ҚЫЗДЫҢ
ҚАЛЫҢМАЛЫН БЕРЕДІ. Ә)ТӨРТ МҮШЕНІҢ БІРІН МЕРТІКТІРГЕН КІСІ
АЙЫПҚА АТ БЕРЕДІ.
7-ЖАРҒЫ. ҰРЛАНҒАН ЖЫЛҚЫ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰНДЫ МҮЛІК ҮШІН ОН ЕСЕ
АРТЫҚ АЙЫП ТӨЛЕТТІРІЛСІН
А

9.

А
Жеті жарғы
«ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ» ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНА ДЕЙІН
ҚОЛДАНЫП КЕЛДІ. АЛ КЕЙБІР ЗАҢДАР ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІН
ҚОЛДАНЫЛДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ «ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ» ӨЗ КЕЗІНДЕ ҚАҒАЗҒА
ТҮСІРІЛМЕГЕНІ ДЕ БЕЛГІЛІ. КЕҢЕСТЕР ДӘУІРІНДЕ «ЖЕТІ ЖАРҒЫҒА»
«ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ САРҚЫНШЫҒЫ» ДЕГЕН СИПАТ ТАҒЫЛЫП,
МҮЛДЕМ ЗЕРТТЕЛІНБЕДІ. БІЗГЕ «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ
ЖАЗБАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ БЕЛГІЛІ. АЛҒАШ РЕТ ОРЫС ҒАЛЫМЫ Г.СПАССКИЙ
ЖАППАС РУЫНЫҢ СТАРШЫНЫ КҮБЕК ШҮКІРАЛИЕВТІҢ МӘЛІМЕТТЕРІ
НЕГІЗІНДЕ «ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ» 11 ҮЗІНДІСІН 1820-ШЫ ЖЫЛЫ «СИБИРСКИЙ
ВЕСТНИК» БАСПАСӨЗІНІҢ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАДЫ. «ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ» ЕКІНШІ
НҰСҚАСЫ ( 34 ҮЗІНДІ) А.ЛЕВШИННІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ БЕРІЛЕДІ. БҰЛ НҰСҚАЛАР
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕННЕН КЕЙІН 100 ЖЫЛДАН СОҢ ХАЛЫҚ АУЫЗ
ӘДЕБИЕТІ НЕГІЗІНДЕ ЖАРИЯЛАДЫ. СОНДЫҚТАН, БҰЛ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ
ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫНЫҢ БІЗГЕ ЖЕТПЕГЕНІ БЕЛГІЛІ

10.

КОМПАНИЯ «КОМПТЕК» | ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБСУЖДЕНИЕ
А
Билер
БИЛЕР КЕҢЕСІ МЕРЗІМДІ ТҮРДЕ
СЫРДАРИЯНЫҢ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН
ӘҢГІРЕН, ТҮРКІСТАН МЕН САЙРАМ ЖЕРІНЕ
ОРНАЛАСҚАН БИТӨБЕ,
МӘРТӨБЕДЕ ШАҚЫРЫЛҒАН. ЖЫЛ САЙЫН
ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАҢЫНДАҒЫ
КҮЛТӨБЕДЕ ҮШ ЖҮЗ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАСЫН
ҚОСҚАН ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗІП
ТҰРҒАН. БҰЛ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА
«КҮЛТӨБЕНІҢ БАСЫНДА КҮНДЕ КЕҢЕС» ДЕП
АТАЛДЫ.
Билер кеңесі қазақ елінің
ішкі және сыртқы саясатына
қатысты мәселелерді шешуде
үлкен қызмет атқарды. Билер
шешіміне хан қарсылық
көрсетпеді, яғни мемлекеттік
биліктің басым бөлігі халықтың
қолында болды. Тәуке ханның
тұсында “Билер кеңесінің”
құрамына атақты Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтеке,
Досай, Едіге, Сырымбет,
Қабек, Даба, Есейхан, Жалған,
Ескелді, Сасық би, Байдалы,
Тайкелтір, Қоқым сияқты
дарынды қайраткерлер енді.
Билер кеңесінің билік ауқымы
зор болған.

11.

А
Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила