123.39K
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Күрделі сөздер

1.

Күрделі сөздер

2.

Күрделі сөз – екі немесе одан да
көп сөзден құралып, бір екпінмен
айтылатын бір тұтас лексикалық
мағына беретін сөздер. Мысалы:
Бүгін (бұл күн), шекара, он алты,
қызыл ала, т.б.

3.

Күрделі сөздердің басты
ерекшеліктері:
Күрделі сөз кемінде екі сөздің бірігуінен,
тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан
жасалады;
Күрделі сөз жасайтын сыңарлар
мағыналық жағынан да, құрылымдық
жағынан да, синтаксистік жағынан да
тұтасып, бір ғана ұғымның атауын білдіреді;
Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы
бұзылмайды, оның сыңарларының арасына
сыналап басқа бір сөз кіргізуге және
олардың орнын ауыстыруға да болмайды.

4.

Күрделі сөздер бірнеше топқа
бөлінеді:
1) Біріккен сөздер (көкжиек, ешқашан,
қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз,
қыстыгүні,биыл т.б.
);
2) Қос сөздер (ата-ана, үлкен-кіші, ине-жіп);
3) Тіркесті сөздер (отыз бес, көк ала,
Алматы қаласы);
4) Қысқарған сөздер
(колхоз,медколледж, ҚазМУ).

5.

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір
мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық,
киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер
әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.
Біріккен сөз екі түрлі болады:
1) кіріккен сөздер;
2) біріккен сөздер.
Кіріккен сөз – сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас
лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы, қол+қап = қолғап,
ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл,
алып+бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы+тас = ашудас,
жаздың+күні = жаздыгүні, Орнын+басар = Орынбасар, Өмірі+ұзақ =
Өмірзақ, солай+етіп = сөйтіп, т.б.
• Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр
бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

6.

• Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір
сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1)
қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
• Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиіжиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т.б.
• 1) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасызқосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биікбиік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т.б.
• 2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т.б.
• 3) бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөндіжөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т.б.
• 4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған
қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т.б.
• 5) екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос
сөздер: жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т.б.
• 6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөпмөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т.б.​​

7.


Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп
аталады.
Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана,
ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, т.б.​​
Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, досжаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.​​б.​​
2) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антоним қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алысжақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т.б.
3) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киімкешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігітжелең, т.б.
4) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқтатекте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т.б.
5) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту,
саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т.б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады.
Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елуалпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы
жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.

8.


Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы
жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл
білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрлі жолмен
қысқарады:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған
сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.
3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз,
ұжымшар, т.б.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі
сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.
5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған
шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.
6. Әртүрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.
Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар, медколледж сияқты
сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады.
Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.
Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас
лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

9.


Тіркесті сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады.
Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: нағашы ата, ортан жілік, қайын ене,
қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай
даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?
Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба
сақалды, қызыл шырайлы – қандай?
Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз
алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?
Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап
қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?
Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш
батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?
Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.
English     Русский Правила