Похожие презентации:
ҰБТ-ға сеніммен барайық!
1.
ҰБТ-ға сенімменбарайық!
ҰБТ-ға сеніммен барайық
(Тренинг сабақ)
(Психологиялық тренинг)
2.
Мақсаты:Оқушылардың қорытынды аттестаттауға және
ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінезқұлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын
психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқутанымдық қабілеттерін арттыру.
3.
Ең алдымен, тренингбарысында мына
ережелермен танысып
алайық!
1. Белсенді қатысу
2. Тыныштық сақтау
3. Бірін-бірі тыңдау
4. Ойын ашық айту
5. Бірін-бірі сынамау
6. Ынтымақтылық
4.
Амандасу тренингі.Бумба - Юмба тайпасы жаттығуы.
Біз сендермен барлығымыз Бумба - Юмба
тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның
дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз
керек.
Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сендер
қасыңызда тұрған адаммен бір - біріңіздің
мұрындарыңызды ұстайсыздар. Белгі беріліп,
алақандарыңызды 2 рет соққанда бір - біріңе
арқаларыңды түйістіресіздер.
Рефлексия: Сіздер қандай сезімдесіздер?
Қандай әсер алдыңыздар?
5.
«Мен қалаған есім»Оқушылардың өзін жайлы сезінуін
қалыптастыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу
мақсатында жүргізіледі.
Тренинг ережесі: Ортаға 12 оқушы шығып, шеңбер
құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін
қалай шақырғанын ұнатады?
1.Ата-анаңның қалай атағаны ұнайды?
2.Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?
3.Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?
4.Достарыңның қалай атағаны ұнайды?
Релексация. Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер?
Бұдан кейін сыныптастарыңның өзіңді солай атауын
қалайсың ба? Мұғалімдерден өзіңді солай атауын сұрағың
келмей ма? Оқушылар орнына отырады.
6.
«Стресті қалай жеңуге болады?»«Өрмекші торы» жаттығуы
7.
«Қар» жаттығуыМақсаты: оқушылардың бойындағы ашу-ыза,
қорқынышты сейілту.
Нұсқау: оқушылар ақ қағаз алады да оны доп
сияқты қылып жасайды. Оқушыларды 2 топқа
бөліп, бір-біріне жасаған қарларын лақтырады.
Берілетін уақыт 3 минут. Кімде қар аз болса сол
адам жеңімпаз атанады.
8.
«Сілкіп таста» жаттығуыМақсаты: Жағымсыз, негативті
сезімдерден ойлардан айырылу.
Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан
айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым
келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды,
иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде
барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп
түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз.
Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз.
Басыңызды сілкіңіз, бетіңізді сілкіңіз. Барлық
жағымсыз ойлардан, сезімдерден айырылдым
деп ойлаңыз».
9.
«РЕЗЮМЕ»Келесі жаттығуда оқушылар «РЕЗЮМЕ» жазады.
Балалар мектепті бітіріп, университетті
аяқтағанын елестете отырып, жұмысқа тұру
үшін резюме жазу керек.
Резюмеде мамандығы, қандай тілдерді меңгергені,
нені үйренгенін, қолынан қандай іс келетіндігін,
өздерінің жақсы қасиеттерін жазды.
10.
«Ең жақсы» жаттығуыЕң жасыл мамандықтар
Ең ақшалы мамандықтар
Ең салмақты мамандықтар
Ең көңілді мамандықтар
Ең тәтті мамандықтар
11.
Ең ақшасы көп ... (банк қызметкерлері, экономист)Ең жасыл ... (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші)
Ең тәтті ... (аспаз, кондитер)
Ең күлкілі ... (клоун)
Ең жауапты ... (сот, бухгалтер)
Ең салмақты ... (мұғалім, заңгер)
12.
13.
“Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуыМақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет
етуге үйрену.
Нұсқау: “Үй” дегенде екі адам бірігіп,
шатыр құрады. “Адам” дегенде екі адам
бірігіп, ортасына адам кіреді. “Жер
сілкінісі” дегенде бейтарап болып жүреді.
Қалып қалған адам жүргізуші болады.
14.
«Жолдастық» ойынМақсаты: Қандай жағдай болмасын
досыңды құтқару, көмектесу.
Нұсқау: Оқушылар 1 мен 2- ге санап екі
топқа бөлінеді. Әр жұп бір-бір шардан
алады. Саусақтың ұшымен жерге
түсірмей мәреге жеткізу.
15.
Жүректен жүрекке.Майшам жаттығуы.
Біздің сабағымыз аяқталуға жақын. Мен сіздердің
барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет
айтамын, ризамын. Ал қазір мен майшамды жағамын.
Барлығымыз бір - бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір - бір жылы сөз айтып
майшамды беріп отырамыз. Майшамды алған себебім,
жарық деген әрқашан да жақсы нәрсе, сондықтан да
алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
Төменнен жоғары қарай шапалақтау.
16.
17.
Құрметті түлектері,алдарыңда үлкен сынақ, сол сынаққа
әрқашан сеніммен
барыңдар. Бақытты
ғұмыр болмайды, ол
бақытты секунд, бақытты минут,
бақытты сәттерден тұрады, біз сол
бақытты сәтті сезіне білу арқылы
бақытты боламыз! СӘТТІЛІК!