Похожие презентации:
Мердігерлік шарты. Ақылы қызмет көрсету шарты
1.
Мердігерлік шарты. Ақылықызмет көрсету шарты
АБДУЛЛА ДИЛЬНАЗ
БАХЫТЖАНҚЫЗЫ МАЛИКА
ҒАЗИЗ РУСЛАН
2.
Мердігерлік шартының ұғымы, нысаны.Азаматтық Кодекстің 616бабына сәйкес мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер)
екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі
бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін
тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс
нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндеттенеді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе жұмыс мердігердің
тәуекелімен орындалады.
3.
Мердігерлік шарты-консенсуалды, ақылы, екіжақты.Шарттың тараптары:мердігер
тапсырысшы.
Шарттың тараптары жеке тұлғалар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Егер шарттың бір тарабы жеке тұлға болса, оның жасы 18-ден жоғары болуы қажет.
4.
Егер шартта өзгеше көзделмесе мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуғақұқылы. Мұндай жағдайда мердігер-тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы мердігердің алдында –
тапсырысшы болады.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін жауапты болады.
Мысалы, жергілікті құрылыс ұйымдары азаматтардың тапсыруы бойынша, тұрғын үйлер құрылысың салған кезде,
арнайы шаруашылық ұйымдардың жұмысшыларын жұмысқа салады (электр жүйесін, су құбырын орнату және т.б.).
Осындай қатынастар да мердігерлік шартымен белгіленеді.
Мердігерлік шартының нысаны АК-тің баптарында арнайы белгіленбеген. Бірақ тәжірибеде осы шарт жазбаша түрде
жасалады.
5.
Ауызша нысанда жасалатын мердігерлік шарттың мысалы, қысқамерзімде, тапсырысшының алдында затты жедел жөндеу.
Шарттың орындалу мерзімдері шарттардың өте маңызды жағдайының
бірі. Мердігерлік шартта жұмыс орындаудың бастапқы және түпкі
мерзімі көрсетіледі.
Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың
жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) де
көзделуі мүмкін.
6.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер жұмысты орындайдынбастапқы және түпкі, сонымен қатар аралық мерзімдерінің бұзылғаны
үшін жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердігерлік шартта көрсетілген бастапқы, түпкі
және аралық мерзімдері шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп
бойынша өзгертілуі мүмкін.
7.
Жұмыс нәтижесін беру немесе қабылдау уақытын өткізіп алған кездегітәуекелді, уақытты өткізіп алған тарап мойнына алады.
Егер мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен
орындаса, ол берген материалды үнемдеп және есептеп
пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырысшыға жұмсалған
материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын
қайтарып беруге немесе тапсырысшының келісімімен, мердігерде
қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып,
жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.
8.
Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті дәрежедеорындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті қабылдау кезінде
оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты
болады.
Мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттарды
немесе өзге де мүлікті өндеу үшін тапсырысшы берген материалдардың,
жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады.
Егер мердігерліктің нысанасы оны тапсырғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе
жұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тараптардың кінәсінен болмаса, мердігердің
жұмыс үшін сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
9.
Егер мердігерліктің нысанасы оны тапсырғанға дейін кездейсоқ жойылса немесежұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тараптардың кінәсінен болмаса, мердігердің
жұмыс үшін сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер мердігерлік нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін
болмауы тапсырысшы жеткізген материал кемшіліктерінің немесе оның жұмысты
орындау әдісі туралы өкімдерінің салдарынан болса, мердігер жұмыс үшін сыйақы
алу құқығын сақтап қалды. (АК-тің 631 б.)
Мердігер орындаған жұмыс шарт ережелеріне, ал олар болмаса – әдетте тиісті
тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс (орындалған жұмыстың
сапасы).