808.69K
Категория: БЖДБЖД

Жорыққа қатысу талаптары

1.

Жорыққа қатысу
талаптары
ОРЫНДАҒАН
АБАТОВ Д.
ҚАБЫЛДАҒАН
АРЫСТАНОВ Н.

2.

Жоспар
1.Жаяу жорық кезіндегі қауіпсіздікті
сақтау
2.Топтағы міндеттер
3.Жорыққа қажетті құрал-жабдықтар

3.

1.Жаяу жорық кезіндегі қауіпсіздікті
сақтау
Жорыққа шығарда қатысушылар топтың маршруттағы қозғалысын,
тәртібін және оның дұрыс ұйымдастыруын меңгеруі, бағыттаушы мен
артта журушінің міндеттерін жақсы білулері керек. Бағыттаушы шамаға
шақ қозғалыс қарқынын және ең қолайлы жолды таңдайды.
Артта жүруші - көп жағдайда жетекшінің көмекшісі болуы мүмкін. Ол
топтағы қатысушылардың әр түрлі жағдайларға байланысты артта қалып
қоймауын қадағалап қарайды. Жетекшіге түрлі жол жағдайлары жөнінде
сонымен қатар топтың хал – жағдайы, тоқтайтын жер туралы және т.б.
толық мәлімет береді.
Саяхат барысында топтың жетекшісі көбіне колонналар ортасында,
топтың қозғалысы мен жағдайын жақсы көру үшін кейде соңында жүреді.
Күрделі маршут учаскесінде ол алға шығады. Қозғалысты жәй қарқынды
бастап, біртіндеп шапшандықты өсіру қажет жағдайында шешім
шығарады, алайда сағатына 3.5-4 км, ал таулар арқылы бұдан баяу
қозғалу керек.

4.

Топтағы міндеттер
Жорық жетекшісі – ол ережеге сәйкес жорыққа топты дайындауға және оны өткізуге жауапты. Категориялы
күрделіліктегі жорықты ұйымдастырушы кәмелетке толған әрі тәжірибелі болуы қажет. Жорық жетекшісі сонымен қатар
физикалық, моральды дайындығы берік, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез- келген уақытта мәселені шеше
білетін және шешім қабылдау білетін турист болуы қажет. Саяхат барысында топ жетекшісі қауіпсіздік сақтау
мақсатында қауіп төнген жағдайда маршрутты өзгертуге құқығы бар. Маршрутты күрделі жолға өзгерту топқа аса қауіп
төнген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар топ жетекшісі қажетті жағдайда топ жетекшілігін орынбасарына
немесе шебер дайындығы бар топ қатысушына беруге құқығы бар.
Саяхат жетекшісі міндетті:
Жорық құжаттарын дайындауға
Жорыққа қажетті-құрал жабдықтарды дайындатуға
Жорыққа қажетті азық-түліктің сметасын дайындауға
Жорыққа шығар алдында әдебиеттерден немесе басқада ақпарат көздерінен саяхат ауданы туралы мәлімет жинақтауға
Саяхат ауданының физикалық –климаттық ерекшеліктерін зерттеуге
Маршрутты қауіпсіз әрі көз тартарлықтай жермен жүріп өтуге белгілеуге
Табиғатты қорғау ұйымынан, тәжірибелі туристтерден кеңестер алуға
Жорық барысында кешкісін топты жинап күнделікті жорық есебін жүргізіп, ертеңгі күнге жоспар құруға
Жетістіктермен, олқылықтарды күнделікті талқылап нәтиже шығаруға
Кез-келген осы ауданда жүрген басқа туристік топқа қажет жағдайда көмек беруге
Сәтсіз жағдайда басшылыққа хабар беруге міндетті.

5.

Топтағы жеке міндеттер
Жетекші орынбасары – Ол жетекшінің тікелей көмекшісі. Топтың тәртібіне жауапты. Жетекшінің
бұйрығының орындалуын қамтамасыз етеді. Жетекшіге топтағы жағдай туралы үнемі хабарлап
отырады.
Жетекшінің мәдениет жөніндегі орынбасары – ол жорық барысында кешкісін демалу кезінде әр
түрлі топтық сайыстар, ән сайыстарын, викториналық сұрақтар, және т.б мәдени-демалыстық
шаралар ұйымдастырады.
Дене шынықтырушы – ол топ мүшелерінің жорық барысындағы физикалық жай – күйін
қадағалайды. Күн сайын ертеңгілік жаттығулар орындатады. Спорттық-сауықтыру шараларын
ұйымдастырады.
Шаруашылық меңгерушісі - ол барлық құрал-жабдықтардың түгенділігіне, жеткілікті
пайдаланылуына, жарамды-жарамсыздықтарына, құрал-жабдықтардың сақталуына, қажет жағдайда
жөндеу жұмыстарына жауап береді. Жорық соңында тазартып, кептіріп қоймаға өткізеді.
Тамақ жөнінен шаруашылық меңгерушісі - ол күнделікті тамақтануға жорықтың аспазына немесе
кезекшісіне азық-түлікті мөлшерлеп бөледі. Азық-түліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қажет
жағдайда толықтыру туралы жетекшіге мәлімет бері, есеп жүргізеді.
Медбике(санитар) – Туристердің күн тәртібін, санитарлық тазалықтың сақталуын, дәрі-дәрмектің
қажетті мөлшерде берілуін, топ мүшелеріне қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету,
тамақтың санитарлық талапқа сай дайындалуын және таза ауыз су тәртібін қадағалайды. Күнде
кешкісін кезекші аспаздың жұмысына баға береді.

6.

Жорыққа қажетті құрал-жабдықтар
Жалпы жорықтар үшін керекті құрал-жабдықтарды 3 түрге бөліп қарастыруға болады. 1.
Маршруттағы табиғи кедергілерден өту үшін қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар (арқан,
карабин, дюльфер, жумар, гри-гри, каска т.б.) 2. Туристік топқа ортақ құрал жабдықтар (шатыр,
компас, карта, планшет, балта,тамақ пісіретін ыдыстар мен ошақ құралдары т.б.) 3. Жеке
адамдарға арналған құралдар рюкзак, ұйықтайтын қап, маска, күннен қорғайтын көзілдірік,
жаңбыр қап, дәптер, карандаш, киім-кешек, жуынатын заттар т.б. ). Рюкзак– ол әртүрлі болып
келеді. Ол брезенттен (су өтпейтін қалың кенеп) жасалынады. Рюкзактің арқаға асынатын жері
(лямка) едәуәр үлкен, жалпақ оның үзіліп кетпей мықты ұстап тұру үшін сапалы тігілген. Ең түбіне
жұмсақ әрі жеңіл заттар, ал бетіне ауыр заттар салынады. Төмен тартып тұрмай арқаға қонымды
қолайлы болып тұруы үшін, ауыр заттарды (14-15 кг) баудың қасындағы сақиналы жерге жақын
орналастыру керек. Үлкен салмақтағы, жақсы буып-түйіліп жинақталған рюкзак қозғалыс
барысында туристке қиындық тудырмайды. Жатын қап жеңіл және мықты матадан, жылуды жақсы
сақтайтын шатырда көп орын алмайтын болып келеді. Ол бір адамға немесе екі адамға арналған
болуы мүмкін. Шатыр (палатка) туристердің уақытша тұратын мекендері. Арқандар – жорыққа аса
қажетті құрал-жабдықтардың бірі болып саналады. Олсыз сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру мүмкін
емес. Карабин - туристті сақтандыру кезінде жіпті ілмекпен жалғап тұрады. Ол құрыштан немесе
болаттан жасалынады карабиннің салмағы 200 г. Құрал-жабдықты дайындағанда топ мүшелерінің
санына, жорық маршрутында кездесетін әртүрлі табиғи кедергілер түрлері мен жорық өтетін
ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Құрал- жабдықтардың кейбір түрі
жорықтың барлық түріне қолданса, ал кейбір түрі жеке бір жорық түріне қолданылады.

7.

Назарларыңызға рахмет.
English     Русский Правила