895.42K
Категория: ИнформатикаИнформатика

Ақылды үй

1.

Ақылды үй
11.5.2.4. ақылды үй датчиктерінен
алынған деректерді шығаруды
ұйымдастыру

2.

Ақылды үй
?

3.

Ақылды үй – қазіргі заманғы үлгідегі үй
автоматтандыру құралдарымен және жоғары
технологиялық құрылғылармен
жабдықталған тұрғын үй

4.

Қалай ойлайсыздар, «Ақылды үй»
жүйесіне қандай функцияларды
жүктеуге болады?

5.

Ақылды үйдің функциялары:
- Сыртқы және ішкі жарықты басқару;
- Аккумуляторлар, генераторлар сияқты
қуат көздерін басқару;
- Энергия тұтыну жүйесін бақылау;
- Әрбір бөлменің ауасын салқындату
және жылыту жүйесін басқару;
- Ауа ылғалдылығын бақылау және
тазарту;
- Ғимараттың жеке элементтерін жылыту
(нөсер канализациясы, баспалдақтар,
шынылар);
- Сумен қамтамасыз ету;
- Канализация және фильтрация;
- Апаттық жағдайларды анықтау ( утечка
газдың кемуі, судың кемуі, электр
желісінің қиындығы);
- Мониторинг.
https://www.youtube.com/watch?v=zipyOMZoPKk

6.

Ақылды үй жүйесі қалай ұйымдастырылған?
Интеллектуалды жабдықтың кез-келген жиынтығының негізі қуатты компьютер түрінде
берілген процессор болып табылады.
Басқару блогы немесе контроллер өзекті мәндерді бағдарламаланған мәндермен
салыстыру әдісі арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Барлық қажетті ақпарат жүйенің құрамына
кіретін жабдықтың ішкі басқару
органдарынан, бақылаушылардан, әрбір
үйге орнатылатын датчиктерден келіп
түседі. Оны ақылды үйдің «сезу органдары»
деп те айтуға болады.
Орындаушылар – датчиктердегі деректер
негізінде берілген жүйе командаларын
орындайтын құрылғылар тобы.

7.

Ақылды үйдің датчиктері
Ақылды үй жүйесінің ең маңызды компоненті деп ақпараттарды
жинау және оны басқару блогына жіберу мүмкіндігі бар әртүрлі
датчиктерді айтамыз.
Оларды екі топқа бөлуге болады: қозғалысты қадағалайтын
датчиктер, және ортаның параметрлеріне әсер ететін
датчиктер(температура, ылғалдылық, жарық, газ, түтін және т.б.
датчиктері).

8.

Arduino онлайн симуляторы
(https://www.tinkercad.com/)
1. Жұмысты бастамас бұрын жүйеге тіркелу қажет.
Тіркелу тегін және қарапайым қадамдардан тұрады.
2. Тіркелгеннен кейін бізге жүйенің бастапқы беті
ашылады, сол жағында сервистер тізімі және оның
астында жобалар тізімі көрсетілген. Arduino-ның
жаңа сұлбасын құру үшін сервистер тізімінен Circuits
таңдаңыз, кейін негізгі терезеден Create new Circuit.

9.

3. Симулятор ортасы келесі элементтерден тұрады:
Жоғарғы жағында батырмалары бар құралдар жолағы орналасқан:
• Элементті аудару
• Өшіру
• Экран өлшемі бойынша масштабтау
• Кері қайту
• Қайталау
• Түзету және программалау панелін көрсету
• Компоненттер кітапханасының панелін көрсету
• Сұлба симуляторын жүктеу
• Eagle .brd – ға экспорттау
• Бөлісу
Орталық бөлігінде сұлбаны визуалды түрде
редактірлеу аймағы орналасқан
Оң жағында –компоненттер кітапханасы

10.

4. Температура датчигінен алынған мәліметтерді шығаратын қарапайым сұлба құру.
Ол үшін компоненттер кітапханасының ашылмалы тізімінен барлық компоненттерді
көрсету нұсқасын таңдаңыз.
5. Компоненттер тізімінен Arduino Uno R3 микроконтроллер табыңыз және оны
редактірлеу аймағына орналастырыңыз.
6. Temperature Sensor [TMP36] температура сенсорын тауып, оны сұлбаға
орналастырыңыз
7. Сенсордың шығысын мысалдағыдай тақшамен біріктіріңіз:

11.

8. Құралдар жолағында орналасқан </ Code батырмасы басу арқылы кодау бөліміне өтіңіз.
9. Код 6 топтан тұратын блок көмегімен іске асырылады:
10. Output бөліміне өтіңіз и блокты программалау терезесіне апарыңыз
11. Input бөлімінен блокқа апарыңыз
және оны алдыңғы блоктың ішіне орналастырыңыз:

12.

Осылайша біз қарапайым сұлбаны жинап шықтық және температура датчигінен алынған
ақпаратты шығаратын программаны жазып шықтық.
Мәні жүйе мониторына шығарылады, ол үшін экранның төменгі жағындағы Serial Monitor
батырмасын басу қажет.
Симуляцияны жүктеу үшін құралдар панеліндегі сәйкес батырманы басыңыз.
Симуляция кезінде сіздер температураны сырғытпаның көмегімен өзгертулеріңізге болады, ол
симуляция режимінде температура сенсорын басқан кезде пайда болады.
English     Русский Правила