795.35K
Категория: ИскусствоИскусство

Сіздер облысымыздағы театр ұжымының мәдени рухани өркендеу жолында жаңа тынысымен

1.

Сіздер облысымыздағы театр ұжымының мәдени рухани өркендеу жолында жаңа тынысымен,
соны жаңалығымен республикамыздың өнер әлемінде танылып келе жатқан, 90 жылдық тарихы
бар үлкен өнер ордасысыздар. Театр репертуарындағы көптеген туындыларымен қоса, бүгінгі
қойылым Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы ел жүрегінен лайықты бағасын алып,
көрермендердің рухани әлемін байытып отыр.
Семей өңірі ежелден өнегелі өнерімен, шежірелі тарихымен танылған өлке.
Тума таланттардың өрісті өнері Қазақстан мәдениетінің өсіп өркендеуіне септігін тигізіп
жатқандығы бізді қуантады.
Ақсуат ауданына келген сапарларыңыз құтты болсын! Шығармашылық табыс тілеймін.
Сіздердің қазақ өнерін дамытудағы еңбектеріңізді бағалап, алғыс білдіремін.
Ақсуат ауданының әкімі
А.Смаилов
Желтоқсан, 2023 жыл
English     Русский Правила