2.14M
Категория: ИнформатикаИнформатика

Ұлттық және спорттық ойындарды робот техникасымен ойнау және оның ерекшеліктері

1.

№20 жалпы орта білім беретін мектеп
Ұлттық және спорттық
ойындарды робот техникасымен
ойнау және оның ерекшеліктері
Авторы: Гапаров Мақсат, Жардемғали Бекзат
Жетекшісі: Темірбеков Алтынбек Темірбекұлы

2.

Зерттеудің мақсаты:
Роботтар арқылы жамбы ату және теңге ілу ойындарын ойнауды жүзеге асыру,
роботтардан автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең
жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттеу
Зерттеудің өзектілігі:
Робот техникасы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық
тапсырмаларды шеше білуге ықпал етеді, сонымен қатар бұл жастарды ғылым, технология,
математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселерін шешу үшін
өз дағдылырын қолдануға,
жағдайды талдауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік
беретін өте тартымды білім ортасы деп ойлаймын.

3.

Жамбы ату тарихына үңілу
Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құймалы алтын немесе күміс
дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда
жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы
мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы,
түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған
Жамбы ату ойынын – көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру
үшін қолданған.
Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп
бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған.
Ойынның басты мақсаты – ретімен күрделене түсетін 5 деңгейден сүрінбей өту.
Әрбір деңгейде 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде 10 жамбыға дәл тигізуі шарт.
Шартты орындай алмаған ойыншы ұтылған болып саналады. Деңгейден деңгейге
өту барысында ойын күрделене түсіп, жамбылар көлемі кішірейіп, қозғалыс
қарқыны артады.

4.

Теңге ілу ойнының пайда болуы
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.
Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп,
билеп алған ептілігі сынға салынады.
Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден
екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы
орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп,
тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.

5.

Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік
қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр.
Біздің жұмыстанып отырғанымыз суретте көріп тұрғандарыңыздай Lego Mindstorms EV3
Робот техникасымен таныстырудағы міндеттердің бірі – роботқа арналған
алгоритмдерді құру және ретке келтіру. Сонымен қатар, робот жабдықталған
құрылғыларды (моторлар мен датчиктерді) бағдарламалау физика саласына жатады.
Бағдарламаларды құру кезінде датчик жұмысының мәнін (оның жұмысы негізделген
физикалық заңдылықтарды) түсіну, датчиктің өлшеу дәлсіздіктерін ескеру және т.б.
білу керек. Физика техниканың ғылыми негізі ретінде үнемі жетекші орында, себебі
оған техникалық прогрестің неғұрлым маңызды бағыттары негізделген.
LEGO Education өнімдерімен жұмыс істеу тәжірибелік оқыту қағидаттарына: алдымен
ойлану, содан соң модельді жасауға негізделеді.
проблеманы еркін «байқап көру» - оқушылар өз бетінше қарапайым модельдерді
түрлендіре және оларды басқара отырып, жаңа ұғыммен танысады.
нұсқау бойынша зерттеу - оқушылар егжей-тегжейлі нұсқауларға сүйене отырып,
математикалық өңдеу үшін жарамды сандық нәтиже алу үшін қолданылатын
модельдерді жасайды;
проблеманы еркін шешу – оқушылар қойылған міндетті орындауға қабілетті өз
моделін жасайды.

6.

Жамбы ату мен теңге ілудің ережесі
Сайыстың шарты
1.
1. «Робо жамбы ату мен теңге ілу» сайысына қатысу үшін
команда бір автономды робот құрастырулары қажет.
2. Сайыс қатысушы командалар арасында өтеді.
3. Сайыстың өту ұзақтығы – 5-7 минут.
2. Сайыс алаңы
1. Сайыс алаңы 4 бөлікке бөлінеді:
-
«А» бөлігі, алаң түсі – жасыл, 5 секунд күту алаңы.
-
«В» бөлігі, алаң түсі – ақ, бұл бөлікте берілген сызық бойынша жүріп өтіп, қызыл сызыққа тоқтап жебені ату керек, жебені
лақтырып болған соң,келесі қызыл сызыққа дейін жалғастырады. Қызыл сызыққа тоқтап жебені ату керек (барлығы 2 рет), жебені
лақтырып болған соң,келесі қызыл сызыққа дейін жалғастырады.
-
«С» бөлігі,алаң түсі-ақ, Робот қимылын жалғастырып,бұрылыс жасап,қайтар жолда қызыл сызыққа тоқтап,теңгені ілу
керек.Теңгені ілген соң әрі қарай қызыл сызыққа дейін жалғастырады,қызыл сызыққа тоқтап,теңгені іледі(барлығы 2 рет).
-
«D» бөлігі, алаң түсі –жасыл, теңгені ілген соң жасыл сызыққа дейін жүріп жарысты аяқтайды.

7.

Жамбы ату мен теңге ілудің ережесі
1.
Сайыстың өткізілуі
1. «Робо жамбы ату мен теңге ілу» роботтар сайысы бір раундтан, бірнеше кезеңнен тұрады, жеңімпаз командалар жоғары ұпай жинағандары
арқылы анықталады.
2. Роботтар жеребе бойынша таңдалған нөмірлі орындарға орналасады.
3. Төреші старт берген соң, бес секундтан соң робот қозғалысын бастайды, Робот сызықпен жүріп, кезең кезеңнен өтіп мәреге жету қажет.
4. Роботтың атқан жебесі нысанаға тиген үшін,сызық бойымен кезеңді жүріп шыққаны үшін ұпайлар беріледі.
5. Әрбір қызыл сызықтан өткен үшін 5 ұпай.
6. Әрбір Нысанаға тигізгені үшін 10 ұпай.
7. Әрбір теңгені ілгені үшін 10 ұпай.
8. Робот мәреге жеткені үшін 5 ұпай.
9. Робот тек сызықтарды жүріп өткен жағдайда, тиісінше жүріп өткені үшін ұпайлар алады.
10. Уақыт аралығыда есепке алынады,егер командалардың ұпайлары бірдей болып қалған жағдайда.
11. Екінші мүмкіндік төмендегі жағдайлар орын алғанда беріледі:
-
Роботтар турды сыртқы кедергілерге байланысты аяқтай алмаған жағдайда;
-
Жарыс алаңының талапқа сай келмеуіне байланысты роботтар жұмысына кедергі келтірілсе;
-
Төрешінің жіберген қателігінің кесірінен болса;
-
Егер Старт командасынан кейін 10с ішінде роботтар белсенділік танытпаса.

8.

Қорытынды
Робот техникасы дегеніміз – зияткерлік автоматтандырылған техникалық
жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым.
Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі – білім беру жүйесінде жаратылыстану
ғылыми бағытында оқушылармен жұмыс істеу және оқушылардың ой – өрісін
кең
дамыта
отырып,
инженерлік
ойлау
негіздерінің
қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық ойындарды робот техникасымен ойнау:
Оқушыларды ептілікке бағыттайды;
Ұлттық құндылықты дәріптейді;
Робоойындарға қызығушылықты арттырады;
Инженерлік ойлау дағдыларын дамытады;
Автоматтандыру жүйелерін қолдану аясын кеңітеді.
алғышарттарын

9.

Назарларыңызға
рахмет !!!
English     Русский Правила