Пайдалы қазбалар қорларын топтастыру
Кенорынның зерттелу дәрежесі, шикізаттың сапасы және өндірудің кен-техникалық жағдайлары бойынша пайдалы қазба қорлары А, В, С1
Қорлардың әр түрлі категорияларын әр түрлі мақсаттарда пайдалануға болады:
Тапсырма:
720.50K
Категория: ПсихологияПсихология

Пайдалы қазбалар қорларын топтастыру

1. Пайдалы қазбалар қорларын топтастыру

2.

«Пайдалы қазбаның қоры» түсінігі пайдалы қазба мен оның
құрамбөліктерінің салмақтық және көлемдік мөлшерін білдіреді.
Пайдалы қазбаның геологиялық қорлары өнеркәсіптік
игеруге жарамдылық дәрежесі бойынша 2 топқа бөлінеді:
баланстық - өз заманындағы
өндіру мен өңдеу
технологиясы деңгейінде
халық шаруашылығы үшін
экономикалық тұрғыдан
тиімді қорлар;
баланстан тыс - нақты осы
кезеңде кондициясы,
қалыңдығы, өндіру мен өңдеу
күрделілігі бойынша өндіріп
алу экономикалық тұрғыдан
тиімсіз, бірақ болашақта
өнеркәсіптік игеру нысанына
айналуы мүмкін қорлар.

3. Кенорынның зерттелу дәрежесі, шикізаттың сапасы және өндірудің кен-техникалық жағдайлары бойынша пайдалы қазба қорлары А, В, С1

Кенорынның зерттелу дәрежесі, шикізаттың сапасы және өндірудің кентехникалық жағдайлары бойынша пайдалы қазба қорлары А, В, С1 және
С2 категорияларына бөлінеді.
А категориясына жан-жақты барланған және зерттелген, кен денелерінің пішіні,
жатыс жағдайлары, сапасы және басқа көрсеткіштері толық ашылған,
контурлары барлау ұңғымалары мен кен қазбалары арқылы жоғары дәлдікте
анықталған, кенорынды өндіру жобасын жасауға қажет инженерлікгеологиялық және басқа табиғи жағдайлары жан- жақты зерттелген қорлар
жатады.
В категориясына жанас тау жыныстары арасындағы кен денелерінің пішіндері
мен құрылысының негізгі ерекшеліктері жөнінде түсінік бере алатын барланған
және зерттелген қорлар жатады. Кен денелерінің жатыс жағдайлары, пайдалы
құрамбөліктерінің сапалық сипаттамалары, технологиялық қасиеттері және т.б.
бұл категорияда А категориясына қарағанда төмен дәлдікте белгіленген. Бұл
қорлардың контурларын барлау ұңғымалары мен кен қазбалары арқылы
анықтайды.

4.

С1 категориясына кен денелерінің пішіндері мен құрылысы, олардың жатыс
жағдайлары, сапалық сипаттамалары, технологиялық қасиеттері және де басқа
табиғи факторлары жалпы түрде барланған және зерттелген қорлар жатады. Бұл
категорияның контурларын кенорынның геофизикалық деректері мен барлау
қазбалары арқылы анықтайды.
С2 категориясынажалпы түрде ғана, төмен дәлдікте барланған, геологиялық
және геофизикалық деректер, сондай-ақ жеке қазбаларды сынамалау нәтижелері
бойынша анықталған қорлар жатады.

5. Қорлардың әр түрлі категорияларын әр түрлі мақсаттарда пайдалануға болады:

А категориясын — кен өндіруші
кәсіпорындар құрылысына
күрделі салымдары мен
жобалауды және кен өндіру
жұмыстарын ағымда жобалауды
негіздеу үшін;
С1 категориясы — жан-жақты
геологиялық-барлау жұмыстарын
жолға қоюды негіздеу үшін, ал А
және В категорияларының
қорлары бар болғанда, белгіленген
қатынастарда — кен өндіруші
кәсіпорындар құрылысына күрделі
салымдар мен жобалауды негіздеу
үшін
В категориясын (А категориясы
қорларының белгіленген мөлшердегі ең аз
көлемі болған кездр) — кен өндіруші
кәсіпорын құрылысына күрделі салымдар
мен жобалауды негіздеу үшін. Күрделі
геологиялық жағдайлардағы, көбіне
көмірдің қанықтылығы жоғары және
тұрақты емес кенорындарда, А
категориясындағы қорлар жоқ болған
кезде В категориясының қорларымен-ақ,
барлау мен игеру үшін шахталарды
жобалау мен құрылысына рұқсат етіледі;
С2 категориясы — геологиялық-барлау
жұмыстарын жобалауды негіздеу үшін.

6. Тапсырма:

• Пайдалы қазбалар қоры дегеніміз не?
• Не себепті пайдалы қазба қорын бірнеше
қатегорияға бөледі?
English     Русский Правила