1.Ч.Дарвин – эволюциялық теорияның негізін салушы 2.Сұрыпталу, өзгергіштік, ДНҚ құрылымы және қызметі 3.Тірінің құрылымдық
Жоспар:
Ч.Дарвиннің өмірбаяны
Ч.Дарвин – эволюциялық теорияның негізін салушы
Теорияның мәні
Ч.Дарвиннің қателігі
Эволюцияның қозғаушы күштері
Эволюциялық теория әкелген жаңа ұғымдар
Эволюциялық теорияға деген көзқарас
Табиғи сұрыпталу процесі
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен
ДНҚ
ДНҚ тарихы
ДНҚ құрамы және құрылысы
Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.28M
Категория: МедицинаМедицина

Ч. Дарвин – эволюциялық теорияның негізін салушы

1. 1.Ч.Дарвин – эволюциялық теорияның негізін салушы 2.Сұрыпталу, өзгергіштік, ДНҚ құрылымы және қызметі 3.Тірінің құрылымдық

негізгі
деңгейлері
Орындаған:Төрехан Аружан
Қабылдаған:Дәулет Гүлдана

2. Жоспар:

I. Кіріспе.Ч.Дарвин – эволюциялық теорияның
негізін салушы
II. Негізгі бөлім
1.Теорияның мәні, енгізген жаңалығы
2.Сұрыпталу, өзгергіштік
3.ДНҚ құрылымы және қызметі
4.Тірінің құрылымдық деңгейлері
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3. Ч.Дарвиннің өмірбаяны


Чарльз Роберт Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген.
1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесінде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты.
Экспедицияның басты мақсаты - Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді.
Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік
Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының
материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере
алатындығын дәлелдеді.
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың
сұрыпталуымен айналысты.Болашақ әйгілі ғалым ағылшынның шағын қаласы Шрусбериде
туды.
1831 жылдың көктемінде Чарльз Кэмбридж университетінің дін ілімі факультетін бітіреді,
бірақ поп болып істеуден бас тартады. Оны өсімдіктер мен жәндіктерді зерттеу ісі
қызықтырады.
Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды
тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік
потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара
бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы
тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол
прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен
Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің
негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар:


«Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871 ж.)
«Адам мен жануарлардын мінез–құлықтары» (1872 ж.). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын
адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында
«адам маймылданшықты» деп тұжырымдады.

4. Ч.Дарвин – эволюциялық теорияның негізін салушы


Эволюцияның алғашқы нағыз ғылыми теориясының негізін қалаушы —
ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882). Ч. Дарвиннің негізгі еңбектері
«Табиғи сұрыпталудың арқасында пайда болған түрлер немесе тіршілік үшін күресте
пайда болған тұқымдарды сақтау» (1859), осыларға қосымша толықтырған «Үй
жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» (1869) және «Адамның пайда болуы
және жыныстық сұрыпталу» (1871) атты кітаптары. Дарвиннің эволюция туралы ілімі
үш бөлімнен тұрады, яғни: организмдердің тарихи дамуы өзіндік орнына; эволюцияның
қозғаушы күштерінің ережесіне; эволюцияның қайта өзгеру жолдарына негізділген
түсініктемелерінің жиынтығы эволюцияның пайдалылығын аңғартады.
Эволюцияның өзіндік орны бар екенін Ч. Дарвин әртүрлі ғылымдарға сүйене отырып
дэлелдеді. Басты дәлелді ол палеонтологиядан алды. Мысалы, Ч. Дарвин ежелгі
қазбадан табылған организмдердің қаңқа қалдықтарының қазіргі организмдерден қатты
айырмашылығы және кейінгі табылған қалдықтардың біркелкі ұқсастығын
эволюцияның тарих беттері деп қабылдады. Одан соң, Ч. Дарвин сол кездегі
эмбриология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, организмдердің шығу тегінің
бір екенін, сонымен бірге организмдердің белгілі бір зандылыққа сүйеніп, құрлықта да
және суда да таралуы және кездесетін (құрлықта және аралда) жеріне қарай жануарлар
мен өсімдіктердің қүрылымы өзгеретіндігі эволюцияны дэлелдей түсті және құрлықтар
және аралдар эволюцияның бағыттарын дәлелдеді. Сонымен бірге, ол ауыл
шаруашьглығының жетістіктерін де іс жүзінде кең пайдаланды.

5. Теорияның мәні


Эволюция барысында тірі организмдердің белгілі бір заңдылыққа сәйкес өзгеруін
зерттеу барысында, Ч. Дарвин егер белгілі бір қолдан жасалған ортада алынған
жануарлардың қол тұқымын және өсімдіктердің сұрпын қолдан сұрыптау деп
атады. Ал табиғатта болатын жағдайда тірі организмдердің тұтастығына және
өміршеңдігіне, жаңа түрлердің пайда болуына, оның сол ортада сақталуына және жаңа
түрлерді шығуын, одан жаңа түрдің пайда болуын және жаңа үлкен жүйеліктің негізін
қалауына әсер ететін күшті Ч. Дарвин тіршілік үшін күресі және табиғи сұрыпталу деп
тұжырымдады. Тірі организмдер көбейіп, ұрпақ қалдыруға қабілетті, оның бәрі
өміршең емес, сондықтан да түр ішінде олар көп ұрпақ қалдыруға тырысады. Артық
ұрпақ әртүрлі жағдайларға байланысты тіршілік үшін күрес кезінде өледі. Ч. Дарвин
бойынша тіршілік үшін күрес бір түрден екінші түрдің арасында, сонымен бірге түр
ішінде болуы мүмкін, соның ішінде түрлер ішіндегі күрес түр арасындағы күрестен де
өте қатал болады, себебі олар бір жерде мекендейді, бірдей қорекпен қоректенеді, қауіпқатер де екеуіне бірдей және т.б. жағдайлар. Осы күрес барысында осы ортаға
бейімделгені ғана тірі қалады, яғни организмдердің өмірге бейімделген түрі ғана
тіршілік етеді. Сонымен ,тіршілік үшін күрестің жемісі табиғи сұрыпталу.
«Организмдердің өзіне жағымды жеке ерекшілігін және өзгергіштігін сақтауын,
сонымен бірге жаман қасиеттерін жоғалтуын Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу немесе
қолайсыздыққа бейімдеушілік дейді». Эволюцияның негізгі қозғаушы күші - табиғи
сұрыпталу деп есептеді Ч. Дарвин.

6. Ч.Дарвиннің қателігі


Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті
әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті
әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға
болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның
ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы
керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай
деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса
оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге
антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып
жіберіледі.
Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті
адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар
арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар
арасындағыдай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын
жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған
британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар
саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы
аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады,
өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай
“(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды
Мальтус.
Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін
күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек
солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі
содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір
сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды

7. Эволюцияның қозғаушы күштері

• Эволюцияның қозғаушы күштері — деп Ч. Дарвин
тұқымқуалаушылық, өзгеріштік және табиғи
сұрыпталу деп бөлді. Ол тұқымқуалаушылық пен
өзгергіштік әсерінен пайда болған өзгерштігін
организм өзінде сақтап және келесі ұрпаққа бере
алады деп түсіндірді. Өзгергіштік организмдердің
алуантүрлілігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық осы
өзгерісті келесі ұрпаққа береді. Сонымен барлық
тірі организмдердегі өзгерштік пен шағылыстыру
кезіндегі пайда болған өзгерістер
тұқымқуалаушылықтың жемісі (гетерогендігі).

8. Эволюциялық теория әкелген жаңа ұғымдар

• Эволюцияның жаңару жолдарына Ч. Дарвин белгілердің жойылуы
(дивергенциясы) жатады деген қорытынды жасады. Ч. Дарвин
бойынша өзгеріп жатқан тіршілікте және табиғи сұрыпталудың
нәтижесінде алғашқы белгілерінен қатты өзгеріп, әртүрлі бағыттарға
бейімделген түрлер ғана өміршең болады. Осындай өзгеру кезінде
қолайсыз жағдайда организм негізгі белгілерін жоғалтады және соның
салдарынан бәсекелестік азаяды, яғни осы белгілерді жоғалтуынан
организмдер әртүрлі ортаны пайдалануға мүмкіндік алады. Осы
белгілердің жойылуы (дивергенция) кезінде әртүрлілік пайда болады
да, ол жаңа түрдің пайда болуына қолайлы деп есептеді Ч. Дарвин,
яғни дивергенция әсерінен жаңа түр пайда болады. Организмдердің
өзгеруі табиғаттың заңдылықтарына сәйкес ғана емес, ол кездейсоқ
та, табиғи сұрыпталудың арқасында болуы да мүмкін деді Ч. Дарвин.
Органикалық тұтастық - сұрыпталудың жемісі, бірақ ол
салыстырмалы жағдайда болады. Осы көзқарасымен Ч. Дарвин
метафизикалық қажеттіліктің кездейсоқтылығына қарсы шықты, оған
дейін ешкім мұны айта алмаған еді.

9. Эволюциялық теорияға деген көзқарас

• Бірақ эволюциялық теория генетикалық тұрғыдан толық зерттелмеген.
Дарвин түрдің жеке дараларының эволюциясын қарастырды, ал әрбір
түр қазір белгілі болғандай популяция ретінде тіршілік етеді.
Сондықтан, «Түрлердің пайда болуы» атты еңбек жарық көрген 8
жылдан кейін ағылшын Ф. Дженкин : «Егер сұрыпталу кезінде
түрдің шамалы ғана өзгерген жеке дарасы аман қалса, онда келесі
шағылысу кезінде пайда болған жаңа белгі «жоғалады», себебі
шағылысуға түсіп отырған екінші сыңарда осы жаңа қасиеттер
жоқ, яғни ондағы қасиеттер ұрпақтарында да болмайды, сонда
қалай? — деген сұрақ қойды. Дарвин бұл сұрақты Дженкиннің
шатағы деп, оған дұрыс жауап беруге еш уақытта ұмтылмады.
• Дарвинизм ілімін көп уақыт бойы генетикалық көзқарас тұрғысынан
түсіндіру жетіспеді, бірақ генетиктердің өздері осы сұрақтарға жауап
беру үшін өздері тез арада эволюцияға жақындай түсті. Ғалымдар
классикалық генетиканың тәсілдерін талдай отырып, кейбір
факторлардың эволюцияға әсерін, ондағы кейбір қарапайым
бірліктерді және үрдістерді жеке бөліп талдады.

10.

11. Табиғи сұрыпталу процесі


Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің
монофилиялық теориясын құрды, оның мәнісі - өсімдіктердің немесе
жануарлардың әрбір ірі тобы бір негізден таралған деп тану. Үй
жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері
едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай
алатыындығын көрсетті. Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік
қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің
белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады.
Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде болады. Қазіргі үй
жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық
сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта
ерекше әдіс қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады.
Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау
немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде
айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді. Әр бағытта жүргізілген
методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын тудыратындығы
Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді.

12. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен

салыстырғанда ғана өте айқын білінеді. Бұл екі процестегі ұқсастық олардың
әрекеттерінің нәтижесінде жаңа органикалық формалар пайда болады:қолдан
сұрыптау кезінде сорттар мен тұқымдар, ал табиғи сұрыптауда – түрлер
түзіледі
Қоршаған
ортаның
қолайсыз
жағдайлары
Тіршілік үшін
күрес және
табиғи сұрыпталу
Тұқымқуалайтын
өзгергіштік

13. ДНҚ

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтанұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін
қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі
түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ
мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.
ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық
жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы,
құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы
жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының
нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi
нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң
ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының
полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi –
ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.

14. ДНҚ тарихы


ДНҚ-ны 1868 жылы швейцар физиологы, гистологы және биологы Иоган Фридрих
Мишер атты ғалым ашқан. Іріңдеген жасушалар қалдықтарынан ғалым құрамына
азот пен фосфор кіретін бейтаныс затты тауып алады. Алғашында бұл жаңа
зат нуклеин деген атқа ие болады. Кейіннен Мишер бұл заттың қышқылдық қасиет
көрсететінің байқайды. Осыдан кейін бұл жаңа затты нуклеин қышқылы деп атайтын
болған. Алғашында бұл бейтаныс заттың биологиялық қызметі белгісіз болды, көп
уақытқа дейін ДНҚ ағзадағы фосфордың қоймасы болып есептелінді. Оған қоса, XX
ғасырдың басында ғалымдар ДНҚ-ның ақпаратты тасымалдай алмайтындығын айтқан,
себебі олар ДНҚ-ның ақпаратты тасымалдау үшін құрылысы біртүрлі деп есептеді.
Уақыт өте келе генетикалық ақпаратты наруыздар емес дәл осы ДНҚ
тасымалдайтындығын дәлелдеді. Бұл ашылудың ең бірінші дәлелі - О. Эвери, Колина
Мак-Леода и Маклин Мак-Картидің бактериялардың трансформациясы (1944
жыл) тәжірбиесі болды.
Тіпті XX ғасырдың 50 жылдарына дейін ДНҚ-ның нақты құрылысы мен ақпаратты
ұрпаққа белілуінің әдісі белгісіз болды.
ДНҚ-ның қос спиральінің құрылымын 1953 жылы Френсис Крик пен Джеймс
Уотсон ұсынды. Олар модельді Морис Уилкисон мен Розалинд Франклиннің
рентгенқұрылымды деректеріне және Чаргаффа ережелеріне сүйене отырып құрап
шығарған.

15. ДНҚ құрамы және құрылысы


Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы - ДНҚ
молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының
екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ
құрылымының анықталуы - ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы
деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен
құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады.
Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi
нуклеотидтер арасындағы байланыс 3' 5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi
тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 5' 3' бағыттағы қалдықтардан
түзiледi. Екi полинуклеотидтi тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негiз
арқылы байланысады. Гидрофобты азоттық негiздер спиральдiң iшiне орналасқан,
ал гидрофильдi пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы
жағына қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымына азоттық негiздiң 10 жұбы
келедi. Спиральдiң диаметрi 2 нм болады. Қос қабат спиральдегі азоттық
.
Тимин
Цитозин
негiздердің қабысуы өте ерекше
• Аденин
• Гуанин

16.

• Бұл – ДНҚ молекуласының құрылымының өте ерекше
маңызды қасиетi. Спиральдағы азоттық негiздердiң
осылай орналасуы - ДНҚ тiзбегiндегi сәйкестiкүйлесiмдiлiк (комплементарлық) деп аталады. Қос
қабат спиральдi азоттық негiздердiң
арасындағы сутектiк байланыс және гидрофобты
әрекеттесулер бiрiктiрiп ұстап тұрады. Мұнда аденин
мен тиминнiң арасында екi сутектiк байланыс
түзiледi, ал гуанин мен цитозиннiң арасында үш
сутектiк байланыс түзiледi . Қосақтың әрқайсысында
азоттық негiздердiң пентозды-фосфорлы керегесiмен
қосатын гликозидтік байланыстарының арасындағы
қашықтығы бiрдей – 1,085 нм.

17. Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері

• 1.Молекулалық - жасушалық.Тіршіліктің ең бастапқы
деңгейі.
• 2.Мүшелік-ұлпалық. Көпжасушалы ағзалар мүшелер
мен ұлпалардан құралады.
• 3.Ағзалық. Жеке дарақтардан құралады.
• 4.Популяциялық-түрлік. Белгілі бір дарақтары өзара
еркін шағылысады.
• 5.Биогеоценоздық (шет елдерде мұны экологиялық
жүйе деп те атайды). Зат алмасу және қуат алмасу
негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен
ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи
күрделі,жүйе.
• 6.Биосфералық. Барлық биогеоценоздардың
жиынтығы.Жердегі барлық құбылыстар кіреді.

18. Қорытынды

• Ч. Дарвиннің ілімі - жаратылыстану ғылымындағы
теңдесі жоқ ілім. Ол табиғатты зерттеуді жан-жақты
зерделеп, оған тарихи әдістеме енгізіп, эволюция
теориясын жасады және ғылымдағы креационизм
көзқарасты жойды. Дарвин ілімі барлық таксондарды
қамтитын организмдердің үлкен топтарының
эволюциясын, ол үлкен уақыт өлшемімен геологиялық
өлшем бірлігімен және өте ауқымды аумақтарды
қамтиды. Сонымен дарвинизм — макроэволюция
туралы классикалық ілім.Осы ілімнің адамзат
дамуында маңызы жоғары.Себебі осы эволюциялық
теория арқылы болашаққа үлкен жол ашылды.Генетика
саласы да айрықша жаңалықтарға қол жеткізді.

19. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

• “”Қазіргі жаратылыстану концепциялары ”
кітабы;
• Ikaz.kz;
• Wikipedia.kz;
• Baribar.kz сайттары

20.

• НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила