Похожие презентации:
Tөлеген Айбергенов (1937-1967)
1.
TөлегенАйбергенов
(1937-1967)
Байшахан Гүлбина, Есембекова Разия
2.
Төлеген АйбергеновТуған жері
Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы
Оқыған мектебі
Ташкент педагогикалық институты
Қызметі
Қоңырат ауд. – мұғалім, Шымкент обл. Сарыағаш ауд. Кешкі жастар мектебідиректор . 1965 ж. ҚЖО әдебиетті насихаттау бюросында қызмет етті.
Шығармалары
“Арман сапары” , “Өмірге саяхат” , “Құмдағы мұнаралар”, “Мен саған ғашық едім” ,
“Аманат”, “Бір тойым бар”, “Бақшаға саяхат”, “Мир созвездия”, “Ақерке Жайық”,
“Жаңғырған Маңғыстау”, “Қазақстан”, “Мені ойла”, “Сені ойладым”, “Ақ
қайыңдар”, “Біргемін мен сендермен”, “Сағыныш”.
3.
Төлегеннің анасы Жібек Қонарбайқызы айы-күніжетіп, дүниеге ұл әкеледі. Атын «Қайтыс болып
кеткен бес ұлымның орнын төледің» деп,
Төлеген атаған екен.
«Мен ұл едім, сендер ең үш тамаша елік,
Төртеуіміз бір әкенің баласы едік.
Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын,
Өстік біз бір омыраудан таласа еміп»,
– деп ақынның өзі жырлағандай, балалық
шағында еркін өседі. Төлеген 14 жасқа келген
кезде әкесі Айберген қайтыс болады. Ал анасы
1964 жылы өмірден өтеді.
4.
МарапаттарыҚазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
лауреатын алды (1974 жылы, қайтыс болғаннан
кейін). 1997 жылы ақынның «Таңдамалы өлеңдер»
жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен
сендермен» атты естелік кітап, 2001 жылы «Бір
тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді.
Жастарға арналған Т.Айбергенов атындағы әдеби
сыйлық бар. Поэзияда оны Мұхтар Шаханов,
Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев,
Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас
ақындар ұстаз тұтты.
5.
Төлеген Айбергеновшығармашылығындағы ең арналы
тақырып
- Кең мағынадағы туған жер
- Атамекен
- Соған деген перзенттік ұлы сағыныш сезімі
6.
Өмірінің соңы«Алматыға көшіп келгеннен кейін 2 жыл бойы Төлеген жұмыссыз жүреді. Бар
арманы әдеби қызметкер болу болған. 2 жылдан соң Жазушылар Одағының
насихаттау бөліміне жұмысқа тұрады. Сөйтіп, Қарақалпақстанға қазақ
ақындарының кездесуін ұйымдастырмақшы болып барады. Біз
Қарақалпақстанға кеш болардан бір ай бұрын ғана бардық. Өйткені, әкемнің
өз туған жеріне де баруы керек болды. Басқа ақын-жазушыларды күтіп алып,
кешті ұйымдастыруы қажет болды. Сол кезде ол ауырып жүрген, бауыры
ауырды. Бірақ, ауруына еш мән бермеді. Менің мектепке баратын кезім еді.
«Салтанды өзім мектепке ертіп апарамын. Бірге сабағында отырамын,өңкей
лақтардың ішінде өгізге ұқсап отырамын ғой» деп әзілдейтін. Бірақ, ол
арманына жетпеді. 28-тамыз күні қайтыс болды. Бұрын дәрі ішіп көрмеген
адам еді. Бас-аяғы бір айдың ішінде аурудан сылқ құлады. Мен ол кісіге «көз
тиді» дегенге сенемін» (Салтанат қызының естелігінен).
7.
Тапсырма№1. Постер жасау (әдеби талдау)
М.Шахановтың “Айбергенов шыңы” өлеңі
С.Маханұлының “Ақын рухына” өлеңі
Т.Айбергеновтың “Бір тойым бар” өлеңі
- Идеясы
- Тақырыбы
- Көркемдегіш құралдар
- Ақын бейнесі
№2.
219-бет, 4-ші тапсырма