Похожие презентации:
М.Т. Тынышбаевтың қызметі
1.
ТЭ-20-1Қуандық Бексұлтан Абиханұлы
2.
1 М.Т Тынышбаевтың өмірбаяны.М.Т. Тынышбаевтың
2 еңбектері.
3
М.Т Тынышбаевтың қызметі.
3.
М.Т.Тынышбаевтың өмірбаяныМұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті
саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін
салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның
төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан
тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан[1]. Алаштың ірі
қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш
темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12
мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында
(қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған.
4.
Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлергимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан
Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік
пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық
сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған
М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы
оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия
директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп
стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу
тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр
атындағы Петербор темір жол транспорты институтына
қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
5.
М.Т. Тынышбаевтың еңбектері.• Елшіл Мұхамеджан XX
ғасырдың 10 жылдары
Орынборда шығып түрған
«Қазақ» газеті
төңірегіндегілермен де
араласып-хабарласып
тұрады. Аталған газетте
публицистің «Соғысушы
патшалар әскері», «Сүңгуір
қайық», «Темір жол һәм
Еуропа соғысы», «Соғыс
кемелері һәм мина»,
«Барлыбек Сыртанов»,
«Садуақас Шалымбеков» т.б.
мақалалары жарық көреді.
6.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилыжауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз
емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтаптаразылауға болады:
• саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі
жолында дәйекті іс атқарды;
• маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан
кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке
қойды;
• публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында
Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің
әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында
қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
• тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі
шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде
анықтап берді.
7.
М.Т.Тынышбаевтың қызметіТүркістан-Сібірдегі қызметі
1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су
комиссариатында су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік
автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас
инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы
қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту
ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол
бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы
еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс
теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге
келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына
кесілді.
8.
9.
Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпенталқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда
қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі
құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен
(Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак
үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар
жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға
қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже
болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап,
Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық
маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр
деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
10.
• Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бесжылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады.
• 1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол
құрылысында жұмыс істейді.Онда ауырып, оралғанымен 1937
жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы
Ташкент түрмесінде "Халық жауы" деген желеумен атылады.
• 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ
КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО
прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының
шешімімен ақталып шықты.