Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және Табиғатты пайдалану факультеті География, жергеорналастыру және кадастр каф
Мазмұны:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
10. ГАЖ бағдарламалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Географиялық ақпараттық жүйе

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және Табиғатты пайдалану факультеті География, жергеорналастыру және кадастр каф

Тақырыбы:
Географиялық ақпараттық жүйе
Орындаған:Сатвалдиев Б.Т.
Тексерген: Дуйсенбаев С.М.

2. Мазмұны:

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
2.
Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері.
3. ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
4. ГАЖ-дағы деректерді ұйымдастыру
5. ГАЖ-дағы тақырыптық ақпарат
6. ГАЖ-дағы деректер моделін құру құрылымы
7. ГАЖ-ға графикалық ақпараттарды енгізу тәсілдері
8. Геоақпараттық картография
9. Геоақпараттық білім: қиындықтары және даму мүмкіншіліктері
10. ГАЖ бағдарламалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе:

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік
базасының
құрастырушысы
және
әр
келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі
ретінде
аумақтық
басқармалардағы
шешімдерді
қабылдаудың басты элементі балып саналады.
Әлемдік
тәжірибе
табиғи
ресурстарды,
инфрақұрылымдарды,
қоршаған
ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың
ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын
дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін
көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады геоақпараттық
қосымшалар
үшін
қолданбалы
технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді
ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер
базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖдың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете
отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.

4. Негізгі бөлім:

1. Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. ГАЖ
1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10
жылда
бұл
технология
өте
қарқынды
пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың
басты себебі – әрине, есептеу техникасының
дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең
көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар,
модельдік есептер, сапалы графика – машина
ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа
дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар
ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы
үлкен мекемелер ғана пайдалана алды.

5.

Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ- дың
басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына
мәселелерді шешудің ақпараттық негіз болып табылады:
1.басқару деңгейінің шешімін қабылдау;
2. қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;
3. қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді
жобалау;
4. қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;
5. аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық
жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;
6. қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар)
есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;
7. қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу
орны мен пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу;
8. көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының
табиғи қорлары жөніндегі мәліметтерді, тау-кен- геологиялық
мәліметтерін жинау;
9. табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған
ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу;
10. аймақтық ресурстарды тұтынушылардың, жекеменшік иесінің, басқа
тұтынушылардың құқын қорғау

6.

Геоақпараттардың тұрақты пайдаланушыларына мыналарды
жатқызуға болады:
1. басқарушы және орындаушы өкіметтің қалалық құрылымдары;
2.жоспарлаушы органдар;
3. салық инспекциясы;
4. заң және құқық қорғау органдары;
5. қаланың сәулет-жоспарлау және жер қызметтері;
6. пайдаланушы мекемелер (коммуникациялар, транспорт,
ғимараттар мен құрылыстар);
7.ғылыми-зерттеу,жобалау институттары;
8. құрылыс мекемелері;
9. сауда мекемелері, барлық міндеттегі биржалар;
10. әлеуметтік-экономикалық, техникалық қадағалау
инспекциялары мен бақылау органдары;
11. шетел серіктестері мен инвесторлар;
12. кәсіпкерлердің коммерциялық білім алуы;
13. жеке тұлғалар.

7.

2. Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері.
1. Аппараттық құралдар: қазіргі уақытта ГАЖ
компьютерлі
платформалардың
әртүрлі
типтерінде, орталықтандырылған серверден жеке
немесе үстел үстіндегі байланысқан компьютер
желісіне дейін жұмыс істейді.
2. 2.
ГАЖ-дың
бағдарламалық
қамтамасыздандырылуы:
географиялық
(кеңістіктік) ақпараттарды сақтауға, талдауға
және көзбен шолуға (визуализация) қажетті
функциялар мен құрал-жабдықтардан тұрады.
3. 3. Берілген деректер: қажетті тақырыптық
қабаттары бар дайын карталар немесе ғарыштық
түсірімдер, аэрофототүсірімдер, т.б. түрінде
берілуі мүмкін.

8.

Кез келген ГАЖ екі типті – графикалық және
атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен
жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында
графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын
деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта
жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура
түсірілмейтін қосымша деректерден – аумақтың
сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады.
Қордың екі түрі сандық деректі файлдарды
(жинақтар) береді. Осы деректермен жұмыс істеу үшін
ГАЖ-дың деректер қорын (базасын) басқару жүйесі
(ДҚБЖ) болуы керек. ГАЖ-дың деректер қорын
басқарудың – жеке метрикалық және атрибутивті
ақпараттар үшін екі жүйесі бар. ДҚБЖ көмегімен
ақпараттарды деректер қорында іздеу, сұрыптау, қосу
және түзету жүзеге асырылады.

9.

Геоақпараттық жүйелердің типтік құрама бөліктері
Графикалық
деректер
қорын
басқару
жүйесі
Көзбен
шолу
жүйесі
Енгізу
жүйесі
Атрибутивті
деректер
қорын
басқару
жүйесі
Өндеу
және
талдау
жүйесі
Шығару
жүйесі

10.

ГАЖ-дың шығару жүйесімен деректерді беру
АҚПАРАТТАРДЫ
ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Монитор
Плоттер
Магниттік
пайдаланушылар
Принтер
Бейнефильмдер
мен слайдтар
Сыртқы
жүйелер

11.

3. ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
1. Деректерді енгізу – геоақпараттық жүйелерде технологиялық циклдің
мерзімін маңызды түрде қысқартатын автоматтандырылған сандық
карталарды құру процесі.
2. Деректерді басқару – геоақпараттық жүйелер кеңістіктік пен атрибутивті
деректерді әрі қарай талдау мен өңдеу үшін сақтайды.
3. Деректерге сұраныс пен талдау – геоақпараттық жүйелер картада
орналасқан объектілердің қасиеттері жөніндегі сұраныстарды
орындайды. Мағлұматтарды алу немесе құбылыстарды болжау үшін
көптеген параметрлерді салыстыра отырып, күрделі талдау
процестерін автоматтандырады.
4. Деректерді көзбен шолу (визуализация) – деректердің қолайлы түрде
берілуі, олардың талдану сапасы мен жылдамдығына тікелей әсер
етеді.
Объектілердің
жағдайы
жөніндегі
есеп
графиктер,
диаграммалар, үшөлшемді бейне түрінде жасалуы мүмкін

12.

ГАЖ-ды
пайдалану
салалары.
Геоақпараттық
жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары
мен түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылуы
мүмкін. ГАЖ-ды пайдаланудың кейбір мысалдары:
Маркшейдерлік іс:
1. пайдалы қазбаларды игеретін кәсіпорындарды
жобалау, салу және қайта құру жұмыстары үшін
инженерлік іздеу мен топографиялық-геодезиялық
жұмыстар;
2. мұнай-газ және рудалы кенорындарын өңдеу кезінде
пайдалы қазба қорларын тиімді алу үшін олардың
сандық модельдерін құру және пайдалану;
3. минералды ресурстарды тиімді пайдалануды, жер
қойнауы мен пайдалы қазбалардың қоршаған
ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша
мониторингті зерттеу жұмыстары;
4. кенорындарын жерасты және ашық тәсілдермен игеру
кезіндегі
технологиялық
процестердің
маркшейдерлік қамтамасыздан- дырылуы;
5. әртүрлі жол магистральдарының құрылысы кезіндегі
барлық
жұмыс
түрлерінің
геодезиялық
қамтамасыздандырылуы;
6.
тау-кен
және
мұнай-газ
өндірістерінде
геодинамикалық мониторинг жүргізу.

13.

Геодезия және картография:
далада түсірілген геодезиялық деректер негізінде
топографиялық пландарды құру;
геодезиялық өлшеу деректерін алғаш рет енгізу;
жердің сандық моделін өңдеу және құру;
векторлау жолымен әртүрлі бағыттағы карталарды
құру;
карталарды жаңарту;
оперативті картаға түсіру;
карталарды редакциялау, жинақтау және басып
шығару;
тақырыптық карталар мен атластарды жинау, т.б.
Ақпараттық жер жүйелері:
жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үшөлшемді
моделін құру;
инженерлік геология;
рельефті ұйымдастыру, т.б.

14.

Әкімшілік-аумақтық басқару:
аумақтық және салалық жоспарлау;
қаланың жоспарлануы мен объектілерді жобалау;
инженерлік коммуникацияның, жер, қала құрылысының,
ағаш отырғызу кадастрларын енгізу;
техногенді-экологиялық, т.б. төтенше жағдайларға болжам
жасау;
көлік ағындары мен қалалық көлік маршруттарын басқару;
экономикалық мониторинг желісін құру;
қаланың инженерлік-геологиялық аудандастырылуы.
Телекоммуникациялар:
транкті және ұялы байланыс, дәстүрлі желілер;
телекоммуникациянық желілерді қарқынды жоспарлау;
антенналардың, ретранслятордың, т.б. тиімді орналасуын
таңдау;
кабельдерді төсеу маршруттарын (бағыттарын) анықтау;
оперативті диспетчерлік басқару.

15.

Мұнай-газ кешені:
1. геологиялық барлау және далалық ізденіс жұмыстары;
2. мұнай мен газ қүбырларының технологиялық жұмыс істеу
режимдерінің мониторингі;
3. магистральді құбырларды жобалау;
апатты жағдайлардың салдарын талдау, модельдеу.
Экология:
4. экологиялық жағдайлар мен қауіпті табиғат құбылыстарын
бағалау және мониторингі, техногенді әсерлер және олардың
салдарын бағалау;
5. экологиялық экспертиза;
6. экологиялық апаттарды модельдеу және олардың салдарын талдау;
7. табиғатты қорғау шараларын жоспарлау.
Орман шаруашылығы:
8. орман шаруашылығын стратегиялық басқару;
9. ағаш дайындауды басқару, орманға деген тәсілдерді жоспарлау
және жолдарды жобалау;
10. орман кадастрларын енгізу.

16.

4. ГАЖ-дағы деректерді ұйымдастыру.
ГАЖ жобасына деген алғашқы қадам – кеңістіктік
деректер қорын құру. Картаны сандық түрге аудару
үшін деректерді қорғау мен оларды пайдалану
құрылымдарын ұйымдастыру қажет. ГАЖ-дың барлық
күші графикалық және суреттелген ақпараттарды
біріктіру, объектілер арасындағы байланысты сақтау
және басқаруда жатыр.
ГАЖ үшін ақпараттардың басты екі типі –
кеңістіктік пен атрибутивті немесе тақырыптық
деректер қоры болып табылады. Векторлы ГАЖ-дың
кеңістіктік ақпараты географиялық объектілердің
орналасуы мен көрінісін бейнелейді. Тақырыптық
ақпараттар объектілердің сандық және сапалық
сипаттамалары мен олардың арасындағы байланысты
бейнелейді.

17.

Картографиялық
деректер
қорын
құрудың
қабылданған сызбанұсқасына сәйкес, иерархиялы
немесе хабарлама (реляция), яғни объектілердің
байланыстары мен қарым-қатынастарын беруші
түрінде болуы мүмкін. Одан басқа, деректер қоры
орталықтандырылған болуы мүмкін, бұл жағдайда олар
бір жерде бірыңғай ақпараттық массив түрінде
орналастырылады.
Деректер қорының мазмұны, карта тақырыптары
сияқты алуан түрлі. Топографиялық деректер қоры –
орны, оның жер бедері, гидрографиясы, жол желісі,
тұрғын пункттері, шекаралары – топографиялық карта
мазмұны құрылған барлық мәліметтер жөніндегі
сандық
ақпараттардан
тұрады.
Геологиялық,
геофизикалық, экологиялық, метеорологиялық, таукен, геодезиялық, кадастрлы, экономикалық және
басқа деректердің сандық қоры бар. Картаға түсірілетін
барлық деректер сандық түрде берліп, деректер қорына
енгізілуі мүмкін.

18.

Объектінің түсініктемесі .Атрибуттер – бұл алдымен
деректер қорындағы сандық немесе таңбалық
сипаттамалар, олар сол қарапайымдыларға да,
объектілерге де жатады. Осы түрдегі атрибуттерге –
сақталатын деректер, әдетте толық, нақты және
символдық типтер жатады. ГАЖ-дың дамуына
байланысты қолданылатын атрибуттердің алуан түрлігі
өсуде. Көптеген ГАЖ-да графикалық және аудиоатрибуттер (мысалы, объектілердің растрлық түрлері
немесе олардың аудиожазылымдары), сонымен қатар
“әрекет” немесе «тәртіп» атрибуттері, яғни белгілі бір
жағдайларда
орындалуы
тиіс
функциялар
қолданылады
(мысалы,
объектіні
таңдағанда,
атмосфераны
ластау
объектісіне
жұмсалатын
қаражатты есепке алу).

19.

Топологиялық модель ГАЖ-дағы өзара ерекше
байланысқан көптеген графикалық деректер,
объектілер бір топ объектілерді біріктіретін
топологиялық сипаттамаларын талап етеді. Ол –
топологиялық модельдер жиынтығын құрайды.
Жалпы мағынада топологиялық сөзі – объекті
моделінде ГАЖ деректерін әртүрлі кеңістіктік
талдама үшін пайдалануды кеңейтетін өзара
байланыстар сақталады дегенді білдіреді.
ГАЖ-дың
топологиялық
сипаттамалы
графикалық модельдері автоматты жобалау жүйесі
(АЖЖ)
моделінен
едәуір
ерекшеленеді.
Сәйкесінше, бұл ерекшелік осы жүйелердің
бағдарламалық- техникалық қамтамасыздануында
қарастырылады.

20.

5. ГАЖ-дағы тақырыптық ақпарат
ГАЖ-дың маңызды құрамды бөлігі тақырыптық
ақпараттан құралған деректер қоры (ДҚ) болып табылады.
Қазірдің өзінде, есте сақтау құрылғыларының бағасы едәуір
арзандауына байланысты, ақпараттарды ДҚ-да сақтау –
арзан. Компьютерлерді
пайдалану, сонымен қатар
мәтіндерден басқа сызбаларды, жазба түріндегі құжаттарды,
суреттерді, дыбыс жазбаларын, т.б. сақтауға мүмкіндік
беретіндігімен қолайлы. Іс жүзінде кез келген ақпарат
компьютерлік түрде берілуі мүмкін.
ДҚ пайда болуынан, деректердің бағдарламаға тәуелді
болуы мен ақпараттардың қайталануына байланысты
проблемалар жойылды. ДҚ- ны деректерді тиімді түрде бір
немесе бірнеше қосымшалар үшін пайдалануға мүмкіндік
беретін минималь артық шығынның болуы кезінде өзара
байланысқан, бірге сақталатын сол деректердің жиынтығы
ретінде анықтауға болады; деректер осы деректерді
пайдаланатын бағдарламаға тәуелсіз болатындай етіп
сақталады; жаңа немесе бар деректердің модификациясын
қосу үшін, сондай-ақ деректерді ДҚ-дан іздеу үшін жалпы
басқару тәсілі қолданылады. Деректер – қосымшаларды әрі
қарай өсіру мүмкіндігін қамтамасыз етілетіндей етіп
құрылады.

21.

6. ГАЖ-дағы деректер моделін құру құрылымы
ГАЖ-дағы деректер алуан түрлі: ол объектілер
жөніндегі ақпарат, жер бетінің сипаттамасы,
объектілер арасындағы байланыс пен түрлері
туралы ақпарат, әртүрлі бейнелеуші мәліметтер –
деректер қорында сақталатын бірыңғай жалпы
модельге түрленеді. Бұл деректер алуан түрлі
объектілер моделін түзеді, әрі олар деректер
қорының ақпараттық негізін береді. Деректер
қорында сақталған ГАЖ объектілерінің модельдері
– деректер моделі деп аталып, аса қарапайым
бөліктерден
тұрады.
ГАЖ-дағы
деректер
модельдерінде күрделі көп деңгейлі жүйе бар,
оның төменгі деңгейлері –қарапайым деректер
моделінен құралған. Қарапайым модельдерден –
аса күрделі модельдер құралады.

22.

Модель – объектінің жалпы қасиеттерін бейнелеп
береді. Талдау негізінде тиімді модельді таңдап алу
үшін
деректер
қорын
қарастырудың
әртүрлі
аспектілері мен бағалау өлшемін қолдану қажет:
1. семиотика – модель үш негізгі сипаттамалардан
құралуы тиіс: синтаксис, семантика және прагматика.
Мұндағы
құру
ережесі,
объектінің
қасиетін,
қасиеттерінің
мәнінен
құралған
қарапайым
модельдердің мазмұнын анықтайды;
2. типтеу – объектілер класының жалпы қасиеттері мен
нақты объектінің жеке белгілерін көрсетеді;
3. өзгеріштігі — барлық ақпараттық кеңістіктік. Ол
уақытша сипаты бар және бірнеше уақыттан кейін
жаңартылуын талап етеді;
4. өзара байланыс – модельдің жеке бөліктері, оның
құрылымын түзеді.

23.

Векторлы, растрлы модельдер ГАЖ-дағы деректер
қорының көзбен шолу негізін – векторлы және растрлы
модельдер құрайды. Деректер типі бойынша ГАЖ
модельдері:
1.векторлы;
2. растрлы болып бөлінеді.
Деректердің
векторлы
модельдері,
барлық
кеңістікті алған растрлы модельден өзгеше кеңістіктің
бір бөлігін алатын векторларда құрылады.
Векторлы модельде нүкте, сызық және полигон туралы
ақпараттар кодталып, Х, У координаталар жинағы
түрінде сақталады.
Нүктелі объект – сандық карта объектісі, оның
метрикалық сипаттамасы, бір нүкте координаттарымен
берілген.
Сызықты объект – сандық карта объектісі, оның
метрикалық
сипаттамасы
нүктелерінің
координаталары тізбегімен берілген.

24.

Растрлы модель үшін бірқатар сипаттамалар бар:
1.рұқсат беру – бір пиксельмен сипатталатын кеңістіктің
ең кіші аймағының (бетінің) минималь сызықты
өлшемі. Пиксельдер әдетте тік бұрыштарды немесе
квадратты береді, ал үшбұрыштар мен алты бұрыштар
сирек қолданылады. Ең кіші өлшемді ұяшықтардың
рұқсаты, өте жоғары. Жоғары рұқсат деп – детальдар
молшылығын,
көп
ұяшықтарды,
ұяшықтардың
минималь өлшемін айтады;
2.мәні – растр элементінде (пиксельде) сақталатын
ақпарат элементі;
3.бағыт

солтүстікке
бағытталу
мен
растр
бағаналарының орны арасындағы бұрыш;
орны –
әдетте растрда сипатталған кеңістіктің
әрбір
элементінің орнын анықтайтын реті, координаталар
жұбымен (тік жолдың нөмірі мен бағана жолдың
нөмірі) беріледі.

25.

7. ГАЖ-ға графикалық ақпараттарды енгізу тәсілдері
Графикалық ақпараттарды енгізу тәсілін таңдау.
Керекті технологияны таңдай отырып, бірқатар
факторларды ескеруге тура келеді. Оларға: өңделуге
жататын құжаттар сипатын бағалау, жұмыс істеу
мақсаты, бағдарламалық өнімнің құны, еңбек
шығындары, құжаттар саны, т. б. жатады. Әрине,
растрлы форматтан – векторлыға автоматты ауысу өте
тартымды болып көрінеді. Бірақ картада жиі кездесетін
символдарды қайта жабу, мәтіннің көп болуы, белгі
жүйесінің стандарты болмауы, масштабтың едәуір
диапазоны, бастапқы карта сапасының бірдей болмауы,
мұндай технологиядан бас тартуға мәжбүр етеді. База
ретінде цифрлау технологиясы және нақты шарттарға
тәуелді қосымша тағы бір нәрсе ұсынылады.

26.

Мәліметтер
визуализациясы.
Картографиялық
визуализация.
Адамның цифрлік мәліметтерді
қабылдау,
олардың
компьютер
орталығында
пайдалану
мәліметтерді визуализациялауға әкеледі.
Геоақпараттық
жүйеде картографиялық
графиктердің негізгі функциясы – адам және машина
арасында
интерфейс
болу.
Қазіргі
кезде
геоақпараттық
жүйеде
программалық
функкционалдығын
өсіру.
Картографиялық
визуализация
арнайы

картографияны
автоматтандыру,
картографиялық
жүйелердің
автоматтануына әкеледі.
Картографиямен геоинформатиканың
өзара
байланысы
жаңа
карта
типтерін
шығаруға
геобейнелерге, электронды карталарды шығаруға
әкелді.
Электронды
карталар – бұл картографиялық
бейнелеуледің компьютер экранында көрсету

27.

Электронды карталарды бейнелеу маңызы:
1. Геоақпарат жүйеде картографиялық мәліметтердің болуы немесе цифрлік
каталар мәліметтер негізінде компьютер дисплейінде бейнелеу;
2. Электронды түрде, цифрлік мәліметтер; СD ROM дискі;
Электронды атлас бірінші рет халықаралық картографиялық
конференцияда Мексикада 1987ж Арканзас атласы болды. Арканзас
атласының АҚШ кешенді атластарынан айырмашылығы аз болды. Бұл
атлас 16 тарауға біріккен 100 карта физико-географиялық, әлеуметтік
экономикалық, тарих және география тарауларына бөлінген.
Электронды атластар жыл сайын шығарулада, оның басты бір жақсы
жері аз шығындалады.Электронды атлас дайындауда 118мың $ кетті,
«қағаз» атлас штатта 500 мың /нан 1млн $ кетті.

28.

Анимация
және
картографиялық
картографияда бейнелеу әдістері: пішін, көлем,
түс, белгінің ішкі құрылысы. Анимациялық
1. Пішін анимациясы. Мысалы: халық көп
қоныстанған қала, туу. Олар шартты белгілер
арқылы қолданылады;
2.Түс анимациясы. Мысалы қаланың электрольді
картасы, шартты белгілері ақ дөңгелекпен
көрсетіледі,
дөңгелек көлемі халық санына
пропорционал;
3.Белгінің ішкі құрылысының анимациясы.
Мұнда түспен халық құрамы көрсетіледі;

29.

9. Геоақпараттық білім: қиындықтары және даму
мүмкіншіліктері
Геоақпараттық
(ГАЖ)
технологиялар, территориальді
қиындықтардың
анализі мен шешімін табуға жаңа эффектілі қадам
болып
саналады.
Ал сандық гео- кеңістіктік
ақпарат экономикада, табиғаттың, политиканың және
экологиялық дамуы мен басқаруында,
және
т.б.салаларда ең маңызды орын алып отыр. Жоғары
эффектілі ГАЖ-де білім беру – бұл саланың
болашақтағы дамуының
негізі болып табылады.
Сонымен
қатар
дұрыс
координатталмаған,
ұйымдастырылмаған жұмыс,
жаңарту,
тарату, және сандық
геокеңістік
мәліметтерін
қолдану

бұл
өте
маңызды
проблемалар болып табылады. Бұл
проблемаларды шешу үшін кәсіби мамандар мен
кадрлар дайындау керек.

30.

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) кеңістіктік
құрамдастың негізінде алуан текті деректер мен
ақпаратты біріктірудің негізі ретінде,әкімшілік
шешімдер қабылдауға арналған негізгі элемент
болып
табылады.
Инфрақұрылымды,табиғи
ресурстарды, қоршаған ортаның күйі мен жалпы
алғанда аумақтарды тиімді басқару, әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, тек қана ГАЖ
интеграциялау қабілетіне негізделеді. Бүгінгі
таңда Компания ГАЖ/ДҚБЖ технологияларыын
негізге алған қазіргі заманғы бірқатар ақпараттық
жүйелерді әзірлеп, бірнеше ірі қазақстандық
мұнай компаниясының өндірісіне ендірді.

31. 10. ГАЖ бағдарламалары

ГАЖ-технологиясын
картографиялауда
және
жерге
агроэкологиялық бағалау жасауға қолдану үшін сәйкесінше
базалық және аппараттық қамтамасыздықты қажет етеді. Қазіргі
кезде
қолданылатын
әртүрлі
ГАЖ
бағдарламалық
қамтамасыздандыруларының ішінен Қазақстанда да және басқа
елдерде де кеңінен қолданылатын 2 пакетті айтуға болады. Бұл
ArcGIS (және оның жеңілдетілген нұсқасы ArcView) және
MapInfo пакеттері. Қазіргі уақытта MapInfo бағдарламасын
қолдану ұсынылады, ол түрлі ГАЖ жасауда үлкен
мүмкіндіктерімен, салыстырмалы арзан бағасымен, жақсы
орысшалануымен, басқа таралған ГАЖ бағдарламаларымен
және Windows операциялық жүйелерімен үйлесімділігімен,
жаңа нұсқаларының жиі шығуымен ерекшеленеді.
ГАЖ бағдарламасынан басқа сәйкес келетін операциялық
жүйе (MS Windows 2000/XP Pro және басқалары), офистік пакет
(әдетте, MS Office), графикалық редактор (әдетте, Adobe
Photoshop), диск жазушы бағдарлама және антивирус қажет.
Цифрлау жұмысын векторизациялау-бағдарламалары (мысалы,
Еasy Trace) айтарлықтай жеңілдетеді.

32.

Геоақпараттық технологиялар адамзат қызметінің көптеген
салаларында, әсіресе табиғатты қорғаумен байланысты
тапсырмаларды шешуде пайдаланылады. Қазіргі кезде
қоршаған орта өзгерістері, мониторингі, анализін
картографиялау тапсырмаларын шешуге көмектесетін
Жерді арақашықтықтан зондылау (ЖАЗ) мәліметтерін
пайдаланбайтын ГАЖ-ды елестету мүмкін емес. ЖАЗ
геоақпараттық мәліметтерді алудың ең жедел (оперативті)
көзі болып табылады. Яғни, ол ГАЖ ақпаратын маңызды
(актуалды) жағдайда сақтайтын негізгі көз болып
табылады, әсіресе егер маңыздылық факторы шешуші роль
атқаратын болса (әскери бақылау, апаттық кедейленуді
бақылау, экологиялық мониторинг, табиғат ресурстарын
бақылау және т.б.). Жаһандық интеграция мәліметтері
жүйесі
ретінде
ГАЖ-ға
қызығушылықтың
өсуі
геоақпараттық өнім нарығын кеңейту әдістері мен ГАЖ-да
ақпаратты өңдеу мен жинау әдістерін іздеуді жеңілдетеді

33.

MapInfo

қолданбалы
геоақпараттық жүйе, ол келесі
жұмыстарды іске асыруға
арналған:
- карталарды құрастыру және
оларды өңдеу;
- карталарды безендіру және
оларды көзбен шолу;
- тақырыптық карталарды
құру;
графикалық
және
семантикалық
ақпаратты
кеңістіктік және статистикалық
тұрғыда талдау;
- геокодтау;
мәліметтер базасымен
жұмыс жасау, соның ішінде
ODBC бойынша карталарды
принтер/плоттер
немесе
графикалық
файлдардан
шығару.

34.

ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға
арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған
жиынтығы.
ArcGis, кеңістіктік мәліметтерді құруға,
басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу және
көрсетуге қолданылады.
ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖфункционалдық пен бизнес-логика қажет етілетін
барлық жерлерде үстел үсті, серверлік және
тұтынушы
қосымшаларында, WEB арқылы,
«алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға
мүмкіндік береді.
ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы
«үйлесімділік» ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java,
XHL, SOAP объекттік архитектурасын қосқанда,
компьютерлік саланың стандарттары негізінде
құрылған.
ArcGis архитектурасының ауқымдылығы
бағдарламалық
қамтамасыздандырудың
көптұтынушылық
саралауы
мен мәліметтерді
жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет
болуы, жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға
бағдарламалық қамтамасыздандырудың біркелкі
келетіндігін білдіреді.

35. Қорытынды

Геоақпараттық жүйеде мәліметтер негізінің көзі –
ақпаратпен қамтамасыз ету. Мұнда жобаларды
ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жалпы құнының
90%шығынын қажет етеді. Геогарафиялық
карталарды материалдардың көзі үшін пайдалану
мәліметтер базасында ыңғайлы және тиімді.
Бірінші мұнда атрибутты сипатамалар;
Картографиялық көздерден алынған мәліметтер;
екіншіден кеңістікті бейнелеу; Үшіншіден қазырғы
кезде матириалдарды цифірлік пішіндерге
айналдыру технологиясы

36. Пайдаланылған әдебиеттер:

Керімбай Н.Н. Сандық картография
Берлянт А.М. Геоинформационное
картографирование.
Майкл Н., Де Мерс. Геоинформационные системы.
Капралов Е. Г. Основы геоинформатики
Матвеева С. И. Инженерная геодезия и
Интернет ресурстар: Wikipedia.org, Stud.kz,
Bigox.kz, Portal.kazntu.kz
English     Русский Правила