Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу
Инклюзивті мектеп моделін жасау
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ аясында мектептегі
Нысаналы индикаторлар:
Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:
891.50K
Категория: ПравоПраво

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу

2.

Адам білмегендіктен
адаспайды, білгішсінем деп
адасады.
Жан Жак Руссо
(1712 – 1778)
французский писатель и
философ.

3. Инклюзивті мектеп моделін жасау

4.

«Инклюзивті» деген термин ағылшын тілінен
аударғанда енгізілген, араластырылған деген
мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың
бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, атаанасының әлеуметтік –экономикалық мәртебесі
мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы
білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.

5.

Инклюзивті білім беру жынысына, жасына ,
географиясы бойынша тұратын жеріне, дене және
ақыл-ой
ауытқушылықтарына,
әлеуметтікэкономикалық мәртебесіне қарамастан оқып
жатқан барлық балалардың сапалы білім алып,
өзінің әлеуетін дамытуына тең мүмкіндіктер туғызу
дегенді білдіреді.

6.

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ аясында мектептегі

8.

Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде
дамымаған.
Қазіргі
кезеңде
мүмкіндіктері
шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе
19,5 %-ы – мектеп жасына дейінгі балалар.
37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта
10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен
және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана
құрайды.

9. Нысаналы индикаторлар:

Мектептердің
жалпы санынан
инклюзивті білім
беру үшін
жағдайлар
жасалған
мектептердің
үлесі
2010 ж.
2015 ж.
2020 ж.
10%
30%
70%

10. Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:

Даму мүмкіндігі
шектеулі
балалардың жалпы
санынан инклюзивті
біліммен қамтылған
балалардың үлесі
2010 ж.
2015 ж.
2020 ж.
9%
25%
50%

11.

• Балаларға ерте жастан түзеупедагогикалық қолдау көрсету үшін түзету
және инклюзивтік білім кабинеттері
құрылатын болады. 2015 жылға дейін
барлық балабақшалардың жалпы санынан
түзеу және инклюзивті білім
кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін
ұлғаяды.

12.

• Инклюзивті білім жүйесін дамыту
• 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары;
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары
анықталады;
• мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді.
• 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар,
пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,
арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық
құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.
• 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге
тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагогдефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің,
арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
• Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері
ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз
ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.

13.

• Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу
қажет.
• Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.
• Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен
тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын
қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық;
ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық;
әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және
т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.
• Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог
ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.
• 2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке
жетеді.
• Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік
береді.
• Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды
ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.
• Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу
бойынша әрбір білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім беру конкурстары мен
олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік
белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды

14.

• «Инклюзивті білім беруді дамыту»
тақырыбында 6 сәуір 2011 ж. Астанада
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі мектепке дейінге
және орта білім департаментінің
ұйымдастыруымен брифинг өтті.

15.

• Ақтөбе облысының 167 мектебінде
инклюзивті білім беру жүйесі
енгізілген (07.12.2011)
«Ақтөбе облысында мүмкіндігі
шектеулі оқушыларға арналған 72
мектеп ашылған. 17 балабақша мен 167
жалпы білім беретін орта мектепте
инклюзивті білім беру
ұйымдастырылды. Мұнда
2 мың
бала оқиды. 2010 жылмен
салыстырғанда бұл жүйе 11 арнайы
сыныптарға көбейген. Ересектер
мүмкіндігі шектеуді оқушылардың
мектепке келуі мен тамақтануын да
қарастырды».
English     Русский Правила