6 - ДӘРІС
Өзара ауыстырымдылық
Өзара ауыстырымдылық түрлері
Өзара ауыстырымдылық деңгейі
Өлшемдер
Өлшемдер
Өлшемдер
Шақтама
Қондыру
Қондыру
Шақтама және қондыру жүйесі
шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
94.00K
Категория: МеханикаМеханика

Өзара ауыстырымдылық шақтама және қондыру білік және қуыс жүйелері. (дәріс 6)

1. 6 - ДӘРІС

Өзара ауыстырымдылық
Шақтама және қондыру
Білік және қуыс жүйелері

2. Өзара ауыстырымдылық

Тетіктің, құрастыру бірлігінің өзі
кіретін бұйымның берілген
сапасын жоғалтпай, өз орнына
басқа бір тетік немесе құрастыру
бірлігін қолдануға болатын
қабілетін қамтамасыз ету
қасиетін айтамыз

3. Өзара ауыстырымдылық түрлері

өндіріс көлемі мен бұйым шығару
мерзіміне қарай:
Сыртқы – сатып алынған және көшірмелі
(өздерінен күрделі бұйымға кіретін)
бұйымдарды және құрастыру бірліктерінің
қолдану көрсеткіштеріне қарай, сондай-ақ
қосылатын беттердің өлшемі мен пішіміне
қатысты өзара ауыстырымдылық
Ішкі - бұйымға кіретін тетіктер, құрастыру
бірліктері және механизмдері жатады

4. Өзара ауыстырымдылық деңгейі

Өндірістің өзара
ауыстырымдылығының деңгейін
өзара ауыстырымдылық тетіктері мен
құрастыру бірліктерінің жұмыс
ауқымының, жасалынатын бұйымның
жалпы жұмыс ауқымы қатынасына
тең болатын, өзара ауыстырымдылық
коэффициентімен К сипаттауға
болады

5.

Негізгі өзара ауыстырымдылыққа
құрылымдау кезіндегі, өндірістегі
және машиналарды пайдалану
кезіндегі ережелер жинағына сүйене
отырып қол жеткізуге болады.
Бұйымның барынша көп уақыт
пайдалануда болуы үшін, бұйымды
жобалау кезінде номиналды мәні мен
пайдалану көрсеткіштерінің шақтама
ауытқуларын тағайындау керек.

6. Өлшемдер

Тағайындалуы бойынша
өлшемдер пішімі мен шамасын
анықтаушы :
құрастыру,
жинақтау
габариттік өлшемдерге бөлінеді

7. Өлшемдер

Құрастыру өлшемдерін тетіктерді
беріктік пен қаттылыққа есептеу
арқылы анықталады;
Габариттік өлшемді шығып тұрған
бөлшектері бойынша анықталады;
Жинақтау бұйымдары жалғастыру
беттері бойынша анықталады.
Құрастыру және жинақтау өлшемдері
тетіктер мен бірліктердің бір-біріне
қарағанда қалай орналасқандығын
сипаттайды

8. Өлшемдер

Номиналды өлшем (D, d, l және т.б) –ауытқу
санаудың басы болатын және соған қатысты
шекті өлшемдерді анықтайтын өлшемді
айтамыз.
Нақты өлшем – рұқсат етілген қателікпен
өлшеу арқылы анықталған өлшем. Бұл термин
тетікті абсолютті дәл өлшеммен жасап
шығаруға және өлшеуге мүмкіндік болмаған
соң пайда болды.
Тетіктің шекті өлшемі – екі шекті рұқсат етілген
өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе
жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын
өлшем.

9. Шақтама

Т шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама)
деп ең үлкен және ең кіші параметрлердің
жіберілген мәнінің айырмасы
Шақтама алаңы – жоғарғы және төменгі
ауытқумен шектелген алаң
Білік – тетіктердің сыртқы(қамтитын)
элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін
термин
Қуыс – тетіктердің ішкі(қамтылатын)
элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін
термин

10. Қондыру

Тетіктердің арасында болатын саңылау мен
керіліс шамасына қарай анықтайтын біріктіру
сипаты
Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін
қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға
көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды
Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында
саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру.
Саңылау S – қуыстың өлшемі біліктің
өлшемінен үлкен болған кездегі қуыс пен білік
өлшемдерінің айырмасы, саңылау жиналған
тетіктердің өзара жылжуын қамтамасыз етеді

11. Қондыру

Керілісті қондыру – біріктіруде тетіктер
арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін
қондыру. Керіліс N – білік өлшемі қуыс
өлшемінен үлкен болған кезде жинауға
дейінгі білік пен қуыс өлшемдерінің
айырмасы
Ауыспалы қондыру – біріктіруде арасында
керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз
ететін қондыру(қуыс, білік шақтама
алаңдары жартылай немесе түгелжабылып
орналасады).

12. Шақтама және қондыру жүйесі

Шақтама және қондыру
жүйесі деп шақтамалар мен
қондырулардың заңдылықпен
тәжірибе, теориялар және
эксперименттер негізінде
құрылған және стандарт
түрінде жасалған тізбектер
жиынтығын айтамыз

13. шақтама және қондыру таңдаудың әдістері

1. Ұқсама әдісі жобалаушы бір
типтес, немесе бұрын
жасалынған, қазіргі уақытта
пайдалануда жүрген
машиналардан, жобаланатынға
ұқсас құрастырма бірліктерін
тауып, сол жердегідей шақтама
мен қондыру тағайындайды

14. шақтама және қондыру таңдаудың әдістері

2. Тәріздес (ұқсас) әдісі негізі ұқсама
әдісінің ары дамуы. Ол әдіс машина
тетіктерін құрылымы және пайдалану
белгісі бойынша, қондыруларды қолдану
мысалдары
келтірілген
анықтама
басылымдарын
шығару
арқасында
туындады
Бұл әдіспен шақтама мен қондыру таңдау
үшін, кітәпта көрсетілген белгіге сәйкес
жобаланатын
құрастыру
бірлігінің
құрылымдық белгісі мен пайдалану
шарттарының ұқсастығын пайдаланады.

15. шақтама және қондыру таңдаудың әдістері

3. Есептеу әдісі шақтама мен қондыру
таңдаудың нағыз негізделген әдісі болып
саналады
Бұл әдіспен машина, немесе басқа да
бұйымдарды құрылымдау кезінде тетікке,
құрастыру бірлігіне және бұйымға
бүтіндей қойылатын, пайдалануқұрылымдық талаптардың бәріне жауап
бере алатындай квалитетті (дәлдік
дәрежесіндей) шақтама мен қондыруды
таңдаймыз
English     Русский Правила