466.65K
Категория: МенеджментМенеджмент

Swot-талдау

1.

№38 - САБАҚ: SWOT - ТАЛДАУ
Авторлар: Жулдызбаев Н.Е., Мырзакулов Б.Б.

2.

Сабақ мақсаттары:
• SWOT талдау дың тағайындалуын түсіну.
• Зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау
кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолдану.

3.

Ішкі және сыртқы зерттеу жүргізгеннен кейін алынған нәтижелерді
талдау қа жет . Біз бүгін гі са бақта алынған мәліметтерді
статистика лық талдау немесе зерттеу дің басқа да әдістері жөнін де
емес, зерттеу нәтиже сін де алынған нақ ты деректер мен
қорытынды лар ды салыстыру, яғни зерттеу нәтижелеріне сүйене
отырып, ком панияны дамыту жолдарын қа рас тыру жөнінде
әңгімелесетін боламыз.
Талдау жасаудың ең қарапайым, алайда еңбекті қажет ететін түрі —
SWOT-талдау әдісі.

4.

SWOT - талдау
SWOT-талдау — бұл қүбылыстар мен факторларды төрт санатқа бөлуге негізделген
стратегиялық жоспарлаудағы талдау әдісі:
Strengths — кұшті жақтары;
Weaknesses — әлсіз жақтары;
Opportunities — мұмкіндіктері;
Threats — қауіп-қатерлер

5.

SWOT - талдау
SWOT-талдау әдісін ең алғаш рет 1963 жылы Гарвард университетінің профессоры Кеннет
Эндрюс енгізді. 1965 жылы Гарвард университетінің профессорлары корпоративтік стратегияны
әзір леу үшін SWOT-талдауды қолдануды ұсынды. Қазір SWOT-талдау келесі сұрақтарға жауап
беру қажет болған жағдайда жүргізіледі:
1. Компания ішкі күшті жақтарын немесе ерекше артықшылықтарын өз қызметінде қаншалықты
пайдалана алады ? Егер компанияның бірегей артықшылықтары жоқ болса, онда оның қандай
әлеуетті күшті жақтарын дамытуға болады ?
2. Компанияның әлсіз жақтары оның бәсекелік жағдайына қаншалықты әсер етеді? Нарықтағы өз
позициясын сақтап қалу немесе нығайту үшін не маңызды? Компания өнімінің маусымдық
сипаты оның әлсіз жағына мысал бола алады. Мәселен, әлемге әйгілі Canada Goose
компаниясының негізгі ерекшелігі — жоғары жылу сақтағыш мамық өндірісі. Әлбетте, бұл өнім
жылдың суық мезгілінде үлкен сұранысқа ие. Компания өз позициясын ұстап қалу және күшейту
үшін, мысалы, жаһандық мұздану туралы фильмдердегі поляр лық ғалымдар мен компьютерлік
ойын кейіпкерлерін Canada Goose мамық сырткиіміне «киіндіреді». Осындай амал арқылы бренд
жыл бойы тұ тынушының есінде қалады

6.

3. Компанияның табысқа жетуіне қандай жағдайлар әсер етеді? Нарыққа ертең не қажет,
компания оған не бере алады ?
Мысалы, фитнес орталығы бар басқарушы компания дұрыс тамақтануға ерекше назар
аудару трендінен жаңа мүм кіндіктерді көре алды. Осылай ша Crossfit Astana
маркетологтері клуб аумағында «Paleo Cafe» пайдалы ас кафесін ашты.
4. Компанияны қандай қауіп-қатерлер алаңдатуы керек? Компания өзін қалай қорғай алады?
SWOT-талдау әдіснамасы оны компанияның дамуына қатысты шешім қабылдауда ғана
емес, кез келген жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары сынып
оқушылары көбіне шет тілін үйрене бастайды. Шетелдік университетке оқуға түскісі
келетіндер үшін бұл заңдылық, ал ондай мақсатыңыз болмаса ше? Шет тілін үйрену дәл
қазір сізге қаншалықты қажет?

7.

SWOT талдау әдісін осы мәселені шешуде қолданып көрейік. Ол үшін бізге қажет

8.

SWOT - талдау
Бизнес-мақсаттар үшін SWOT-талдау жүргізген кезде және компанияның әлсіз және
күшті жақтарын анықтаған жағдайда, оның жұмысының келесі құрамдас бөліктеріне
назар аудару керек:
• маркетингілік қызмет және нарықтағы жағдайды ескере отырып, оның жеткіліктілігі;
• сату жүйесі және оның сатылатын өнімге, мақсатты клиентке сәйкестігі;
• өндірістік үдерістерді ұйымдастыру және шығарылатын өнімнің нарыққа сәйкестігі;
• компанияның қаржылық жағдайы және қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі;
• басқару жүйесі, оның ашықтығы, жеңілдігі, жеделдігі;
• персоналды басқару және уәжділік жүйесі және т. б.

9.

Қауіп-қатерлер әдетте бірнеше топқа жіктеледі, сондықтан компания нарығына қандай
қауіп-қатер тән екенін білу қажет.
• әлеуметтік (қосымша шығындарды талап ететін еңбек қорғауға қойылатын талаптарды
күшейту);
• экономикалық (шикізаттың жекелеген түрлеріне ба ға ның өсуі, са лық заңнамасы ның
өзгеруі және т. б.);
• технологиялық (өзіндік құн ды 30 %-ға қысқарта алатын жаңа технология мен жабдықтың
пайда болуы);
• саяси (көршілес елдермен қарым-қаты настың өзгеруі);
• экологиялық (сүзгілерді орнатуға бұйрық);
• бәсеке (шетелдік алыптардың жергілікті нарыққа шығуы, ағымдағы бәсекелестердің
фирмалық дүкендер желісін дамытуы).

10.

Әрбір дәлелдің маңыздылығын анықтаңыз

11.

Ішкі орта элементтерін сыртқы орта элементтерімен байланыстырыңыз
Келесі қадам — анықталған күшті және әлсіз жақтар ды кестедегі жолдарға, ал
мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ба ға ндарға бөліп жазу керек. «Күш» пен
«мүмкіндіктерді» салыстырыңыз, «күш» «мүмкіндіктерге» қалай қол жеткізе алатынын
ойлаңыз. Енді S1-ді әрбір мүмкіндік пен қатермен біртіндеп салыс тырыңыз: «Қазір сізде
белгілі бір тілдік білім қалыптасқан. Сондықтан оны уа қыт өте келе еске түсіргеннен (бұл
көп уақыт а лады ), әрі қарай дамытып жетілдіре түсу жеңілге соғады». Мысалы, күшті
жақтың шетелдік оқу орындарында тағлымдамадан өтуге мүмкіндік беретін бағ
дарламамен қандай байланысы бар? Әрине, тікелей! Шет тілін жақсы меңгерген болса,
шетелде тағылымдамадан өту оңайырақ болады. Сондай-ақ «күшті» және «қауіптерді»
салыстырыңыз, «күштің» қандай «қауіп-қатерге» шамасы жететінін ойлап көріңіз.

12.

13.

Бұрын анықталған қарымқатынастарды талдаңыз
Алдыңғы кестеде шетелде тағылымда мадан өту бағдарламалары мен қазіргі
уақытта дамыта алатын қандай да бір тіл білудің арасындағы байланысты
анықтадық. Бұдан қандай қорытынды жасауға болады:
1-қадам. Осы бағдарламалар туралы көбірек білуіңіз керек: білімге қойылатын
талаптар қандай, тағылымдамадан өту үшін қандай курс бар, қандай елдер күтіп
тұр, елде тұру ерек шеліктері және т.б
2-қадам. Мүмкіндіктеріңізді тәжірибе бағ дарламасының талаптарымен
салыстырыңыз және зерттелмеген «ақтаңдақтарды» белгілеп қойыңыз.
3-қадам. Тіл оқытушысымен кеңесіп, әрекеттер жоспарын жасаңыз (қашан және
нені оқу керек, қай форматта және т. б.).

14.

SWOT-талдауы іскерлік мақсатта немесе өзіңіздің жеке басыңыз үшін жүргізілгеніне
қарамастан, бірнеше бағыт бойынша әрекеттер жоспарын жасау керек:
• күшті жақтарды іске асыру;
• күшті жақтарды пайдалана отырып әлсіз жақтарды түзету немесе күшейту;
• қауіп-қатерлерді өтеу үшін күш-жігерді дамытып, іске асыру.
Шын мәнісінде, SWOT әдістемесі кез келген жағ дай да (гардероб, маман дықты таңдауда,
жұмысқа орналасу, т. б.) бейсана лы түрде пайдаланылады. Біз барлық жағдайда өзіміздің
күшті және әлсіз жақтарымызды, жаңа мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерге баға береміз.
Бұл талдау әдістемесін стратегиялық шешімдерді қабылдаумен айналысатын әрбір
маркетолог біледі және қолданады.

15.

1 - тапсырма
Үйге тапсырыспен тағам жеткізумен айналысатын
компаниялардың күшті жақтары қандай болу керек деп
ойлайсың? Олардың бәсекелік қабілетін әрі қарай ненің
көмегімен дамытуға болады ?
2 - тапсырма
Неге Қа зақстанның өзінде көптеген адам Canada Goose мамық
сырт киіміне арнайы тапсырыс беруге дайын? Бұл марканы еске
алғанда кім ойыңызға түседі? Мұның бәрі тұрақты және мұқият
ойластырылған коммуникацияның нәтижесі.

16.

3 - тапсырма
Әлем үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Болашақта қандай өзгерістер ком
панияның дамуына ықпал етеді деп ойлайсыздар? Даму дың жаңа серпініне
немесе сәт сіз дікке ұшырауға нақты қандай жағдай себеп болуы мүмкін?
Осындай трендтің біріне бизнесті цифрлау жатады. Бұл бір жағынан зор
мүмкіндік, екінші жағынан қауіп. Ойланып көріңізші, неліктен?

17.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
English     Русский Правила