Чат және Форумдар
E-mail (Electronic Mail)
Желі коммуникациясындағы негізгі смайл белгілер
Қазіргі қазақ интернет жүйесіндегі негізгі смайлдар
Форум-коммуникация
396.62K
Категория: ИнтернетИнтернет

Чат және форумдар

1. Чат және Форумдар

Группа:
Орындаған: Ережепова Назерке

2.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –
Интернеттің тағы да бір
қосымшасы,желіде нақтылы
уақытта интерактивті
сұхбаттасу. Әңгімелесушілер
бір-бірімен өз
компьютерлеріндегі
клавиатурада сөздерді теріп
жібереді және ол сөздер
бірнеше секундтардан кейін
сұхбаттасушыларға монитордан
көрінеді, осындай тәсілмен
әңгімелесулеріне болады.

3.

Чат (chat – сөйлесу) – интернетті пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режимінде
(«online» – ағылшын тілінен аударғанда «желі бойында», «байланыста» деген мағынаны
білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті сұхбаттасу.
Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі пернетақтадан сөздерді теріп жібереді
және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай
тәсілмен сөйлесу түрін – чат-коммуникация дейміз. Мұндай ерекшелікке байланысты чаттағы
қарым-қатынас жүйесін тікелей және жанама түрге бөлуге болады. Тікелей деп отырғанымыз,
интернеттегі веб-камера арқылы сөйлесу. Мұнда веб-камера болғандықтан сөйлесу
әдеттегідей болады. Ал жанама қарым-қатынаста адресант жіберген хабарламасын адресат
қалай қабылдағанын немесе оның эмоциясы сол мезгілде қандай жағдайда болғанын көре
алмайды. Адресаттың эмоциясы тек жіберген жауап арқылы ашылады. Интернет-коммуникант
өзінің эмоциясын білдіру үшін бірнеше әлеуметтік ұстанымдарды ескермейді деп айтуға
болады. Көбіне адресант адресатқа қысқаша жауап беруге тырысады. Нақты уақыт режімінде
сөйлесіп отырған екі коммуниканттың сөйлесу тембірі, оның күші, дикциясы, мимикасы тәрізді
паралингвистикалық әрекеттері көрінбейді. Мұнда екі коммуникант бір-бірін мәтін арқылы
таниды. Паралингвистикалық амалдардың орнын толтыру үшін чатта смайликтер
қолданылады. Яғни дыбыс, қозғалыс сияқты әрекеттер вербалды таңбалармен беріліп, белгілі
бір мағынаны үстеп отырады. Белгілі бір коммуниканттың эмоциясын екінші комммуникант
тілдік емес, бейвербалды құралдар арқылы, яғни пунктуациялық белгілердің қосындысы
арқылы белгіленетін мағынасы бар смайликтер қолданылады.

4.


Чатта сөйлесу интерактивті болғандықтан мұнда сөйлесу темпі ауызша тілге өте жақын болады. Чаттағы сөйлесу принципі
телефонмен сөйлескенге ұқсайды десе де болады. Сөйлесіп отырған адамдар өздеріне қажетті жауапты сол мезетте алады.
Алайда мұндай байланыс түрінде сөйлесушілер негізінен мәтіндік хабарламалар түрінде ақпарат алмасып отырады.
Чат – Интернет жүйесіндегі қарым-қатынас жасасудың спецификалық формасы болғандықтан, мұндағы хабарлар көбінесе
СМС (SMS) түрінде қысқаша формада жазылады. Хабарлардың ұялы телефондағы СМС-тен айырмашылығы тек Интернет
жүйесі арқылы тарайтындығында. Чат арқылы хабарласу уақыт кеңістігі арқылы жүзеге асады. Яғни қарым-қатынас сол
мезетте іске асып, бұған екі не одан да көп коммуникант қатыса алады. Коммуниканттар әртүрлі тақырыптарға байланысты
пікір алмаса отырып, басқа да коммуниканттармен қарым-қатынасқа түсуге толық мүмкіндігі болады. Мысалы, бір-бірімен
өте жақын екі коммуникант белгілі бір чат жүйесін (мысалы, site.kaz) екі күн бұрын белгілеп, сағат 1500-де кездесуді
жоспарлайды. Мұндай жағдайда коммуникация жүйесі қарапайым сөйлеу тілімен барабар болады деп айтуға болады.
Себебі екі коммуникант сол мезетте бір-бірін камера арқылы көріп, даусын ести алады. Мұндағы коммуникация негізінен
диалогтық репликаға құрылады. Сөз қысқа, жүйесіз, тілдік бірліктерге жұтаң болса да, екі коммуникантқа ортақ аялық білім
болғандықтан коммуниканттар бір-бірін жақсы түсініседі.
• Чатта диалогтық және полилогтық мәтіндер көптеп кездеседі. Жалпы чат-коммуникацияны былайша бөлуге болады:
1. танысу чаты;
2. төлемдерді қабылдау және жіберу чаты;
3. әртүрлі ойындар чаты
4. қарапайым сөйлесу чаты т.б.

5. E-mail (Electronic Mail)

Электрондық пошта Интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет
жүйесі. Ол арнайы пошта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.
Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде коммуниканттар хабарды жеткізе алады. Ол үшін пернетақтадан тиісті хабар мәтінін теріп,
белгілі бір коммуникантқа (адресантқа) жіберу басты мәндет ретінде саналады. Осындай тәсіл арқылы белгілі бір коммуникант өзінің
достарымен немесе әріптестерімен қарым-қатынас жасай алады. Электронды поштаның қарапайым поштадан басты артықшылығы –
оның ақпаратты жеткізу жылдамдығында. Мысалға дәстүрлі поштаның көмегімен жіберілген хабарламаның белгіленген мекен-жайға
жетуі үшін бірнеше күн, кейде тіпті бірнеше апта қажет болса, электронды пошта – қажетті хабарламаны бірнеше минут (кейде тіпті
бірнеше секунд) ішінде жеткізеді. Оның басты себебі – электронды поштаны тасымалдау үшін пошта қызметкерінің (почтальон) немесе
қандай да бір жүк машинасының қажеті жоқ. Электронды поштаны жеткізу үшін телефон желілері мен спутниктік байланыстар
қолданылады. Электронды пошта байлынысы анағұрлым сенімді байланыс құралы болып есептеледі. Әрине компьютерлерде де
техникалық ақаулар болып, мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін. Бірақ мұндай жайттар практикада сирек кездеседі. Электронды поштаның
көмегімен пайдаланушылар көлемі шағын хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар мәтіндік құжаттарды, суреттерді, программаларды
жіберуіне мүмкіндігі бар. Жіберілген суреттерге немесе белгілі бір хабарламаларға басқа да коммуниканттар араласып, өз пікірлерін
білдіре алады. Жалпы электронды поштадағы қарым-қатынас жүйесі ауызекі сөйлеу тілімен өте ұқсас болып келеді. Мұнда сөйлеу тіліне
қатысты белгілер молынан ұшырасады. Бірақ ауызша сөйлеуден ерекшеленетін тұсы да жоқ емес. Жалпы интернет – коммуникациядағы
жазба және ауызша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар
(смайликтер) және т.б.) жазбаша сипатына қарай бейімделуін көрсетеді. Сондықтан ауызша сөйлеуде
қолданылатын паралингвистикалық құралдар мұнда қолданылмайды. Интернетте әріптер, сандар және тыныс белгілер
паралингвистикалық амалдарды толық атқарады деп айтуға болады. Интернет тілінде бұлар смайлик немесе эмотикон деп те аталады.

6. Желі коммуникациясындағы негізгі смайл белгілер


Желі коммуникациясында қолданылатын смайликтердің (латын тілінен алғанда smile – күлкілі езу; смайликтерді
ең алғаш 1982 жылы Скот Фарман деген адам ойлап тапқан) немесе эмотикондардың болуы интернеттің ерекше
өзіндік бір жүйе екенін дәлелдей түседі. Смайлик– дәстүрлі жазбадағы пунктуациялық әріптер мен цифрлардан
құралған графикалық белгілер. Қазіргі таңда көптеген желі ресурстарында мәтін хабарламаларын суретбейнелермен толықтыру кеңінен қолға алынуда. Ал смайликтер белгілі бір эмоцияны суретпен бейнелейтін
пиктограмма түрінде танылып жүр. Ауызша коммуникация (қарым-қатынас) эмоционалды тұрғыдан бейтарап
(нейтралды) болуы мүмкін емес. Біз әрқашан әйтеуір бір күйде, айтылған нәрсеге әсер білдіреміз. Өзіміздің сол
нысанға деген не құбылысқа деген көзқарасымызды, эмоциямызды білдіріп жатамыз. Интернет тілінде
смайликтерді қолдану коммуниканттардың ауызша сөйленісін білдіретін көрсеткіш бола алады. Жалпы алғанда
қазіргі интернет жүйесіндегі таңбаларды былайша бөліп көрсетуге болады:
Вербалды таңбаларға біз кирил және латын стандартындағы әріптерді жатқыздық. Себебі бұлар желі
коммуникациясында жиі қолданылатын графемалар. Ал бейвербалды таңбалар деп желі коммуникациясында
экспрессияны және эмоцияны білдіру үшін қолданылатын пиктограммалық белгілерді жатқызамыз.

7. Қазіргі қазақ интернет жүйесіндегі негізгі смайлдар

1.
:) (қос нүкте және жабық жақшадан тұратын смайлик) – күлкілі езуді
білдіреді.
2.
:( (қос нүкте және ашық жақшадан тұратын смайлик) – қайғыру,
мұңдануды білдіреді.
3.
:-( (қос нүкте, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) –
ренжу, ызалану сезімін білдіреді;
4.
;) (нүктелі үтір мен жабық жақшадан тұратын смайлик) – қу немесе
сарказмдық мінезді білдіреді. Кейде ол контекс ыңғайына қарай
күлкіні де бейнелейді;
5.
:-/ (қос нүкте, сызықша және қисық сызық) – мысқылдау немесе
сарказм үшін қолданылады;
6.
;-) (нүктелі үтір, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) –
жартылай көңілденуді білдіреді;
7.
8.
9.
10.
11.
12.
:-# (қос нүкте, сызықша және торша) – айтуға болмайтын құпия нәрсе;
:-* (қос нүкте, сызықша және жұлдызша) – бетті сүю;
:'-( (қос нүкте, сызық, сызықша, жабық жақша) – жылау;
:-/ (қос нүкте, сызықша, қысық сызық) – мырс ету;
:-│ (қос нүкте, сызықша, түзу сызық) – ерінді қысу;
:*) (қос нүкте, жұлдызша және жабық жақша) – мұрынның қызаруы;

8. Форум-коммуникация

Форум-коммуникацияның чат-коммуникациядан айырмашылығы жоқ емес. Чатта әртүрлі тақырыпқа
қатысты қарым-қатынас іске асса, форумда бір ғана тақырып аясында пікірталас болады. Басқаша
айтқанда, форум дегеніміз – субъектінің қызығушылығына байланысты ашылған клуб немесе орталық.
Мұнда дизайнерлердің, программистердің, музыканттардың және т.б. пікірталас форумдары болады.
Әдетте сөйлеу кезінде әр саланың мамандары арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болады. Мысалы,
филолог маман және маман еместің арасындағы тілдік коммуникация өз деңгейіне жетпей, белгілі бір
шегінде тоқтап қалады. Яғни коммуникация толық жүзеге аса алмайды. Себебі әр сала мамандарының өз
термині мен сөйлеу жүйесіндегі ұстанымдары болады. Осы тәрізді жайттарды екінші коммуникант
білмесе қарым-қатынас толық болмайды. Сондықтан интернеттегі форум-коммуникацияны әр сала
мамандары үшін жасалған пікірталас орталығы деп айтса да болады. Мұнда белгілі бір коммуникант өз
саласы жөнінде екінші коммуникантпен сөйлесіп, өз ойы мен пікірін ортаға салып, қарым-қатынас жасай
алады.
Форумның чат-коммуникациядан тағы бір үлкен ерекшелігі уақыт және кеңістік факторына байланысты.
Яғни чатта хабар сол мезетте іске асу керек болса, форумда бұл міндетті саналмайды. Форумкоммуникацияда коммуникант белгілі бір хабарды әбден қорытып, екі күннен кейін немесе бірнеше
күннен кейін де жауап жазуға құқылы. Сондықтан мұнда коммуникант сөзі алдын ала дайындалып, еркін
сөйлеу (спонтанная речь) түрінен алшақтайды. Сөзіміз нақтырақ болу үшін «Мәссаған» деген қазақ
сайтындағы мынадай әртүрлі форумдарды көрсетеміз.
English     Русский Правила