2.66M
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Адамдармен қарым - қатынас. Лексикалық айналысу

1.

Адамдармен қарым -қатынас
Сөздікпен жұмыс
1.Сөздер тізбегінен адамдар
арсындағы қарым-қатынасты
белдіретін сөздерді табыңыз.
cезу
cөйлесу
әңгімелесу,
сұхбаттасу
құптау
қарсы болу
қолдау
жек көру
жақсы көру
жаны ашу
мұң
күту
өкіну
қуану
таң қалу
ренжу
ұнату
айыптау
көмектесу
сынау

2.

Тізімнен «өзара» сөзімен тіркесетін сөздерді табыңыз.
Мысалы: өзара көмектесу

3.

Бір ауыз сөз
Мектепте оқып жүрген кезім еді.
Сыныпқа жаңадан келген бала
сабақтан шығып барады екен.
Есімі
Роберт
еді.
Барлық
кітаптарын және рюкзагын арқалап
үй жаққа кетіп барады екен. Мен ол
туралы «кітапты көп оқиды ау» деп
йоладым. Өйткені кітапты сыынпқа
да тастауға болатын еді. Бір кезде
бір топ майда балалар жүгіріп өтіп,
Робертті қағып жіберді де, Роберт
бір жаққа құлап, кітаптары басқа
жаққа шашылып кетті

4.

Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт
басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң
көрдім.
Қасына
жүгіріп,
кітаптарын
жинастыруға
көмектестім.
Роберттің
көзжасын
көргенде,
қолдау
ретінде
«жүгірмектерді қойшы. Оған бола ренжіме»
дедім. Осы кезде Роберт «рахмет» деді да,
маған қарап күлімдеді. Кітаптарды жинап
болып: - Қайда тұрасың?- деп сұрадым.
Көрші болып шықтық. «Ертеңгі футбол
матчына келе аласың ба?»- деп сұрадым,ол
келісті. Ертеңіне футболға келді. Жалғыз
мен емес, балалардың бәрі оны ұнатып,
бауыр басып қалды. Енді жиналған сайын
оны да іздеп шақыратын болдық

5.

Мектеп бітіргенге дейін екеуіміз бір- біріміздің
ең жақын досы болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы
университетке, мен Техастағы университетке
түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта
болсақ та, достығымыз университет жылдары да
үзілмеді. Роберт университеттің ең үздік студенті
болды.
Университет
әкімшілігі
оған
университетті бітіру салтанатында сөз сөйлеуді
ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен атааналары жиналған салтанатты кеште былай деді:
«Университетті бітіру күні – осы күнге дейін
алдымыздан
шыққан
мың
түрлі
қиыншылықтарды жеңуімізге
көмектескен
жақындарымызға алғысымызды білдіру күні
десем
болады.
Ата-аналарымызға,
ұстаздарымызға және ең бастысы достарымызға!
Бір әңгіме айтып берейін…» Досым танысқан
күнімізді баяндай бастады. Роберттің сөзінен
кездескен күннің ертеңіне ол өз өзіне қол
жұмсауды ойлаған.

6.

Кейін мамасы мектептен заттарын алуға барған
кезде, ауыр кітаптарды көтермесін деп, сол күні
барлық кітаптарын жинастырып үйге апарғанын
айтты. Сөзін бітіріп Роберт маған қарады да
«Рахмет саған, досым!
Досым, екеуіміз кездескен күні мені, қазір айтуға
да батылым бармайтын, іс жасаудан құтқардың!»
– деді. Университеттің ең үздік студенті, жас жігіт
өмірінің ең қиын кезеңін түсіндіріп тұрған кезде,
бәрі үндемей тыңдады. Ата-анасы маған қарап
үлкен алғыспен күлімдеді.
Мен болсам бұл туралы бірінші рет естідім. Аң
таңмын.Еш нәрсеге немкұрайды қарамау
керектігін түсіндім. Кішкентай бір амалымыз
бен кішкентай бір сөзіміз біреудің өміріне әсер
ететінін түсіндім.Жақсыға не жаманға!
English     Русский Правила