115.09K
Категория: ФизикаФизика

Модуляция және детекторлеу

1.

МОДУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ДЕТЕКТОРЛЕУ

2.

• Модуляция (латынша modulatіo – өлшемдік) – қандай да бір стационар
физикалық процесті сипаттайтын параметрлердің уақытқа байланысты
берілген заңдылық бойынша өзгеруі. Модуляцияның мысалына, гармондық
тербеліс амплитудасының, жиілігінің және фазасының белгілі заңдылық
бойынша өзгеруі, электрон-сәулелік осциллографта арнаулы электрод
(модулятор) көмегімен электрон ағыны қарқындылығын уақыт бойынша
өзгеруі, жарық айқындығын (жарықтылығын) поляризациялауыш құрылғы
(Керр ұяшығы) арқылы реттеу, т.б. жатады. Модуляция арқылы стационарлық
процестің бір немесе бірнеше параметрлерін (қарқындылығын, амплитудасын,
жылдамдығын және жиілігін) уақыт бойынша өзгертуге болады. Кеңістіктік
модуляция – стационарлық процесс параметрлерінің кеңістікте өзгеруі.
Сызықтық емес және толқындық жүйелерде модуляцияның кенеттен (күрт)
пайда болуы да мүмкін (автомодуляция).

3.

• Амплитудалық модуляция (лат. amplitudo — шама,
франц. modulatio — біркалыптылық) — радиотаратқыш
тарататын электромагниттік тербеліс амплитудасын сол
тербеліс жиілігінен төмен жиіліктегі тербеліс заңына
сәйкес өзгерту. Мысалы, радиотаратқыш тарататын
жоғары жиілікті тербеліс амплитудасын дыбыс
жиілігіндегі тербеліс заңына сәйкес модуляциялағанда,
жоғары жиіліктік тербеліс амплитудасының көмкеруші
сызығы дыбыс жиілігінің заңына сәйкес өзгереді.
Радиотолқын ретінде таралатын сол жоғарғы тербелістің
жиілігі "тасымалдаушы жиілік" деп аталады

4.

5.

• Детекторлау — модуляцияланған жоғары
(тасымалдаушы) жиіліктегі тербелістен төмен
жиіліктегі тербелісті бөліп алу процесі.
Детекторлау тасымалдаушы жиіліктегі
тербелістің модуляциялану (амплитудалық,
жиіліктік, фазалық) түріне қарай сигналды
біржақты өткізетін немесе сызықтық емес
өткізгіштік сипаттағы электрондық құралдар
(құрылғылар) арқылы жүзеге асырылады.

6.

• Радиоқабылдағыштың антеннасында барлық
радиотаратқыштан, найзағайдың разрядынан, электрлік
аспаптар мен электрлік қозғалтқыштар жұмыс істегенде
шығатын ұшқындық разрядтан келетін электромагниттік
толқындар жоғары жиілікті әлсіз индукциялық токты
қоздырады. Сондықтан да белгілі бір радиохабарды ғана
тыңдау үшін тізбекке тербелмелі контурды қосу арқылы
қажетті жиіліктегі толқынды бөліп алады.

7.

• 0л тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығын
өзгертіп, контурдың меншікті тербеліс жиілігі антеннадағы
козған еріксіз тербелістердің жиілігіне сәйкестендірілу
арқылы, яғни резонанс нәтижесінде жүзеге асырылады.
Жоғары жиілікті модуляцияланған электромагнит толқынды
қабылдағыш антенна ұстаған соң, дыбыс жиілігіндей
тербелістерді күрделі сигналдан бөліп алу керек.
Демодуляцияны немесе детекторлеуді жүзеге асыратын
құрылғы ретінде біржақты өткізгіштік қасиеті бар — детектор
қолданылады. Детектордың рөлін жартылай өткізгішті диод
немесе транзистор да атқара алады.
English     Русский Правила