Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің
ЖҰЛЫН- ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ҰЗЫНДЫҒЫ 41-45 СМ. ЖҰЛЫН ОРТАСЫНДА ЖҰЛЫН ӨЗЕГІ ОРНАЛАСАДЫ. ІШІ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫНА ТОЛЫ БОЛАДЫ. ЖҰ
1.22M
Категория: БиологияБиология

Жүйке жүйесі

1.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

2.

Жоспар:
1. Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары
2. Рефлекс туралы түсінік. Рефлекторлық доға
3. Орталық жүйке жүйесі. ОЖЖ-ның өткізгіш жолдарының
анатомиялық функция жолдары
4. Бас миының өткізгіш жолдары
5. Жұлынның өткізгіш жолдары

3. Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің

Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен
жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен
тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке
жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке
түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарлардажұлын мен
мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің
қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке
жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы
атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке
түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан
тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш
(афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді.
Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің
орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке
талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді.

4.

Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің
жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің
қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ,
оны организмнің барлық органдары және тіндерімен
байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына
әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және
вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Сомалық жүйке жүйесі сыртқы
тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық
еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимылқозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын
қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын
шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден
тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен
жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді
қозғалысқа келтіреді

5.

Организмдегі қызметтеріне байланысты
жүйке жүйесін 3 бөлімге бөледі.
сомалық (денелік) - дене яғни тірекқимыл аппараты және тері жабыны
парасимпатикалық (ішкі мүшелік) ішкі мүшелер мен бездердің,
симпатикалық (тамырлық) - тамырлар
жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді
Парасимпатикалық және симпатикалық
бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің
вегетативтік бөлімі деп атайды

6.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне
организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі
мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке
жүйесі организмдегі орналасу орындары
(топографиясына) мен құрылысына сәйкес:
Орталық (Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми
және жұлын)
шеткі (мидан және жұлыннан организмнің шеткі
аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке
түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке
түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының
ұштары жатады).

7.

Рефлекс доғасы, жүйке доғасы —
рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік
құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы
ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы
жүйке жүйесінің функциялық негізі болып
табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз
синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше
синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының
күрделілігі оның құрамына енетін аралық
нейрондар санына байланысты.

8.

Ең қарапайым доға 5 буыннан тұрады:
1.рецепторлар,
2.орталыққа тепкіш жүйке,
3.жүйке орталығы,
4.орталықтан тепкіш жүйке
5.атқарушы орган — эффектордан тұрады.

9.

ЖҰЛЫН
1 — СОПАҚША МИ;
2 —МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ;
3 — ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ;
4 — МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ;
5 — ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
ТЕСІГІ;
6 — АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ;
7 — КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ;
8 — БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ;
9 — МИ КОНУСЫ;
10 — БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ;
11 — СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;
12 — ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР;
13 — ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ

10. ЖҰЛЫН- ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ҰЗЫНДЫҒЫ 41-45 СМ. ЖҰЛЫН ОРТАСЫНДА ЖҰЛЫН ӨЗЕГІ ОРНАЛАСАДЫ. ІШІ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫНА ТОЛЫ БОЛАДЫ. ЖҰ

ЖҰЛЫН- ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ҰЗЫНДЫҒЫ 41-45
СМ. ЖҰЛЫН ОРТАСЫНДА ЖҰЛЫН ӨЗЕГІ ОРНАЛАСАДЫ. ІШІ ЖҰЛЫН
СҰЙЫҚТЫҒЫНА ТОЛЫ БОЛАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ СҰР ЗАТЫ АҚ ЗАТЫН ҚОШАП,
СЫРТЫНДА ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫН ҚҰРЫЛЫСЫНДА САЙЛАР МЕН
САҢЫЛАУЫЛАР ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҮБІРІ
БІРІГІП, ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕСІ П.Б. ЖҰЛЫННАНА 31 ЖҰП ЖҮЙКЕ ШЫҒАДЫ: 5
БЕЛ, 5 СЕГІЗКӨЗ, 8 МОЙЫН, 12 КЕУДЕ , 1 ҚҰЙЫМШАҚ СЕГМЕНТТЕРІ.
ЖҰЛЫН ЖІПШЕЛЕРІ ЕКІ ТҮРЛІ ТАЛШЫҚТАН ТҰРАДЫ: ЖҰЛЫННЫҢ ЖҮЙКЕ
ТАЛШЫҒЫ МЕН ӨТКІЗГІШ ЖОЛЫ.
ЖҰЛЫННЫҢ ӨТКІЗГІШ ЖОЛДАРЫНЫҢ 3 ТҮРІ БАР:
1. ЖОҒАРЫ БАҒЫТТАЛҒАН
2. ТӨМЕНГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
3. АРАЛЫҚ НЕМЕСЕ АССОЦИАТИВТІ
ЖҰЛЫНДЫ 3 ҚАБЫҚ ЖАУЫП ТҰРАДЫ:
1. СЫРТҚЫ ҚАТТЫ ҚАБЫҚ
2. ІШКІ ЖҰМСАҚ ҚАБЫҚ
3. ОРТАДАҒЫ ТОРЛЫ ҚАБЫҚ

11.

Жұлынның нейрондық құрылымы Адам
жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар
енеді, олардың 3% эфферентті нейрондар, 97%
интернейрондар (ендірме) құрайды, ал
сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс
жұлындық немесе интрамуралдық
ганглийларда орналасады.

12.

Жұлын нейрондары топтары:
Мотонейрондар немесе қозғалтқыш –
алдыңғы түбір;
Интернейрондар – жұлын ганглийлерінен
ақпарат алатын артқы түбір;
Симпатикалық және парасимпатикалық
бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан
алдыңғы түбірлер арқылы шығады.
Ассоциативті жасушалар – жұлынның
меншікті нейрондары, сегменттер арасында
байланыс қамтамасыз етеді.

13.

Нейрондық құрылымы Эфферентті нейрондар
ішіне альфа и гамма мотонейрондарды, сонымен
қатар преганлионарные нейроны вегетативті жүйке
жүйесінің ганглийге дейінгі нейрондары жатады .
Альфа мотонейрондар, адам бетінен басқа, барлық,
қаңқа бұлшық еттерімен байланысқан. Альфа
нейрондар аксондары қаңқа бұлшық еттерінің
экстрафузалды талшықтарына қозуды 70-120 м/сек
жылдамдықпен өткізеді . Нейрондар тұтасып жеке
бұлшық еттерді жүйкелендіретін мотонейронды пул
түзеді. Мотонейронды пул құрамына жұлынның әр
түрлі сегменттерінен мотонейрондар енуі мүмкін.

14.

Гамма мотонейрондар. Олардың аксондары
интрофузальным бұлшық ет талшықтарына немесе
бұлшық ет ұршықтарына қозу өткізеді. Бұл
мотонейрондардан шыққан қозу мидың адам қалып
күйіне жауап беретін бөліктеріне әсер етеді. Гамма
мотонейрондардың аксондары қозуды 15-40 м/сек
жылдамдықпен өткізеді. Жұлынның
интернейрондары қозу мен тежелу интерграциясына
қатысады.

15.

Жоғары бағытталған нәзік буда (Голл будасы) және
сына тәрізді жіпше (Бурдах будасы). Олар
жұлынның артқы бағанын құрайды.
Проприорецепторлар, терідегі жанасу
рецепторлары және висцерорецепторларынан қозу
өткізеді. Бұл будалар сопақша миға жетіп ГоллБурдах ядроларына жеткізіледі. Мұнда олар
таламустың арнамалы нейрондары арқылы үшінші
нейрондарға жеткізіледі де ми қыртысында
талдануға апарылады. Бұл жолды құрайтын
нейрондардың бүлінуі тактилдік сезім жойылуы
мен қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін сақтау бүлінуіне
әкеп соғады.

16.

Өткізгіштік функция – жұлында орналасқан жүйке
талшықтары арқылы қозудың өткізілуі. Жұлынның
өткізгіш жолдары деп ортақ құрылысты және
атқаратын қызметі бірдей жүйке талшықтары
топтары аталады. Жұлында жоғары және төмен
бағытталған жолдар бар. Жұлынның жоғары
бағытталған өткізгіш жолдары сыртқы орта мен
организмнің ішкі ортасында орналасқан
рецепторлар қабылдаған тітіркенулерден туындаған
импульстерді ми бөлімдеріне жеткізу.

17.

ЖҰЛЫННЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ
1 — АҚ ЗАТ;
2 — СҰР ЗАТ;
3 — АРТҚЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ;
4 — ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ;
5 — АЛДЫҢҒЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ;
6 — ЖҰЛЫН ГАНГЛИЙІ

18.

ЖҰЛЫН (КӨЛДЕНЕҢІНЕН ҚАРАҒАНДАҒЫ
КӨРІНІСІ)
1 — АРТҚЫ БУДАСЫ;
2 — АРТҚЫ АШАСЫ;
3 — БҮЙІР БУДАСЫ;
4 — ОРТАЛЫҚ КАНАЛЫ;
5 — АЛДЫҢҒЫ АҚ ЖАЛҒАМА;
6 — АЛДЫҢҒЫ АШАСЫ;
7 — АЛДЫҢҒЫ БУДАСЫ
English     Русский Правила