Похожие презентации:
Болаттардың термиялық өңдеуі. № 6 Дәріс
1.
№ 6 ДәрісТақырыбы – «Болаттардың термиялық өңдеуі»
2.
Мазмұны:Металды термиялық өндеудің түрлері
Болатты қыздыру және салқындату кезіндегі құрлымы
Негізгі өзгеру механизмдері
Перлиттің аустенитке өзгеруы
Жай суыту кезіндегі аустениттің перлитке өзгеруы
Өзгеру заңдылықтары
Арлық өзгеруы
3.
Металды термиялық өндеу түрлеріҚорытпаның құрамы оның құрылымына байланысты. Құрамын өзгерту, сонымен
қатар қасиетін өзгертудің негізгі түрі термиялық өндеу болып табылады. Негізгі
термиялық өндеуді Чернов Д.К. шығарған, әрі қарай Бочвар А.А., Курдюмов Г.В.,
Гуляевтің еңбектерінде жетілдірілді.
Қорытпаның ішкі құрылымымен керек қасиетін алу үшін термиялық өндеу сатылап
орындалатын қыздыру және салқындату процестерінің негізі болып табылады(осьте
көрсетілген температура мен уақыт график түрінде көрсетілген,)
Термиялық өндеу келесі түрге бөлінеді:
1.Жасытудың I -ші типі– барлық металмен қорытпа үшін мүмкін.
Оның өтуі қатты күйдегі фазалық өзгеріске сәйкестірілмеген.
Атомдардың қозғалысын жылдамдатып, бірінші
типті. жасытудың қыздыру
кезінде, химиялық біртекті еместілікті толық жояды, ішкі қуатты азайтады.
Негізгі мағынаны қыздыру температурасымен уақыт ұстамдылығы.
Мінездемесі болып жай салқындату табылады.
4.
5.
6.
Жасытудың II -ші типі – жасытуда металл және қорытпа қыздыру жәнесалқындату кезінде қатты фазалық өзгеріске ұшырайды.
Құрамында полиморфты және эвтектоидты өзгеріс және де аралық қатты
компоненттердің араласуы қорытпасы үшін өтеді.
Екінші типті жасытудың құрамын тепе-тендікте және әрі қарай өндеу
мақсатында жүргізіледі.
Жасытудың
нәтижесінде дән ұсақталады, пластикалық қасиеті артады,
төзімділігімен, қаттылығы төмендейді.
Қорытпаларға, қатты күйде қыздырғанда және салқындатқанда фазалық
өзгеристерге ұшырайтын, шынықтыру жүргізіледі. Мақсаты - тепе - тендікте емес
пайда болған құрылымдардың (сорбит, троостит мартенсит) қаттылығын және
беріктігін арттыру үшін.
Жоғары критикалық нүкте және жоғары жылдамдықпен сипатталады.
Жұмсарту – ішкі кернеуді жойып және қаттылығын төмендетіп, шыныққан
болаттың пластикалығын арттыру үшін жүргізіледі.
Төменгі критикалық Ас1 нүктесіне дейін қыздырумен сипатталады.
Салқындату жылдамдығы маңызды емес. Шыныққан болаттың құрылымындағы
теңсіздік дәрежесін азайту үшін өзгеріс жасалады.
7.
Термиялық өңдеуді алдын ала және соңғыға бөледі.Алдын ала – металдың құрылымы мен қасиетін дайындау техналогиялық
операцияны қажет етеді.
Соңғы – дайын өнім қасиетін қалыптастырады.
8.
Көміртекті болаттар қорыту технологиясына байланысты қайнау (КП) және тыныш(СП) қорыту болаттары болып екіге бөлінеді. Көміртекті болаттарда тұрақты
қоспалар болады: кремний, марганец, күкірт, фосфор, өттегі элементтер. Түріне
қарай болаттың құрамында қоспа элементтер мынадай мөлшерде кездеседі:
кремний 0,16-0,5%, Мn - 0,3-0,8%, Р - 0,05%, S - 0,05%, оттегі - 0,05%.
Көміртегі - болаттың физика-химиялық қасиеттеріне қатты әсерін тигізетін
элемент. Болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері артқан сайын болаттың
қаттылығы, беріктігі артып, пластикалық қасиеттері нашарлай түседі. Көміртегі
мөлшері 1-1,2%-дан артқанда, болаттың морттық қасиеті артып, оңай сынатын
болады.
Кремний болаттың құрамында ферритпен ерітінді немесе металл емес қоспа
түрінде кездеседі. Ферритте еріген кремний болатты нығайтып, оның серпімділік
қасиетін арттырады.
Марганец элементтің мөлшері мол болған сайын болаттың үйкеліске беріктігі
артады.
Күкірт болаттың құрамына руда, шойын, металл сынықтары, пеш газымен бірге
еніп, оның жоғары температурада сынғыштық қасиетін (красноломкость)
арттырады және темірмен әрекеттесіп, балқу температурасы төмен, металл
түйіршіктерінің шекарасы бойымен арыаласатын эвтектика (Ғе-Ғе S) түзеді.
Фосфор, күкірт сияқты, болатқа руда, шойын, металл сынықтарымен бірге еніп,
қалыпты температурада оның сынғыштық қасиетін арттырады.
Оттегі жоғары температурада болаттың сынғыштық қасиетін арттырады және ол
темірмен өте қатты қосылыс (оксид) түзетіндіктен, болатты жону арқылы өңдеуді
қиындатады.
9.
Бақылау сұрақтары:1.Термиялық өңдеу түрлері
2.Термиялық өңдеудегі өзгерістер
3.Перлитке аустенитке айналу механизмі
4.Аустенит құрамында қанша көміртегі
5. Аустениттің ұстамдылық уақыты және өзгеру жылдамдығы неге
байланысты.