1.91M
Категория: СоциологияСоциология

Әлеуметтану ғылымының даму тарихы

1.

Әлеуметтану ғылымының
даму тарихы

2.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне
заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын
грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты
мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар
біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір
сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар»,
«Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің
«Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салтдәстүрлерді, адамдардың өзара қарымқатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды,
оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге
бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

3.

Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі
тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни
талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге
бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып
табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады»
деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты
талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы
билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша,
мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның
негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер,
әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы
қамтамасыз етеді.

4.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі
мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер
мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады.
Бұған белгілі бір заңдар мен билік
құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік
ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі
ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде
Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де
өткір тұжырымдалған.

5.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму
жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:

6.

1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының
басында қоғамдық құбылыстарды баяндау
сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан
бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы
туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа
ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре
бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың
30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде
әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік
аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану
эксперименталды (практикалық) ғылымға
айналды.

7.

3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын
кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын,
алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана
бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент
және президент сайлауларының қарсаңында
нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп
отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік
шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде
әлеуметтану ғылымында алуан түрлі
тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда
болды.

8.

Әлеуметтанудың негізін салушылар:

9.

Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз
философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі.
Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3
кезеңге бөлінеді:

10.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз
алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның
негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт.
Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия
курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік
құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң
зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға
тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин
«Әлеуметтану» болатын.

11.

Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда
болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам
санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға
тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау
өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм,
монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800)
адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мәнмағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға,
абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан
өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының
ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800
жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен
мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның
орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын
құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.

12.

О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының
негізінде адамзаттың ақыл – ойының дамуы жатыр. Ал
ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы
фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір
кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада
басшылыққа алатын қағида – ғылымға қарапайымнан
күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт
әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді
бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау
ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде
«бақылау» сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады.
Кең мағынада, («жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті
әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын
әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау
әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің
(«таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс») бірі болып
табылады.

13.

О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың салыстырмалы әдісі
салыстырудың бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады.
Біріншісі – адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын
салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік
ынтымақтастықтың неғұрлым қарапайым және әмбебап
заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі – жер шарының
әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар
өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың
әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым
өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап,
«адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе –
теңдігін» негіздейді. Зерттудің үшінші «объективті» әдісі –
тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты
құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау
мүмкін емес деп есептеген.

14.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан
ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (18201903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы
негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч.
Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу
теориясының негізі еді:
1.
Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2.
Әлеуметтік эволюция идеясы.

15.

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы,
әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін
қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.

16.

қатынастрады анықтау
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған
биологиялық заңдар тән. Г.Спенсердің қоғамды
организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес
салаға бөлуге әкеледі. Олар:
1.
Қолдаушы.
2.
Материалдық игілікті қндіру көзіне негізделу.
3. Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы
байланыс, қатынастрады анықтау

17.

Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске
жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция
дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз,
байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара
байланысқан әртекті күйге өтетін заттар
интеграциясы. Кез келген эволюция материяны
соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен
шығарыпғ әртекті бөлшектердің жиынтығына
айналдырудан басталады.

18.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын
зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты
тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім,
саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп
көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең
алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар:
әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік
бақылау, құрылым және функция.
English     Русский Правила