§36.Табиғат жағдайлары мен ресурстары
§37. Халқы.Нәсілдік ,ұлттық құрамы.Діні Ғылымы және мәдениеті.
2.06M
Категории: ЭкологияЭкология ГеографияГеография

Табиғат жағдайлары мен ресурстары

1. §36.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

2.

АҚШ аумағының жер бедеріне бірнеше ірі
ораграфиялық бірліктер тән.Батыста Кордильера тау
жүйесі орналасқан.Осы тау жүйесіне енетін
Аляска,Брукс,Сьерра-Невада және т.б жоталар,Сеңгір
таулары,Үлкен
Алап,Колорадо
үстірті
орналасқан.Кордильераның ел аумағындағы ең биік
нүктесі
–Аляска
жотасындағы
Мак-Кинли
тауы(6193м).АҚШ-тың шығысында аласа Аппалач
тауы орналасқан.Елдің орталық бөлігінде Ұлы және
Орталық жазықтар жатыр.Ал Мексика шығанағы
жағалауы мен Флорида түбегін теңіз деңгейінен 100м
–ге дейінгі биіктіктегі ойпатты жағалық жазықтар
алып жатыр.Алып жатқан жерінің үлкендігіне
байланысты АҚШ жерінің климат жағдайы алуан
түрлі.

3.

4.

Қаңтарда ауа температурасы-60о С қа дейін төмендесе
,оңтүстігіндегі Өлім аңғарында шілде айында +57о
С
жететін температура байқалған.Елдің солтүстік –батысында
3000 ммге дейін жауын-шашын түссе ,оңтүстік батыста
оның оның мөлшері 100мм ден де азаяды.
АҚШ жеріне табиғат апаттары да тән.АҚШ-тың
батысындағы таулы аудандар жер сілкіністері болып
тұрады.Елдің жазық болып келетін орталық бөлігінде
аңызақтар мен құрғақшылық,ауаның қарқынды алмасуы
нәтижесінде болатын күшті желдер мен құйын тәрізді
қозғалатын дауылдар-торнадо жиі байқалады.Қуатты
торнадо көп апат әкеледі.:жүріп өткен жолында ағаштарды
тамырымен қопарып ,елді мекендерді қиратып кетеді.Макс
жылдамдығы сағатына 800 км ге жетеді.

5.

АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен
Миссисипи ағып өтеді.
Өзендер ішкі су жолы ретінде көлік қатынасына
қолайлы.Елдің Канадамен шекаралас аймағында
Ұлы көлдер шоғырланған.Ал Ұлы көлдерді АҚШ-тың
үшінші теңіз жағалауы деп атайды.

6.

АҚШ жері табиғи ресурстарға өте бай.Әсіресе
минералды шикізат түрлері кең таралған,бұл ел
аумағының қалыптасу тарихы мен құрылымдық
ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.Жанжақты
жүргізілген
барлау
жұмыстарының
нәтижесінде 30-дан астам штаттың аумағында көмір
мен мұнай қоры бар екені анықталған.Қазіргі кезде
15 штатта көмір өндіріледі.,әсіресе Аппалач көмір
алабының (Кентукки ,Пенсильвания және Теннеси
штаттры) маңызы зор. Қазірге дейін Аппалач көмір
алабы елде өндірілетін таскөмірдің
80% ын
береді.Мұнай мен газдың аса маңызды кен орындары
Мексика шығанағы жағалауынан,Калифорния мен
Аляскадан
табылған.Елдің
отын
энергетика
кешеніндегі олардың үлесі 70% құрайды.

7.

8.

9.

10. §37. Халқы.Нәсілдік ,ұлттық құрамы.Діні Ғылымы және мәдениеті.

11.

АҚШ халқының жалпы саны-309,6 млн адам.Дүние
жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейінгі 3-ші орын
алады.Елдегі адамның өмір жасының орташа
ұзақтығы еркектерде 75 жас,әйелдерде 80 жас.
АҚШ көп ұлтты ел.Ресми түрде ел азаматтары
шыққан тегіне карамастан америкалықтар деп
аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді.Нәсілдік
ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топқа
ажыратылады:еуропалықтар(84%),африкалықтар
(12%),азиялықтар (4%). Қазіргі кезде АҚШ тағы
байырғы халық –үндістердің үлесі 1 шамасында
ғана халықтың негізгі бөлігі сырттан келгендер
құрайды.

12.

Үндістер
Еуропатектестер
метистер
мулаттар
самбо
Негрлер

13.

Тек 19 ғасырдың басынан бері Жер шарының 70 ке
тарта елінен 55 млн ға жуық адам осында қоныс
аударған.19
ғасырдың
екінші
жартысында
иммигранттар арасында еуропалықтар үлесі
азайып,Азиядан,Латын Америкасымен бұрынғы
шектеулерге қарамастан иммигранттар есебінен ел
халқы жылына 1 млн адамға артты.

14.

Халықтың
діни
құрамы
да
өте
күрделі.Америкалықтардың
діни
бағдарының
алуантүрлілігі олардың шығу тегімен түсіндіріледі.Ел
халқының көпшілігін христиан дінінің әр түрлі
бағыттарын
ұстанған
өкілдері
құрайды.Ұлыбритания,Скандинавия елдерінен қоныс
аударғандардың ұрпақтары протестанттар болса ,атабабалары
Италия,Испаниядан
келгендердіңкатоликтер.Жалпы алғанда АҚШ та 250 ден астам әр
түрлі бағыттағы шіркеулер жұмыс істейді. Ел халқы
біркелкі қоныстанбаған.АҚШ халқының орташа
тығыздығы 1 км жерге 28 адамнан келеді.Дүние
жүзінде 18 орын алады.Халық тығыз қоныстанған
аудандарға Атлант мұхиты жағалауы мен Ұлы
көлдер маңы,батыстағы Калифорния штаты
жатады.Мұнда 1км жерге 200-400 адамнан келеді

15.

АҚШ халқының 79 ы қалада тұрады,елде жалпы саны
9мыңдай қала бар.Америка қалалары өзіндік сипатқа
ие.Көбінесе төртбұрыш пішінді болып келетін қала
аумағы
айқын
ажыратылатын
зоналардан
тұрады.Қаланың орталық іскер бөлігінде зәулім
үйлерде офистер мен банктер,биржалар мен сауда
орталықтары т.б орналасқан.

16.

АҚШ та аса ірі 3 мегаполис бар.Бостаннан Вашингтонға
дейінгі созылып жатқан Солтүстік Шығыс
мегаполисін қысқаша Босваш ,Чикаго мен Питсбург
арасындағы Көл маңы мегаполисін Чипиттс ,СанФранциско мен Сан-Диего қалалары аралығында
орналасқан Калифорния мегаполисін Сан-сан деп
атайды.
Р/с
Мегаполис аты
Құрамындағ
ы
агломирация
саны
Халық
саны млн
адам
Жерінің
ауданы
Басты
білік
бойымен
ұзындығы
1.
2.
3.
Босваш
Чипиттс
Сан-сан
Барлығы
40
35
15
90
45
35
18
98
100
160
100
360
800
900
800
2500
English     Русский Правила