Похожие презентации:
Қылмыс субъектісі
1.
• Қылмыс субъектісіz
2.
zҚылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір
жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша
қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасын
ың Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай
делінген: Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке
адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
3.
zҚылмыс субъектісі ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа
толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау,
адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа
адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту
көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде
болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының
уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс
әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына
алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа
тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі
заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану
салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылмайды.
4.
zЕсі дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол
себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген
іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі
дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол адамның қоғамға қауіпті ісәрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны
басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен
тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде оны
істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы
тиіс.
5.
z арнаулы субъектісіҚылмыстың
Есі дұрыстық және заңда белгіленген жасқа толу, бұл айтылған екі белгі кейбір
қылмыс құрамдары үшін жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы
көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет.
Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен
(есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше
бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша арнаулы белгілері бар
адамдарды айтамыз. Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстың
арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы
субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті
қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.