66.80K
Категория: ИсторияИстория

Қазынашылығын құру туралы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң
Қазынашылығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994
жылғы 26 қаңтар. ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696
Жарлығымен

2.

Республикалық бюджеттi атқару процесiнде кiрiсi мен шығысын тиiмдi басқару,
мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруда жеделдiктi арттыру, мемлекеттiк қаржының
түсуiн, мақсатты әрi үнемi пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi құрамында Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылық басқармасынан, оның облыстар, Алматы және
Ленинск қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық
органдарынан тұратын Қазынашылық органдарының орталықтандырылған жүйесi
құрылсын.
Бас қазынашылық басқармасының бастығы сонымен қатар лауазымы бойынша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады, оны
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдары
республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын және ақшалай қаржысының басқарылуын,
Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы мемлекеттiк берешегiнiң қозғалысын есепке
алу мен оған қызмет көрсетудi, республикалық бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс
қорлардың арасындағы қаржы қарым-қатынасының реттелуiн жүзеге асырады.

3.

Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарын қалыптастыру толық аяқталғанға дейiн
қолданылып жүрген заңға сәйкес республикалық бюджеттi кассалық атқару Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкiсiнде сақталсын.
3. Қазынашылық органдарға:
- республикалық бюджеттiң қаржысын есептеуге, аударуға және пайдалануға
байланысты ақшалай және басқа құжаттарды министрлiктерде, ведомстволарда,
кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде тексеру;
- республикалық бюджеттен бөлiнетiн және өз мақсатында пайдаланылмаған қаржыны
кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден дау-дамайсыз тәртiппен бюджетте алып қою
/қайтарып алу/;
- республикалық бюджеттiң кiрiсiне түсетiн қаржыны немесе республикалық бюджеттен
алушылардың шотына тиiстi банкiлерге немесе қаржы-кредит мекемелерiне аударылатын
қаржыны уақтылы есептемеген жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлерге
немесе өзге де қаржы-кредит мекемелерiне санкциялар қолдану құқығы берiлсiн.

4.

4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарын
ұйымдастыру және олардың қызметiнiң мәселелерi бойынша қаулы қабылдап, ереженi және
қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттарын бекiтсiн;
- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының Қазынашылық
органдарына республикалық бюджеттi кассалық атқару функцияларын, оларға банкiлер мен
өзге де қаржы-кредит мекемелерiнде тексеру жүргiзу және республикалық бюджеттi
атқарумен өзара қарым-қатынасы бар кәсiпорындардың, ұйымдар мен
мекемелердiң шоттарының жай-күйi туралы олардан мәлiмет алу құқығын беруге қатысты
бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар
N 1526

5.

6.

Қазынашылықтың құрылу тарихы
1994 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің 27.01.2004ж.
№1526 «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылығын құру
туралы» Жарлығымен қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру және мемлекеттік
бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қаржы министрлігінің
жанынан Қазынашылықтың Бас басқармасы құрылды.
Қазынашылықты Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Қазынашылықтың Бас
басқармасының бастығы М.К.Ауанов басқарды.
Президенттің 1995 жылдың 13 қазанындағы №245 «Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органдарының құрылымдарын жетілдіру туралы» Жарлығымен
Қазынашылықтың Бас басқармасы негізінде ҚР ҚМ жанынан Қазынашылық құрылды.
1995 жылдың 6 қарашасында ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР ҚМ жанындағы
Қазынашылықтың бастығы болып С.М.Мыңбаев тағайындалды.

7.

Алматы қаласының қазынашылық жүйесінің құрылуы 1996 жылдың 3
маусымына жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылдың 7 ақпанындағы
«ҚР ҚМ Қазынашылықтың облыстық басқармаларын құру туралы»
бұйрығының негізінде штаттық саны 40 адамнан тұратын Алматы қалалық
қазынашылық басқармасы және 5 аудандық өкілдері құрылды.
1996 жылдың маусым айында ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен басқарма
бастығы қызметіне Сатқалиева Валентина Адамовна тағайындалды.
Қалалық қазынашылық басқармасының негізін қалаушылардың басында
В.А.Дунаева, Л.Т.Смагулова, Г.Ә.Өтегенова, Г.Ж.Ермекбаева, О.Н.Гетьман,
Л.С.Байгондинова, Г.Т.Кәрібаева, А.М.Рябовалар болды.

8.

1997 жылдың 30 қазанында ҚР Үкіметінің №1466 «Мемлекеттік Бюджет банкісін
тарату туралы» Қаулысы қабылданды, ал оның өкілеттіктері мен барлық қызметтері
Қазынашылық басқармасына өткізілді.
1998 жылдың қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің таратылуына
байланысты оның да барлық қызметтері қалалық басқармаға тапсырылды.
1998 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Алматы қалалық қазынашылық басқармасы
бастығының міндетін атқару Вера Александровна Дунаеваға жүктелді (ҚР ҚМ-нің
24.12.1998ж. №Л-2192 бұйрығы).
1999 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2008 жылдың 18 наурызына дейін В.А.Дунаева
Алматы қаласының Қазынашылығын басқарды.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қалалық қазынашылық басқармасы Алматы
қаласы бойынша Қазынашылық департаменті болып қайта құрылды.

9.

ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 24 сәуіріндегі №387 «ҚР ҚМ кейбір мәселелері туралы»
Қаулысына сәйкес аудандық бөлімдер аудандық басқармалар болып қайта құрылды.
2008 жылдың 19 наурызынан бастап Департаментті Меңдіғали Асылханұлы Рақышев
басқарып келеді.
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті болып жатқан өзгерістерге
қатысты икемді әрі баламалы әрекет жасап қана қоймай, ҚР Үкіметі қойған
міндеттердің атқарылуына да бірталай үлес қосып отыр.
Егеменді Қазақстанның артында алматылықтардың да әл-ауқатының жақсаруы тұрған
экономикалық саясат жүргізуіндегі жауапкершілікті сезініп, Қазынашылық қалалық
басқарма жүйесінің маңызды тетігі бола отырып, өз қызметін одан әрі жетілдіру,
әкімшілендіру сапасын жақсарту бойынша ізденіспен жұмыс істеуде.
English     Русский Правила