Похожие презентации:
Ќарапайым хордалылар ретінде бас хордалылардыњ µкілі ланцетниктіњ сыртќы жєне ішкі ќ±рылысы
1. Зертханалыќ ж±мыс №1 Ќарапайым хордалылар ретінде бас хордалылардыњ µкілі ланцетниктіњ сыртќы жєне ішкі ќ±рылысы
2.
Систематикалық орны:Тип: Хордалылар – Chordata
Тип тармағы: Мисауытсыздар – Acrania
Класс: Бас хордалылар – Cephalochordata
Өкілі: Кәдімгі ланцетник – Branchiostoma lanceolatum Pall
Қажетті материалдар: Арнайы шыны ыдыстағы сұйық
ерітіндіде сақталған кәдімгі ланцетник; ланцетниктен
істелген дайын препараттар; плакаттар, микроскоп, қол
лупасы, қайшы, скальпель, кішкене пинцет, салфеткалар.
3. ТАПСЫРМАЛАР
1. Ланцетниктің сыртқы пішіні мен құрылысы:a) қол лупасының көмегімен ланцетниктің ылғалды препараты
бойынша оның сыртқы құрылысымен танысу.
b) микроскопты пайдаланып ланцетниктің тұтас тотальды
препаратынан оның сыртқы және ішкі органдарының орналасу
реттілігін көру.
c) эпидиаскопты пайдаланып альбомдарыңызға ланцетниктің
сыртқы және ішкі құрылысын салыңыздар.
2.
Ланцетникті лабораториялық
әдістерімен танысу.
жұмыс
мақсаты
үшін
сою
3. Қарапайым хордалылар ретінде ланцетниктің ұрықтық даму
ерекшеліктерін оқу.
4. Ж±мыстыњ ж‰ру реті
Жұмыстың жүру реті1-тапсырма.. Ланцетниктің сыртқы пішіні мен
құрылысы.
Ерітіндіге салынған ылғалды және құрғақ
тотальды препараттардан ланцетниктің дене пішіні
басқа су хордалылары сияқты ұзынша екендігін
көреміз. Ұзындығы 4-8 см шамасында, мөлдір
жануар. Қол лупасы немесе микроскоптың
көмегімен ланцетниктің денесі – бас, тұлға және
құйрық бөлімдеріне айқын жүктелмегендігін көруге
болады.
5.
Ланцетниктің сыртқы құрылысы:1-айналасында қармалауыштары бар ауызалды шұңқыры;
2-дара арқа жүзу қанаты; 3-екі метаплевральды немесе тері
өсінділері; 4-дара құйрық асты немесе аналь жүзу қанаты; 5дара құйрық жүзу қанаты; 6-атриопор; 7-аналь тесігі.
6.
2-тапсырма.Сойып препарат жасау үшін ланцетниктің
ұзындығы 7-8 см аспау керек. Сою үшін жануарды,
ішінде суы бар ванночкаға құрсағын жоғары
қаратып, сол қолымызбен ұстаймызда кішкене
қайшымен ауызалды шұңқырынан бастап аналь
тесігіне дейін ұзына бойы кесеміз. Содан кейін
кесілген тері бөлшектерін оңға және солға қайырып,
ланцетниктің ішкі органдарын лупамен қарауға
болады.
Ланцетниктің терісі 2 қабаттан тұрады. Тері
астында бұлшықет жүйесі орналасқан. Бұлшықет
жеке-жеке ет сегменттерінен тұрады.
7.
Ланцетниктің ұзынынан кесіндісі.1-ауыз-жұтқыншақ қуысы; 2-желбезек саңылаулары; 3ауыз алды шұңқыры; 4-эндостиль сайы; 5-арқа желісі; 6-ішек
түтігі; 7-бауыр өсіндісі; 8-ет сегменттері; 9-жұқа қабық
қабық миосепта; 10-аналь тесігі; 11-атриапор тесігі; 12-дене
қуысы; 13-хорда; 14-нерв түтігі.
8.
3-тапсырма:Қарапайым хордалылар ретінде ланцетниктің даму
ерекшеліктерін оқып танысыңыздар.
Ланцетник дара жынысты жануар. Оның тұқым және
дара бездері целомның желбезек бөліміне орналасқан.
Жұмыртқа су ішінде, көбіне кешкі уақыттарда ұрықтанады.
Нефридиялық каналдар екінші реттегі дене қуысының
қабырғасынан пайда болады. Жыныс бездері екінші реттегі
дене қуысы қабырғасының сомит және бүйірлік
пластинкаларға бөлінетін жеріндегі гонотом бөлігінен пайда
болады.
Атриаль қуысы атриапор арқылы сыртқы ортамен
жалғасады. Ланцетниктің дернәсілдік дамуы үш айға
созылады.
9.
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ1. Төменгі сатыда ұйымдасқан хордалылар ретінде мисауытсыздар тип
тармағына қысқаша сипаттама бер.
2. Суда тіршілік ететін жануар ретінде ланцетниктің сыртқы пішіні мен
құрылысы қандай?
3. Сойып ашылған ланцетниктің ішкі органдарының орналасу реттілігін
айт.
4. Ланцетниктің басты ішкі органдарын ата.
5. Ланцетниктің көбею мен өсіп-өнуін түсіндір.
Оқу құралдары: Руководство к лабораторным занятиям по зоологии
позвоночных. Авторы: Т.А.Адольф, А.В.Михеев и др. 1977,1983, ст.513. Практикум по зоологии позвоночных. Автор: Н.Н.Карташев и
др.1981, ст.9-16.