ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы философиялық және педагогикалық ағымдардағы білім берудің аксиологиялық мәселелері (СРС14)
ЖОСПАР:
Аппақ ишан мешіт- медресесі
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІ
ХХІ ғасыр дағдылары
Құзыретті мұғалімдер
Қазіргі сабақта нені оқыту керек?
Қазіргі сабақ бес проекцияда жүзеге асады
Қазіргі және дәстүрлі сабақ (салыстырмалы талдау)
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстырмалы талдау
Пайдаланылған әдебиеттер
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
4.08M

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы философиялық және педагогикалық ағымдардағы білім берудің аксиологиялық мәселелері (СРС14)

1. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы философиялық және педагогикалық ағымдардағы білім берудің аксиологиялық мәселелері (СРС14)

Орындаған: Аманова К.Т.
Тексерген: Битимова К.М.

2. ЖОСПАР:

I. ХХ ғасырдағы педагогика
II. ХХ ғасырдағы дәстүрлі оқу орындары
III. ХХІ ғасыр дағдылары
IV. Қазіргі және дәстүрлі білім беру
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған,
надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына
әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде
қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен
тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни
және зайырлы бағытта жүргізілді.

4.

XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен
медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу атааналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен
ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен
мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе
шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар
философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және
астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты
қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді
дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша
медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын,
дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді.
Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын.
Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен
патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен,
1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер
ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі
мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

5.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын
қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны
ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік
мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық
ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа
да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті
мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне,
оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900
жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай,
Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа
әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б.
Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев
та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан
дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа
әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді
панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан
аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

6.

1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және
Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс
жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтыкпен қарады. Балаларын
орыстандырумен қатар шоқындырып жібереді деп қауіптенді. Қазақтардың және бір
қорыққан нәрсесі — орыс-қазақ мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына
айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер
деп шошынды. Сондықтан Акмола облысындағы Халық училищесінің директоры А.Е.
Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді. Орысқазақ мектептерінің материалдық базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Ол
ауыл мектептеріне арналған «Ақмола және Семей облыстарындағы ауыл
мектептерінде сабақ берудің тәсілдері мен оқулықтары», «Қырғыз хрестоматиясы»
әдістемелік оқу құралдарын құрастырды. Оқудың қазақтардың ана тілінде жүргізілуі
туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесін шоқындыруға бағытталған діни
миссионерлік қызметін де белсенді түрде өрістете түсті. 1902 жылы Далалық өлкеде
осындай 14 мектеп ашылған болатын. Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар
қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін
оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз
қалталарынан төлеуге тиісті болды.

7. Аппақ ишан мешіт- медресесі

8. ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІ

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚТЕХНИКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІ

9. ХХІ ғасыр дағдылары

Сыни тұрғыдан ойлау, мәселені шешу, дәлел келтіру
Ғылыми-зерттеу дағдылары мен әдістері
Шығармашылық, қызығушылық, қиял, инновация
Тұрақтылық, өзін-өзі басқару, жоспарлау
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жұрт алдында сөйлеу және презентация
жасау, тыңдау
Көшбасшылық, топтық жұмыс, ынтымақтастық
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), бұқаралық ақпарат
құралдары мен интернетсауаттылық, деректерді түсіндіру және талдау,
бағдарламалау

10. Құзыретті мұғалімдер

21-ші ғасыр дағдыларын барлық мазмұн аумақтары бойынша және құзыреттілікке
негізделген оқыту көзқарасын қалыптастыруда қолдану
Технологияларды пайдалану, зерттеу және мәселеге негізделген тәсілдерді
біріктіретін инновациялық оқыту әдістерін енгізу
Студенттердің мықты жақтарына көңіл бөліңіз және оқытуды жекелендіріңіз;
оқуға ынталандырыңыз, тартыңыз, нұсқау көрсетіңіз
Әріптестеріңізбен бірлесе жұмыс істеп, білім алмасыңыз
Мектеп қабырғасынан тыс қоғамдастық ресурстарының бірігуін қолдаңыз

11. Қазіргі сабақта нені оқыту керек?

Педагогикалық қызмет – өз уақытының экономикалық,
саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес
өскелең ұрпақты өз бетінше қызмет етуге дайындауға
саналы түрде бағыттаған ересек адамдардың қоғамдықпайдалы қызметінің ерекше түрі.

12. Қазіргі сабақ бес проекцияда жүзеге асады

1-проекция
• Қазіргі сабақта пәндік білімді нақтылаудан бас тартып, «табиғат-қоғамадам» координаттарында әмбебап дүниетанымның іргетасын қалауға
ұмтылу керек.
2-проекция
• Қазіргі сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білімдер
рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу керек.
3-проекция.
• Қазіргі сабақта білімді «шайнап» бермей, оқушыға білімді өз
қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек.
4-проекция
• Қазіргі сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін
қалыптастыру керек, оқушыны университетке түсуге емес, өмірге
дайындау керек.
5-проекция
• Қазіргі сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік даналыққа әкелу
керек.

13. Қазіргі және дәстүрлі сабақ (салыстырмалы талдау)

Бәрін үйренуге болады
Бәрін үйретуге болады
Белсенді қызмет орталығы оқушы
Белсенді қызмет орталығы мұғалім
Оқушы белсенді қадағалаушы
Оқушы пассивті қадағалаушы
Оқушы тер төгіп жұмыс істейді
Мұғалім тер төгіп жұмыс істейді
Мұғалім тиісті материалды оқушының қабылдау ерекшеліктеріне бейімдей
біледі, пәнді өзіндік заттан оқушыға арналған затқа айналдыра алады. Пәнді
өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру үшін пайдалана біледі.
Мұғалім пәнін меңгерген.
Оқыту процесі орталықтандырылған емес
Сабақта мұғалім білімді жеткізуші.

14.

Мұғалім-ұйымдастырушы, жоспарлаушы, режиссер және бірге қатысушы. Оқу
деп аталатын пьесаның басты әрекет етуші тұлғасы-оқушы.
Сабақ- моноспектакль, мұғалім осы спектакльдің режиссері әрі
орындаушысы. Мұғалімнің функциясы-білім беру.
Мұғалім -сабақтың менеджері. Мұғалімнің функциясы-процесті оқушының
білімді алуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы қалыптасқан.
Мұғалім педагогика мен психология білімдерін меңгерген.
Мұғалім оқу материалын құрылымдау іскерлігін меңгерген.
Сабақ жақсы өтті-бұл әрбір оқушы өзінің интеллектуалдық және
шығармашылық қабілеттері шегінде барынша әрекет етіп, өзі үшін пайдалы әрі
маңызды бірдеңе алғанда.
Сабақ жақсы өтті-бұл мұғалім өзіне риза болғанда.

15.

Мұғалім мен оқушы серіктестер. Өз оқушысының «терісіне» кіре білу, өйткені
сонда және тек сонда ғана мұғалім мен оқушы сұхбаттасуда нағыз серіктестер
бола алады, мұнда әрқайсысының сұрауға, жауап беруге, ықпал етуге,
анықтауға құқы да, жаупкершілігі де бар.
Сабақта оқушы диалог жүргізеді, бірақ мұғалім сұрақ қоюға, ықпал
етуге және анықтауға құқылы.
Сабақта сырттай қарағанда тынышсыз, тіпті шулы ахуал болуы мүмкін, бұл
жерде көп нәрсе стихиялы түрде болжамсыз жүріп жатыр, мұғалім тәртіпті
сақтау-тыныштық болып, бір-бірден сөйлету туралы ойламайды деген әсер
қалуы мүмкін.
Сыныпта мүлгіген тыныштық болуға, оқушылар бір-бірден сөйлеуге
тиіс-тәртіп болуы керек.

16. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстырмалы талдау

17. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Интернет желісі
2. Педагогика /Абай атындағы Алматы мемлекеттiк
педагогикалық университетi, педагогика кафедрасының
авторлар ұжымы, Алматы, 2003.
3. Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики,
Москва, 2003.
4. Дайрабаев Е.Б., Дайрабаева А.Е. Педагогика пәнінің негіздері.
Алматы, "Қазақ университеті", 2005.
English     Русский Правила