Похожие презентации:
Үйде. ОСӨЖ
1.
ҮйдеМынау – үй. Бұл Асанның үйі. Үй үлкен,
қызыл шатырлы. Бөлмелері кең, жарық
және таза, Үйдің едендері, ағаш есіктері
қоңыр түсті. Ал терезелері әдемі, ақ
түсті. Қабырғалары да ақ, перделері
көгілдір түсті. Еденге кілем төселген.
Қонақ бөлмеде үлкен аспашам ілінген.
Төрде үлкен сурет ілінген. Сол жақта
фортепиано тұр. Дәлізде әдемі айна бар.
Үй кітапханасында кітап сөрелері бар.
Сөрелерде кітаптар тізілген. Ас үйде
үлкен орындақтар бар. Оң жақта үлкен
тоңазтқыш тұр.
2.
ОСӨЖ1.Көп нүктенің орнына жақшада берілген көмекші есімдерді жазыңыз.
( ортасында, шетінде, қасында, басында, ішінде, астында,жанында.)
Бригадир таңертеңнен жұмыстың ... жүрді. Үйлердің ... спорт алаңдары бар
екен. Қаланың ... үлкен көл бар. Ауылдың ... қалың тоғай бар. Алатаудың ...
әрқашан қар жатады. Үйдің ... бірнеше орындық бар. Ағаштың ... екі адам тұр.
Екі ауылдың ... автобус жүрмейді.
2. Мына сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
Үлкен үй, жаңа дүкен, кең көше, ескі қала, кең бөлме, тар дәліз, қызық сурет,
жарық пәтер.
3. «Менің бөлмем» тақырыбына әңгімелеңіз.