Похожие презентации:
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
1.
Оңтүстік қазақстан мемлекеттікпедагогикалық университеті
МҮКТЕР
Орындаған Асилхан Назым
Қабылдаған: Исалиева Нурбағила
Тобы: 1301-31
2.
ЖоспарКіріспе
Жоғары саттыдағы өсімдіктерге қысқаша мəлімет
Негізгі бөлім
1 . МҮКТƏРІЗДІЛЕР
2. Мүктердің маңызы
3. Мүктердің таралуы
4. Шымтезек мүк
5. Көкек мүгі (жасыл мүк)
6. Антоцероттар класы
7. БАУЫРМҮКТЕР КЛАСЫ
Қорытынды
Қолданылған əдебиеттер тізімі
3.
КіріспеЖоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына
мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер,
ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады.
Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің
көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр
қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және
жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің
аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек
мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі
үйлі жасыл өсімдік.
4.
МҮКТӘРІЗДІЛЕРМүктəрізділер жоғары сатыдағы
өсімдіктердің ішіндегі ең қарапайымы. Олар
жер бетінде 350 млн жыл тіршілік етіп
келеді. Олар көбіне құрғақ жерлерде,
климаты суық аудандарда кең тараған. Биік
емес, орташа 25-30 см. Өткізгіш жəне
механикалық ұлпалары өте нашар дамыған.
Ксилема мен флоэмадан тұратын өткізгіш
жүйе болмағанымен, су өткізгіш жасушалар
– гидроидтар болады.
5.
Мүктәрізділер (Bryophyta) – жоғары сатыдағы автотрофтыөсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары
карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде
Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты.
Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға
дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының
қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық
өсімдіктер. Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda,
Bryopsіda, Anthocerotopsіda), 27 мыңдай түрі бар.
Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған. Мөлшері әр түрлі:
ұзындығы 1 см-ден 60 см-ге дейін (Fontіnalіs) болады. Түсі –
жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары
арқылы жабысып бекиді
6.
Мүктердiң маңызыМүктер фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық эаттар түзедi және
ауаға оттегiн бөлiп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсiмдiктердiң
бiрi болып өседi және топырақ түзу процесiне қатысады. Мүктер ұя салып балапан
шығаратын құстардың қорегi және өз жауларынан тығылатын орны болып табылады.
Мүктер басқа өсiмдiктер секiлдi қурап микроорганизмдердiң көмегiмен шiридi.
Нәтижесiнде құнарлылығы жоғары шымтезектi топырақ түзiледi. Мұндай топырақтарға
жаңадан өсiмдiктер өседi. Шымтезектi шымтезек батпақтарынан өндiрiп, отын
ретiнде кеңiнен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы және шайыр
сияқты шикi заттар алынады. Мүктер – тұщы су қоры болып табылады.Батпақты
жерлерде судың жиналуы мүктерге тiкелей байланысты. Ақ мүк – бұл қыналар. Олар
титімдей ағашқа ұқсайды. Ал сосын тағы көптеген саңырауқұлақтар мен
спорогонийлер өседі. Батыс-Алтай мемлееттік табиғи қорығында Қызыл Кітапқа
енгізілген өсімдіктер жиі кездеседі. Мынау нәзік гүл “Бұйралау лилия” немесе
“Патшаның бұйрасы”деп аталады. “Бұйралау лилия” – тіпті Алтайдың өзінде де сирек
кездесетін гүл. Ал мынау атақты “Маралтамыр” немесе «сафлор тектес левзея ”.
7.
ТаралуыМүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Əсiресе ылғалы
мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты
жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан
салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың,
жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен
бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге
болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар
аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi.
Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология деп атайды.
8.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдықөсімдіктер. Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық,
сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр
миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң
құрылысы өте қарапайым түрлер де болады. Бiрқатар
мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны
таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы
балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң
сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр
болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид
— бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп
тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк
топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды
бойына сiңiредi.
Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары
арқылы жабысып бекиді. Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде
автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы
дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі
түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс
жасушалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда
болады. Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп
шығып, онда жыныссыз көбею органдары – спорогандар түзіледі.
Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен
таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар
клеткалардан тұратын қабықша
жауып тұрады. Бұл клеткалардың
хлорофилдерi болмайды.
Қабықшаның астында клеткалары
хлоропластарға толы, жақсы жетiлген
фотосинтездеушi ұлпа орналасады.
Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және
жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су
мен минералды заттардың сабақ
бойымен тасмалдануы өткiзгiш
ұлпалардың қатысуымен жүзеге
асады.
Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы
зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде
медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті
престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында,
әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек
кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты
пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып,
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
9.
Шымтезек мүгі (Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде,әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек
мүгін ақмүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су
жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады.
Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал
құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы
болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк
сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін
болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп
аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік.
Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары
шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден
айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда
еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында
ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің
жапырақ жасушалары екі түрлі болады:
ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті
тірі жасушалар;
ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар.
Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар
арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі өлі, түссіз жасушаларының қабырғаларында көптеген
10.
11.
Көкек мүгі (жасыл мүк)Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері батпақты жерлер
және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің өзіне тән
түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда
құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жасыл мүктердің ең кең
таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры жатады. Ол орманда,
орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің
шеттерінде өседі. Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады.
Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері
зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүктің сабағы
мен жапырағы болады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл
орманның батпақта айналуына себепші болады. Жасыл мүк –
екі үйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік
біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы
бұтақтанбайды. Сабағында тірек үлпасы болады. Сабақтың
ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк
топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.
12.
БАУЫРМҮКТЕРКЛАСЫ
Бауыр мүктердің 6000 жуық түрі бар. Олардың
денесі жалпақ, субстратқа жабысып тұрады.
Бауыр жағында көптеген ризоидтары болады.
Олар поляр аймақтарынан экваторға дейін
кездеседі. Бауыр мүктерден Маршанция
туысының мүктері көп таралған. Олардың көп
қатпарлы қатпаршақтары ассимиляциялаушы
және қорға жинаушы ұлпалардан тұрады.
Олардың жасушаларында фотосинтез жүреді.
13.
Антоцероттар класы300-ге жуық түрі бар. Олар негізінен жер
шарының тропиктік және жылы қоңыржай
аймақтарында таралған. Біздің елде тек 3-4
түрімен ұсынылған Antoceros тұқымдасы ғана
кездеседі.
Антоцероттардың гаметофиті таллом (таллом)
болып табылады. Anthoceros тұқымдасының
түрлерінде таллом розетка тәрізді, диаметрі 1-3
см, сирек жапырақ тәрізді, қою жасыл,
топырақпен тығыз іргелес. Капсула (спорогония)
көп, сәл иілген, қылшық тәрізді. Олар антоцерот
мүктеріне ерекше көрініс береді.
14.
ҚорытындыМүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы
мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде
мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған
үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тастардың, жартастардың
бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан,
тіптен терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты
аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында
жоғары сатыдағы өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді
зерттейтін ғылымды «бриология» дейді.
15.
Қолданылған әдебиеттер тізімі1.Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника.
3. Мұсақұлов Т. Ботаника.
Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., 4.Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.И.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым,
1998-288 бет.
5.М.Б. Бедебаев. Г.Б. Дөненбаева, К.М.Нұғманова. Өсімдіктер систематикасы.Шымкент, 1997-182 бет.
6. Ғаломтордан алынды
https://podarilove.ru/kk/rodonachalniki-vseh-vysshih-rastenii-kakie-rasteniyanazyvayut-vysshimi-primery/